Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10021 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 7-1/618 бұйрығымен
бекітілген

Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Осы Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-19) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпизоотиялық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Эпизоотиялық мониторингті Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) жүргізеді.

      Эпизоотиялық мониторинг жүргізу кезінде:

      1) ветеринария, жануарлар дүниесін молықтыру мен пайдалануды қорғау саласындағы уәкілетті органдардың және/немесе олардың ведомстволарының;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің;

      3) ветеринария саласындағы ғалымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдары өкілдерінің;

      4) ветеринария саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Эпизоотиялық мониторинг:

      1) жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға;

      2) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға қамтамасыз етуге бағытталған.

      4. Эпизоотиялық мониторинг әртүрлі деңгейде аумақтарына байланысты жүзеге асырылады:

      1) республикалық деңгей – Республиканың барлық аумағын қамтиды;

      2) өңірлік деңгей – шектелген әкімшілік және (облыс, астана және республикалық маңызы бар) өзге де шекараларды қамтиды;

      3) жергілікті деңгей – ауданның немесе қаланың аумағын қамтиды.

2-тарау. Эпизоотиялық мониторинг жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Эпизоотиялық мониторинг жүргізу кезеңдеп жүзеге асырылады және құрайды:

      1) сандық деректер жинағын;

      2) кейіннен статистикалық өңдеуді.

      6. Ветеринариялық ұйым ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген үлгі және осы қағиданың қосымшасына сәйкес эпизоотологиялық зерттеу актісі бойынша жануарлар ауруларының, эпизоотологиялық зерттеулерді қоса алғанда таралуы туралы және жануарлардың нақты ауруларының дамуы заңдылықтарын, табиғи-географиялық және экономикалық олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжауды жүзеге асырады.

      Толық эпизоотиялық тексеруді жүргізу және қосымша деректер жинау үшін ветеринариялық ұйым биологиялық (патологиялық) материалдар сынамасының сұрыпын таңдау және диагностикалық зерттеулердің мониторингін жүргізу арқылы іске асырады, сондай ақ жабайы аңдардың да зерттеулерін қоса алғанда.

      7. Ветеринариялық ұйым осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген эпизоотологиялық зерттеулер әдісін қолдануымен қоса, деректерді өңдейді:

      1) жануарлар ауруларының таралуының дәрежесі мен шығу себептерін, айқындалу мінезі және салыстырмалы-тарихи сипаттамасын (аурудың эволюциясы, эпизоотиялық үдеріс экономикалық (шаруашылық) шарттарға тәуелділігі, эпизоотиялық оралымдығы және оның әлеуметтік шайқалыс және апаттармен байланысы, ауруға қарсы күрестің тарихи тәжірибесі);

      2) салыстырмалы-географиялық сипаттамасын (эпизотиялық көрінісі географиялық аумағына және эпизотиялық картографиясына байланысты екенін анықтау);

      3) эпизоотиялық тексеруді (нақты әкімшілік-аумақтық бірлігінің эпизоотиялык жағдайдын бағалау, эпизоотиялық ошағының пайда болу себебін анықтау, жануарлар ауруларының жайылуына қолайлы жағдайларды немесе кедергі жасалатын шараларды анықтау);

      4) эпизоотиялық тәжірибені (эпизоотиялық үдерісінің жеке жақтарының байқап (қоздырғыштың қоршаған ортаға шығу ұзақтығы және жолы, жануарлардың зарарланудың механизімі, олардың тұрақтылығын білу үшін әр-түрлі жағдайларды анықтау) профилактикалық және емдік көрсеткіштеріне қарай ветеринариялық препараттың тиімділігін тексеру);

      5) математикалық (статистикалық) талдау (жануарлар ауруларының аумақтық таратуының көрсеткіштердің нақты стандартталған жүйелендіру және әлпеттеу түрінде көрсету, эпизоотиялық үдерістің ағысының қарқындылығының өзгеруі, жануарлардың әр-түрлі ауруларымен зақымдану дәрежесі).

      8. Ветеринариялық ұйым өңделген деректер негізінде:

      1) алынған деректердің талдауын және бағалауын өткізеді, жануарлар ауруларының эпизоотиялық күйдің өзгерістерінің арасында себеп салдарларының байланысын анықтайды;

      2) әкімшілік-аумақтық бірліктің дәрежесін ескере отырып байқаған құбылыстардың өзгерісінің болжамдарын құрастырады және осыған сәйкес дерекқорды жүргізеді;

      3) сол немесе өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде, шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлардың эпизоотиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және жануарлар аурулары қоздырғыштарының таралу факторларының алдын алу, жою немесе азайту мәселелері бойынша ұсыныстар қалыптастырады;

      4) ақпараттық және ақпараттық-талдаулық жүйелерге, ауларды, бағдарламалық материалдарды және эпизоотиялық мониторингінің дерекқорларын мәліметті енгізеді, оның ішінде ақпараттық қорына көпжылдық мәліметтер байқаудың жүйесі, сондай-ақ статистикалық регистірлерге жүйелендірген нормативтік-анықтама материалдары және дерекқорлар жатады. Жануарлардың эпизоотиялық игілігіне өзгерістерідің арасында себеп салдарларының байланысын анықтау және аурудың мінезін айкындау үшін бағдарламалық-технологиялық және техникалық жабдықтармен кешенді қамтамасыздандырылған.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ветеринариялық ұйым эпизоотиялық мониторингінің кесте, есептеме, карта және картографиялық материалдар түрінде, қағаз және электрондық түрде ресімделетін, ақпарат электрондық жүйемен жиналатын, сақталатын, өңделетін нәтижесінің талдауын ветеринария саласындағы уәкілетті органдарға 15 ақпан айына дейін, эпизоотиялық мониторинг жасаған жылдан кейін болатын жылда жібереді.

      10. Эпизоотиялық мониторинг қорытындылары ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігі және олардың өршуі мен болжау және эпизоотия мен панзоотиялардың жою және дамыту, жоспарларды әзірлеу (ұлттық, аумақтық және ведомстволық) ветеринариялық (эпизоотияға қарсы) іс-шараларға негіз болып табылады.

  Эпизоотиялық мониторинг
жүргізу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Эпизоотологиялық зерттеу актісі

      _____________________________________________________________________

      (эпизоотологиялық зерттеу актісінің атауы, мекен-жайы)

      Эпизоотологиялық зерттеу актісінің жүргізу уақыты

      20__ жылғы _________ "__" мен 20__ жылғы _________ "__" бойынша

      Мен ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (эпизоотологиялық зерттеу жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болғанда), лауазымы)

      Эпизоотологиялық зерттеу _________________________________ жүргізілді

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________ осыған байланысты бекітілді.

      ҚОРЫТЫНДЫ:

      Ұсынылған мәліметтер, ауру қоздырушысының факторлары және

      берілу жолы ________

      _____________________________________________________________________

      Жүргізілген эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар

      әсерінің бағасы _________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ескерту: Мынадай мәліметтерді міндетті көрсетумен эпизоотиялық

      зерттеу объектісінің мәліметтері; мамандандыру, өсірілетін

      жануарлардың түрі, ұстау талаптары, толықтырмалар, жануарларды

      тамақтандыру, суат, жайылым, ағынды суларды зарарсыздандыру

      сипаттамалары, қи және қи жинауыштарды тазарту, жемшөпті дайындау

      және сақтау талаптары, жануарлардан алынатын өнімдер және өнімдерді

      өткізу, залалсыздандыру талаптары, жануарлардан алынатын өнімдерді,

      жануарлар өнімдерін және жемшөпті санитариялық өңдеу, тұрғын үйлерден

      мал шаруашылығы құрылыстарының алшақтығы, богде адамдардың қатысуынан

      қалай қорғайтыны, объектіде қараусыз мысықтар мен иттердің болуы,

      ауру ошағы болған күнде жануарлардың түрі және жасы бойынша

      топтарымен болуы, басқа шаруашылық байланыстар (ауылдық округтеріне,

      ішкі сауда объектілеріне, қоқыстарға, ет комбинаттарына, етсүйек ұнын

      дайындайтын заводтарға және басқа акелінген және келтірілген жолдың

      үлкен ара қашықтығы), жануарлар, шикізаттар, жемшөп және жануарлар

      өнімдері шаруашылыққа соңғы уақыттарда қайдан келгені, шаруашылыққа

      келген жануарлардың тексеруден өткені, мал қорымдарының (биотермиялық

      шұңқырлардың) санитариялық жағдайы, эпизоотиялық жағдайдың (бұрын

      сонды ауру жағдайы, көздері, аурудың таралу жолдары, эпизоотия немесе

      панзоотияның дамуы тіркелгені) сипаттамасы, эпизоотияға қарсы және

      профилактикалық іс-шаралар және эпизоотологиялық зерттеу объектісіне

      қатысты басқа да мәліметтер.

      Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер

      ______________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      ________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады