Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылы 30 наурыздағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10660 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 № 330 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасы бекітілсін.

      2. Келесілердің:

      1) "Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығының (2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6210 болып енгізілген, "Казахстанская правда" газетінде 11.11.2010 ж. № 303-305 (26364-26366) жарияланған));

      2) "Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 294 бұйрығының (2014 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9817 болып енгізілген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында орналастырылған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспа басылымдарында ресми түрде жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

З. Баймолдина


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
188 бұйрығымен бекітілген

Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасы

      1 Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 42-бабына сәйкес әзірленді және сот сарапшылары әзірлейтін және қолданатын сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін (бұдан әрі - Әдістемелер) әзірлеудің байқаудан өткізудің және енгізудің тәртібін айқындайды.

      2. Әдістемелерді әзірлеу және енгізу мақсаты сот сараптамаларын жүргізудің сапасын арттыру және қылмыстық істерді тергеу және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарау барысында сарапшының алдына қойылған мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін жасау, сондай-ақ сот-сараптама қызметін ғылыми дамыту болып табылады.

      3. Әзірленіп жатқан Әдістемелерді байқаудан өткізудің мақсаты эксперимент режимінде сот сараптамаларын жүргізу тәжірибесінде пайдалану үшін жарамдылығын растау болып табылады.

      4. Әдістемелерді әзірлеу және енгізу міндеттері:

      сот сараптамасы органдарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерінің қызметін ретке келтіру және жүйелеу;

      сот сараптамаларын жүргізудің прогрессивті түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын іздеу;

      сот сараптамарын жүргізудің сапасын арттыру болып табылады.

      5. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар Әдістемелердің әзірлеушілері (авторлары, құрастырушылары) болып табылады.

      6. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) арнаулы ғылыми білімдер - сот сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

      2) әдістеме - сот сараптамасының белгілі бір тегінің түрінің мәніне жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;

      3) әдістемені әзірлеу - тиісті заңнамалық нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды шығармашылық зерделеу негізінде теориялық сипаттағы материалдарды жүйелеу, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің қолда бар тәжірибесін жинақтап қорыту;

      4) әістемелерді байқаудан өткізу - бұл, нәтижесінде ғылыми-практикалық әзірленімдердің сараптамалық тәжірибеде пайдаланылуының мүмкіндігі және қажеттілігі расталатын немесе теріске шығарылатын, олардың қағидалары мен тұжырымдарын эксперименттік материалдарда тексеру;

      5) әдістемелерді енгізу - әзірленген және байқаудан өткізілген Әдістемелерді бекіту және сараптама қызметінде пайдалану;

      6) әдістеменің төлқұжаты - Әдістеме туралы ақпараттан тұрады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

      7) сот-сараптамалық зерттеу әдісі - сот сараптамасының нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын қисындық және (немесе) құрал-саймандық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі.

2 Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеудің, байқаудан өткізудің шарттары мен тәртібі

      7. Әдістемелерді әзірлеу туралы шешімді сот сараптамасы органының Ғылыми Кеңесі өз отырыстарында қабылдайды.

      8. Сот сараптамасының органы, олар бойынша әдістемелері әзірленуі құжат сараптама түрлерін, орындау нысанын анықтайды, Әдістемелерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады, жұмыс тобының жетекшісін, жауапты орындаушыларды, мерзімдерін, сыртқы және ішкі рецензенттерді бекітеді және Әдістемені әзірлеу, верификациялау, байқаудан өткізу және енгізу жөніндегі іс-шараларды бекіту бойынша одан арғы рәсімдерді жүргізеді.

      9. Әдістемелерді әзірлеу мен енгізу жоспары Сот сараптамасы органының кешенді жоспарына енгізіледі.

      10. Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері Әдістемелерді әзірлеу жөніндегі жұмысқа Сот сараптамасы органының ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарында көзделген мерзімде және көлемде қатысады.

      11. Әдістемені әзірлеу кезінде әзірлеуші тиісті заңнамалық нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды зерделеу негізінде теориялық сипаттағы материалдарды жүйелейді, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің, қолда бар тәжірибесін жинақтап қорытады.

      12. Әдістеменің құрылымы келесі элементтерден тұрады:

      титулдық парағы;

      төлқұжаты;

      мазмұны;

      кіріспе бөлімі;

      негізгі бөлімі;

      қорытынды бөлімі;

      пайдаланған мағлұматтар көзі тізімі;

      қосымшалар (қажет болған жағдайда).

      13. Титулдық парақта Әділет министрлігі сот сараптамасы органының атауы, тақырыбы, әзірлеуші (құрастырушы) туралы мәліметтер, жұмыстың орындалған жері мен күні көрсетіледі.

      14. Әдістемені әзірлеуші (құрастырушы) Әдістеме төлқұжатын осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес толтырады.

      15. Мазмұнында, жұмыстың мазмұндамасы барлық тарауларды, параграфтарды олар басталатын беттерін көрсете отырып белгілеу жолымен келтіріледі, мазмұндардың тақырыптары мәніндегі тиісті тақырыптарды қайталайды, мазмұны жұмыстың бас жағына немесе соңына орналастырылады.

      16. Кіріс бөлімінде қысқаша нысанда:

      зерттеу тақырыбының өзектілігі;

      зерттеудің тақырыбының практикалық маңыздылығы;

      шешілетін ғылыми келелі мәселенің заманауи ахуалын бағалау;

      зерттеудің мақсаты мен міндеттері, объектісі мен мәні тұжырымдалады;

      зерттеу әдістері, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің қажетті шарттары көрсетіледі;

      оларды пайдалану, міндетті шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелерді анықтау.

      Кіріспе бөлімнің көлемі негізгі мәнін көлемінің 5-7% аспайды.

      17. Негізгі бөлімнің тарауларында әдістеме мен қойылған міндеттерді шешу техникасы жан-жақты қарастырылады, алынған нәтижелер жүйелеп баяндалады. Негізгі бөлімнің мазмұны, зерттеу тақырыбын қисынды және дәйекті түрде аша отырып, оған дәлме-дәл сәйкес келеді.

      18. Бөліктердің бөлімдердің тараулардың және параграфтардың тақырыптары нөмірленеді. Өз кезегінде, олар бір-бірімен белгілі бір оймен байланысқан, бірнеше сөйлемдерден тұратын азат жолдарға бөлінеді. Бөліктердің бөлімдердің тараулардың және параграфтардың тақырыптары қысқа, зерттеу объектісін немесе мәнін бейнелейтін түйін сөздері болады және мазмұнын барынша дәлме-дәл бейнелейді.

      19. Қорытынды бөлімі, алынған нәтижелердің тізбектелген, қисынды дұрыс баяндалған және олардың кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсаттар және міндеттермен байланысы болып табылады, жүргізілген жұмыстардың қисынымен ескерілген және негізгі бөлімде баяндалған ғылыми ақпараттың синтезі нысанында болады. Қорытынды бөлімнің көлемі негізгі мәтін көлемінің 5-7% аспауы тиіс.

      Зертеудің соңғы нәтижелерінен оның ғылыми жаңалығы, теориялық маңыздылығы және практикалық құндылығы шығады.

      20. Пайданылған фактілерге сілтеме жасаған кезде немесе басқа авторлардың жұмыстарынан дәйексөз келтіргенде, келтірілген материалдардың көздері көрсетіледі. Мәтіндер, графикалар, кестелер, карталар, фотосуреттер және т.б. түріндегі көмекші материалдар қосымшаға шығарылады.

      21. Негізгі мәтіннің қосымшалармен байланысы "қосымшаны қараңыз..." деген сөзді пайдалана отырып, сілтеме жасау арқылы жүзеге асырылады, ол қысқартылып жазылады және жақшаға алынады. Әдістеменің көлемін есептеген кезде оның қосымшалары есепке алынбайды.

      22. Жұмыс бір ойдан екінші ойға дәйекті түрде өтуді сипаттайтын ғылыми тілмен баяндалады. Әзірлеуші Әдістемені жазу кезінде айтылған сөздердің дәлдігі мен бір мағыналығын сақтауға, сөздердің көп мағыналы түсінігін болдырмауға ұмтылады.

      23. Әзірлеуші әзірленген Әдістеменің жобасын Төлқұжатымен бірге байқаудан өткізуге жолдау үшін сот сараптамасы органына жібереді.

      24. Байқаудан өткізу нәтижесі бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысанда сот-сараптамалық зерттеу әдістемесінің қорытындысы ресімделеді.

      25. Қорытындыда әдістеменің өзектілігі, ол байқаудан өткізілген эксперименттік материал, растау немесе теріске шығару, оларды сарапшылық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мен қажеттілігі көрсетіледі.

      26. Байқаудан өткізу нәтижесі бойынша қорытынды әрі қарай жұмыс істеу үшін сот сараптамасы органына жолданады.

      27. Байқаудан өтудің теріс нәтижесі болған жағдайда қорытынды тыңғылықтау үшін әзірлеушілерге (құрастырушыларға) қайта жолданады.

      28. Тыңғылықтау аяқалған соң Әдістеме қайта байқаудан өткізуге жолдау үшін сот сараптамасы органына жіберіледі.

      29. Тыңғылықтау рәсімі, байқаудан өткізуді жүргізіп жатқан барлық сарапшылардың нәтижелері сәйкес болғанға дейін (сот сараптамасының түріне байланысты мүмкін болатын қателіктер ескеріле отырып) қайталанады.

      30. Байқаудан өткізу рәсімі аяқалған соң сот сараптамасы органы Әдістемені ішкі және сыртқы рецензиялауға жолдайды.

      31. Әдістемені тиісті мамандық бойынша бас сот сарапшысы, тиісті мамандық бойынша сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам, тиісті мамандық бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы мен шетелдердің жоғарғы оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамы рецензиялайды.

      32. Рецензияда рецензияланатын әдістеменің алынған тұжырымдарының өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы көрініс табады.

      33. Рецензия баспа түрінде ресімделеді және рецензент қол қояды, рецензенттің қолы ол жұмыс істейтін ұйымның мөрімен куәландырылады.

3 Әдістемені сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың әзірлеуі

      34. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын Әдістеменің әзірлеушісі (құрастырушысы) әзірленген Әдістемені байқаудан өткізуге жолдау туралы жазбаша арызбен сот сараптамасы органына жүгінеді.

      35. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар әзірлеген Әдістемені байқаудан өткізу мен рецензиялаудың рәсіміне қойылатын талаптар сот-сараптамасы органдарының сот сарапшылары әзірлеген Әдістемені байқаудан өткізу мен рецензиялаудың рәсіміне қойылатын талаптармен бірдей.

4 Сот-сараптамалық зерттеу әдістемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар

      36. Әдістеме баспа тәсілімен компьютерді және принтерді пайдалана отырып ақ қағаз парағының бір бетінде орындалады.

      Әдістемелер, мынандай параметрлер ескеріле отырып ("WORD For WINDOWS" редакторын қолданып) ресімделеді:

      1) сол жақ шеті - 2,5 см, оң жақ шеті - 1,5 см, колонтитулы - 2,0 см;

      2) қаріп түрі - "Тіmes New Roman" № 14 (қосымшаларда кіші өлшемдегі қаріптер пайдаланылуы мүмкін, бірақ № 10 кем емес);

      3) жоларалық қашықтық - бір есе;

      4) азат жолдық бос жер (бірінші жолдың бос жері) - 1,25 см.

      Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері анық тұжырымдалған және бірыңғай қаріптермен, шимайсыз және түзетулерсіз, орфографиялық және грамматикалық қателерсіз басылған болуы тиіс.

      37. Жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері айрықша бөлініп тұрады.

      Басылған мәтіннің және безендірулерді, кестелерді рәсімдеудің компьютерден басып шығарулардың сапасы айқын басып шығару талаптарына сәйкес болады.

      38. Әдістемені басып шығару кезінде біркелкі тығыздықты, бүкіл жұмыс бойынша бейнелердің керағарлығы мен айқындығын сақтау қажет.

      39. Жұмыстың басып шығарылған мәтініне жекелеген сөздерді, формулаларды, белгілерді тек қана қара сиямен немесе кара тушьпен кірістіріп жазуға жол беріледі, бұл ретте кірістіріліп жазылған мәтіннің тығыздығы негізгі бейнелердің тығыздығына барынша жақындатылған болады.

      40. Жұмыстың тектер, мекемелердің ұйымдардың фирмалардың атаулары, бұйымдардың атаулары және басқа да жалқы есімдер түпнұсқа тілінде келтіріледі.

      41. Жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары: "Мазмұны", "Белгілер мен қысқартулар", "Кіріспе бөлім", "Қорытынды бөлім" "Пайдаланылған мағлұматтар көзі тізімі" жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады. "Негізгі бөлім" құрылымдық элементі жазылмайды, оның орнына негізгі бөлімнің тарауының атауы жазылады.

      Құрылымдық элементтердің тақырыптары азат жолдық бос жерден баспа әріптерімен және соңында нүкте қойылмай, асыты сызылмай басылады.

      Тақырыптар жұмыстың негізгі бөлігінің бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің мазмұндарын анық және қысқаша бейнелейді.

      Егер тақырыпта бірнеше сөйлем болса, олар нүкте арқылы бөлінеді. Тақырыптағы сөздерді тасымалдауға жол берілмейді.

      42. Әдістеменің беттерін нөмірлеу.

      Жұмыстың беттерін барлық мәтін бойынша өтпелі нөмірлеуді сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Бет нөмірі парақтың жоғары бөлігінің ортасына қойылады.

      Жеке парақтарда орналасқан безендірулер мен кестелер және компьютерден басып шығарылған парақтар беттердің жалпы нөмірлеріне қосылады.

      43. Бөлімдер мен кіші бөлімдерді, тармақтар мен тармақшаларды араб цифрларымен нөмірлеу және азат жолдан жазу керек.

      Тармақтардың әрбір бөлім немесе кіші бөлім шегінде реттік нөмірі болады. Кіші бөлімнің немесе тармақтың нөмірі, нүкте арқылы бөлінген бөлімнің нөмірі мен кіші бөлімнің немесе тармақтың реттік нөмірінен тұрады.

      Мысалы: - 1.1, 1.2 немесе 1.1.1, 1.1.2, 1.1.3 және т.б.

      Кіші бөлімнің нөмірі, нүкте арқылы бөлінген бөлімнің кіші бөлімнің тармақтың нөмірлерінен немесе кіші бөлімнің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: - 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3 және т.б.

      Егер бөлімнің немесе кіші бөлімнің бір ғана тармағы немесе бір тармақшасы болса, онда олар нөмірленбейді. Әдістеменің әрбір бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет. Бір бөлімнің ішіндегі кіші бөлімдер бір-бірінен мәтіннен кейін екі қатар шегіндіріле отырып бөлінеді.

      44. Жұмыстағы безендірулерді (сызулар, кестелер, сызбалар, диаграммалар, фототүсірілімдер) тікелей, олар бірінші рет ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет.

      Барлық безендірулерге жұмыста сілтеме жасалады.

      Безендірулердің атаулары болады, олар безендірулердің үстінде, қатардың ортасында орналастырылады. Қажет болған жағдайда безендірулердің астына азат жолдан түсіндірме мәліметтер (сурет асты мәтін) орналастырылады.

      Безендірулер "Сурет" деген сөзбен белгіленеді, ол түсіндірме мәліметтерден кейін қатардың ортасында орналастырылады.

      Безендірулер араб цифрларымен өтпелі нөмірлермен нөмірлеу қажет. Безендірулерді бөлімдердің шегінде нөмірлеуге жол беріледі. Бұл жағдайда безендірудің нөмірі нүкте арқылы бөлінген бөлімнің нөмірі мен безендірудің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: "Сурет 1.2".

      Егер жұмыста бір ғана безендіру болса, онда оны нөмірлеу қажет емес және оның астына "сурет" деген сөз жазылмайды.

      Безендірулерді бір бетте орындау қажет. Егер безендірулер бір бетке сыймаса, онда оны басқа беттерге ауыстырады, бұл ретте безендірудің атауын бірінші бетке, ал түсіндірме мәліметтерін - әрбір бетке орналастырады және олардың астына "Сурет... парақ.." деп көрсетеді.

      45. Кестелер жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыстырудың ыңғайлығы үшін пайдаланылады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетеді. Атауын кестенің үстінде азат жолдан "1 кесте" деген сөзден кейін орналастыру қажет.

      Сандық материал кесте түрінде ресімделеді.

      Кестені жұмыста тікелей, олар бірінші рет ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет.

      Кестенің бөлігін тап сол немесе басқа бетке ауыстырған кезде атауын кестенің тек бірінші бөлігінің үстіне сол жағына орналастырады, ал басқа бөліктерінің үстіне "жалғасы" деген сөз жазылады және кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: "1 кестенің жалғасы".

      Егер жұмыста бір ғана кесте болса, онда ол "1 кесте" деген сөбен белгіленеді. Жұмыста барлық кестелерге сілтеме жасалады. Сілтеме жасаған кезде нөмірін көрсете отырып "кесте" деп жазу керек.

      Кестелерді, қосымшалардың кестелерін қоспағанда, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлерімен араб цифрлары арқылы нөмірлеу қажет. Нөмірлерді, кестелердің атауларының үстінде сол жақ жоғары бөлігінде "кесте" деген сөзден кейін орналастыру қажет.

      Қосымшаның әрбір кестесін араб цифрлары арқылы жеке нөмірлермен, санның алдына қосымшаның белгісін қоса отырып нөмірлеу қажет.

      Кестенің бағандары мен қатарларын кіші әріппен, ал бағандардың тақырыпшаларын, егер олар тақрыппен бір сөйлемді құраса - баспа жазумен немесе олардың жеке дара мағынасы болса - жазба жазумен жазу қажет. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңына нүкте қойылмайды. Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшалары жекеше түрінде көрсетіледі.

      Кестеде мәтіндегіден кіші қаріп өлшемін қолдануға жол беріледі.

      46. Жұмыста, ескертулерді мәтіннің кестенің немесе безендірулердің мазмұнын түсіндіру қажет болған жағдайда орналастыру керек. Ескертулерді тікелей, олар қатысты тармақтан, тармақшадан, кестеден, безендірулерден кейін орналастырады.

      "Ескерту" деген сөзді жазба жазумен азат жолдан, сиректете теріп және астын сызбай басу керек.

      Егер ескерту біреу болса, онда "ескерту" деген сөзден кейін сызықша қойылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулерді араб цифрлары арқылы реттік нөмірмен, нүкте қоймай нөмірлеу қажет.

      47. Қосымшаларды Әдістеменің жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімдеу қажет.

      Әдістеменің мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалады. Қосымшалар, мәтінде оларға келтірілген сілтемелердің реті бойынша орналастырылады.

      Әрбір қосымшаны, жоғарыдағы оң жақтағы қатарда "Қосымша" деген сөзді оның таңбасымен көрсете отырып жаңа қатардан бастау қажет.

      Қосымшаның тақырыбы болады, ол парақтың ортасында жеке қатардан жазбаша жазумен жазылады.

      Қосымшаларды орыс әліппесінің А-дан басталатын бас әрпімен белгілеуге болады.

5. Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесін енгізу

      Әзірленген Әдістеменің нәтижелерінің тиімділігін және маңыздылығын бағалау үшін сот сараптамасы органы ұсынылған әдістемені сот сараптамасы органының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің қарауына береді.

      49. Сот сараптамасы органының Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынылған Әдістемені қарау нәтижесі бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      қайта пысықтауға қайтарады;

      Сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесінің қарауына ұсыныс жасайды.

      50. Сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесі ұсынылған Әдістемені қарау нәтижесі бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      қайта пысықтауға қайтару туралы;

      Сот-сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы.

      51. Сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесі бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін, Әдістемені сот сараптамасының белгілі бір түрін (түрлерін) жүргізу практикасына енгізу ұсынылады, ал ол туралы мәлімет Қазақстан Республикасының сот-сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.

  Сот сараптамасы зерттеулерінің
әдістемелерін әзірлеу, байқаудан
өткізу және енгізу ережесіне
1-қосымша

      нысан

ӘДІСТЕМЕНІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

1. Әдістеменің атауы


2. Әдістеме мамандығының шифры


3. Әістеменің авторы (лары) (құрастырушы(лары)сы) туралы ақпарат


4. Әдістеменің мәні


4.1. Әдістеме арқылы шешілетін міндеттер


4.2. Зерттеу объектілері


4.3. Зерттеу әдістемесі


4.4. Әдістеменің қысқаша кезең кезеңдік сипаттамасы


5. Әдістемені ҚР ӘМ ССО Ғылыми кеңесінің мақұлдау күні

"__"________20___ж. №__________хаттама

6. Әдістеменің төлқұжатын құрастырған адам туралы ақпарат


  Сот сараптамасы зерттеулерінің
әдістемелерін әзірлеу, байқаудан
өткізу және енгізу ережесіне
2-қосымша

      нысан

Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу нәтижесі бойынша қорытынды

      "_________________________________________________________"әзірленген

      (құрастырылған)______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ұсынылған әдістеменің өзектілігі_____________________________________

      Ғылыми жаңалығы______________________________________________________

      Пайдаланылған әдістердің тізбесі_____________________________________

      Пайдаланылған көздердің тізбесі______________________________________

      Пайдаланылған құралдардың тізбесі____________________________________

      Алынған тұжырымдар___________________________________________________

      Байқауды кім өткізді

      (лауазымы, қолы, күні)

Об утверждении Правил разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 188. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2015 года № 10660. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 330 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 30.03.2017 № 330 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 42 Закона Республики Казахстан от 20 января 2010 года "О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований.

      2. Признать утратившим силу:

      1) приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 124 "Об утверждении Правил разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6210, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 11 ноября 2010 года, № 303 - 305 (26364 - 36366));

      2) приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 294 "О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 124 "Об утверждении Правил разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9817, размещенный на сайте информационно-правовой системы нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" 30 декабря 2014 года).

      3. Центру судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию и направление его на официальное опубликование в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" и периодических печатных изданиях.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра

З. Баймолдина


  Утверждены приказом
и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан
30 марта 2015 года № 188

Правила
разработки, апробации и внедрения методик
судебно-экспертных исследований
1 Общие положения

      1. Настоящие Правила разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 42 Закона Республики Казахстан "О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан", которые определяют порядок разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований (далее -Методик), разрабатываемых и применяемых при производстве судебных экспертиз.

      2. Целью разработки и внедрения Методик является повышение качества производства судебных экспертиз, выработка единого подхода к решению поставленных перед экспертом вопросов в ходе расследования уголовного, гражданского судопроизводства и дел об административных правонарушениях, а также научное развитие судебно-экспертной деятельности,

      3. Целью апробирования разрабатываемых Методик является подтверждение пригодности для использования в практике производства судебных экспертиз в режиме эксперимента.

      4. Задачами разработки и внедрения Методик являются:

      упорядочение и систематизация деятельности судебных экспертов и научных сотрудников органов судебной экспертизы;

      поиск прогрессивных форм, методов, приемов и средств проведения судебных экспертиз;

      повышение качества производства судебных экспертиз.

      5. Разработчиками (авторами, составителями) Методик являются:

      главные и ведущие эксперты органов судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - орган судебной экспертизы);

      сотрудники органов судебной экспертизы;

      лица, осуществляющие судебно-экспертную деятельность на основании лицензии;

      сотрудники научно-исследовательских организаций.

      6. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) специальные научные знания - область специальных знаний, содержание которой составляют научные знания, реализованные в методиках судебно-экспертных исследований;

      2) методика - система методов, применяемых при изучении объектов судебной экспертизы для установления обстоятельств, относящихся к предмету определенного рода, вида судебной экспертизы;

      3) разработка методик - систематизация материалов теоретического характера на основе творческого изучения соответствующих законодательных, нормативных правовых актов, учебно-методических, справочных материалов и научных работ, обобщает имеющуюся практику производства судебно-экспертных исследований;

      4) апробирование Методик - это проверка на экспериментальном материале положений и выводов научно-практических разработок, в результате которой подтверждается или опровергается возможность и необходимость их использования в экспертной практике;

      5) внедрение методик - утверждение и использование разработанных и апробированных методик в экспертной деятельности;

      6) паспорт методики содержит информацию о методике и оформляется по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      7) метод судебно-экспертного исследования - система логических и (или) инструментальных операций (способов, приемов), применяемых при изучении объектов судебной экспертизы для установления обстоятельств, относящихся к предмету судебной экспертизы.

2 Порядок разработки, апробации
Методик судебно-экспертных исследований

      7. Решение о разработке Методик принимает Ученый совет органа судебной экспертизы на заседаниях.

      8. Орган судебной экспертизы определяет виды экспертиз, по которым необходима разработка методик, формы исполнения, формирует рабочую группу по разработке Методики, утверждает руководителя рабочей группы, ответственных исполнителей, сроки, внешних и внутренних рецензентов и проводит дальнейшие процедуры по утверждению мероприятий по разработке, верификации, апробированию и внедрению методики.

      9. План разработки и внедрения Методик включается в Комплексный план органа судебной экспертизы.

      10. Сотрудники территориальных подразделений участвуют в работе по разработке методик в сроки и объемах, предусмотренных Планом научно-исследовательской работы органа судебной экспертизы.

      11. При разработке Методик разработчик систематизирует материалы теоретического характера на основе изучения соответствующих законодательных, нормативных правовых актов, учебно-методических, справочных материалов и научных работ, обобщает имеющуюся практику производства судебно-экспертных исследований.

      12. Структура методики состоит из следующих элементов:

      титульный лист;

      паспорт;

      оглавление;

      введение;

      основная часть;

      заключение;

      список использованных источников;

      приложения (в случае необходимости).

      13. На титульном листе указываются наименование органа судебной экспертизы Министерства юстиции, заглавие, сведения о разработчике (составителе), место и год выполнения работы.

      14. Разработчик (составитель) методики заполняет паспорт Методики в соответствии с пунктом 7 данных Правил.

      15. В оглавлении приводится содержание работы путем обозначения всех глав, параграфов с указанием страниц, с которых они начинаются, заголовки оглавления повторяют соответствующие заголовки в тексте, оглавление помещается в начале или в конце работы.

      16. Во введении отражаются в краткой форме:

      актуальность темы исследования;

      практическая значимость темы исследования;

      оценка современного состояния решаемой научной проблемы;

      формулируются цели и задачи, объект и предмет исследования;

      указываются методы исследования, необходимые условия проведения научно-исследовательской работы;

      определение научно обоснованных результатов, использование которых обеспечивает решение задачи.

      Объем введения не превышает 5-7 % объема основного текста.

      17. В главах основной части подробно рассматривается методика и техника решения поставленных задач, описываются полученные результаты. Содержание основной части соответствует теме исследования, логично и аргументировано ее раскрывая.

      18. Заголовки частей, разделов, глав и параграфов, нумеруются. В свою очередь они подразделяется на абзацы, которые состоят из нескольких предложений, связанных между собой определенной мыслью. Заголовки частей, разделов, глав и параграфов краткие, содержат ключевые слова, отражающие объект или предмет исследования и максимально точно отражают содержание.

      19. Заключение представляет собой последовательное, логически стройное изложение полученных итогов в их связи с целями и задачами, указанными во введении и обусловлено логикой проведенных работ и носит форму синтеза научной информации, изложенной в основной части. Объем заключения не превышает 5-7 % объема основного текста.

      Из конечных результатов исследования вытекает его научная новизна, теоретическая значимость и практическая ценность.

      20. При ссылке на заимствованные факты или цитируя работы других авторов, указается источник приводимых материалов Вспомогательные материалы представляющие собой тексты, графики, таблицы, карты, фотографии и т.д., выносятся в приложения.

      21. Связь основного текста с приложениями осуществляется через ссылки, используя слово "смотреть приложение...", которое сокращается и заключается в круглые скобки. При подсчете объема методики приложения не учитываются.

      22. Работа излагается научным языком, характеризующимся последовательным переходом от одной мысли к другой. При написании Методики разработчик стремится к точности и однозначности выражений, к исключению многозначности толкования слов.

      23. Разработчик (составитель) направляет разработанный проект Методики с Паспортом в орган судебной экспертизы для направления на апробацию.

      24. По результатам апробации оформляется заключение по результатам апробации методики судебно-экспертного исследования по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      25. В заключении указывается актуальность, экспертиментальный материал на котором она апробировалась, подтверждение или опровержение, возможности и необходимости их использования в экспертной практике.

      26. По результатам апробации заключение направляется в орган судебной экспертизы для дальнейшей работы.

      27. В случае отрицательных результатов апробации заключение направляется разработчикам (составителям) для доработки.

      28. По завершению доработки Методика направляется в орган судебной экспертизы для направления на повторную апробацию.

      29. Процедура доработки повторяется до тех пор, пока результаты всех экспертов, проводящих апробацию, станут идентичны (с учетом возможной погрешности в зависимости от вида судебной экспертизы).

      30. По завершению процесса апробации методика направляется органом судебной экспертизы на внутреннее и внешнее рецензирование.

      31. Методика подлежит рецензированию главным судебным экспертом по соответствующей специальности, лицом, осуществляющим судебно-экспертную деятельность на основании лицензии по соответствующей специальности, сотрудниками научно-исследовательских организаций, имеющих ученую или академическую степень по соответствующей специальности, профессорско-преподавательским составом высших учебных заведений Республики Казахстан и зарубежных стран.

      32. Рецензия отражает актуальность, научную новизну и практическую значимость полученных выводов рецензируемой методики.

      33. Рецензия оформляется в печатном виде подписывается рецензентом, подпись удостоверяются печатью организаций, где работает рецензент.

3 Разработка Методик лицами,
осуществляющими судебно-экспертную
деятельность на основании лицензии

      34. Разработчик (составитель) Методики, не являющийся сотрудником органа судебной экспертизы, обращается в орган судебной экспертизы с письменным заявлением о направлении на апробацию разработанной Методики.

      35. Требования к процедуре апробации и рецензирования Методик, разработанным лицами, осуществляющими судебно-экспертную деятельность на основании лицензии, идентичны требованиям к процедуре апробации и рецензирования Методик разработанным судебными экспертами органа судебной экспертизы.

4 Требования к оформлению Методик
судебно-экспертных исследований

      36. Методика выполняется печатным способом с использованием компьютера и принтера на одной стороне листа белой бумаги.

      Методики оформляются, с учетом следующих параметров (с применением текстового редактора "WORD for WINDOWS":

      1) поля слева - 2,5 см, поля справа - 1,5 см, колонтитулы - 2,5 см;

      2) шрифт - "Times New Roman" размером № 14 (в приложениях может быть использован шрифт меньшего размера, но не менее № 10);

      3) межстрочный интервал - одинарный;

      4) абзацный отступ (отступ первой строки) - 1,25 см.

      Тексты нормативных правовых актов должны быть четко сформулированы и напечатаны единым шрифтом, без помарок и исправлений, орфографических и грамматических ошибок.

      37. В работе выделятся введение и заключение.

      Качество напечатанного текста и оформление иллюстраций, таблиц, распечаток с компьютера соответствует требованиям четкого воспроизведения.

      38. При печатании Методики необходимо соблюдать равномерную плотность, контрастность и четкость изображения по всей работе.

      39. Вписывать в отпечатанный текст работы отдельные слова, формулы, знаки допускаются только черными чернилами или черной тушью, при этом плотность вписанного текста максимально приближена к плотности основного изображения.

      40. Фамилии, названия учреждений, организаций, фирм, название изделий и другие имена собственные в работе приводят на языке оригинала.

      41. Наименования структурных элементов работы: "Содержание", "Обозначения и сокращения", "Введение", "Заключение", "Список использованных источников" служат заголовками структурных элементов работы. Структурный элемент "Основная часть" не пишется, а вместо него пишется название раздела основной части.

      Заголовки структурных элементов печатаются с прописной буквы с абзацного отступа и без точки в конце, не подчеркивая.

      Заголовки четко и кратко отражают содержание разделов, подразделов основной части работы.

      Если заголовок включает несколько предложений, их разделяют точками. Переносы слов в заголовках не допускается.

      42. Нумерация страниц Методики.

      Страницы работы следует нумеровать арабскими цифрами, соблюдая сквозную нумерацию по всему тексту работы. Номер страницы проставляют в центре верхней части листа.

      Иллюстрации и таблицы, расположенные на отдельных листах и распечатки с компьютера включают в общую нумерацию страниц.

      43.Разделы и подразделы, пункты и подпункты следует нумеровать арабскими цифрами и записывать с абзацного отступа.

      Пункты имеют порядковую нумерацию в пределах каждого раздела или подраздела. Номер подраздела или пункта включает номер раздела и порядковый номер подраздела или пункта, разделенных точкой.

      Пример - 1.1, 1.2, 1.3 или 1.1.1, 1.1.2, 1.1.3 и т.д.

      Номер подпункта включает номер раздела, подраздела, пункта или порядковый номер подпункта, разделенных точкой. Пример - 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3 и т.д.

      Если раздел или подраздел имеет только один пункт или имеет один подпункт, то они не нумеруются. Каждый раздел Методики следует начинать с нового листа (страницы). Подразделы внутри одного раздела разделяются между собой отступлением в две строки от текста.

      44. Иллюстрации (чертежи, графики, схемы, диаграммы, фотоснимки) следует располагать в работе непосредственно после текста, в котором они упоминаются впервые, или на следующей странице.

      На все иллюстрации делаются ссылки в работе.

      Иллюстрации имеют название, которое помешают над иллюстрацией посередине строки. При необходимости под иллюстрацией помешают поясняющие данные (подрисуночный текст) с абзацного отступа.

      Иллюстрация обозначается словом "Рисунок", которое помещают после поясняющих данных по середине отроки.

      Иллюстрации следует нумеровать арабскими цифрами сквозной нумерацией. Допускается нумеровать иллюстрации в пределах раздела. В этом случае номер иллюстрации состоит из номера раздела и порядкового номера иллюстрации, разделенных точкой. Например: "Рис. 1.2".

      Если в работе только одна иллюстрация, то ее нумеровать не следует, и слово "рисунок" под ней не пишут.

      Иллюстрацию следует выполнять на одной странице. Если иллюстрация не умещается на одной странице, то ее переносять на другие страницы, при этом название иллюстрации помещают на первой странице, поясняющие данные - к каждой странице и под ними указывают "Рисунок.... лист...".

      45. Таблицы применяются для лучшей наглядности и удобства сравнения показателей. Название таблицы отражает ее содержание. Название следует помещать над таблицей с абзацным отступом на следующей строке после слов "таблица 1".

      Цифровой материал оформляться в виде таблиц.

      Таблицу следует располагать в работе непосредственно после текста, в котором она упоминается впервые или на следующей странице.

      При переносе части таблицы на ту же или другую страницу, название помешают только над первой частью таблицы слева, над другими частями пишут слово "Продолжение" и указывают номер таблицы, например: "Продолжение таблицы 1".

      Если в работе одна таблица, то она обозначается "Таблица 1". На все таблицы делаются ссылки в работе. При ссылке писать "Таблица" с указанием номера.

      Таблицы, за исключением таблиц приложений, следует нумеровать арабскими цифрами порядковой нумерацией в пределах всей работы. Номер следует размещать в левом верхнем углу над заголовками таблицы после слова "таблица".

      Таблицу каждого приложения обозначают отдельной нумерацией арабскими цифрами с добавлением перед цифрой обозначения приложения.

      Заголовки граф и строк таблицы следует писать с прописной буквы, а подзаголовки граф - со строчной буквы, если они составляют одно предложение с заголовками, или с прописной буквы, если они имеют самостоятельное значение. В конце заголовков и подзаголовков таблиц точки не ставят. Заголовки и подзаголовки граф указывают в единственном числе.

      Допускается применять размер шрифта в таблице меньший, чем в тексте.

      46. Примечание следует помещать в работе при необходимости пояснения содержания текста, таблицы или иллюстрации. Примечания размешают непосредственно после пункта, подпункта, таблицы, иллюстрации, к которым они относятся.

      Слово "Примечание" следует печатать с прописной буквы с абзацного отступа вразрядку и не подчеркивать.

      Если примечание одно, то после слова "примечание" ставится тире. Одно примечание не нумеруют. Несколько примечаний следует нумеровать порядковой нумерацией арабскими цифрами без проставления точки.

      47. Приложения следует оформлять как продолжение Методики на последующих ее листах.

      В тексте Методики на все приложения делаются ссылки. Приложения располагаются в порядке ссылок на них в тексте.

      Каждое приложение следует начинать с новой строки с указанием вверху с правой стороны строки слова "Приложение" с его обозначением.

      Приложение имеет заголовок, который записывают с прописной буквы отдельной строкой по середине страницы.

      Приложения можно обозначать заглавными буквами русского алфавита, начиная с А.

5 Условия и порядок внедрения
Методик судебно-экспертных исследований

      48. Для оценки эффективности и значимости результатов, разработанной методики орган судебной экспертизы выносит представленную методику на рассмотрение Научно-методическому Совету органа судебной экспертизы.

      49. Научно-методический Совет органа судебной экспертизы по результатам рассмотрения представленной методики принимает одно из решений, возвращение на доработку или рекомендует представленную Методику на рассмотрение и утверждение Ученому Совету органа судебной экспертизы.

      50. Ученый Совет органа судебной экспертизы по результатам рассмотрения представленной Методики принимает одно из решений, утверждает или возвращает на доработку представленную Методику.

      51. После принятия решения Ученым Советом органа судебной экспертизы об утверждении, Методика рекомендуется для внедрения в практику производства определенного вида (видов) судебных экспертиз, а сведения о ней вносятся в Государственный реестр Методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан в течение десяти рабочих дней.

  Приложение 1
к Правилам разработки,
апробации и внедрения Методик
судебно-экспертных исследований

      Форма

      ПАСПОРТ МЕТОДИКИ

1. Наименование методики


2.Шифр специальности методики


3. Информация об авторе (ах) (составителе (ях)) методики


4. Сущность методики


4.1 Экспертные задачи, решаемые методикой


4.2 0бъекты исследования


4.3 Методы исследования


4.4 Краткое поэтапное описание методики


5. Дата одобрения методики Ученым Советом ЦСЭ МЮ РК

Протокол № _____ от "___" ____ 20____г.

6. Информация о лице составившим паспорт методики


  Приложение 2
к Правилам разработки,
апробации и внедрения Методик
судебно-экспертных исследований

      Форма

      Заключение

      по результатам апробации методики

      судебно-экспертного исследования

      "__________________________________________________________"

      разработанную

      (составленную) ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Аткуальность представленной методики __________________________

      _______________________________________________________________

      Научная новизна _______________________________________________

      Перечень использованных методов _______________________________

      Перечень использованных источников ____________________________

      Перечень использованного оборудования _________________________

      Полученные выводы _____________________________________________

      Кто проводил апробацию

      (должность, подпись, дата)