Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 23.01.2015 № 14 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2014 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шыныбеков
2014 жылғы 21 сәуірдегі № 88
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыруға жататын
өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
бойынша табиғи-климаттық аймақтар
бөлігіндегі аудан аумағында 2014 жылғы
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақылдардың |
ІІІ құрғақ далалық аймақта |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
Құрғақ далалық аймақ |
|||
1 |
Жаздық арпа |
5 мамыр |
15 мамыр |
2 |
Жаздық бидай |
5 мамыр |
15 мамыр |
3 |
Тары |
5 мамыр |
15 мамыр |
4 |
Күнбағыс |
5 мамыр |
15 мамыр |
5 |
Күздік бидай |
15 тамыз |
10 қыркүйек |