Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10414 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 7-1/86 бұйрығымен
бекітілген

Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Шектеу iс-шаралары және карантин Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 болып тіркелген) жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұпалы ауруларының тізбелеріне енгізілген жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша белгіленеді.

2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне және жануарлардың жұқпалы ауруларының таралу дәрежесіне байланысты эпизоотиялық ошақ белгіленген аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.

      4. Шектеу іс-шараларын және карантинді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша:

      1) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының;

      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының;

      4) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен белгіленеді.

      5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде:

      шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті;

      шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді.

      Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу туралы ұсынысына эпизоотологиялық зерттеу актісінің көшірмесі қоса беріледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы шешімінің күшіне енгенінен кейін, бір жұмыс күні ішінде оның көшірмесі тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Шектеу іс-шараларының немесе карантиннің ұзақтығы жануарлар ауруларының түріне, аурудың инкубациялық кезеңіне, жануарлардың организмінде ауру қоздырушылардың сақталуына және ветеринариялық iс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты.

3-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Шектеу іс-шаралары және карантин жануарлар толығымен сауыққаннан (аурудың болмауы), аурулардың таралуы тоқтағаннан және дезинфекция сапасына бактериологиялық зерттеумен қорытынды дезинфекцияны жүргізуді қоса алғанда, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін алынып тасталады.

      8. Шектеу іс-шаралары немесе карантин тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша:

      1) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін облыстың жергілікті атқарушы органының;

      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының;

      4) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен алынып тасталады.

      9. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы ұсынысы туынды түрде жазбаша нысанда жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешені аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      ұсыныс енгізілетін шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы шешімнің күнін және нөмірін;

      дезинфекцияның сапасына бактериологиялық зерттеуді көрсете отырып сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күнін және нөмірін көрсете отырып еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді.

      Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы ұсынысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханалар беретін дезинфекцияның сапасына бактериологиялық зерттеуді көрсете отырып, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қоса беріледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы шешімнің көшірмесі оны қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен карантинді алып тастағаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган шектеу iс-шараларын белгілейді.

Об утверждении Правил установления или снятия ограничительных мероприятий и карантина

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 февраля 2015 года № 7-1/86. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 марта 2015 года № 10414.

      В соответствии с подпунктом 46-22) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления или снятия ограничительных мероприятий и карантина.

      2. Департаменту ветеринарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Мамытбеков


  Утверждены
приказом Министра
сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 9 февраля 2015 года № 7-1/86

Правила установления или снятия ограничительных
мероприятий и карантина
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила установления или снятия ограничительных мероприятий и карантина (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 46-22) статьи 8 Законом Республики Казахстан "О ветеринарии" и определяют порядок установления или снятия ограничительных мероприятий и карантина.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Ограничительные мероприятия и карантин устанавливаются по заразным болезням животных, включенным в перечни заразных болезней животных, при которых устанавливаются ограничительные мероприятия или карантин, утвержденные приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 18-03/128 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7583).

Глава 2. Порядок установления ограничительных мероприятий и карантина

      Сноска. Заголовок главы 2 – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В случае возникновения заразных болезней животных на территории, на которой установлен эпизоотический очаг в зависимости от административно-территориального деления и степени распространения заразной болезни животных устанавливаются ограничительные мероприятия или карантин.

      4. Ограничительные мероприятия и карантин устанавливаются по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории решением:

      1) местного исполнительного органа области в случае возникновения заразных болезней животных в двух и более районах, расположенных на территории области;

      2) местного исполнительного органа города республиканского значения, столицы в случае возникновения заразных болезней животных на территории города республиканского значения, столицы;

      3) местного исполнительного органа района, города областного значения, в случае возникновения заразных болезней животных на территории района (города областного значения);

      4) акима города районного значения, поселка, села, сельского округа в случае возникновения заразных болезней животных на соответствующей территории.

      5. Представление главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории об установлении ограничительных мероприятий и карантина оформляется в течение одного рабочего дня с момента получения акта эпизоотологического обследования по форме согласно приложению к Правилам проведения эпизоотического мониторинга, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 7-1/618 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10021) в письменном виде произвольной формы с указанием:

      административно-территориальной единицы, на которую вносится установление ограничительных мероприятий или карантина;

      причины установления ограничительных мероприятий или карантина (наименование болезни), вид животного.

      К представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории об установлении ограничительных мероприятий или карантина прикладываются копии акта эпизоотологического обследования.

      После введения в действие решения местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов города районного значения, поселка, села, сельского округа об установлении ограничительных мероприятий и карантина в течение одного рабочего дня его копия направляется главному государственному ветеринарно-санитарному инспектору соответствующей территории.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Длительность ограничительных мероприятий или карантина зависят от вида болезней животных, инкубационного периода болезни, сохранения возбудителя болезни в организме животных и проведения комплекса ветеринарных мероприятий.


Глава 3. Порядок снятия ограничительных мероприятий и карантина

      Сноска. Заголовок главы 3 – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Ограничительные мероприятия и карантин снимаются после полного выздоровления (отсутствие болезни), прекращения распространения заболевания животных и проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных, включая проведение заключительной дезинфекции с бактериологическим исследованием качества дезинфекции.

      8. Ограничительные мероприятия или карантин снимаются по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории решением:

      1) местного исполнительного органа области после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных, возникших в двух и более районах расположенных на территории данной области;

      2) местного исполнительного органа города республиканского значения, столицы после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных, возникших на территории города республиканского значения, столицы;

      3) местного исполнительного органа района, города областного значения, после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района (города областного значения);

      4) акима города районного значения, поселка, села, сельского округа после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на соответствующей территории.

      9. Представление главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории о снятии ограничительных мероприятий и карантина оформляется в течение одного рабочего дня после окончания комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных в письменном виде произвольной формы с указанием:

      даты и номера решения об установлении ограничительных мероприятий и карантина, по которому вносится представление;

      даты и номера акта экспертизы (протокола испытания) с указанием бактериологического исследования качества дезинфекции.

      К представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории о снятии ограничительных мероприятий и карантина прикладывается акт экспертизы (протокол испытания) с указанием бактериологического исследования качества дезинфекции, выдаваемый ветеринарными лабораториями в соответствии с Правилами выдачи акта экспертизы (протокола испытаний), утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 7-1/19 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10410).

      После введения в действие решения местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов города районного значения, поселка, села, сельского округа о снятии ограничительных мероприятий и карантина в течение одного рабочего дня его копия направляется главному государственному ветеринарно-санитарному инспектору соответствующей территории.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 16.06.2023 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. После снятия карантина решением местных исполнительных органов, соответствующей административно-территориальной единицы по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории, уполномоченным органом в области ветеринарии устанавливаются ограничительные мероприятия в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии.