Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 12 шiлдедегi № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 шiлдеде № 34730 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10503 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру тәртібін айқындайды.

      2. "Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 болып тіркелген) бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерге сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жегжаттық қатынастарда болмайтын бес және одан да көп адамды құрайды.

      Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.

      Денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарындағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып табылады.

      Байқау кеңесінің құрамына осы бұйрықпен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы уәкілетті органның өкілі кіреді.

      Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін (бұдан әрі – байқау кеңесінің мүшелері) конкурстық негізде іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізу кезінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін білуі тексеріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарда:

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:

      1) ғылым саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі;

      2) ғылым саласында кемінде бес жыл басшылық жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары);

      3) ғылым саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы.";

      2. "Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы критерийлер байқау кеңестері құрылатын, қызметін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың сәйкестігін айқындау үшін әзірленген.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ғылым саласындағы байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу төменде көрсетілген критерийлер сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселенген мөлшерін құрайды;

      2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық жұмыскерлерінің жалпы саны кемінде 100 адамды құрайды;

      3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдындағы жылғы жиынтық жылдық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 мөлшерін құрайды;

      4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 60% құрайды.".

      3. "Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10499 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін белгілеу тәртібін айқындайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады