Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3292 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 25.12.2015 № 7 шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімінің 02.06.2014 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 89 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімінің 02.06.2014 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері Н. Естековке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Ауылдық округ әкімі А. Киреев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің
      Тасқала аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Ғ. Кенжешев
      30.04.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады