Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 наурызда № 10521 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шiлдедегi № 52 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 19 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 107 бұйрығымен бекітілген

Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық
және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын
санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан
Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды
қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін адамдар мен көлік құралдарына, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және Кеден одағының кедендік аумағында өтетін бақылаудағы тауарларға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге (одан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылау және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Санитариялық-карантиндік бақылау – адамдардың және жүктердің Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттарды және өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылау Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халық денсаулығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, пойыз бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.

      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу (санитариялық-карантиндік пункттерде) пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының көліктегі бөлімшесі жүргізеді.

2. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын
санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және
санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі

      6. Санитариялық-карантиндік бақылау мынадай инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіледі:

      1) карантиндік инфекциялар (оба, тырысқақ, сары қызба);

      2) аса қауіпті инфекциялар (контагиозды вирусты геморрагиялық қызбалар: Ласс, Марбург, Эбола, Хунин, Мачупо, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы);

      3) ауыр жіті респираторлық синдром немесе атипиялы пневмония;

      4) патогендігі жоғары жаңа кіші тип тудыратын пандемиялық тұмау (A/H1N1, A/H5N1 құс тұмауы және басқа типтер);

      5) паразиттік аурулар (безгек);

      6) Ережеге 2-қосымшада көзделген басқа да инфекциялық аурулар.

      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерден жолаушы және өзге де көлік құралдары немесе жеке тұлғалар келгенде;

      2) жолаушы және өзге де көлік құралының экипажынан көлік құралында инфекциялық және паразиттік аурумен ауыратын науқастың немесе ауруға күдікті адамның болуы туралы хабарлама алғанда;

      3) жөнелтуші, транзит елдің немесе алушы елдің құзыретті органдарынан халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің келуі туралы ақпарат алғанда;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде контейнерлер мен лихтерлердің ашылу белгісі анықталғанда немесе олардың бүтіндігі бұзылғанда;

      5) көлік құралында осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық және паразиттік ауруларды таратушы жәндіктер, кеміргіштер және өлген кеміргіштер анықталғанда;

      6) әуе немесе теңіз (өзен) кемесінің бортында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізуді талап ететін, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық ауруларға күдікті адамның болмауы туралы белгіленген тәртіппен алдын ала ақпарат берілмегенде;

      7) халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік құралында бұрын жүзеге асырылған санитариялық-карантиндік бақылау барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының бұзушылығы анықталғанда;

      8) бұрын қолданыста болған және ауру жұқтырған аудандары бар елдерден немесе эпидемия аймақтарынан әкелінген ішінде киім-кешек, киім, төсек жабдықтары немесе тұрмыста қолданылатын басқа да заттар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар бар, бүтіндігі бұзылған халықаралық пошталық жөнелтілімдер анықталғанда санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізеді.

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар және көлік объектілерінің персоналы адамдар денсаулық жағдайына шағымданып жүгінген кезде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаларды дереу хабардар етеді.

      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар қызметтік куәлігін көрсете отырып, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін экипаж мүшелері, жолаушылар және жүктер бар үй-жайларға, көлік құралдарына кедергісіз кіреді. Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда санитариялық-карантиндік бақылау барлық бақылау түрлерінен (шекаралық, кедендік және басқа) бұрын өтеді.

      10. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаларға әуе кемелері экипаждарының командирлері, теңіз кемелерінің капитандары, пойыз бригадаларының бригадирлері мынадай құжаттар ұсынады:

      1) әуе көлігінің жалпы декларациясының санитариялық бөлімі, теңіз (өзен) кемесінің теңіздік медициналық-санитариялық декларациясы, теңіз (өзен) кемесінің санитариялық бақылаудан өткендігі туралы куәлігі, теңіз (өзен) кемесінің санитариялық бақылаудан босатылғаны туралы куәлігі, темір жол көлігіндегі санитариялық және рейстік журналдар, қажет болған жағдайда вакцинация туралы халықаралық куәліктер;

      2) жолаушы және өзге де көлік құралын дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізілгенін растайтын құжаттар;

      3) экспорттаушы елдің құзыретті органы берген жүктердің қауіпсіздігін куәландыратын олардың ілеспе құжаттары (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат), тисті (санитариялық, сәйкестік, сапа, денсаулық) сертификаттары.

      11. Жеке тұлғаларды (әуе кемелерінің, теңіз кемелерінің және пойыздардың жолаушыларын қоспағанда) санитариялық-карантиндік бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу жағдайларын болдырмау мақсатында тұрақты жүргізіледі.

      12. Санитариялық-карантиндік пункттерде тепловизорларды, байланыссыз термометрлерді пайдалану арқылы жеке адамдарға санитариялық-эпидемиологиялық тексеру және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарға, сондай-ақ келген көлік құралының экипажынан инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру симптомдары бар науқастың немесе оған күдікті адамның болуы туралы ақпарат алған кезде сұрау жүргізіледі. Санитариялық-карантиндік пункттерде кезекшілік ауысымының құрамы 2 маманнан кем болмауы тиіс. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар командирдің немесе әуе, су (өзен) көлігі экипажының жауапты мүшесінің, пойыз бастығының, автокөлік құралы жүргізушісінің сұрауы бойынша көлік және (немесе) жол құжаттарында көлік құралына санитариялық шаралар қолданғандығы туралы белгі қояды.

      13. Инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулармен ауыратын науқас анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары мынадай:

      1) науқасты денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінің оқшаулағышында уақытша оқшаулау;

      2) науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды обсервациялауды, медициналық айғақтары бойынша оларды денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызу;

      3) бортында инфекциялық және паразиттік аурулардың симптомдары бар немесе инфекциялық және паразиттік ауруларға күдіті адам анықталған көлік құралында дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізеді.

      14. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары жүзеге асыратын санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) бекітілген нысаны бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі толтырылады, онда қажетті ілеспе құжаттардың болуы, келген көлік құралының түрі және бағыты, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің саны, инфекциялық және паразиттік ауруларға күдікті науқастардың болуы, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің атауы көрсетіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.08.2016 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Келген көлік құралдарында таратушы жәндіктер, кеміргіштер немесе өлген кеміргіштер анықталған жағдайда тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы бойынша көлік құралдары жүктерімен бірге (бар болған жағдайда) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін санитариялық тұраққа (санитариялық айлақ, санитариялық алаң, санитариялық тұйық) жіберіледі.

      Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау аяқталғаннан кейін санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлға көлік құралының халықаралық медициналық-санитариялық құжатына белгі қояды және өңделген көлік құралдары жүктерімен бірге (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.

      16. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерге баратын жолаушыларға және туристік фирмалардың өкілдеріне нұсқаулар жүргізеді. Көлік құралдарының персоналы және жүктерге және жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын әуежайлар, порттардың және вокзалдардың қызметкерлері көліктегі дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының және көліктегі медициналық ұйымдардың штатына кіретін санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандары гигиеналық оқудан жылына кемінде 1 рет жиілікпен өтуі тиіс.

Об утверждении Правил осуществления санитарно-карантинного контроля над завозом и распространением инфекционных и паразитарных заболеваний на Государственной границе Республики Казахстан, совпадающей с таможенной границей Таможенного союза, и обеспечения санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 107. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2015 года № 10521. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 02.07.2024 № 52.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 02.07.2024 № 52 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 21 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления санитарно-карантинного контроля над завозом и распространением инфекционных и паразитарных заболеваний на Государственной границе Республики Казахстан, совпадающей с таможенной границей Таможенного союза, и обеспечения санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан.

      2. Комитету по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Матишев А.Б.) обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра национальной экономики Республики Казахстан Жаксылыкова Т.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр

Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАН":

      Министр здравоохранения

      и социального развития

      Республики Казахстан

      ___________ Т. Дуйсенова

      19 февраля 2015 г.



  Утверждены
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 18 февраля 2015 года № 107

Правила
осуществления санитарно-карантинного контроля над завозом и
распространением инфекционных и паразитарных заболеваний на
Государственной границе Республики Казахстан, совпадающей с
таможенной границей Таможенного союза, и обеспечения
санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления санитарно-карантинного контроля над завозом и распространением инфекционных и паразитарных заболеваний на Государственной границе Республики Казахстан, совпадающей с таможенной границей Таможенного союза, и обеспечения санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и Положением о порядке осуществления государственного санитарно-эпидемиологического надзора (контроля) за лицами и транспортными средствами, пересекающими таможенную границу таможенного союза, подконтрольными товарами, перемещаемыми через таможенную границу таможенного союза и на таможенной территории таможенного союза, утвержденным Решением Комиссии таможенного союза от 28 мая 2010 года № 299 (далее - Положение) и определяют порядок санитарно-карантинного контроля над завозом и распространением инфекционных и паразитарных заболеваний на Государственной границе Республики Казахстан, совпадающей с таможенной границей Таможенного союза, и обеспечения санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан.

      2. Санитарно-карантинный контроль - контроль за санитарно-эпидемиологическим состоянием груза и состоянием здоровья людей при перемещении людей и грузов через Государственную границу Республики Казахстан, совпадающую с таможенной границей таможенного союза, проводимый в целях недопущения завоза на территорию страны инфекционных и паразитарных заболеваний, а также потенциально опасных для здоровья человека веществ и продукции.

      3. Санитарно-карантинный контроль в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан является составной частью санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан.

      4. В пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан организовываются санитарно-карантинные пункты для осуществления санитарно-карантинного контроля за пассажирами, экипажами, поездными бригадами, транспортными средствами, грузами, представляющими опасность для здоровья населения.

      5. Санитарно-карантинный контроль в пунктах пропуска (санитарных карантинных пунктах) через Государственную границу Республики Казахстан проводится подразделением на транспорте ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

2. Порядок осуществления санитарно-карантинного контроля
и обеспечения санитарной охраны границы и территории
Республики Казахстан

      6. Санитарно-карантинный контроль проводится в целях недопущения завоза и распространения следующих инфекционных и паразитарных заболеваний:

      1) карантинные инфекции (чума, холера, желтая лихорадка);

      2) особо опасные инфекции (контагиозные вирусные геморрагические лихорадки: Ласса, Марбурга, Эбола, Хунин, Мачупо, Конго-крымская геморрагическая лихорадка);

      3) тяжелый острый респираторный синдром или атипичная пневмония;

      4) пандемический грипп, вызванный новым высокопатогенным подтипом (A/H1N1, птичий грипп A/H5N1 и другие типы);

      5) паразитарные заболевания (малярия);

      6) другие инфекционные заболевания, предусмотренные в приложении 2 Положения.

      7. Уполномоченные лица ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в пунктах пропуска на Государственной границе Республики Казахстан проводят санитарно-карантинный контроль при:

      1) прибытии пассажирского и иного транспортного средства или физического лица из стран, неблагополучных по инфекционным и паразитарным заболеваниям, предусмотренным в пункте 6 настоящих Правил и по информации Всемирной Организации Здравоохранения;

      2) получении сообщения от экипажа пассажирского и иного транспортного средства о наличии больного или лица с подозрением на инфекционное и паразитарное заболевание на транспортном средстве;

      3) получении информации от компетентных органов страны отправителя, транзита или получателя о прибытии груза, представляющего опасность для здоровья населения;

      4) обнаружении признаков вскрытия контейнеров и лихтеров в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан или нарушении их целостности;

      5) обнаружении на транспортном средстве насекомых-переносчиков инфекционных и паразитарных заболеваний, перечисленных в пункте 6 настоящих Правил, грызунов и павших грызунов;

      6) несообщении в установленном порядке предварительной информации об отсутствии на борту воздушного или морского (речного) судна лиц с подозрением на инфекционные заболевания, перечисленные в пункте 6 настоящих Правил, требующих проведения санитарно- противоэпидемических (профилактических) мероприятий, в том числе по осуществлению санитарной охраны территории Республики Казахстан;

      7) выявлении в ходе ранее осуществленного санитарно-карантинного контроля нарушений законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения на транспортном средстве, осуществляющем международные перевозки;

      8) выявлении международных почтовых отправлений с нарушенной целостностью, содержащие белье, одежду, постельные принадлежности или иные предметы хозяйственного обихода, посуду, игрушки, бывшие в употреблении, и которые поступили из стран, имеющих зараженные районы, или из зон эпидемий.

      8. Уполномоченные лица, осуществляющие государственный контроль в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан и персонал объектов транспорта, в случае обращения к ним лиц с жалобами на состояние здоровья немедленно информируют уполномоченных лиц, осуществляющих санитарно-карантинный контроль.

      9. Уполномоченные лица, осуществляющие санитарно-карантинный контроль, в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан по предъявлению служебного удостоверения беспрепятственно посещают помещения, транспортные средства, где находятся члены экипажа, пассажиры и грузы, представляющие опасность для здоровья населения. В случае осложнения эпидемиологической ситуации санитарно-карантинный контроль предшествует всем видам контроля (пограничного, таможенного и прочих).

      10. Уполномоченным лицам, осуществляющим санитарно-карантинный контроль, командирами экипажей воздушных судов, капитанами морских судов, бригадирами поездных бригад представляются следующие документы:

      1) санитарная часть общей декларации воздушного судна, морская медико-санитарная декларация морских (речных) судов, свидетельство о прохождении морским (речным) судном санитарного контроля, свидетельство об освобождении морского (речного) судна от санитарного контроля, санитарный и рейсовый журналы на железнодорожном транспорте, при необходимости – международные свидетельства о вакцинации;

      2) документы, подтверждающие проведение дезинфекции, дезинсекции и дератизации пассажирского и иного транспортного средства;

      3) сопроводительные документы на грузы, удостоверяющие ее безопасность (санитарно-эпидемиологическое заключение (гигиеническое заключение, гигиенический сертификат), соответствующие сертификаты (санитарный, соответствия, качества, здоровья), выданные компетентным органом страны-экспортера.

      11. Санитарно-карантинный контроль физических лиц (за исключением пассажиров воздушных судов, морских судов и поездов) проводится в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан постоянно с целью исключения случаев ввоза и распространения на территорию Республики Казахстан инфекционных и паразитарных заболеваний.

      12. В санитарных карантинных пунктах проводится санитарно-эпидемиологическое обследование физических лиц с использованием тепловизоров, бесконтактных термометров и опрос лиц, прибывающих из стран, неблагополучных по инфекционным и паразитарным заболеваниям, указанным в пункте 6 настоящих Правил, а также при получении информации от экипажа прибывающего транспортного средства о наличии больного с симптомами или подозрением на инфекционное и (или) паразитарное заболевание. В дежурную смену санитарного карантинного пункта должно входить не менее 2-х специалистов. Уполномоченные лица, осуществляющие санитарно-карантинный контроль, по запросу командира или ответственного члена экипажа воздушного, морского (речного) судна, начальника поезда, водителя автотранспортного средства, делают отметку в транспортных и (или) путевых документах о применении к транспортному средству санитарных мер.

      13. В случае выявления больного инфекционным и (или) паразитарным заболеванием уполномоченными лицами ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения проводятся следующие санитарно-противоэпидемические (профилактические) мероприятия по:

      1) временной изоляции больного в изоляторе пункта пропуска через Государственную границу Республики Казахстан до его госпитализации в организацию здравоохранения;

      2) обсервации лиц, находившихся в контакте с больным, по медицинским показаниям их госпитализация в организацию здравоохранения;

      3) организации дезинфекционных мероприятий транспортного средства, на борту которого выявлен больной с симптомами инфекционного и (или) паразитарного заболевания или с подозрением на инфекционное и (или) паразитарное заболевание.

      14. По результатам санитарно-карантинного контроля, осуществляемого уполномоченными лицами ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения составляется акт санитарно-эпидемиологического обследования, по форме, утвержденной приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан 30 мая 2015 года № 415 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11626), где указывается наличие необходимых сопроводительных документов, вид и маршрут прибывшего транспортного средства, количество пассажиров и членов экипажа, наличие больных с подозрением на инфекционные и паразитарные заболевания, наименование груза, представляющего опасность для здоровья населения.

      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 29.08.2016 № 389 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. В случае обнаружения на прибывающих транспортных средствах насекомых-переносчиков, грызунов или павших грызунов, по постановлению главных государственных санитарных врачей на соответствующих территориях и на транспорте о проведении санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий, транспортные средства вместе с грузами (при их наличии) отводятся на санитарную стоянку (санитарный причал, санитарную площадку, санитарный тупик), где проводятся дезинфекционные, дезинсекционные и дератизационные мероприятия.

      После завершения дезинфекции, дезинсекции, дератизации уполномоченное лицо, осуществляющее санитарно-карантинный контроль, делает отметку в международных медико-санитарных документах транспортного средства и обработанные транспортные средства вместе с грузами (при их наличии) ввозятся на территорию Республики Казахстан.

      16. Уполномоченные лица, осуществляющие санитарно-карантинный контроль, проводят инструктирование пассажиров и представителей туристических фирм, выезжающих в страны, неблагополучные по инфекционным и паразитарным заболеваниям. Персонал транспортных средств и работники аэропортов, портов и вокзалов, участвующие в обслуживании пассажиров и грузов должны проходить гигиеническое обучение специалистами санитарно-эпидемиологического профиля, входящими в штат врачебно-летных экспертных комиссий и медицинских организаций транспорта, с кратностью не менее 1 раза год.