"Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 қазанда № 9817 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылы 30 наурыздағы № 188 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 30.03.2015 № 188 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6210 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 303-305 (26364-36366) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесінде:
      16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «16. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының Ғылыми Кеңесі ұсынылған сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін, ол туралы мәліметтер Сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, ал сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесі сот сараптамаларының белгілі бір түрін (түрлерін) жүргізу тәжірибесіне енгізу үшін ұсынылады.»;
      17-тармақ алынып тасталынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Сот сараптамасы орталығы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеліуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б.Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады