Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 290 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қазанда № 4089 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.02.2016 № 42 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылғы 27 мамырдағы № 126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдедегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
      16-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы еңбек заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізу;".
      2. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж. А. Асантаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады