БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
2) сертификат-осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауымдастық электрондық немесе қағаз нысанда беретін аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат;
3) тестілеу-тыңдаушының таңдауы бойынша электрондық немесе қағаз нысанда тест сұрақтары бойынша тыңдаушылардың аңшылық минимумының білімін тексеру;
4) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумына оқытудан өтетін жеке тұлға;
5) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тыңдаушы аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "аңшылық минимумын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес 16 сағат ішінде аңшылық минимумы бойынша оқудан өтеді.
Аңшылық минимумға оқыту ақпараттық жүйе арқылы немесе қауымдастықтың оқу сыныптарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Аңшылық минимум бойынша емтихан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін электрондық немесе қағаз форматта тестілеу түрінде өткізіледі:
1) аңшылық минимумы бойынша емтиханды қағаз форматта өткізу тыңдаушының еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Тестілеуді аудио және бейне жазу құрылғыларын қағаз форматта тіркеу арқылы емтихан комиссиялары (бұдан әрі – комиссия) өтініш түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қауымдастықтың филиалдарында немесе өкілдіктерінде өткізеді.
Комиссия қауымдастық филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен кемінде үш адамнан құрылады.
Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырған жағдайда жауапты орындаушы тыңдаушыға 1 (бір) сағат ішінде сертификат береді.
Аңшылық минимум бойынша тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда, тыңдаушылар соңғы тестілеу уақытынан кейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн өткен соң тестілеуді қайта өткізуге құқылы.
2) тыңдаушының аңшылық минимум бойынша тестілеу электрондық форматта өтуіне рұқсат беруді ақпараттық жүйе тыңдаушы қауымдастықтың ақпараттық жүйесінде авторландырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін автоматты түрде береді.
Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырған жағдайда сертификат автоматты түрде қалыптастырылады және 15 (он бес) минут ішінде тыңдаушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Аңшылық минимум бойынша тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда, тыңдаушылар соңғы тестілеу уақытынан кейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн өткен соң тестілеуді қайта өткізуге құқылы.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссия төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы тағайындалады, басшы болмаған жағдайда филиал немесе Өкілдік Басшысының орынбасары тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің (келісім бойынша) өкілдері кіреді.
Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттарды қағаз форматта ресімдеуді қауымдастық филиалының немесе өкілдігінің штаттық қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сертификат аңшы куәлігін беру үшін негіз болып табылады.
Қағаз форматта берілген Сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тігілген, нөмірленген, қауымдастықтың мөрімен расталған) аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттарды тіркеу журналында тіркеледі, онда сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алу жүргізіледі.
Сертификаттарды электрондық форматта нөмірлеу мен тіркеуді ақпараттық жүйе осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттар тізілімінде автоматты түрде қалыптастырады.";
8, 9 және 11-тармақтар алып тасталсын.
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрігі |
Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттардың тізілімі
№ р / с | Сертификат иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы | Сертификат нөмірі, берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 |