Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10635 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 306 бұйрығымен бекітілді

Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының бұйрығымен сәйкес әзірленді және:

      1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымдарының, аккредиттелген сараптама ұйымының немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының сараптама топтары мен комиссияларын құру;

      2) мемлекеттік сараптама ұйымының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құруының;

      3) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге қатысу үшін сарапшыларды және мамандарды (мамандандырылған институттарды және ұйымдарды) тарту тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) аккредиттелген сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы – "Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген) Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен аккредиттелген және жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын индустриялық аймақтың ерекше басқарушы компаниясы, ерекше индустриялық аймақтың аумағында құрылыс жүргізуге арналған;

      2) жобалау саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;

      3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;

      4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не объектілер құрылысы жобасының (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама) немесе барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;

      5) мамандандырылған институттар мен ұйымдар – ғылыми-зерттеу институттары, жобалау, жобалау-іздестіру немесе жобалау-жоспарлау ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар;

      6) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы – ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша "бір терезе" қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы;

      8) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Сараптама комиссиялары және сараптама топтары мүшелерінің жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында алынған қызметтік ақпаратты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ашуына жол берілмейді.

2-тарау. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама топтарын құру тәртібі

      4. Қарауға қабылданған құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымы немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сараптама топтарынының құрамына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін штаттағы сарапшылар, сондай-ақ шарт негізінде тартылатын сарапшылар енгізіледі.

      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы, ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама тобына жәрдем көрсету үшін консультанттарды тартады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қажет болған жағдайда сараптама топтары жобалық шешімдерді және (немесе) құрыылыс жобасының есептерін түсіндіру үшін тапсырыс берушінің және жобаны әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.

      8. Сараптама комиссиясы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілген барлық кезеңнің ішінде, соңғы сатыларды қоспағанда, материалдарды қарайды және ұсынымдарды береді.

      9. Ақпараттық жүйеде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама тобы мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымының басшысының немесе басшы орынбасарының жарлық құжатымен бекітіледі.

3-тарау. Құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру тәртібі

      10. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы:

      1) осы объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, олар үшін жобалау және салу бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген бірегей объектілердің;

      2) құрылыс учаскесінің ерекше жағдайлары бар техникалық жағынан күрделі объектілердің;

      3) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар технологиялық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобаларын қараған жағдайда алқа шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сараптама комиссияларын қажет болған жағдайда құрады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру тәртібі

      14. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы:

      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қоспағанда, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларын қарау үшін сараптама тобын;

      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қарау үшін сараптама комиссиясын құрады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына штаттық сарапшылар, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар енгізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-1. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) жәрдемдесу үшін консультанттарды, қабылданған шешімдерді түсіндіру үшін тапсырыс берушілер мен қала құрылысы жобаларын әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.

      Ескерту. 4-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-2. Консультанттар кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізген кезде қарайды және сарапшыларға ұсыныстар береді.

      Ескерту. 4-тарау 16-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Алып тасталды - – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және сараптама комиссиясы (сараптама тобы) сараптамалық қорытынды берген күннен бастап өз қызметін тоқтатады.

      20. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Жобалардың кешенді ведомстводан тыс немесе кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

      21. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін консультанттың пікірі талап етілетін жағдайда, аттестатталған сарапшылар үшін консультанттар ретінде шарт негізінде сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға:

      ерекше, жоғары мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын (шоғырлануын) талап ететін инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде бірегей объектілерді салу жобалары, сондай-ақ өзге де объектілерді салу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама;

      Заңның 6-бабына сәйкес аумақтық объектілер мен елді мекендердің сараптамалық комиссиялары (сараптамалық топтары) қарайтын қала құрылысы жобаларында ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу болған кезде барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 № 541 (07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Консультанттармен тиісті шарттар жасасу кезінде:

      мамандандырылған институттар мен ұйымдар үшін – олардың тиісті мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;

      мамандар үшін – олардың кәсіби білімдері мен біліктілігін не тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған институттар мен ұйымдардағы практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы қажетті шарт болып табылады.

      23. Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан не оларды әзірлеген мамандандырылған институттар мен ұйымдардың өкілдері болып табылатын консультанттарды сараптама комиссияларының және сараптама топтарының құрамына қосуға, сондай-ақ жобалар сараптамасына өзге нысанда қатысу үшін тартуға жол берілмейді.

Об утверждении Правил создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 306. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 апреля 2015 года № 10635.

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 02.12.2015 № 751 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 11-2) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Правила создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 02.12.2015 № 751 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Министр

Е. Досаев


  Утверждены
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 2 апреля 2015 года № 306

Правила
создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра по инвестициям и развитию РК от 17.07.2017 № 477 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила создания экспертных комиссий (экспертных групп) и привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизе (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 11-2) статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок:

      1) создания государственной экспертной организацией, аккредитованными экспертными организациями или аккредитованной экспертной организацией особой индустриальной зоны экспертных групп и комиссий для проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства новых объектов, а также изменения (реконструкции, расширения, модернизации, технического перевооружения, капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций;

      2) создания государственной экспертной организацией, экспертных комиссий (экспертных групп) для проведения комплексной градостроительной экспертизы;

      3) исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      4) привлечения экспертов и специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в проведении комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства и комплексной градостроительной экспертизы.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 04.04.2022 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) аккредитованная экспертная организация – юридическое лицо, осуществляющее комплексную вневедомственную экспертизу проектов строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), не отнесенную законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности к государственной монополии;

      1-1) аккредитованная экспертная организация особой индустриальной зоны – управляющая компания особой индустриальной зоны, аккредитованная в порядке, установленными Правилами аккредитации экспертных организаций, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 151 "Об утверждении правил аккредитации экспертных организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10640), и осуществляющая комплексную вневедомственную экспертизу проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства на территории особой индустриальной зоны;

      2) эксперт в области проектирования (далее – эксперт) – физическое лицо, аттестованное в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, для осуществления экспертных работ по определенным разделам (частям) проектов, состоящее в штате одной из экспертных организаций;

      3) комплексная градостроительная экспертиза – экспертиза градостроительных проектов всех уровней, отнесенная к государственной монополии;

      4) консультант – квалифицированный специалист, обладающий специальными знаниями, в том числе в области проектирования объектов строительства и (или) градостроительного планирования территорий, либо специализированный институт или организация включая зарубежные, привлеченные для оказания консультационных услуг по соответствующим разделам (частям) проекта строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации) и/или градостроительных проектов всех уровней;

      5) специализированные институты и организации – научно-исследовательские институты, проектные, проектно-изыскательские или проектно-планировочные организации, а также иные организации;

      6) государственная экспертная организация – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан в организационно-правовой форме республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения и осуществляющее отнесенную к государственной монополии комплексную вневедомственную экспертизу по проектам строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации);

      7) комплексная вневедомственная экспертиза проектов строительства объектов – экспертиза проектов, включающая отраслевые и ведомственные экспертизы, проводимая по принципу "одного окна" по технико-экономическим обоснованиям и проектно-сметной документации, предназначенным для строительства зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций;

      8) исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).
      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 04.04.2022 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      3. Членами экспертных комиссий и экспертных групп не допускается разглашение служебной информации, полученной в ходе проведения комплексной вневедомственной и градостроительной экспертизы проектов, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок создания экспертных групп для проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства

      4. Для проведения комплексной вневедомственной экспертизы по принятым на рассмотрение проектам (технико-экономическим обоснованиям или проектно-сметной документации) для строительства государственная экспертная организация, аккредитованная экспертная организация или аккредитованная экспертная организация особой индустриальной зоны создают экспертные группы.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 04.04.2022 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      5. В состав экспертных групп включаются штатные эксперты, а также эксперты привлекаемые на договорной основе для участия в комплексной вневедомственной экспертизе.

      6. При необходимости государственная, аккредитованная экспертная организация, аккредитованная экспертная организация особой индустриальной зоны для содействия экспертным группам привлекают консультантов.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 04.04.2022 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      7. При необходимости экспертные группы привлекают уполномоченных представителей заказчиков и разработчиков проекта для разъяснения проектных решений и (или) расчетов проектов строительства.

      8. Консультанты рассматривают и дают рекомендации экспертам в течение всего периода проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов, за исключением завершающей стадии.

      9. Экспертная группа для проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства в информационной системе утверждается распорядительным документом руководителя или заместителем руководителя государственной или аккредитованной экспертной организации.

Глава 3. Порядок создания экспертных комиссий для проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства

      10. Государственная экспертная организация, аккредитованные экспертные организации или аккредитованная экспертная организация особой индустриальной зоны для принятия коллегиальных решений при необходимости создают свои экспертные комиссии в случаях рассмотрения проектов строительства:

      1) уникальных объектов, для которых не установлены государственные или межгосударственные технические регламенты и нормативно-технические требования по проектированию и строительству, определяющие необходимость разработки, согласования и утверждения для данного объекта специальных технических условий (особых норм);

      2) технически сложных объектов с особыми условиями участка строительства;

      3) технологически сложных объектов с редко встречающимся в практике проектирования функциональным (технологическим) назначением.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 04.04.2022 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 04.08.2018 № 557 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Исключен приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 04.08.2018 № 557 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      13. Исключен приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 04.08.2018 № 557 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Порядок создания экспертных комиссий (экспертных групп) для проведения комплексной градостроительной экспертизы градостроительных проектов

      14. Комплексная градостроительная экспертиза градостроительных проектов всех уровней проводится государственной экспертной организацией.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      15. Для проведения комплексной градостроительной экспертизы градостроительных проектов всех уровней государственная экспертная организация создает:

      экспертную группу для рассмотрения градостроительных проектов всех уровней, за исключением проектов генеральной схемы организации территории Республики Казахстан и межрегиональных схем территориального развития;

      экспертную комиссию для рассмотрения проектов генеральной схемы организации территории Республики Казахстан и межрегиональных схем территориального развития.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      16. В состав экспертных комиссий (экспертных групп) включаются штатные эксперты, а также эксперты, привлекаемые на договорной основе для участия в комплексной градостроительной экспертизе.

      Сноска. Пункт 16 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      16-1. При необходимости государственная экспертная организация привлекает консультантов для содействия экспертным комиссиям (экспертным группам), уполномоченных представителей заказчиков и разработчиков градостроительных проектов для разъяснения принятых решений.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 16-1 в соответствии с приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      16-2. Консультанты рассматривают и дают рекомендации экспертам при проведении комплексной градостроительной экспертизы.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 16-2 в соответствии с приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).
      17. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).
      18. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      19. Экспертная комиссия (экспертная группа) действует со дня вступления в силу решения о ее создании и прекращает свою деятельность со дня выдачи экспертного заключения экспертной комиссии (экспертной группы).

      20. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

Глава 5. Порядок привлечения специалистов (специализированных институтов и организаций) для участия в комплексной вневедомственной или комплексной градостроительной экспертизе проектов

      21. В случаях, когда в штате экспертной организации нет аттестованного эксперта, требуемой специализации, либо если для оценки рассматриваемого проекта требуется мнение консультанта, то к участию в работе экспертных комиссий (экспертных групп) на договорной основе в качестве консультантов для аттестованных экспертов привлекаются консультанты, специализированные институты или организации, осуществляющих:

      комплексную вневедомственную экспертизу по проектам строительства уникальных объектов, а также проектам строительства иных объектов в части применения инновационных материалов, изделий, оборудования и технологий, требующих наличия (концентрации) особых, узкоспециализированных знаний и опыта;

      комплексную градостроительную экспертизу градостроительных проектов всех уровней, при наличии в рассматриваемых экспертными комиссиями (экспертными группами) градостроительных проектах территориальных объектов и населенных пунктов особого регулирования и градостроительной регламентации в соответствии со статьей 6 Закона.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.07.2023 № 541 (вводится в действие с 07.01.2024).

      22. При заключении соответствующих договоров с консультантами необходимым условием является:

      для специализированных институтов и организаций – наличие документов, подтверждающих их соответствующий статус;

      для специалистов – наличие документов, подтверждающих их профессиональное образование и квалификацию, либо практическую деятельность в соответствующих отечественных и (или) зарубежных специализированных институтах и организациях.

      23. Не допускается включение в состав экспертных комиссий и экспертных групп, а также привлечение для иной формы участия в экспертизе проектов консультантов, прямо или косвенно принимавших участие в подготовке и (или) разработке рассматриваемых проектов, либо являющиеся представителями специализированных институтов и организаций, их разработавших.