Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 67 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 4729 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.А.Асантаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2017 жылғы "7" наурыздағы
№ 67 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы №148 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы №80 "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері" жөніндегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3026 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Орал өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №125 "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3579 тіркелген, 2014 жылғы 19 шілдедегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 46 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №125 "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады