РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2014 жылғы 27 мамырдағы № 125 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.02.2016 № 46 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың көші-қоны, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аз қамтылған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу және халықты жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру, әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.14. Міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;
2) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектер мен басқа топтағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтарын, мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;
4) әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедектерді оңалту, қоғаммен етене араластыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды іске асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдауды жүзеге асырады;
3) жұмыссыздардың біліктілігін және еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
5) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы, жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру бойынша мониторингті жүзеге асырады;
7) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
8) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
9) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
10) жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
11) еңбек нарығының жай-күйін талдайды және болжайды, жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне еңбек нарығының жай-күйі туралы хабарлайды. Орташа мерзімді кезеңге арналған аймақтың жұмыспен қамту картасын қалыптастырады;
12) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мониторингін жүзеге асырады;
13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіреді;
14) өзінің құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
15) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
16) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
17) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құруды және олардың қызметін үйлестіреді;
18) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
19) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шетелдік қызметкерлерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
20) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
21) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
22) оралман куәлігін береді;
23) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
24) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
25) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
26) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
27) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес тиісті аумақта медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
28) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуін қамтамасыз етеді;
29) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
30) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
31) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіреді;
32) бюджет қаражаты есебінен тұрғын-үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
33) өз құзыры шегінде тиісті бюджеттер есебінен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды, олардың жесірлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнінде жеңілдіктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектің басқа да түрлерін көрсету жөнінде қосымша шаралар белгілеуді үйлестіреді;
34) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
35) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
36) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз етеді;
37) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
38) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
39) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
40) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстың жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;
41) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
17. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады.18. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
1) өзінің орынбасарларының және "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады, оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
7) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
8) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты атқарылуын бақылайды;
9) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есеп материалдарын дайындау жұмыстарын бақылайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
12) "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
"Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.2. "Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
3. "Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
4. "Шапағат" балалардың күндіз болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
5. "Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
6. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Бөрлі ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
7. "Зеленов ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
8. "Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
9. "Казталов ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.