Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 11.12.2014 № 20 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 67 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр, Тамды елді-мекендері аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімінің 21.05.2014 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сырым ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жосалы ауылдық округ әкімі Қ. Ғабдешов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Сырым аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Б. Ж. Бисенғали
08.04.2013 ж.
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Сырым ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Қ. Ғинаятұлы
08.04.2013 ж.