Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2018 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2018 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 6 ақпан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2018 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
2) сертификат-осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауымдастық электрондық немесе қағаз нысанда беретін аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат;
3) тестілеу-тыңдаушының таңдауы бойынша электрондық немесе қағаз нысанда тест сұрақтары бойынша тыңдаушылардың аңшылық минимумының білімін тексеру;
4) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумына оқытудан өтетін жеке тұлға;
5) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тыңдаушы аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "аңшылық минимумын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес 16 сағат ішінде аңшылық минимумы бойынша оқудан өтеді.
Аңшылық минимумға оқыту ақпараттық жүйе арқылы немесе қауымдастықтың оқу сыныптарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Аңшылық минимум бойынша емтихан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін электрондық немесе қағаз форматта тестілеу түрінде өткізіледі:
1) аңшылық минимумы бойынша емтиханды қағаз форматта өткізу тыңдаушының еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Тестілеуді аудио және бейне жазу құрылғыларын қағаз форматта тіркеу арқылы емтихан комиссиялары (бұдан әрі – комиссия) өтініш түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қауымдастықтың филиалдарында немесе өкілдіктерінде өткізеді.
Комиссия қауымдастық филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен кемінде үш адамнан құрылады.
Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырған жағдайда жауапты орындаушы тыңдаушыға 1 (бір) сағат ішінде сертификат береді.
Аңшылық минимум бойынша тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда, тыңдаушылар соңғы тестілеу уақытынан кейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн өткен соң тестілеуді қайта өткізуге құқылы.
2) тыңдаушының аңшылық минимум бойынша тестілеу электрондық форматта өтуіне рұқсат беруді ақпараттық жүйе тыңдаушы қауымдастықтың ақпараттық жүйесінде авторландырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін автоматты түрде береді.
Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырған жағдайда сертификат автоматты түрде қалыптастырылады және 15 (он бес) минут ішінде тыңдаушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Аңшылық минимум бойынша тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда, тыңдаушылар соңғы тестілеу уақытынан кейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн өткен соң тестілеуді қайта өткізуге құқылы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Комиссия төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы тағайындалады, басшы болмаған жағдайда филиал немесе Өкілдік Басшысының орынбасары тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің (келісім бойынша) өкілдері кіреді.
Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттарды қағаз форматта ресімдеуді қауымдастық филиалының немесе өкілдігінің штаттық қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Бекітілген аңшылық минимумға сәйкестігіне тестілеу жүргізіледі және ол 25 тестілік сұрақтан тұрады.
Тест сұрақтарын қауымдастық әзірлеп, Комитетпен келіседі.
Тестілеу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.
6. Тестілеу нәтижелері бойынша комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тапсырды (20 және одан көп сұраққа дұрыс жауап берген кезде);
2) тапсырған жоқ (дұрыс жауап 20-дан аз болғанда).
7. Тыңдаушылардың тестілеуді тапсыруы немесе тапсырмауы туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тестілеуге қатысқан комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.
8. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Тестілеу нәтижелері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, тыңдаушы үш жұмыс күні ішінде жазбаша немесе электрондық нысанда тестілеу нәтижелерін қайта қарауға емтихан комиссиясына жүгіне алады.
Тестілеу нәтижелерін қайта қарау туралы тыңдаушының өтінішін комиссия екі жұмыс күні ішінде қарайды.
11. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Сертификат аңшы куәлігін беру үшін негіз болып табылады.
Қағаз форматта берілген Сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тігілген, нөмірленген, қауымдастықтың мөрімен расталған) аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттарды тіркеу журналында тіркеледі, онда сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алу жүргізіледі.
Сертификаттарды электрондық форматта нөмірлеу мен тіркеуді ақпараттық жүйе осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттар тізілімінде автоматты түрде қалыптастырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Емтихан өткізуді қауымдастық өтеусіз негізде жүргізеді.
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________________________________________ Сертификатты берген ұйымның атауы Наименование организации выдавший сертификат аңшылық минимум бойынша емтихан тапсыру туралы о сдаче экзамена по охотничьему минимуму СЕРТИФИКАТ № ______ Тестілеуді тапсыру туралы 20__ жылғы "___" _______ № __ хаттама Протокол о сдаче тестирования № ___ от "____________" 20__ года Выдан: __________________________________________________ берілді (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/Фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Жауапты тұлға:______________________________________________________ Ответственное лицо: (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/Фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Қолы/Подпись: __________________ Мөр (бар болса) орны/Место печати: 20__ жылғы "___" _____________ Сертификат берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи |
---|
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу туралы сертификаттарды тіркеу журналы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________
(аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)
№ | Сертификат иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы | Сертификаттың нөмірі, берілген күні | Алғаны туралы қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы
__________________________________________________________
__________________ _______________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы "____" ________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттардың тізілімі
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.05.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р / с | Сертификат иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы | Сертификат нөмірі, берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 |