"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) алты айдан астам жұмыс жасамаған адамдар;
2) 50 (елу) жастан асқан адамдар;
3) жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған адамдар;
4) жалғыз тұратын адамдар;
5) екі жақты келісім бойынша жұмыстан босатылған адамдар;
6) алғашқы жұмыс іздеуші адамдар;
7) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар және колледждер мен оқу орындарының, кәсіптік лицейлердің түлектері;
8) асырауында екі немесе одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар тұлғалар;
9) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
10) мүгедек балаларды тәрбиелеуші (асырап алушылар, қамқоршы, қорғаншы) ата-аналар.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
3. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
Қала әкімі | А. Көлгінов |
Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 988 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 "Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-208 тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымда "Жайық үні" газетінде және 2011 жылғы 1 шілдеде "Пульс города" газетінде жарияланған) қаулысы.2. Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 2079 "Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 "Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, 2013 жылғы 8 тамызда "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысы.
3. Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 2622 "Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 "Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3661 тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда "Жайық үні - Жизнь города" газетінде және 2014 жылғы 29 қазанда "Пульс города" газетінде жарияланған) қаулысы.