2014 жылғы егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 88 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3507 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 23.01.2015 № 14 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2014 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Шыныбеков

2014 жылғы 21 сәуірдегі № 88
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыруға жататын
өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
бойынша табиғи-климаттық аймақтар
бөлігіндегі аудан аумағында 2014 жылғы
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдері

Дақылдардың
түрлері

ІІІ құрғақ далалық аймақта
егіс жұмыстарының басталуы мен
аяқталуының оңтайлы мерзімдері

басталуы

аяқталуы

Құрғақ далалық аймақ

1

Жаздық арпа

5 мамыр

15 мамыр

2

Жаздық бидай

5 мамыр

15 мамыр

3

Тары

5 мамыр

15 мамыр

4

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

5

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады