Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30732 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 87 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді".";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) корпоративтік басқару – Объект қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және акционерлер, директорлар кеңесі, атқарушы орган, Объектінің өзге де органдары мен акционерлер мүддесіндегі мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуелсіз ұйымды акционерлік қоғам "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес таңдайды және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:

      корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша кемінде бес жыл немесе Қазақстанда, сол сияқты Қазақстаннан тыс жерлердегі он ірі компанияда тәжірибесінің болуы;

      кемінде бес адамнан тұратын қалыптасқан жобалық командасының болуы.".

      2. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – кәсіпорын) басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу тәртібін айқындайды.

      2. Кәсіпорын басшысын тағайындауды және аттестаттау жүргізуді, сондай-ақ оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары) жүргізеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.";

      3 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу

      4-тарау. Басшы лауазымына тағайындау";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сонымен бір мезгілде Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады..";

      22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Кодекске сәйкес:";

      4-1, 5 және 6-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі

      5-тарау. Аттестаттау жүргізу тәртібі

      6-тарау. Қорытынды ережелер".

      3. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10503 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін (бұдан әрі – байқау кеңесінің мүшелері) конкурстық негізде іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Конкурс осы бұйрықта айқындалған талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес байқау кеңесінің мүшелерін және тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері болып табылатын байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу мақсатында жүргізіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиісті уәкілетті органның және кәсіпорынның сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыруды және кандидаттар тізімін жариялауды қамтамасыз етеді;";

      7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін, оның ішінде осы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді;";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, кандидаттардың тізімдерін тиісті уәкілетті органның және кәсіпорынның сайтында жариялау;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аудио-бейне тіркеуді қолдана отырып, кандидаттармен әңгімелесу жүргізу және байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу;";

      9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізу кезінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және денсаулық сақтау немесе білім беру ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін білуі тексеріледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату".

      4. "Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын кретерийлерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      5. "Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10499 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларында:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін анықтау тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру тәртібі";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілі болып табылатын байқау кеңесінің мүшесін бағалауды Комиссия тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) мәлімет үшін жолдайды.

      21. Байқау кеңесі мүшесін бағалау нәтижелері туралы есепті тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесінің мүшесіне өткен жұмыс кезеңі үшін сыйақы мөлшерін айқындау кезінде пайдаланады және ол жиналған балл саны негізге алынып айқындалады:

      4,5-тен 10 балға дейін – сыйақы мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      S=N*10%

      мұнда:

      S – сыйақы мөлшері (пайызбен) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитіне пропорционалды;

      N – балл саны;

      0-ден 4 балға дейін – Комиссия шешімінің негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10503 болып тіркелген) бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының (бұдан әрі – Конкурстық іріктеу қағидалары) байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға сәйкес кейіннен рәсімдерді жүргізумен төленбейді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібі";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік қызметшілер болып табылатын байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.".

      6. "Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10955 болып тіркелген):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 120-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.";

      2, 3, 4, 6 және 7-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Пайдаланылмайтын объектілер тізбесін қалыптастыру

      3-тарау. Тендер өткізуге дайындық

      4-тарау. Тендер құжаттамасы

      5-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарттың мазмұны

      6-тарау. Объектіні меншікке беру тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      7. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бнкіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) және 4-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-1) және 4-2) тармақшаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және олар құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – МК) даму жоспарларын, олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, сондай-ақ даму жоспарларының іске асырылуын монитроингілеу және бағалау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басқару органы – Заңға сәйкес АҚ (ЖШС) акцияларының бақылау пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару;

      2) бекіту органы – Заң мен осы Қағидаларға сәйкес ұйымдардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін бекіту өкілеттіктері берілген АҚ директорлар кеңесі, ЖШС байқау кеңесі, байқау кеңесі жоқ ЖШС және МК бойынша – тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты.";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ұйымның даму жоспары осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес құрылымға, нысандарға, көрсеткіштерге сәйкес тізілімнің веб-порталы арқылы әзірленеді және мыналарды қамтиды:";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қадағалау кеңесі және МК жоқ ЖШС-нің даму жоспарын әзірлеу және бекіту тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады.

      Байқау кеңесі жоқ ЖШС мен МК-де даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту веб-портал арқылы жүзеге асырылады.";

      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ұйымның атқарушы органы жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың жиырмасыншы қарашасынан кешіктірмей, осы Қағидалардың 14-тармағының ережелерін ескере отырып, ұйымның даму жоспарын жыл сайынғы нақтылау жобасын бекіту органына қарауға жібереді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Даму жоспарын жыл сайынғы нақтылауды бекіту органы осы Қағидалардың 14-тармағының ережелерін ескере отырып, жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейін бекітеді.";

      34-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нақтыланған даму жоспарын бекіту органы осы Қағидалардың 14-тармағының ережелерін ескере отырып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жиырма бесінші маусымнан және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді.";

      39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасы бекіту органының қарауына осы Қағидалардың 14-тармағының ережелерін ескере отырып енгізіледі:";

      42-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Есепті бекіту органы осы Қағидалардың 14-тармағының ережелерін ескере отырып бекітеді:".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 113 бұйрығына
1-қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру тәртібін айқындайды.

      2. "Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 10507 болып тіркелген) бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру және денсаулық сақтау салаларында байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесін енгізу немесе байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) тиісті шешімі қабылданғаннан кейін он жұмыс күн ішінде тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):

      байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бекітеді;

      осы бұйрықпен бекітілген байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді бастайды;

      Байқау кеңесінің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесінің мүшесін конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бекітеді.

      4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ санмен болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес және одан көп адамды құрайды.

      Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.

      Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып табылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілі кіреді.

      Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен байқау кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады.

      5. Байқау кеңесінің құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілдері және осы бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес конкурстық негізде сайланатын адамдар кіреді.

      6. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 2-қосымша
Өндірістік қызметті
ұйымдастыру және халыққа
қызметтер көрсету саласын
дамыту үшін мемлекеттік
меншіктің пайдаланылмайтын
объектілерін кейіннен меншікке
өтеусіз бере отырып, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне
мүліктік жалға (жалдауға)
немесе сенімгерлік басқаруға
беру қағидаларына
қосымша
Нысан

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ

      1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту

      үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке

      өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға)

      немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып,

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

      және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің

      веб-порталында 20 __ "___" _____ өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірыңғай аумақтық бөлімшесінің

      немесе әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген

      тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің есеп

      айырысу шотына жалпы сомасы ___________________ теңге (цифрлармен) (сомасы

      жазумен) кепілдік жарна (жарналар) (саны) енгіздім (енгіздік).

      Кепілдік жарна енгізілген объектілер туралы мәліметтер:

Р/с №

Объектінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

№ Пр/с

Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын

      талаптарға менің (біздің) сәйкес келмейтінім (-із) анықталған жағдайда, менің (біздің)

      тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (-ызға), мен (біз) қол қойған тендер

      нәтижелері туралы хаттама және мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік

      басқаруға беру шартының жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).

      4. Егер мен (біз) тендердің жеңімпазы (-дары) болып айқындалған жағдайда, өзіме

      (-ізге) тендердің өткізілу күні тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға және

      тендердің өткізілу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мүліктік жалға (жалдауға)

      немесе сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-ыз).

      5. Мен (біз) мынадай:

      1) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

      2) белгіленген мерзімде мүліктік жалға алу (жалдау) немесе сенімгерлік басқару

      шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда енгізген кепілдік жарнаның сомасы

      қайтарылмайтынына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік

      мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесінде немесе әкімдіктер

      коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті

      бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеде қалатынына келісемін (-із).

      6. Осы өтінім тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге мүліктік жалға алу

      (жалдау) немесе сенімгерлік басқару шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт

      күшіне ие болады.

      7. Өзім туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-ыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ____________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру номері_(БСН)

      _________________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі:______________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды

      _________________________________________________________________________

      Банк сәйкестендіру коды

      _________________________________________________________________________

      Банк атауы _______________________________________________________________

      Бенефициар коды

      _________________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      4)____________________________________________________________қоса беріледі.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      Төлқұжат деректері_________________________________________________________

      Мекенжайы:_______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі:_____________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды

      __________________________________________________________________________

      Банк сәйкестендіру коды

      __________________________________________________________________________

      Банктің атауы______________________________________________________________

      Бенефициар коды

      __________________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)___________________________________________________________ қоса беріледі.

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның

      атауы және заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін басшысының немесе

      өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)

      20 __ жылғы "___" ____________

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы қабылдады.

      20__ жылғы "__" _______ _ _ _ _ _ сағат _ _ _ минут

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады