Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 4407 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 06.04.2021 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №30-5 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3720 тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсанда "Жайық үні – Жизнь города" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
      кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы қағидасы (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және нәтижесі, сонымен қатар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар қабылданады.
      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тұрғын жайда бірнеше меншік иелері (немесе азаматтар) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі бір меншік иесінің атына тағайындалады, сонымен қатар отбасы құрамындағы басқа меншік иелері де (немесе азаматтар) есепке алынады. Егер құжаттардың тізімі толық болмаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.";
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.";
      17-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Өтініш берушінің өтінішіндегі тіркелген адам саны сәйкес келмесе, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын үй көмегі отбасының жұмысқа жарамды әр мүшесіне күнкөріс табысының төменгі деңгейімен есептеледі.".
      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Әубекеров
      Мәслихат хатшысы А.Әубекеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады