Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 3720 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 06.04.2021 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Р. Сергалина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Ермекқалиев
      Мәслихат хатшысы А. Әубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 шешіміне
1-қосымша

Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы

      "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы қағидасы (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 20.04.2016 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы-тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтің есептеу құралы бар алушыларға есептеу кезінде жоғарыда белгіленген тарифтер пен нормативтерден аспайтын санауыш көрсеткіштері бойынша нақты шығындар қолданылады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу Ережесiне сәйкес орындалады және қолданыстағы абоненттiк ақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік ақы арасындағы айырма, яғни, телекоммуникация қызметтеріне абоненттік ақыны өсірудің айырмасын есептеу арқылы анықталады.
      6. Коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енедi: пайдалану шығындары, су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметi.
      7. Тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметті пайдалану және жалға берілетін үйлерде тұрғын жайды пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлі-зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетін азаматтарға, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 7% көлемінде белгіленеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 03.12.2015 № 39-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарға арналған жарналарға шекті жол берілетін шығыстар үлесі осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес келеді.

2.Тұрғын үй көмегін отбасыларға (азаматтарға) тағайындау тәртібі

      9. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және нәтижесі, сонымен қатар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар қабылданады.
      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 20.04.2016 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Тұрғын жайда бірнеше меншік иелері (немесе азаматтар) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі бір меншік иесінің атына тағайындалады, сонымен қатар отбасы құрамындағы басқа меншік иелері де (немесе азаматтар) есепке алынады. Егер құжаттардың тізімі толық болмаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 20.04.2016 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 30.05.2018 № 22-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Азаматтардың келесi санаттары үшiн өтемақы шараларымен коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 64 шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, жалпы ауру бойынша мүгедектер және оларды күтетiн азаматтар, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, ал басқа санаттағы азаматтар үшiн тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегiнде белгіленеді.
      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, жалға алған тұрғын үйді (тұрғын ғимарат) пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 50 шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.
      12-1. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      Ескерту. Қағида 12-1 тармақпен толықтырылды Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 20.04.2016 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      13. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсан сайын жүгінуге құқылы.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 30.05.2018 № 22-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтері мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі төленбеген коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 03.12.2015 № 39-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтерi мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейдi.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар кез келген өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi. Уәкілетті органға қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз немесе көтермеленген өтемақы тағайындалса, меншiк иесі (жалдаушы) заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомаларды ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылған соң тағайындалады.
      16. Уәкілетті органның қызметкері арыз иесiнiң тұрғылықты жеріне баруға құқылы.
      17. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық және өкпе аурулармен ауыратындар қоспағанда, жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда, қайтқан адамның табысы туралы құжаттар талап етілмейді.
      Жұмыссыз ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтарға тұрғын үй көмегі жұмыссыз мәртебесі берілген айдан бастап тағайындалады.
      Өтініш берушінің өтінішіндегі тіркелген адам саны сәйкес келмесе, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын үй көмегі отбасының жұмысқа жарамды әр мүшесіне күнкөріс табысының төменгі деңгейімен есептеледі.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 20.04.2016 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      18. Тұрғын үй көмегін көмек ұсынуға шығыстарды атқарушы органдардың қаржыландыру бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 30.05.2018 № 22-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Егер тұрғын үй көмегі төленбеген жағдайда, тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді күтіп ұстаудан басқа) күтіп ұстауға және өткен кезеңде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысыны, коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысына тағайындалған соманы растайтын құжат (түбіртек) ұсынылмаса, келесі кезеңде отбасыға (азаматқа) жоғарыда көрсетілген көмек берілмейді.
      Тағайындалған тұрғын үй көмегі жартыжылдыққа төленеді.
      20. Тұрғын үй көмегінің мөлшерi тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалану үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы белгiленген нормаларға сәйкес нақты есептелген сомадан аспауы қажет.
      21. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер заңда белгіленген тәртіппен шешiледi.

  Орал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 30-5 шешіміне
2-қосымша

Орал қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-183 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Жайық үні" газетінде № 17 және 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған);
      2. Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 шілдедегі № 30-9 "Орал қалалық мәслихатының" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-189 тіркелген, 2010 жылғы 4 тамыздағы "Жайық үні" газетінде № 31, 2010 жылғы 5 тамыздағы "Пульс города" газетінде № 31, 2010 жылғы 12 тамыздағы "Жайық үні" газетінде № 32 және 2010 жылғы 12 тамыздағы "Пульс города" газетінде № 32 жарияланған);
      3. Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 маусымдағы № 39-13 "Орал қалалық мәслихатының " 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-210 тіркелген, 2011 жылғы 4 тамыздағы "Жайық үні" газетінде № 31 және 2011 жылғы 5 тамыздағы "Пульс города" газетінде № 31 жарияланған);
      4. Орал қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 40-10 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-212 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы "Жайық үні" газетінде № 41 және 2011 жылғы 14 қазандағы "Пульс города" газетінде № 41 жарияланған);
      5. Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 4-15 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-234 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 22 жарияланған);
      6. Орал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 9-5 "Орал қалалық мәслихатының" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3155 тіркелген, 2013 жылғы 31 каңтардағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 5 жарияланған);
      7. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қазандағы № 17-9 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашадағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 45 жарияланған);
      8. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20-4 "Орал қалалық мәслихатының "2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3445 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Жайық үні - Жизнь города" газетінде № 14 жарияланған).

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск

Решение Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 25 ноября 2014 года № 30-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 22 декабря 2014 года № 3720. Утратило силу решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 6 апреля 2021 года № 4-3

      Сноска. Утратило силу решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 06.04.2021 № 4-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" Уральский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить "Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск" согласно приложению 1.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Уральского городского маслихата согласно приложению 2.
      3. Руководителю аппарата Уральского городского маслихата (Р. Сергалина) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Ермеккалиев
      Секретарь маслихата А. Аубекеров

  Приложение 1
к решению Уральского городского маслихата
от 25 ноября 2014 года № 30-5

Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск

      Настоящие Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и стандартом государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденным Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2015 года № 11015) (далее – Стандарт) и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск.
      Сноска. Преамбула в редакции согласно решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 20.04.2016 № 3-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. В правилах используются следующие понятия:
      1) доля предельно допустимых расходов - отношение предельно допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      4) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган), осуществляющее назначение жилищной помощи;
      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2_ потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      3. При расчете жилищной помощи получателям, имеющим приборы учета коммунальных услуг, применяются фактические затраты по показаниям счетчиков, но не выше установленных тарифов и нормативов.
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками
      счетам на оплату коммунальных услуг, на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания) за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций производится согласно Правилам компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденным Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 и определяемая как разница между действующей абонентской платой и абонентской платой, действовавшей в сентябре 2004 года, то есть путем вычисления разницы увеличения абонентской платы за услуги телекоммуникаций.
      6. В состав суммы за потребление коммунальных услуг входят: эксплуатационные расходы, расходы по водоснабжению, канализации, газоснабжению, электроснабжению, теплоснабжению, мусороудалению и обслуживанию лифтов и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций.
      7. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилья, оплату коммунальных услуг и за пользование жилищем в арендных домах устанавливается в размере 10% к совокупному доходу семьи, а для одиноко проживающих и супружеских пар, пенсионеров, инвалидов независимо от причин заболевания и граждан, осуществляющих уход за таковыми, детей - круглых сирот, опекунов, проживающих с детьми, оставшимися без родителей до окончания учебного заведения очной формы в системе общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в системе высшего образования в пределах, не превышающих двадцатитрехлетнего возраста, семей пенсионеров и инвалидов, где вместе с ними проживают несовершеннолетние дети или дети, воспитывающие детей до трех лет, семей пенсионеров и инвалидов, где вместе с ними проживают лица, не превышающие двадцатитрехлетнего возраста, которые учатся в учебных заведениях очной формы обучения в системе общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в системе высшего образования, безработных женщин в возрасте старше 50 лет и мужчин старше 55 лет – 7%.
      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 03.12.2015 № 39-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      8. Доля предельно допустимых расходов на оплату арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, расходов на содержание жилого дома (жилого здания) соответствует пункту 7 настоящих Правил.

2. Порядок назначения жилищной помощи семьям (гражданам)

      9. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через:
      1) Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация);
      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz.
      Форма оказания и предоставление результата государственной услуги, а также документы для назначения жилищной помощи предоставляются согласно Стандарту.
      Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 20.04.2016 № 3-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10. В случае регистрации в жилище нескольких собственников (или граждан), назначение жилищной помощи производится одному лицу (собственнику) с учетом других собственников (или граждан) в составе семьи. Если пакет документов не укомплектован полностью, жилищная помощь не назначается.
      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 20.04.2016 № 3-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      11. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.
      Сноска. Пункт 11 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 30.05.2018 № 22-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      12. Норма площади жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами на потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, устанавливается равной фактически занимаемой площади одной единицы жилья, но не более 64 квадратных метров для следующей категории граждан: пенсионеров, инвалидов независимо от причин заболевания и граждан, осуществляющих уход за таковыми, дети – круглые сироты, опекуны, проживающие с детьми, оставшимися без родителей, до окончания учебного заведения очной формы в системе общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в системе высшего образования в пределах, не превышающих двадцатитрехлетнего возраста, семей пенсионеров и инвалидов, где вместе с ними проживают несовершеннолетние дети или дети, воспитывающие детей до трех лет, семей пенсионеров и инвалидов, где вместе с ними проживают лица, не превышающие двадцатитрехлетнего возраста, которые учатся в учебных заведениях очной формы обучения в системе среднего, технического и профессионального, после среднего образования в системе высшего образования а другой категории граждан в пределах нормы площади жилья, установленной жилищным законодательством.
      Норма площади жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами, на расходы и содержание жилого дома (жилого здания), арендной платы за пользование жилищем, устанавливается равной фактически занимаемой площади одной единицы жилья, но не более 50 квадратных метров.
      12-1. Возмещение расходов по оплате электроэнергии производится из расчета 100 киловатт на одного человека, в общежитиях и в домах с электрической плитой, электрическими водонагревателями 130 киловатт на одного человека, но не более фактических расходов.
      Сноска. Правила дополнено пунктом 12-1 - в соответствии с решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 20.04.2016 № 3-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      13. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обращаться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи ежеквартально.
      Сноска. Пункт 13 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 30.05.2018 № 22-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      14. При изменении доли предельно допустимых расходов семьи (граждан) на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, доходов семьи, а также ставок и тарифов на жилищно-коммунальные услуги, своевременно не учтенные доходы в предыдущих назначениях, уполномоченным органом производится перерасчет ранее назначенной помощи. Задолженность по коммунальным услугам, образовавшаяся до назначения жилищной помощи, не учитывается.
      Сноска. Пункт 14 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 03.12.2015 № 39-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      15. Получатели жилищной помощи должны в течение 10 дней информировать уполномоченный орган о любых изменениях, влияющих на начисление жилищной помощи (состава семьи, ее бюджета, приобретение недвижимости и так далее), а также о случаях неправильного начисления помощи. В случаях предоставления в уполномоченный орган заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной компенсации, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную жилищную помощь добровольно, а в случае отказа – в судебном порядке. Жилищная помощь на следующий срок назначается после возврата в бюджет незаконно полученной жилищной помощи.
      16. Работник уполномоченного органа, вправе выезжать на местожительство заявителя.
      17. Семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья или сдающие помещение в наем (аренду) или поднаем, жилищная помощь не назначается. Жилищная помощь не предоставляется в случаях, если в членах семьи (граждане) имеются: трудоспособные лица, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных, за исключением занятых воспитанием ребенка в возрасте до 3-х лет, лиц, осуществляющих уход за инвалидами, нуждающихся в уходе, а также страдающих психическими и туберкулезными заболеваниями, состоящие на учете в лечебных учреждениях.
      В случае изменения состава семьи по смерти одного из ее членов, при назначении жилищной помощи документы о доходах умершего не требуются.
      Гражданам, зарегистрированным в установленном порядке в качестве безработных, жилищная помощь назначается с месяца получения статуса безработного.
      При несоответствии числа зарегистрированных граждан по данному адресу с составом семьи, указанным в заявлении, жилищная помощь не назначается.
      При отсутствии совокупного дохода семьи в расчетном периоде, при назначении учитывается прожиточный минимум на каждого трудоспособного.
      Сноска. Пункт 17 с изменениями, внесенными решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 20.04.2016 № 3-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

3. Выплата жилищной помощи

      18. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом в рамках бюджетного финансирования на текущий финансовый год.
      Сноска. Пункт 18 - в редакции решения Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 30.05.2018 № 22-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      19. В случае неоплаты жилищной помощи, при не предоставлении подтверждающего документа (квитанций) назначенной суммы на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома) и оплаты на потребление коммунальных услуг, арендной платы за пользование жилищем, расходов на содержание жилого дома (жилого здания) за предыдущий период в последующем периоде семье (гражданину) вышеуказанная помощь не предоставляется.
      Начисленная жилищная помощь выплачивается за полугодие.
      20. Размер жилищной помощи не может превышать суммы фактически начисленной платы за содержание жилища и потребление коммунальных услуг, расходов на содержание жилого дома (жилого здания), арендной платы за пользование жилищем, в соответствии с установленными нормативами.
      21. Все споры и разногласия, возникшие при назначении жилищной помощи, разрешаются в установленном законом порядке.

  Приложение 2
к решению Уральского городского маслихата
от 25 ноября 2014 года № 30-5

Перечень утративших силу некоторых решений Уральского городского маслихата

      1. Решение Уральского городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-1-183, опубликованное 29 апреля 2010 года в газете "Жайық үні" № 17 и 29 апреля 2010 года в газете "Пульс города" № 17):
      2. Решение Уральского городского маслихата от 13 июля 2010 года № 30-9 "О внесении изменений и дополнений в решение Уральского городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-1-189, опубликованное 4 августа 2010 года в газете "Жайық үні" № 31, 5 августа 2010 года в газете "Пульс города" № 31, 12 августа 2010 года в газете "Жайық үні" № 32 и 12 августа 2010 года в газете "Пульс города" № 32).
      3. Решение Уральского городского маслихата от 28 июня 2011 года № 39-13 "О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-1-210, опубликованное 4 августа 2011 года в газете "Жайық үні" № 31 и 5 августа 2011 года в газете "Пульс города" № 31).
      4. Решение Уральского городского маслихата от 7 сентября 2011 года № 40-10 "О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-1-212, опубликованное 13 октября 2011 года в газете "Жайық үні" № 41 и 14 октября 2011 года в газете "Пульс города" № 41).
      5. Решение Уральского городского маслихата от 23 апреля 2012 года № 4-15 "О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-1-234, опубликованное 1 июня 2012 года в газете "Жайық үні - Жизнь города" № 22).
      6. Решение Уральского городского маслихата от 12 декабря 2012 года № 9-5 "О внесении изменений и дополнений в решение Уральского городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3155, опубликованное 31 января 2013 года в газете "Жайық үні-Жизнь города" № 5).
      7. Решение Уральского городского маслихата от 21 октября 2013 года № 17-9 "О внесении изменений и дополнений в решение Уральского городского маслихата 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3354 опубликованное 7 ноября 2013 года в газете "Жайық үні-Жизнь города" № 45).
      8. Решение Уральского городского маслихата от 27 февраля 2014 года № 20-4 "О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3445, опубликованное 10 апреля 2014 года в газете "Жайық үні-Жизнь города" № 14).