Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10503 тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 20 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 20 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 113 бұйрығына
1-қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 болып тіркелген) бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерге сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесін енгізу немесе байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) тиісті шешімі қабылданғаннан кейін он жұмыс күн ішінде тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):

      байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бекітеді;

      осы бұйрықпен бекітілген байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді бастайды;

      Байқау кеңесінің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесінің мүшесін конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бекітеді.

      4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жегжаттық қатынастарда болмайтын бес және одан да көп адамды құрайды.

      Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.

      Денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарындағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып табылады.

      Байқау кеңесінің құрамына осы бұйрықпен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы уәкілетті органның өкілі кіреді.

      Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Байқау кеңесінің құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілдері және осы бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес конкурстық негізде сайланатын адамдар кіреді.

      6. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 113 бұйрығына
2-қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар

      1. Білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

      1) білім беру саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;

      2) білім беру саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;

      3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

      1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

      2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

      3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

      Ескерту. Талаптар 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-2. Ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:

      1) ғылым саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі;

      2) ғылым саласында кемінде бес жыл басшылық жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары);

      3) ғылым саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы.

      Ескерту. Талаптар 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мынадай:

      1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

      2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

      3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

      4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 113 бұйрығына
3-қосымша

Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін (бұдан әрі – байқау кеңесінің мүшелері) конкурстық негізде іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Конкурс осы бұйрықта айқындалған талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілдері болып табылатын байқау кеңесінің мүшелерін қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу мақсатында өткізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурсты өткізу шарттарын, күні мен орнын анықтайды;

      3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады және тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері арасынан Комиссия төрағасын тағайындайды.

      4. Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді Комиссия жүзеге асырады.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан құрауы тиіс.

      Комиссия төрағасы лауазымы бойынша тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.

      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;

      2) тиісті уәкілетті органның және кәсіпорынның сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыруды және кандидаттар тізімін жариялауды қамтамасыз етеді;

      3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) конкурс жеңімпазын мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің лауазымына тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Байқау кеңесі мүшесінің лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымдарында (әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын) жарияланады, сондай-ақ конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) Интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:

      1) конкурс өткізу күні мен орнын;

      2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, мемлекеттік кәсіпорынның атауын, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасын;

      3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды;

      4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімін;

      5) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін, оның ішінде осы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді;

      6) құжаттарды қабылдау басталатын күнін қамтиды.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.

      Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Конкурс мынадай:

      1) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, кандидаттардың тізімдерін тиісті уәкілетті органның және кәсіпорынның сайтында жариялау;

      2) конкурсқа өзінің қатысуын растаған үміткерлердің біліктілігін бағалау;

      3) аудио-бейне тіркеуді қолдана отырып, кандидаттармен әңгімелесу жүргізу және байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу;

      4) конкурстың қорытындысын шығару кезеңдерінен тұрады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2023 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

      Ішкі және сыртқы конверттер:

      1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;

      2) "_____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "____________ дейін ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Конкурстық комиссия шақыруларда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратқа сәйкес көрсетілген жерде және уақытта ұсынылған конкурстық өтінімдер берілген конверттердің түпнұсқасын ашады.

      13. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінен кейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия мүшелері мен хатшы қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Егер конкурсқа қатысуға Талаптарға сәйкес келетін төртеуден аз үміткер конкурстық өтінім берсе не конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, онда Конкурстық комиссия конкурсты өткізілмеді деп санайды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үміткер ұсынған құжаттарды қарайды және үміткердің Талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізеді.

      16. Конкурстық комиссия жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша әңгімелесу күнін, уақытын және ол өткізілетін жерді көрсете отырып, шақыру жіберілетін, Талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

      17. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізу кезінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін білуі тексеріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ хаттама жүргізуді жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

      19. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, үміткерлер мұндай шешімге сот тәртібімен шағымданады.

      20. Конкурс өткізудің жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айдан аспайтын уақытты құрайды.

      21. Конкурстан оң нәтижемен өткен қатысушымен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) басшысы тиісті шарт жасасады.

3-тарау. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі оның жазбаша өтінішінің негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде бұдан әрі өзінің міндеттерін орындай алмауының себебі көрсетіледі.

      23. Байқау кеңесі байқау кеңесі мүшесінің өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарайды және осы өтініш тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде шешім шығарады.

      24. Байқау кеңесінің мүшесі қызметке бағалау өткізу қорытындылары бойынша 0-ден 4 балға дейін алған жағдайда, оған жүктелген міндеттерге адал қарамағанының және Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия ұсыныстары негізінде тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті уәкілетті орган) оның өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.

      25. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған жағдайда байқау кеңесі қайта ұйымдастыру аяқталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күн бұрын өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Об утверждении Правил создания наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения, требований, предъявляемых к лицам, избираемым в состав наблюдательного совета, а также Правил конкурсного отбора членов наблюдательного совета и досрочного прекращения их полномочий

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 113. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2015 года № 10503.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 148 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить:

      1) Правила создания наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Требования, предъявляемые к лицам, избираемым в состав наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) Правила конкурсного отбора членов наблюдательного совета и досрочного прекращения их полномочий согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр образования и науки

      Республики Казахстан

      ________ А. Саринжипов

      20 февраля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр здравоохранения

      и социального развития

      Республики Казахстан

      ________ Т. Дуйсенова

      10 февраля 2015 года

  Приложение 1 к приказу
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 20 февраля 2015 года № 113

Правила создания наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 148 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" (далее – Закон) и определяют порядок создания наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сферах здравоохранения, образования и науки.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 12.07.2024 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Создание государственного предприятия на праве хозяйственного ведения с наблюдательным советом в сферах образования и здравоохранения, а также введение наблюдательного совета в действующих государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сферах здравоохранения, образования и науки, соответствующих критериям, предъявляемым к государственным предприятиям на праве хозяйственного ведения, утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 114 "Об утверждении критериев, предъявляемых к государственным предприятиям на праве хозяйственного ведения, в которых создаются наблюдательные советы" (зарегистрирован в Реестре государственных регистраций нормативных правовых актов под № 10507), осуществляются на основании решения Правительства Республики Казахстан или местного исполнительного органа.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 12.07.2024 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В течение десяти рабочих дней после принятия решения Правительства Республики Казахстан (местного исполнительного органа) о введении наблюдательного совета в государственном предприятии на праве хозяйственного ведения или создании государственного предприятия на праве хозяйственного ведения с наблюдательным советом уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган):

      утверждает положение о наблюдательном совете, порядок созыва и проведения заседаний наблюдательного совета;

      инициирует конкурсный отбор кандидатов в члены наблюдательного совета в соответствии с Правилами конкурсного отбора членов наблюдательного совета и досрочного прекращения их полномочий, утвержденными настоящим приказом;

      Состав наблюдательного совета утверждается уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) в течение десяти рабочих дней после завершения конкурсного отбора членов наблюдательного совета.

      4. Число членов наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения нечетное и составляет пять и более человек, не находящихся в отношениях близкого родства и свойства друг с другом и руководителем государственного предприятия на праве хозяйственного ведения.

      Члены наблюдательного совета не входят в штат работников государственного предприятия на праве хозяйственного ведения.

      Не менее тридцати процентов состава наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в области здравоохранения, образования и науки являются независимыми членами наблюдательного совета.

      В состав наблюдательного совета входит представитель уполномоченного органа в области здравоохранения, образования и науки, соответствующий требованиям, предъявляемым к лицам, избираемым в состав наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения утвержденных настоящим приказом.

      Председатель наблюдательного совета избирается из числа членов наблюдательного совета большинством голосов членов наблюдательного совета.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 12.07.2024 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. В состав наблюдательного совета входят представители уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) и лица, избираемые на конкурсной основе в соответствии с Правилами конкурсного отбора членов наблюдательного совета и досрочного прекращения их полномочий, утвержденными настоящим приказом.

      6. В соответствии с пунктом 3 статьи 148 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" срок полномочий членов наблюдательного совета государственного предприятия на праве хозяйственного ведения составляет три года.

  Приложение 2
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 20 февраля 2015 года № 113

Требования, предъявляемые к лицам, избираемым в состав
наблюдательного совета в государственных предприятиях
на праве хозяйственного ведения

      1. Требования, предъявляемые к лицам, избираемым в наблюдательный совет в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере образования, включают наличие высшего образования, а также одного из следующих требований:

      1)опыта работы не менее десяти лет в сфере образования;

      2)опыта руководящей работы (руководитель юридического лица или его заместители) не менее пяти лет в сфере образования;

      3)членства в общественных объединениях в сфере образования.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа и.о. Министра национальной экономики РК от 26.02.2018 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1-1. Требования, предъявляемые к лицам, избираемым в наблюдательный совет в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения, включают наличие высшего образования, а также одного из следующих требований:

      1) наличие опыта работы в сфере здравоохранения или по профилю организации и (или) экономики/финансы и (или) бизнеса и (или) права не менее 5 лет;

      2) наличие опыта работы в сфере здравоохранения или по профилю организации и (или) экономики/финансы и (или) бизнеса и (или) права на руководящей должности не менее 3 лет;

      3) членство в общественных объединениях в сфере здравоохранения и (или) экономики и (или) бизнеса и (или) права.

      Сноска. Требования дополнены пунктом 1-1 в соответствии с приказом и.о. Министра национальной экономики РК от 26.02.2018 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1-2. Требования, предъявляемые к лицам, избираемым в наблюдательный совет в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере науки, включают наличие высшего образования, а также одного из следующих требований:

      1) опыта работы не менее десяти лет в сфере науки;

      2) опыта руководящей работы (руководитель юридического лица или его заместители) не менее пяти лет в сфере науки;

      3) членства в общественных объединениях в сфере науки.

      Сноска. Требования дополнены пунктом 1-2 в соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 12.07.2024 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В качестве члена наблюдательного совета не избирается лицо:

      1) имеющее непогашенную или неснятую судимость;

      2) являвшееся руководителем юридического лица более одного года до принятия решения о признании данного юридического лица банкротом;

      3) ранее совершившее коррупционное правонарушение;

      4) находящееся в отношениях близкого родства и свойства с другим членом наблюдательного совета или руководителем государственного предприятия.

  Приложение 3
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 20 февраля 2015 года № 113

Правила
конкурсного отбора членов наблюдательного совета
и досрочного прекращения их полномочий

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Глава 1 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 148 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и определяют порядок отбора членов наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сферах здравоохранения, образования и науки (далее – члены наблюдательного совета) на конкурсной основе и досрочного прекращения их полномочий.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 12.07.2024 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Конкурс проводится в целях отбора членов наблюдательного совета, за исключением членов наблюдательного совета, являющихся представителями уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа), в соответствии с требованиями, определенными настоящим приказом (далее – Требования).

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 26.05.2023 № 86 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок организации и проведения конкурсного отбора членов наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган):

      1) принимает решение о проведении конкурса;

      2) определяет условия, дату и место проведения конкурса;

      3) формирует конкурсную комиссию (далее - Комиссия) и назначает председателя Комиссии из числа представителей уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа).

      4. Организацию и проведение конкурса осуществляет Комиссия.

      Количество членов Комиссии должно составлять не менее пяти человек.

      Председателем Комиссии является лицо по должности не ниже заместителя первого руководителя уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа).

      Секретарь не является членом Комиссии.

      5. Комиссия осуществляет следующие функции:

      1) подготавливает конкурсную документацию;

      2) обеспечивает публикацию на сайте соответствующего уполномоченного органа и предприятия объявления о проведении конкурса и списка кандидатов;

      3) производит прием, регистрацию и хранение представленных для участия в конкурсе документов;

      4) по итогам конкурса вносит уполномоченному органу соответствующей отрасли (местному исполнительному органу) предложение о назначении на должность члена наблюдательного совета государственного предприятия победителя конкурса.

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным приказом Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Объявление о проведении конкурса на занятие должности члена наблюдательного совета публикуется в периодических печатных изданиях (распространяемых на соответствующей территории административно-территориальной единицы), а также размещается на Интернет-ресурсе уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) на казахском и русском языках в течении пяти рабочих дней со дня принятия решения о проведении конкурса.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 26.05.2023 № 86 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Объявление о проведении конкурса содержит следующие сведения:

      1) дату и место проведения конкурса;

      2) наименование государственного предприятия с указанием места нахождения, почтового адреса, телефона, краткое описание его основной деятельности;

      3) требования, предъявляемые к участникам конкурса;

      4) срок представления заявлений об участии в конкурсе;

      5) перечень документов, прилагаемых к заявлению об участии в конкурсе, в том числе сведения об аффилированности по отношению к должностным лицам данного государственного предприятия;

      6) дату начала приема документов.

      Дата начала приема документов лиц, изъявивших желание принять участие в конкурсе, определяется со дня размещения объявления проведения конкурса в периодических печатных изданиях.

      Прием документов заканчивается по истечении тридцати календарных дней со дня объявления проведения конкурса в периодических печатных изданиях.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным приказом Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Конкурс состоит из следующих этапов:

      1) вскрытие конвертов с конкурсными заявками, опубликование списков кандидатов на сайте соответствующего уполномоченного органа и предприятия;

      2) квалификационная оценка кандидатов, подтвердивших свое участие в конкурсе;

      3) проведение собеседования с кандидатами и отбор членов наблюдательного совета c применением аудио-видео фиксации;

      4) подведение итогов конкурса.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными приказом Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Необходимые для участия в конкурсе документы:

      1) заявление об участии в конкурсе (в произвольной форме);

      2) резюме на казахском и русском языках;

      3) автобиография (в произвольной форме);

      4) копия документа, удостоверяющего личность кандидата;

      5) копия документа о высшем образовании;

      6) копии документов, подтверждающие трудовую деятельность, указанные в статье 35 Кодекса;

      7) документы, подтверждающие отсутствие судимости и коррупционных правонарушений, выданные территориальными подразделениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, рекомендации от руководства предыдущего места работы).

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа и.о. Министра национальной экономики РК от 26.02.2018 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными приказами Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 26.05.2023 № 86 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Участник запечатывает оригинал конкурсной заявки в конверт, пометив его: "Оригинал". На этом конверте указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии) и адрес участника. После этого конверт запечатывается во внешний конверт.

      Внутренний и внешний конверты должны:

      1) быть адресованы уполномоченному органу соответствующей отрасли (местному исполнительному органу) по адресу, указанному в приглашении или информации в периодической печати;

      2) содержать слова "Конкурс членов наблюдательного совета государственного предприятия _______________________________________" и "Не вскрывать до ________ " (дата и время вскрытия конвертов, указанных в приглашении или информации в периодической печати).

      Сноска. В пункт 10 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с приказом и.о. Министра национальной экономики РК от 26.02.2018 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Конкурсная заявка направляется по адресу, указанному в приглашении или информации в периодической печати.

      Сноска. Пункт 11 в редакции приказа и.о. Министра национальной экономики РК от 26.02.2018 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Председатель конкурсной Комиссии вскрывает оригинал конверта с представленными конкурсными заявками в указанное время и место согласно информации в приглашениях или в периодической печати.

      13. После процедуры вскрытия конвертов с конкурсными заявками секретарем конкурсной комиссии составляется протокол вскрытия, который подписывается членами конкурсной комиссии и секретарем.

      Примечание ИЗПИ!
      Пункт 14 предусмотрен в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 03.10.2024 № 85 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Если на участие в конкурсе представили конкурсные заявки менее четырех кандидатов, соответствующих Требованиям, либо конкурсные заявки не поступили или были отозваны, то конкурсная Комиссия признает конкурс не состоявшимся и принимает решение о проведении повторного конкурса.

      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа и.о. Министра национальной экономики РК от 26.02.2018 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
      Пункт 15 предусмотрено исключить приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 03.10.2024 № 85 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Конкурсная комиссия в течение пяти рабочих дней со дня вскрытия конвертов с конкурсными заявками рассматривает документы, представленные кандидатом в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил, и проводит оценку соответствия кандидата Требованиям.

      16. По результатам проведенной оценки конкурсная комиссия проводит отбор кандидатов, соответствующих Требованиям, которым направляется приглашение на собеседование с указанием даты, времени и места его проведения.

      17. При проведении Комиссией собеседования с участниками конкурса проверяется знание Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции", нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих отношения в сфере деятельности государственного предприятия, и специфики деятельности организации здравоохранения, образования и науки.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 12.07.2024 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов от общего числа членов Комиссии.

      При равенстве голосов голос Председателя Комиссии является решающим.

      Принятое решение Комиссии оформляется в виде протокола, который подписывается всеми членами Комиссии, а также секретарем, осуществляющим ведение протокола.

      19. В случае несогласия с решением конкурсной комиссии, такое решение обжалуется кандидатами в судебном порядке.

      20. Общий срок проведения Конкурса составляет не более двух месяцев с даты принятия решения о проведении конкурса.

      21. С участником, положительно прошедшим конкурс, руководитель уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) заключает соответствующий договор.

Глава 3. Досрочное прекращение полномочий членов наблюдательного совета

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 24.11.2022 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Полномочия члена наблюдательного совета государственного предприятия на праве хозяйственного ведения прекращаются досрочно на основании его письменного заявления.

      В письменном заявлении члена наблюдательного совета указывается причина, по которой он не может выполнять в дальнейшем свои обязанности.

      23. Наблюдательный совет рассматривает заявление члена наблюдательного совета о досрочном прекращении его полномочий и выносит решение в течение десяти рабочих дней с даты поступления данного заявления в уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган).

      24. В случае если член наблюдательного совета по итогам проведения оценки деятельности получил от 0 до 4 балов, уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) принимается решение о его досрочном прекращении полномочий на основании недобросовестного отношения к возложенным на него обязанностям и предложений Комиссии по оценке деятельности членов наблюдательного совета государственного предприятия на праве хозяйственного ведения.

      25. В случае осуществления реорганизации государственного предприятия, наблюдательный совет принимает решение о досрочном прекращении своих полномочий за двадцать пять календарных дней до конца реорганизации.