Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 28.02.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жосалы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 3 "Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3270 тіркелген, 2013 жылғы 20 маусымдағы "Сырым елі" газетіне жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | К. Габдешов |