"Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18037 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары−
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
  орынбасары−
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 25 желтоқсан
№ 529 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-03/57 бұйрығымен
бекітілген

Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары

      1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшылық минимум – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқа курсы;

      2) сертификат – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қауымдастық беретін аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат;

      3) тестілеу – оқыту аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштағы тест сұрақтарын қолдана отырып тыңдаушылардың аңшылық минимум бойынша білімін тексеру;

      4) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумды оқытудан өтетін жеке тұлға.

      3. Аңшылық минимум бойынша емтихан тыңдаушының еркін түрдегі жазбаша өтінішінің негізінде тестілеу нысанында өткізіледі.

      Қауымдастық тыңдаушының өтінішін қабылдаған сәттен бастап оны емтихан өткізу кестесімен таныстырады және емтихан өткізілетін күн жайында хабардар етеді.

      Тестілеуді қауымдастықтың филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен кемінде үш адамнан құрылған, тұрақты жұмыс істейтін емтихан алу комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) қағаз тасығышта жазылған қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өткізеді.

      Тестілеу аудио және видео жазатын құрылғыларға жазу арқылы өткізіледі.

      4. Комиссияның төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы, басшы болмаған жағдайда филиал немесе өкілдік басшысының орынбасары тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.

      Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттар ресімдеуді филиалдың немесе өкілдіктің штаттағы қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      5. Бекітілген аңшылық минимумға сәйкестігіне тестілеу жүргізіледі және ол 25 тестілік сұрақтан тұрады.

      Тест сұрақтарын қауымдастық әзірлеп, Комитетпен келіседі.

      Тестілеу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.

      6. Тестілеу нәтижелері бойынша комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) тапсырды (20 және одан көп сұраққа дұрыс жауап берген кезде);

      2) тапсырған жоқ (дұрыс жауап 20-дан аз болғанда).

      7. Тыңдаушылардың тестілеуді тапсыруы немесе тапсырмауы туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тестілеуге қатысқан комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.

      8. Тыңдаушы комиссия шешімімен тестілеу күні танысады.

      9. Аңшылық минимум бойынша тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда, тыңдаушылардың соңғы тестілеу күнінен кейін 1 (бір) айдан өткеннен кейін қайта тестілеуден өту мүмкіндіктері бар.

      Қайта тестілеуді тапсыра алмаған жағдайда, тыңдаушыға осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта тестілеудің теріс нәтижесін алған күннен кейін алты ай өткен соң өтініш беру мүмкіндігі беріледі.

      10. Тестілеу нәтижелері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, тыңдаушы үш жұмыс күні ішінде жазбаша немесе электрондық нысанда тестілеу нәтижелерін қайта қарауға емтихан комиссиясына жүгіне алады.

      Тестілеу нәтижелерін қайта қарау туралы тыңдаушының өтінішін комиссия екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      11. Комиссияның оң шешімі негізінде тыңдаушыға сертификат беріледі.

      12. Сертификат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық минимум бойынша емтихан тапсыру туралы сертификаттарды тіркеу журналында (тігілген, нөмірленген, қауымдастық мөрімен куәландырылған) тіркеледі, онда сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алу жүргізіледі.

      13. Емтихан өткізуді қауымдастық өтеусіз негізде жүргізеді.

  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктері
республикалық
қауымдастығының аңшылық
минимумы бойынша
емтихан өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

____________________________________________________________________
Сертификатты берген ұйымның атауы
Наименование организации выдавший сертификат
аңшылық минимум бойынша емтихан тапсыру туралы
о сдаче экзамена по охотничьему минимуму
СЕРТИФИКАТ № ______
Тестілеуді тапсыру туралы 20__ жылғы "___" _______ № __ хаттама
Протокол о сдаче тестирования № ___ от "____________" 20__ года
Выдан: __________________________________________________ берілді
(Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Жауапты тұлға:______________________________________________________
Ответственное лицо: (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/Фамилия, имя, отчество
(при его наличии))
Қолы/Подпись: __________________
Мөр (бар болса) орны/Место печати:
20__ жылғы "___" _____________
Сертификат берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды
Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи

  Аңшылардың және аңшылық
  шаруашылығы субъектілерінің
  қоғамдық бірлестіктері
  республикалық қауымдастығының
  аңшылық минимум бойынша
  емтихан өткізу
  қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсыру туралы сертификаттарды тіркеу журналы ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігінің атауы)

Сертификат иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы

Сертификаттың нөмірі, берілген күні

Алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5











      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы

      __________________ ___________________________________________

                  (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20___жылғы "____"________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады