Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 28.04.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қысық сай елді мекендерде аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3292 тіркелген, 2013 жылғы 31 мамырда "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Тәшімов |