ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құрылыс жобалары бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу және беру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бірыңғай порталымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.
Қала құрылысы жобалары бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу және беру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бірыңғай порталымен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде құпиялылық белгісі бар немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" ("ҚБПҮ") белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бірыңғай порталымен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі арқылы барлық рәсімдер мен операцияларды жүзеге асырады.
4. Осы Қағидаларда ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бастапқы құжаттар – ведомстводан тыс кешенді сараптамаға (қала құрылысы сараптамасына) ұсынылған кезде құрылыс жобаларына қоса берілетін құжаттар (материалдар, деректер), олардың негізінде осы жоба әзірленеді;
2) жобалау саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
3) қала құрылысының жобаларын – аумақтар мен елдi мекендердi немесе олардың бөлiктерiн ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешендi қала құрылысын жоспарлау жөнiндегi түпкi ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешендi схемалары, елдi мекендердiң бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсiп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектiлер мен кешендердiң бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобаларды;
4) құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) – көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
5) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сарапшылар сараптама қорытындысын тапсырыс берушіге беру үшін осы Қағидалардың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасына жататын жобаларды қараудың нәтижелері бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптама қорытындысын жасайды, оны Қағидалардың осы тарауында көзделген рәсімге сәйкес ресімдейді.";
14-тармақ алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысы:
1) жоба бойынша кіріспе және сипаттама бөлігін, сондай-ақ сараптамаға ұсынылған жобаға қоса берілетін міндетті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) туралы ақпаратты;
2) жалпы қала құрылысы жобасының сапасын және жопарланған аумақта қабылданған жобалық шешімдер мен есептеулердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне, нормалары мен талаптарына сәйкестігін талдау мен кешенді бағалауды;
3) кешенді қала құрылысы сараптамасы нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы бөлігін көздейді.";
16-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
"16-1. Қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының қорытындылары мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама қорытындысы нысанында жасалады және:
1) жалпымемлекеттік маңызы бар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобалары, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары) немесе мемлекетаралық маңызы бар, сондай-ақ халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалардың бас жоспарлары бойынша сараптама ұйымының бірінші басшысының;
2) облыстардың (аудандардың) аумақтарын қала құрылысы жоспарлаудың кешенді схемаларының жобалары бойынша – лауазымдық функцияларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру кіретін сараптама ұйымы басшысы орынбасарының не оны алмастыратын адамның;
3) облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі басқа да елді мекендердің бас жоспарларының жобалары, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобалары бойынша – лауазымдық функцияларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру кіретін сараптама ұйымы басшысы орынбасарының не аумақтық бөлімше немесе сараптама ұйымының өзге де оқшауланған бөлімшесі басшысының;
4) сараптама бөлімдері бастықтарының электрондық-цифрлық қолтаңбалармен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
Мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама қорытындылары оларға жоғарыда аталған лауазымды адамдар қол қойғанға дейін осы жобаның әрбір тарауы (бөлімі) бойынша аттестатталған сарапшылардың ЭЦҚ куәландырылады.
16-2. Құпиялылық белгісі немесе ҚБПҮ белгісі бар қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілген, мемлекеттік сараптама ұйымы берген кешенді қала құрылысы сараптамасының қорытындылары қағаз жеткізгіште ресімделеді және тапсырыс берушіге беріледі және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмірі және берілген күні көрсетілген сарапшының мөрімен куәландырылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кешенді қала құрылысы сараптамасының теріс қорытындысы "Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12414 болып тіркелген) Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларында белгіленген жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. Мемлекеттік сараптама ұйымы тапсырыс берушілерге оларға тіркеу нөмірлерін бере отырып кешенді қала құрылысы сараптамасы қорытындыларының есебін жүргізеді.".
2) "Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ведомстводан тыс және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын "сараптама топтарын) құру және мамандарды (мамандандырылған инситуттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік сараптама ұйымының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құруының;";
3) тармақша алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;
4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не объектілер құрылысы жобасының (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама) немесе барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;";
8-тармақша алып тасталсын;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.
15. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы:
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қоспағанда, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларын қарау үшін сараптама тобын;
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қарау үшін сараптама комиссиясын құрады.
16. Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына штаттық сарапшылар, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
"16-1. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) жәрдемдесу үшін консультанттарды, қабылданған шешімдерді түсіндіру үшін тапсырыс берушілер мен қала құрылысы жобаларын әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.
16-2. Консультанттар кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізген кезде қарайды және сарапшыларға ұсыныстар береді.";
17 және 18-тармақтар алып тасталсын;
20-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакция жазылсын:
"21. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін консультанттың пікірі талап етілетін жағдайда, аттестатталған сарапшылар үшін консультанттар ретінде шарт негізінде сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға:
ерекше, жоғары мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын (шоғырлануын) талап ететін инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде бірегей объектілерді салу жобалары, сондай-ақ өзге де объектілерді салу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама;
Заңның 6-бабына сәйкес аумақтық объектілер мен елді мекендердің сараптамалық комиссиялары (сараптамалық топтары) қарайтын қала құрылысы жобаларында ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу болған кезде барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |