Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2015 № 988 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 «Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-208 тіркелген, 2001 жылғы 24 маусымдағы «Жайық үні» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілісін:
көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 10 жолмен толықтырылсын:
«10. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші (асырап алушылар, қамқоршы, қорғаншы) ата-аналар.».
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
А. Көлгінов |