"Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10726 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 02.05.2018 № 60 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6737 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Актілер жинағында жарияланған, 2011 жыл, № 7) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттік жасау департаменті (бұдан әрі – Департамент), облыс прокурорлары, Астана және Алматы қалаларының, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және басқа да арнайы прокуратуралар атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымдық тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізу, соттардың атқарушылық іс жүргізу саласындағы азаматтық істерді қарауына қатысу, сот актілерінің заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда наразылық келтіру арқылы атқарушылық іс жүргізу заңдылығына тұрақты және тиімді қадағалауды қамтамасыз етеді, атқарушылық іс жүргізудегі заңдылық жағдайын жүйелі түрде талдайды.

      Қадағалау функцияларын тиімді атқару және заң бұзушылықтарға жедел шара қолдану мақсатында прокурорлар өз қызметінде Құқық қорғау және арнайы органдарының ақпараттық алмасу жүйесін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Бірыңғай сәйкестендірілген статистикалық жүйесін және басқа да ақпараттық ресурстары мен жүйелерін, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдаланады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Департаментте, облыс прокуратураларында, Астана, Алматы қалалық және оған теңестірілген прокуратураларда жұмыс, заңдылықтың жағдайын болжамдау, атқарушылық іс жүргізудің өзекті санаттары бойынша прокурорлық тәжрибені жүйелі түрде талдап, оның нәтижелері жұмыс топтарында, жедел және алқа мәжілістерінде қаралып, жүзеге асырылып жатқан қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды қабылдау мақсатында аумақтық-пәндік ұстаным бойынша ұйымдастырылады.

      Пәндік ұстаным бойынша жұмыс, атқарушылық іс жүргізудің өзекті санаттарын анықтау және қолданыстағы заңнаманы, қадағалау қызметінің нысаны мен әдістемесін жетілдіру мақсатында заңдылық пен прокурорлық қадағалау жағдайына жүйелі түрде талдау жасайтын, жауапты тұлғаларды бекіту арқылы жүзеге асырылады.

      Пәндік бағыттарды белгілеу барысында аймақтың заңдылық жағдайын және ерекшеліктерін ескеру қажет.

      Прокурорлардың мамандандырылуы прокуратураның жұмысын жоспарлау, талдау мен шолу жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде есепке алынады.

      Аймақтық ұстаным атқарушылық іс жүргізуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурорларға аумақтың заңдылық жағдайына талдау және мониторинг жүргізу мақсатында белгілі бір аумақты бекітуден тұрады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары:

      атқарушылық іс жүргізуде денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өзін дербес қорғай алмайтын жеке тұлғалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттің мүддесін сақталуын қадағалау;

      атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы нақты және біркелкі қолдануын қадағалау;

      атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту, атқарушылық іс жүргізу саласындағы басқа да істер, оның ішінде сотпен банкрот деп танылған ұйымдардың конкурстық өндірісі шеңберіндегі істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексеруді атқарушылық іс жүргізу құжаттарын зерделеу, тікелей атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Аумақтық прокурорлар өзінің орналасқан жерінде, осы Нұсқаулықпен атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелері орналасқан жердегі арнайы прокурорлардың қарауына жататын санаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттар бойынша аумақтық бөлімшелерінде және жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Арнайы мамандандырылған әскери прокурорлар орналасқан жері бойынша қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық істер бойынша әскери соттармен шығарылған, сонымен қатар әскери прокурорлардың, Қарулы күштер ұйымдарының, басқа да әскерлердің немесе әскери құралымдардың бастамасы бойынша не олардың қатысуымен қаралған қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық және әкімшілік істер бойынша өзге де соттармен шығарылған атқарушылық іс жүргізу құжаттары бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Арнайы мамандандырылған көлік прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына, сотпен атқарушылық құжаттары жазылған төмендегі:

      көлік прокуратуралармен қозғалған (мүліктік өндіріп алу бөлігінде) немесе соттармен олардың қатысуымен қаралған, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру көліктегі ішкі істер органдарымен жүргізілген қылмыстық істер бойынша;

      даудың мәні көлік инфрақұрылымының объектісі немесе тараптың бірі ретінде темір жол, автокөлік (жолаушыларды, жүктерді және багаждарды халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі сулар, әуе, қалалық рельстік және магистральдық көлік құбыры, космос жүйесі ұйымдары, сондай-ақ аталған нысандар мен субъектілерге өздерінің өкілеттігін іске асыратын мемлекеттік органдар және көлік прокуратурасы болып табылатын, жергілікті және арнайы мамандандырылған экономикалық соттармен қаралған азаматтық істер бойынша;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі көлік прокурорларының немесе темір жол, автокөлік (жолаушыларды, жүктерді және багаждарды халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі сулар, әуе, қалалық рельстік және магистральдық көлік құбыры, космос жүйесі ұйымдарына қатысты өкілеттіктерін іске асыратын уәкілетті органдардың бастамасы бойынша қозғалған, жергілікті және арнайы мамандандырылған әкімшілік соттарда қаралған әкімшілік істер бойынша қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Арнайы мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша табиғатты қорғау прокурорының бастамасы бойынша қозғалған не олардың қатысуымен қараған қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотпен шығарылған атқарушылық құжаттар бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына қадағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Прокурордың талап қоюы (арызы) негізінде берілген атқарушылық құжаттың орындалу заңдылығына қадағалауды оның орындалу орны бойынша прокуратура жүзеге асырады, ал осы жұмыстың үйлестірілуі және бақылауы (есепке алынуы), орындалу орнына қарамастан (атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдарының бөлімшесімен не қызметкерімен), осы талап қоюды (арызды) ұсынған прокуратурамен қамтамасыз етіледі.

      Қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген прокурорлар, оларды, сондай-ақ, заңды бұзуға әкеп соққан себептер мен жағдайларды жоюға және кінәлі тұлғаларды заңда көзделген жауапкершілікке тарту туралы шаралар қолданады.";

      6-тармақтың жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзуы анықталған жаңдайда, прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды, бұл бойынша қосымша тексеру жүргізуге шаралар қабылдауға және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту мәселені шешу үшін және заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жазбаша немесе электронды құжат түрінде жоғары турған прокурдың назарына жеткізеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Прокурорлар сапалы және заңда белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің (бұдан әрі - САОД), оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілеріне және атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне қатысты өтініштерін қарап, шешеді.

      Өтініш атқарушылық іс жүргізу, ал қажет болғанда азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етумен шешіледі. Атқарушылық құжаттың заңда белгіленген орындау мерзімі аяқталмаған атқарушылық іс жүргізулер прокуратураға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зерттеліп, кері қайтарылуға тиіс.

      Прокурор атқарушылық іс жүргізуді зерттеу кезінде сот орындаушымен атқарушылық әрекеттерінің, мемлекеттік бажды, атқарушылық санкцияны бюджетке өтеп алу шараларының, әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабында және 33-тарауының өзге де нормаларында көзделген құқық бұзушылықтар белгілері көрінетін борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуының, қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін қылмыстық қудалау органдарына сот шешімін орындамайтын тұлғаларға қатысты материалдарды тапсырудың заңдылығын, уақтылығын және толықтығын тексереді.

      Атқарушылық іс жүргізуді (істі) зерттеу нәтижесі бойынша прокурор Бас прокуратураның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте тиісінше бекітілетін және қол қойылатын дәлелді қорытындыны және арыз иесіне жауап әзірлейді.

      Сот актісіне немесе сот орындаушысының актісіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілген жағдайда атқарушылық іс жүргізу (іс) бойынша қорытынды жасалмайды.";

      9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның бір рет өрескел немесе жүйелі түрде бұзылуын анықтаған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде аумақтық әділет органдарына немесе атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелесінің басшысына, жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасына тиісінше мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысымен жіберген заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Прокурорлар прокурорлардың талап қоюлары бойынша мемлекет кірісіне, денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың пайдасына ақшалай және өзге де өндіріп алулар туралы атқарушылық құжаттар бойынша жекелеген негіздемелерге сәйкес республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жұмысын ұйымдастыру бойынша уәкілетті органның, оның бөлімшелерінің және басқа да мамандандырылған ұйымдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын тексереді.";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыс, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары кемінде жылына бір рет атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және олардың атқарушылық әрекеттерді жасауға уәкілеті бар лауазымдық тұлғаларының әрекетінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың сақталуын тексереді. Тексерудің қорытындылары туралы ақпарат Бас прокуратураға тексеру жүргізілгеннен кейінгі айдың 7 күніне дейін тапсырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Департамент атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың өтініштерін қарау, қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтініштерді қарау, САОД-ның қызметін тексеру, атқарушылық іс жүргізудегі заңдылықтың жағдайын талдау арқылы жүзеге асырады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Департамент жүйелі түрде:

      жеке негіздемелермен республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органның, САОД-тың және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексереді;

      мемлекет кірісіне ақшалай және басқа өндіріп алулар туралы атқару құжаттарының, сондай-ақ прокурорлардың талаптары бойынша шығарылған сот актілерінің орындалу барысындағы заңдылықтың жағдайына талдау жасайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:

      мемлекет пайдасына атқарылуы;

      прокурордың талап арызы бойынша атқарылуы.

      Мемлекеттің пайдасына атқарылуы заңда белгіленген орындау мерзімі бұзылған мемлекет пайдасына өндіру туралы қозғалған атқарушылық құжаттарға мониторинг жүргізу арқылы бағаланады.

      Сол мақсатта осындай атқарушылық өндірістердің есебі жүргізіледі және мемлекет пайдасына өндіруге жататын орындау мерзімдері бұзылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша прокурорлық қадағалау актілері негізінде өндірілген жалпы сомамен осындай атқарушылық іс жүргізулер бойынша өндірілуге жататын жалпы сомаға шаққандағы арақатысы есептеледі.

      Прокурордың талап арыздарының атқарылуы прокурордың талабы мен арыздары бойынша қабылданған сот актілері негізінде қозғалған атқарушылық өндірістерге мониторинг жасау арқылы бағаланады.

      Сол мақсатта олардың есебі жүргізіледі және саналады:

      прокурордың талап арызы бойынша өндіруге жататын жалпы сомамен прокурордың нақты өндірілген сомаларды шаққандағы арақатысы есептеледі. Прокурордың мүліктік емес талап арыздары бойынша және жеке меншік нысандағы ұйымдардың мүдделеріне қатысты ақша өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер есепке алынбайды;

      прокурордың мүліктік емес сипаттағы талап арыздары бойынша нақты орындалған сот актілерінің жалпы прокурордың мүліктік емес сипаттағы талап арыздары бойынша орындауда болған сот актілекріне шаққандағы арақатысы есептеледі. Атқару парағының жазылуынсыз орындалатын сот шешімдерін қоспағанда (АІЖК 282-бабы), прокурордың мүліктік емес талап арыздары бойынша барлық атқарушылық іс жүргізулер назарға алынады.";

      Төменгі тұрған прокуратуралардың қызметі басқада көрсетікіштер бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесімен бағалану мүмкін.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Департамент атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру жөнінде төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етеді, қадағалаудың осы саласындағы жұмыстың тиімділігін көтеруге қолдау көрсетеді, Бас прокуратураның басқа да бөлімшелерімен, Жоғарғы Сотпен, САОД-пен, ғылыми және оқу мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.".

      2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттік жасау департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми түрде жариялануың қамтамасыз етуге.

      4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырылуын қамтамасыз етуге.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 88 "Об утверждении Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 41. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 апреля 2015 года № 10726. Утратил силу приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 2 мая 2018 года № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Генерального Прокурора РК от 02.05.2018 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях повышения эффективности надзора за законностью исполнительного производства, руководствуясь подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О Прокуратуре", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 88 "Об утверждении Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6737, опубликован в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан, 2011 год, № 7) следующие изменения и дополнения:

      в Инструкции по организации прокурорского надзора за законностью исполнительного производства, утвержденной названным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Департамент по представительству интересов государства в судах Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Департамент), прокуроры областей, городов Астаны и Алматы, районные, городские и приравненные к ним военные и другие специализированные прокуратуры обеспечивают постоянный и эффективный надзор за законностью исполнительного производства путем проверки законности актов, действий (бездействия) уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов, его территориальных подразделений и их должностных лиц, частных судебных исполнителей и внесения актов прокурорского надзора в случае их незаконности, участия в рассмотрении судами гражданских дел в сфере исполнительного производства, проверки законности судебных актов и опротестования в случае их незаконности, систематически анализируют состояние законности в исполнительном производстве.

      В целях эффективного осуществления надзорных функций и оперативного реагирования на нарушения законности прокуроры в своей деятельности используют Систему информационного обмена правоохранительных и специальных органов, Единую унифицированную статистическую систему и иные информационные ресурсы и системы Комитета по правовой статистики и специальных учетов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан и других государственных органов.";

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. В Департаменте, прокуратурах областей, городов Астаны, Алматы, и приравненных к ним прокуратурах работа организуется по зонально-предметному принципу в целях прогнозирования состояния законности, системного анализа прокурорской практики по актуальным категориям исполнительных производств с рассмотрением их результатов в рабочих группах, оперативных совещаниях и коллегиях, с принятием конкретных мер по повышению эффективности осуществляемого надзора.

      Работа по предметному принципу осуществляется путем определения актуальных категорий исполнительных производств и закрепления ответственных лиц, которые систематически проводят анализ состояния законности и прокурорского надзора, с целью выработки предложений по совершенствованию действующего законодательства, форм и методов надзорной деятельности.

      При определении предметных направлений исходить из состояния законности и особенностей региона.

      Специализация прокуроров учитывается при планировании работы, прокуратуры, проведении анализов и обобщений, рассмотрении обращений физических и юридических лиц.

      Зональный принцип заключается в закреплении за прокурорами, осуществляющими надзор за законностью исполнительного производства, определенных регионов с целью мониторинга и анализа состояния законности в этом регионе.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Приоритетными направлениями деятельности органов прокуратуры при осуществлении надзора за законностью исполнительного производства являются:

      надзор за соблюдением конституционных прав и интересов физических лиц, которые по состоянию здоровья или возрасту не могут самостоятельно осуществлять их защиту, и государства в исполнительном производстве;

      надзор за точным и единообразным применением законодательства об исполнительном производстве должностными лицами уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов и его территориальных подразделений;

      надзор за законностью судебных актов по делам об оспаривании действий (бездействия) должностных лиц уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов и его территориальных подразделений, иным делам в сфере исполнительного производства, в том числе, в рамках конкурсного производства организаций, признанных судом банкротами.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Проверка законности актов, действий (бездействия) должностных лиц уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов и его территориальных подразделений, частных судебных исполнителей проводится путем изучения исполнительных производств, проведения проверки непосредственно в уполномоченном органе по исполнению исполнительных документов и его территориальных подразделениях и в других государственных органах.

      Территориальные прокуроры обеспечивают по месту своей дислокации надзор за законностью исполнительного производства по всем исполнительным документам в территориальных подразделениях и частных судебных исполнителей, за исключением категорий, отнесенных настоящей Инструкцией к ведению специализированных прокуроров, дислоцированных в месте расположения территориальных подразделений уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов.

      Специализированные военные прокуроры обеспечивают по месту своей дислокации надзор за законностью актов, действий (бездействия) должностных лиц территориальных подразделений уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов, частных судебных исполнителей по исполнительным документам, выписанным военными судами по уголовным (в части имущественных взысканий) и гражданским делам, а также иными судами по уголовным (в части имущественных взысканий), гражданским и административным делам, рассмотренным по инициативе военных прокуроров, организаций Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований либо с их участием.

      Специализированные транспортные прокуроры обеспечивают по месту своей дислокации надзор за законностью актов, действий (бездействия) должностных лиц территориальных подразделений уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов, частных судебных исполнителей по исполнительным документам, выписанным судами:

      по уголовным делам (в части имущественных взысканий), возбужденным транспортными прокурорами или рассмотренным судом с их участием, а также по которым досудебное расследование осуществлялось органами внутренних дел на транспорте;

      гражданским делам, рассмотренным местными и специализированными межрайонными экономическими судами, по которым предметом спора являются объекты транспортной инфраструктуры либо в качестве одной из сторон выступают организации железнодорожного, автомобильного (в части международных автомобильных перевозок пассажиров, багажа и грузов), морского, внутреннего водного, воздушного, городского рельсового и магистрального трубопроводного транспорта, космической системы, а также государственные органы, реализующие полномочия по отношению к названным объектам и субъектам, и транспортная прокуратура;

      административным делам, рассмотренным местными и специализированными административными судами, по которым производство по делу об административном правонарушении возбуждено по инициативе транспортных прокуроров либо уполномоченными органами, реализующими полномочия по отношению к объектам транспортной инфраструктуры либо к организациям железнодорожного, автомобильного (в части международных автомобильных перевозок пассажиров, багажа и грузов), морского, внутреннего водного, воздушного, городского рельсового и магистрального трубопроводного транспорта, космической системы.

      Специализированные природоохранные прокуроры обеспечивают по месту своей дислокации надзор за законностью актов, действий (бездействия) должностных лиц территориальных подразделений уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов по исполнительным документам, выписанным судами по уголовным (в части имущественных взысканий), гражданским и административным делам, возбужденным по инициативе природоохранных прокуроров либо рассмотренным с их участием.

      Надзор за законностью исполнения исполнительного документа, выданного на основании иска (заявления) прокурора, осуществляется прокуратурой по месту его исполнения, а координация и контроль (учет) этой работы обеспечивается прокуратурой, предъявившей данный иск (заявление), независимо от места исполнения (подразделением либо сотрудником органа прокуратуры, осуществляющим надзор за законностью исполнительного производства).

      При выявлении в ходе надзорной деятельности нарушений законности со стороны должностных лиц государственных органов, физических и юридических лиц прокуроры, перечисленные в настоящем пункте, принимают меры по их устранению, а также по устранению причин и условий, способствовавших нарушению закона, и привлечению виновных лиц к установленной законом ответственности.";

      абзац двадцатый пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "При выявлении нарушений законности со стороны должностных лиц государственных органов, физических и юридических лиц прокурор ходатайствует перед судом о вынесении частного определения, письменно или в форме электронного документа доводит об этом до сведения вышестоящего прокурора с целью принятия мер к проведению дополнительных проверок и решения вопроса о привлечении виновных лиц к установленной законом ответственности, устранения причин и условий, способствовавших нарушению закона.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Прокуроры качественно и в установленный законом срок рассматривают и разрешают обращения физических и юридических лиц на действия (бездействие) и акты должностных лиц Департамента по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан (далее – ДИСА), его территориальных подразделений, государственных и частных судебных исполнителей и на судебные акты в сфере исполнительного производства.

      Обращение разрешается с истребованием исполнительного производства, а при необходимости гражданского, уголовного дела, дела об административном правонарушении. Исполнительные производства, по которым не истекли установленные законом сроки исполнения исполнительного документа, изучаются в течение не более трех рабочих дней с момента их поступления в прокуратуру, после чего подлежат возврату.

      При изучении исполнительного производства прокурор проверяет законность, своевременность и полноту совершения судебным исполнителем исполнительных действий, принятых мер по взысканию в бюджет государственной пошлины, исполнительской санкции, возбуждения дела об административном правонарушении в отношении должника, в действиях которого усматриваются признаки правонарушений, предусмотренных статьей 669 и иными нормами главы 33 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, передачи материалов на лиц, не исполняющих решения суда, в органы уголовного преследования для решения вопроса о возбуждении уголовного дела.

      По результатам изучения исполнительного производства (дела) прокурором составляются мотивированные заключение и ответ заявителю, соответственно утверждаемое и подписываемый в порядке, предусмотренном нормативными правовыми актами Генеральной прокуратуры по рассмотрению обращений физических и юридических лиц.

      В случае внесения акта прокурорского надзора на судебный акт или акт судебного исполнителя заключение по исполнительному производству (делу) не составляется.";

      абзац третий пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "При установлении однократного грубого либо систематических нарушений закона прокурором в пределах его компетенции в территориальный орган юстиции или руководителю территориального подразделения уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов, региональной палаты частных судебных исполнителей вносится представление об устранении нарушений законности, допущенных соответственно государственным или частным судебным исполнителем.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Прокуроры проверяют соблюдение законности в деятельности уполномоченного органа по организации работ по учету, хранению, оценке и дальнейшему использованию имущества, обращенного (поступившего) в республиканскую собственность по отдельным основаниям, его подразделений и других специализированных организаций по исполнительным документам о денежных и иных взысканиях в доход государства, в пользу лиц, которые по состоянию здоровья или возрасту не могут самостоятельно осуществлять защиту своих прав и законных интересов, по искам прокуроров.";

      абзац первый пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "Прокуроры областей, городов Алматы, Астаны не реже одного раза в год проверяют соблюдение законодательства об исполнительном производстве в деятельности территориальных подразделений уполномоченного органа по исполнению исполнительных документов и их должностных лиц, уполномоченных на совершение исполнительных действий. Информация об итогах проверки предоставляется в Генеральную прокуратуру к 7 числу месяца, следующего после проведения проверки.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Департамент осуществляет надзор за законностью исполнительного производства путем рассмотрения обращений участников исполнительного производства, рассмотрения ходатайств о принесении протеста в порядке надзора, проверки деятельности ДИСА, анализа состояния законности в исполнительном производстве.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Департамент периодически:

      проверяет деятельность ДИСА, уполномоченного органа по организации работ по учету, хранению, оценке и дальнейшему использованию имущества, обращенного (поступившего) в республиканскую собственность по отдельным основаниям и его территориальных подразделений;

      обобщает состояние законности при исполнении исполнительных документов о денежных и иных взысканиях в доход государства, а также состояние законности при исполнении судебных актов, вынесенных по искам прокуроров.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Ключевыми показателями надзора за законностью исполнительного производства являются:

      исполняемость в доход государства;

      исполняемость по искам прокуроров.

      Исполняемость в доход государства оценивается на основе мониторинга исполнительных производств о взыскании в доход государства, по которым нарушены установленные законом сроки исполнения.

      В этих целях ведется учет таких исполнительных производств и исчисляется соотношение общей суммы, взысканной в доход государства по актам прокурорского надзора по исполнительным производствам с нарушенным сроком исполнения, к общей сумме, подлежавшей взысканию по таким производствам.

      Исполняемость по искам прокуроров оценивается на основе мониторинга исполнительных производств, возбужденных на основании судебных актов по искам и заявлениям прокуроров. В этих целях ведется их учет и исчисляется:

      соотношение реально взысканной суммы по искам прокурора к общей сумме, подлежавшей взысканию по искам прокурора. Не учитываются исполнительные производства по искам прокурора неимущественного характера и о взыскании сумм в интересах организаций с частной формой собственности;

      соотношение реально исполненных судебных актов по искам прокуроров неимущественного характера, к общему количеству находившихся на исполнении судебных актов по искам прокурора неимущественного характера. Во внимание принимаются только исполнительные производства по искам прокурора неимущественного характера, за исключением решений судов по искам, исполнение которых производится без выписки исполнительного листа (статья 282 ГПК).

      Оценка деятельности нижестоящих прокуратур может осуществляться и с учетом результатов работы по другим показателям.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Департамент обеспечивает руководство и контроль над деятельностью нижестоящих прокуратур по осуществлению надзора за законностью исполнительного производства, способствуя повышению эффективности работы в данной отрасли надзора, осуществляет взаимодействие с другими подразделениями Генеральной прокуратуры, Верховным Судом, ДИСА, научными и учебными учреждениями.".

      2. С настоящим приказом ознакомить всех сотрудников и работников органов, ведомств и учреждений прокуратуры Республики Казахстан.

      3. Департаменту по представительству интересов государства в судах Генеральной прокуратуры Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование.

      4. Департаменту финансов, информатизации и защиты информационных ресурсов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан обеспечить размещение приказа на официальном сайте Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

Генеральный Прокурор


Республики Казахстан

А. Даулбаев