Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына және 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру нұсқаулығын осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіне:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіннің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, мекемелерінің және прокуратураның білім беру ұйымдарының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.07.2021 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша прокуратура органдарының қызметі мыналарды:

      1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің заңдылығын жоғары қадағалауды;

      2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – АПК) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) айқындалған тәртіппен азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;

      3) азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалауды;

      4) азаматтық, әкімшілік істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және қылмыстық істер (қылмыстық айыппұлдарды өндіріп алуды және мүлікті тәркілеуді қоспағанда) бойынша атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды қамтиды.

      3. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізудің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалаудың міндеттері:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;

      2) заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою болып табылады.

      4. Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында прокурор:

      1) заңдылықтың жай-күйін талдайды;

      2) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалайды;

      3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізеді;

      4) азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

      5) жолданымдарды Заңның 21-бабында көзделген тәртіппен қарайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Заңдылықтың жай-күйін талдау және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау Заңның 8 және 10-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізу

      6. Заңдылықтың сақталуын тексеруді прокурор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, өзінің құзыреті шегінде тағайындайды және жүргізеді.

      7. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) тапсырмалары бойынша тексерістерді прокурор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының тәртібінде меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымға тағайындайды және жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша тағайындалатын және жүргізілетін тексерістерге осы Нұсқаулықтың 8 және 9-тармақтарының ережелері таралмайды.

      8. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қызметіндегі тексерістерді прокурор:

      1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғалуын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;

      2) шектелмеген адамдар қатарының;

      3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің;

      4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесі үшін қызметіне мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін тағайындайды және жүргізеді.

      Физикалық, психикалық немесе өзге де мән-жайларға байланысты өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға:

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кемтар балалар, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы, тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие мекемелеріндегі балалар;

      заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар;

      өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өз бетінше қорғауға қабілеті жоқ өзге де адамдар жатады.

      Шектелмеген адамдар қатары деп жеке белгісіз адамдар тобы немесе олардың сандық құрамын алдын ала анықтау мүмкін емес не қиыншылық туғызатын құқықтық қатынастарға қатысушылардың көпшілігі түсініледі.

      Егер оларды орындау адамның және азаматтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе не келтіруі мүмкін болса, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса, құқықтық акт не әрекеттер (әрекетсіздік) адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптар деп түсініледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Прокурор Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген жағдайларда тексеріс тағайындауға және жүргізуге құқылы.

      Заңның 7-бабы 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексерісті тек прокурор ғана жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Прокурор кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіндегі тексерістерге Бас Прокурорға не оны алмастыратын адамға өтінішхат түрінде бастамашылық жасайды және оның одан кейінгі тапсырмасы негізінде жүргізеді.

      Кәсіпкерлік субьектілерінің қызметіне тексерісті тағайындау туралы өтінішхатта прокуратура органдарының тексеріс жүргізу қажеттілігінің дәлелді негіздемесі, заңдылықты бұзудың белгілері және уәкілетті мемлекеттік органның қабылдаған шаралары көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субьектілерін тексеру туралы өтінішхатқа Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар (бұдан әрі – облыс прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар қол қоя отырып, Бас Прокурорға жібереді.

      Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы өтінішхат ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ал қосымша ақпарат талап етілген кезде – отыз күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      11. Прокурор Заңда, ӘҚБтК-де және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізеді.

      12. Аумақтық прокурорлар азаматтардың, оларға қатысты қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау кезінде, оның ішінде мамандандырылған мекемелерде қамақты өтеу кезінде құқықтарының сақталуына тексеріс жүргізеді.

      Мамандандырылған мекемелерге барып тексеру кезеңділігі соттардың қаулыларын және басқа да материалдарды талдауды ескере отырып анықталады.

      Әкімшілік қамаққа алуға тартылған адамнан өтініш келіп түскен кезде не оның құқығы бұзылғаны туралы жеткілікті деректер болған жағдайда, тексеріс дереу жүргізіледі.

      13. Тексеріс жүргізу туралы қаулыны Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар (бұдан әрі – аудан прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар шығарады.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулыда:

      1) нөмірі, күні, мемлекеттік органның атауы, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы, тексерістің негізі;

      2) тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы немесе оған қатысты тексеріс жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

      3) тексерілетін кезеңі көрсетілген тексеріс нысанасы (тақырыбы);

      4) тексерістің кімге тапсырылғаны және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;

      5) тексеріс жүргізу мерзімі (басталуы және аяқталуы);

      6) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

      7) қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қойылған қолы көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама шеңберінде жүргізілетіндерден басқа тексеріс жүргізу туралы қаулы тексеріс басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеледі.

      Тексеріс қажеттілігі Мемлекет басшысының, сондай-ақ Бас Прокурордың тексеріске кідіріссіз шығуды талап ететін тапсырмаларынан туындаған жағдайда, тексеріс жүргізу туралы қаулыны тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тексеріс басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулы объектіге келген сәтте танысу үшін тексерілетін субъектіге тапсырылады.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы мәліметтер объектіге келген сәтте не ол тіркелгеннен кейін келесі жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тексерісті тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана тексеріс жүргізеді.

      Тексеріс жүргізетін адамдардың құрамы тексерісті тағайындаған прокурордың немесе оны алмастыратын адамның шешімімен өзгертіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Заңдылықтың сақталуын тексеру отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүргізіледі.

      Қосымша материалдарды талап ету қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің елеулі болуына байланысты оны жүргізу мерзімі ерекше жағдайларда Бас Прокурордың, оның орынбасарының, облыс прокурорының келісімі бойынша отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Тексеріс мерзімін ұзарту туралы өтінішхат тексеріс мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей:

      1) Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойыла отырып Бас Прокурорға;

      2) Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойыла отырып Бас Прокурордың орынбасарына;

      3) облыс прокурорының орынбасарларының, облыстық және оған теңестірілген прокуратураның құрылымдық бөлімшесі басшысының, аудан прокурорының не оларды алмастыратын адамдардың қолдары қойыла отырып, облыс прокурорына қарау үшін енгізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Тексеріс мынадай жағдайларда:

      сараптама тағайындалған жағдайда – сарапшының қорытындысын алғанға дейін;

      шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған жағдайда – оларды алғанға дейін;

      тексеріс жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларда (тексеріске қатысатын адамның науқастануы, форс-мажорлық мән-жайлар, жүргізілетін тексеріс нысанасына қатысы бар адамдарды іздестіру, процестік әрекеттер жасау, арнайы жедел-іздестіру шараларын тағайындау не жүргізу, тексеріс жүргізу немесе қорытынды беру туралы талаптарды жіберу, мекемелерден және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан мәліметтер мен құжаттар алу қажеттілігімен) - олар жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Тоқтатыла тұрған тексерісті жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тексеріс жүргізуді ұзартқан, тоқтата тұрған және қайта бастаған, тексерушілердің құрамы өзгерген жағдайларда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын және тексерілетін субъектіні ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, дәлелді қаулы шығарылады.

      19. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу туралы қаулыларды Бас Прокурор, оның осы қадағалау саласына жетекшілік ететін орынбасары, облыстардың прокурорлары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар шығарады.

      Қаулыда жедел-іздестіру шараларын жүргізудің негізі, алынған нәтижелердің ұсынылу нысаны мен мерзімдері көрсетіледі.

      Қаулыларды есепке алуды жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше жүргізеді.

      20. Сараптама арнайы ғылыми білім талап етілетін және оны тағайындаусыз тексерісті жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайларда тағайындалады.

      Сараптама тағайындау туралы қаулыны Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстардың прокурорлары, олардың орынбасарлары, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, аудандардың прокурорлары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар шығарады.

      Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда:

      1) сараптама тағайындаған органның атауы;

      2) сараптаманы тағайындау уақыты, орны;

      3) сараптаманың түрі;

      4) сараптаманы тағайындау негізі;

      5) сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шыққан жері туралы ақпараттар, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді болуы мүмкін толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі мәнін өзгертуге рұқсат беру;

      6) сот сараптама органының атауы және (немесе) сот сараптамасының іс жүргізуі тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.

      21. Қажет болған жағдайда, тексеріске қорытынды беру үшін мамандар, сондай-ақ қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады.

      Маманның қорытындысында қылмыстың, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы не сотқа арыз беруге негіз болып табылатын мән-жайлар туралы тұжырымдар болған кезде, прокурорлық тексеріс материалдары бойынша сараптама Қылмыстық-процестік кодекстің, ӘҚБтК-нің, АПК-нің және ӘРПК-нің шеңберінде жүргізіледі.

      22. Тексерістерді жүргізу кезінде:

      заңдылықты бұзуға жол берудің себептері мен жағдайлары анықталады;

      заңдылықты сақтау проблемалары (құқықтық және ұйымдастырушылық) және олардың азаматтар мен ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандықтарына, заңды мүдделеріне әсер етуі анықталады;

      бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге жауапты мемлекеттік және уәкілетті органдардың, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының қызметі бағаланады.

      Тексерістің тақырыбына қарамастан, оны жүргізу туралы қаулыда нысанасы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, құқық бұзушылық профилактикасы туралы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуы (егер тексерілетін орган немесе ұйым құқық бұзушылық профилактикасы субъектісі болып табылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау бойынша өкілеттікке ие болса), сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың (тексеріс тақырыбы бойынша) құқықтық актілерінің заңдылығы көрсетіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Тексеріс аяқталғаннан кейін тексеріс нәтижелері туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) жасалады, ол:

      1) анықтаманы жасау күні мен орнын, тексеріс негізін;

      2) тексерілетін субъектінің атауын, тексеріс мәнін (тақырыбын);

      3) тексеріс тақырыбы бойынша жалпы мәліметтерді (статистика, тексерілетін субъектінің іске асырған іс-шаралары, игерілген бюджет қаражаты туралы мәліметтер, сот актілерін орындау практикасы немесе тексеріс мәні бойынша басқа да мәліметтер);

      4) тексеріс мәні (тақырыбы) бойынша заңдылықтың сақталуын бағалауды (анықталған бұзушылықтардың мәні, уәкілетті органдардың әрекетсіздігінің себептері, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, құқық бұзушылық профилактикасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың сақталуы және басқа да мәліметтер);

      5) заңдылықты бұзушылық жасауға ықпал еткен себептерді талдауды;

      6) анықталған заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың тетіктерін;

      7) тексеріс нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды (қадағалау және ден қою актілері, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар, басқа да шаралар);

      8) тексеріс жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қойылған қолын қамтиды.

      Анықтама тексерілетін субъектіге тексеріс аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде табыс етіледі. Тексеріліп жатқан субъектінің басшысын (өкілін) анықтамамен таныстыру немесе танысудан бас тарту туралы мәлімет оны табыстаған кезде көрсетіледі.

      Анықтамаға қарсылығы болған кезде тексеріліп жатқан субъект оларды анықтама табысталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша береді.

      24. Тексеріс нәтижелері бойынша мынадай шешімдер:

      Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы;

      тексеріс нәтижелерін талқылай отырып, кеңестер өткізу туралы;

      ақпараттық хаттарды жіберу туралы;

      материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге жіберу (оның ішінде фактілерді Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу туралы шешім қабылдау үшін) не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне беру туралы;

      материалдарды Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркеу туралы және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шаралар қабылданады.

      Прокурор тексеріс жүргізу барысында, ол аяқталғанға дейін заңдылықты бұзу фактілері бойынша прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізуге, сондай-ақ фактілерді СДТБТ-да тіркеуге шаралар қабылдауға құқылы.

      Жүргізілетін тексеріс мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тексеріс жүргізу туралы қаулыда көрсетілген адамдар не олардың тікелей басшылары шақыруға құқылы.

      Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданым шеңберінде лауазымды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктеме алу үшін жолданымды қарауды тапсырылған лауазымды адамдар не олардың тікелей басшылары шақыруға құқылы.

      Жүргізілетін тексеріс және Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданымдардың мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге материалдарды беру туралы талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, оның орынбасары, облыс прокуроры, олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары, оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ тексеріс тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар не олардың тікелей басшылары қол қояды.

      Мемлекеттік және меншік нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдар, олардың лауазымды адамдары салған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шараларының дереу күшін жою, заңсыз актінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы талапқа Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, оның орынбасары, облыс прокуроры, олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Соттарға талап қоюлар (арыздар) осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген адамдардың бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіру және олардың мүдделерін қорғау үшін ұсынылады.

      Қалған жағдайларда әрқайсысының өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот тәртібімен өз бетінше қорғауға құқығы бар екені түсіндіріледі.

3-тарау. Азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау

1-параграф. Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру

      26. Прокурорлар мынадай:

      1) мемлекет мүдделерін қозғайтын;

      2) осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген қоғамдық мүдделерді немесе азаматтарды қорғау талап етілгенде;

      3) оны сот қажет деп танығанда;

      4) прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;

      5) ата-ана құқығынан айыру туралы;

      6) нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы;

      7) кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы;

      8) бала асырап алу туралы азаматтық істер бойынша процеске кіріседі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Прокурорлар мынадай:

      1) салықтық, кедендік, бюджеттік қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы және табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты өзге де іс-әрекеттердің қатынастарынан туындайтын;

      2) мемлекеттен және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік істер бойынша;

      3) сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғауға байланысты;

      4) прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;

      5) әкімшілік акт, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз бетінше құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алмайтын адамдардың немесе шектелмеген адамдар қатарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуі мүмкін болғанда;

      6) прокурордың қатысу қажеттілігін сот танығанда;

      7) прокуратура органдары жауапкер болып табылған жағдайларда әкімшілік істер бойынша процеске кіріседі.

      ӘРПК-нің 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес егер ӘРПК-де өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде АПК-нің ережелері қолданылады.

      28. Аумақтық прокурорлар құзыреті шегінде өздерінің орналасқан жері бойынша осы соттар орналасқан жерде орналасқан мамандандырылған прокурорлардың қарауына жатқызылған дауларды қоспағанда, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде қатысуды қамтамасыз етеді.

      Инвестициялық дауларды қарау кезінде қатысу Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына жүктеледі.

      Мамандандырылған әскери прокурорлар әскери соттардың осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында көзделген азаматтық және әкімшілік істерді қарауы кезінде өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде қатысуды қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған көлік прокурорлары бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар осы Нұсқаулықтың 26-27-тармақтарында көзделген, дау нысанасы көлік инфрақұрылымы объектілері болып табылатын не тараптардың бірі ретінде теміржол, автомобиль (жолаушылардың, багаж бен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары бөлігінде), теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік және магистральдық құбыржол көлігінің, ғарыш жүйесі ұйымдары, сондай-ақ аталған объектілер мен субъектілерге қатысты өкілеттіктерді іске асыратын мемлекеттік органдар және көлік прокуратурасы болып табылатын азаматтық және әкімшілік істерді (мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жататын және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қарайтын істерді қоспағанда) қараған кезде өзінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде қатысуды қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде олар талап қоюшы, жауапкер не үшінші тұлға ретінде болатын азаматтық және әкімшілік істерді соттардың қарауы кезінде қатысуды қамтамасыз етеді.

      Аумақтық прокурорлар Нұсқаулықта осы соттардың орналасқан жері бойынша орналасқан мамандандырылған прокурорлардың іс жүргізуіне жатқызылған істі сот іс жүргізуіне қабылдаған жағдайда, мамандандырылған прокурорларды уақтылы және тиісті түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған прокурорлар қарауға тағайындалған және қаралған барлық істердің мониторингін соттың ресми сайтын пайдалана отырып жүзеге асырады.

      Мамандандырылған прокуратура өзінің жүргізуіне жатқызылған істі қарауға тағайындалған сот орналасқан жерде болмаған не ол туралы мамандандырылған прокурорға хабарланбаған жағдайда, соттарға қатысу және кейін сот актілерінің заңдылығын тексеру тиісті аумақтық прокурорға жүктеледі. Қатысушы прокурор істі қарау нәтижелері туралы мамандандырылған прокуратураны ақпараттандырады.

      Сондай-ақ мамандандырылған прокурор құзыретіне сәйкес аумақтық прокурордың қатысуымен қаралған, бірақ мамандандырылған прокурорлардың қадағалауындағы ұйымдардың мүдделерін қозғайтын іс бойынша соттар қабылдаған шешімдер туралы хабардар етілуге тиіс.

      Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға қатысуды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары прокуратураларының тиісті бөлімшелерінің прокурорлары қамтамасыз етеді.

      Аталған соттар орналасқан жерде облыстық прокуратура болмаған жағдайда, қатысуды осы соттар орналасқан жерде орналасқан прокурорлар қамтамасыз етеді.

      Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында және Нұр-Сұлтан қаласының сотында көлік прокурорларына ведомстволық қарасты істер бойынша қатысуды Бас көлік прокуратурасы қамтамасыз етеді.

      Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға қатысуды қамтамасыз ету осы соттардың орналасқан жері бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі.

      29. Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Орталық референдум комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот) бірінші сатысы бойынша қарауына қатысады.

      Осы Нұсқаулықтың 26 және 27-тармақтарында көзделген кассациялық тәртіппен Жоғарғы Соттың сот алқасының отырыстарында қаралатын істер бойынша қатысуды Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша бағынысты прокурорлар қамтамасыз етеді.

      30. Прокурорлардың талап қоюлары мен арыздары бойынша қозғалған істер бойынша, сондай-ақ прокуратура органы немесе мекемесі жауапкер ретінде тартылған істер бойынша соттарда прокуратураның өкілдері ретінде қатысуды тиісті прокуратуралардың (бөлімшелердің) қызметкерлері қамтамасыз етеді.

      Жоғары тұрған прокурорлар енгізген талап қоюларды қарауға қатысу қажет болған жағдайда, төмен тұрған прокурорларға тапсырылады.

      Талап қойған прокурордың сенімхаты бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда талап қою қаралатын орны бойынша орналасқан прокурорлар қатыса алады.

      АПК-нің 72-бабына сәйкес сотта қаралатын дау бойынша прокуратура органдарының талапкер немесе жауапкер ретінде мүддесін қорғайтын прокурор істің дұрыс шешілуіне қажетті дәлелдемелерді ұсынады. Прокурорлардың талап қоюлары (арыздары) бойынша сот актілерін іс жүзінде орындау мақсатында, егер оларды сотқа ұсыну сатысында осындай өтінішхаттар мәлімделмесе, қажетті жағдайларда сот алдында қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы мәселені уақтылы қою керек.

      Процесте жарыспалылықты қамтамасыз ету және көрсетілген санаттағы істер бойынша заңсыз сот актілерін даулау осы қызметкерлерге жүктеледі.

      Прокурордың бастамасы бойынша қозғалған іс бойынша, сондай-ақ прокуратура органы немесе мекемесі жауапкер ретінде болатын дау бойынша сот жарыссөздерінен кейін істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді, өтінішхат берілмейді, қабылданған сот актілерімен келіспеген жағдайда, прокурор апелляциялық шағым, кассациялық өтінішхат беруге құқылы.

      Осындай азаматтық істер бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат Жоғарғы Соттың судьясы өтінішхатты кассациялық сатының сот отырысында қарау үшін беруден бас тартқан жағдайда ғана Бас прокуратураға беріледі.

      Әкімшілік істер бойынша – тек Жоғарғы Сот кассациялық шағымды қарағаннан кейін беріледі.

      Облыстардың прокуратуралары прокуратура органдарына немесе мекемелеріне қатысты сотқа талап қоюдың (арыздың) келіп түскендігі туралы, қабылданған процестік шешім, келіп түскен шағымдар, сот актілерін қайта қараудың нәтижелері туралы талап қоюдың (арыздың) көшірмелерін және басқа да материалдарды қоса тіркей отырып, Бас прокуратураға дереу хабарлайды.

      31. Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында көзделген істер бойынша процеске кіріскен прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

      Азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатыларында прокурорлар өз ұстанымын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, іс материалдарына қатаң сәйкестікте айқындайды, оны дәйекті түрде қорғайды, заңдылық, заңды тұлғалар мен азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаттарын басшылыққа алады.

      Азаматтық және әкімшілік процестің барлық сатыларында іс материалдарымен танысу нәтижелерін қатысушы прокурор тиісті жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға оның қорытындыны бекітуі үшін алдын ала баяндайды.

      Прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалып, онда мыналар көрсетіледі:

      істің атауы;

      тараптар;

      мәлімделген талаптардың мәні;

      тараптардың сілтеме жасайтын мән-жайлары;

      тараптар ұсынған дәлелдемелер туралы олардың қатыстылығы, жол берілетіндігі, шынайылығы және жеткіліктілігі тұрғысынан прокурордың пікірі;

      қолдануға жататын материалдық және процестік құқықтардың нормалары;

      мәлімделген талаптардың мәні, сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымдары.

      Сондай-ақ апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің қысқаша мазмұны, соттың ұстанымы;

      бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурор, оның қорытындысының қысқаша мазмұны;

      шағымның (өтінішхаттың) дәлелдемелері;

      істі зерделеудің нәтижелері;

      шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар.

      Сот актілері заңды күшіне енген кассациялық тәртіпте Жоғарғы Соттың қарауына тағайындалған азаматтық және әкімшілік істер бойынша қорытындыларды Бас Прокурордың орынбасары бекітеді.

      Сот актілері заңды күшіне енбеген кассациялық тәртіпте Жоғарғы Соттың қарауына тағайындалған әкімшілік істер бойынша қорытындыларды Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      АПК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес бірінші сатыдағы сотқа тараптарда бар дәлелдемелерді ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотқа ұсыну мүмкіндігінен айырады.

      Әкімшілік істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органға және лауазымды адамға жүктелген.

      Сондықтан прокурорлар мемлекеттік заңды тұлғалардың істі соттың дұрыс шешуі үшін қажетті дәлелдемелерді уақтылы ұсынуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

      Прокурорлар азаматтық және әкімшілік процестерде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүдделеріне олардың өкілдерінің тиісті түрде өкілдік етпеу фактілеріне ден қояды, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға бастамашылық жасайды.

      Азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған кезде, прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат нысанында дереу жеткізеді, ол өз кезегінде мынадай:

      баянатты СДТБТ-да тіркеу туралы;

      материалдарды АЕК-де тіркеу туралы;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;

      тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      талап қоюды беру туралы;

      кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Прокурорлар жеке ұйғарымдарды қарау тәжірибесін (сапасын) талдайды, заңдылықтың бұзылуы анықталған кезде прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.

      Талдау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы мәліметтер Нұсқаулықтың 70-тармағына сәйкес Бас прокуратураға жіберілетін ақпаратқа қосылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында аталған істер бойынша сот жіберген қателіктерге апелляциялық және кассациялық тәртіппен сот актілеріне өтінішхаттар келтіру арқылы уақтылы ден қоюлары қажет.

      Азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық өтінішхат енгізу мерзімі АПК-нің 403-бабының 3-бөлігінде және ӘРПК-нің 168-бабының 2-бөлігінде көзделген.

      Инвесторлар мен инвестициялық қызметке байланысты мемлекеттік органдар арасындағы инвестициялық даулар мен өзге де даулар бойынша сот актілеріне азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық өтінішхатты және әкімшілік істер бойынша кассациялық өтінішхатты уақтылы келтіру Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына жүктеледі.

      Прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде апелляциялық мерзімдерде азаматтық істер бойынша заңды күшіне енбеген, АПК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын және мемлекет пайдасына шығарылмаған сот актілерінің заңдылығын зерделейді.

      Азаматтық істер бойынша сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттарды Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары, сондай-ақ істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан прокурор келтіреді.

      Прокурорлар өз құзыреті шегінде апелляциялық мерзімде осы Нұсқаулықтың 27-тармағында аталған, жазбаша талқылауда қаралған әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілерінің заңдылығын ӘРПК-нің 23-тарауына сәйкес зерделейді.

      Әкімшілік істер бойынша сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттарды Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры және олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, сондай-ақ істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан прокурор келтіреді.

      Аппеляциялық өтінішхат АПК-нің 427-бабында көзделген сот шешімінің күшін жоюға не өзгертуге негіздер болған кезде ғана келтіріледі.

      Апелляциялық өтінішхаттың мазмұнына қойылатын талаптар АПК-нің 404-бабында белгіленген.

      Мемлекет пайдасына шығарылмаған сот актілерімен келіскен жағдайда, облыстардың прокурорлары олардың заңды күшіне енген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Бас прокуратураға істер бойынша бұрын бекітілген қорытындыларын жібереді.

      Әкімшілік істер бойынша мемлекеттің пайдасына шығарылмаған сот актілерімен келіскен жағдайда, облыстардың прокурорлары олар заңды күшіне енген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей Бас прокуратураға істер бойынша бұрын бекітілген қорытындыларды жібереді.

      Бұл ретте, прокурорлар заңнамада көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереженің 8-тармағы он төртінші абзацының барлық сот сатыларында сот актілеріне уақтылы шағым келтіру бойынша талаптарын мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің орындауы бойынша шаралар қабылдайды.

      33. Осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында көрсетілген азаматтық және әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілеріне процеске қатысушылардың шағымдарын қызметкері сот отырысына қатысқан прокуратура қарайды.

      Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда, оған прокуратура басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

      Өтініштерге жауаптар негізді және уәжді болуы, арыз берушінің дәлелдерін жоққа шығаратын нақты фактілерді қамтуы тиіс.

      Бұл ретте, прокурор осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көрсетілмеген даулар бойынша сот актілеріне келіп түскен шағымды арыз берушіге апелляциялық және кассациялық шағымды өз бетінше беру құқығын түсіндіре отырып қайтарады.

      Осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көрсетілмеген әкімшілік істер бойынша прокурор арыз берушіге апелляциялық және кассациялық шағыммен өз бетінше жүгіну құқығын түсіндіре отырып, заңды күшіне енбеген сот актілеріне келіп түскен шағымды қайтарады. Осындай істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша ӘРПК-нің 169-бабының 6-бөлігінде көзделген ерекше негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.

      34. Істерді апелляциялық тәртіппен қарау кезінде облыс прокуроры осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында көзделген, оның ішінде жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешілген азаматтық және әкімшілік істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      35. Апелляциялық сатыдағы сотта қорытынды берген кезде прокурор істің мән-жайын, сондай-ақ сотта тыңдалған түсіндірмелерді, АПК-нің 404-бабы 2-бөлігінің тәртібімен сот қабылдаған қосымша дәлелдемелерді ескереді. Бұл ретте, прокурор өтінішхаттың дәлелдеріне байланысты болмайды және заң талаптары мен қолда бар іс жүзіндегі деректерді негізге ала отырып әрекет етеді.

      36. Сот азаматтық іс бойынша апелляциялық өтінішхатты негізсіз қанағаттандырудан бас тартқан кезде, сондай-ақ материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылғаны анықталған кезде облыс прокуроры Бас прокуратураға АПК-нің 440-бабының талаптарына сәйкес келетін кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну енгізеді.

      Көрсетілген талаптарға жауап бермейтін ұсыну қараусыз қайтарылуға жатады.

      Азаматтық іс бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну Бас прокуратураға ол заңды күшіне енгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал істі зерделеу қажет болған жағдайда, істің прокуратураға түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Істі сұрату АПК-нің 438-бабының 1-бөлігінде көзделген тәртіппен сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Ұсынуларды Бас прокуратураға мерзімінен неғұрлым кешіктіріп енгізу растайтын құжаттарды қоса бере отырып, себептерін түсіндірумен сүйемелденеді.

      37. Әкімшілік іс бойынша апелляциялық өтінішхатты сот қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан кезде, сондай-ақ материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылғаны анықталған кезде, облыс прокуроры қаулы түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бір ай ішінде Жоғарғы Сотқа ӘРПК-нің 169-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық өтінішхат береді.

      Жоғарғы Сотқа әкімшілік іс бойынша кассациялық өтінішхат берілген жағдайда, оның көшірмесі бір мезгілде Бас прокуратураға жіберіледі.

      Кассациялық өтінішхат беру құқығы облыс прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға тиесілі.

      Бас Прокурор мен оның орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан, өз құзыреті шегінде шешім қабылдауға кассациялық өтінішхат келтіруге құқылы.

      Сот кассациялық өтінішхатты негізсіз қабылдамаған кезде, сондай-ақ материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзушылықтары анықталған кезде, облыс прокуроры Бас прокуратураға ӘРПК-нің 440-бабының талаптарына жауап беретін әкімшілік іс бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну енгізеді.

      Көрсетілген талаптарға жауап бермейтін ұсыну қараусыз қайтарылуға жатады.

      Әкімшілік іс бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну Бас прокуратураға ол заңды күшіне енген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

      Әкімшілік іс бойынша сот актісінің заңды күшіне ену тәртібі ӘРПК-нің 161, 168, 169-баптарымен регламенттелген.

      38. Бас Прокурор азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне өз бастамасы бойынша да, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтінішхаттары бойынша да, осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында көрсетілген істер бойынша кассациялық наразылықтар келтіруге құқылы.

      Азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық наразылық келтіру мерзімдері АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінде және ӘРПК-нің 169-бабының 3-бөлігінде көзделген.

      Кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны АПК-нің 441-бабында көрсетілген.

      Заңды өкілдер берген өтінішхаттарға олардың құзыретін куәландыратын құжаттар қоса беріледі.

      Тапсырма бойынша өкілдің құзыреті АПК-нің 61-бабында көзделген талаптарға сәйкес рәсімделеді.

      Тапсырма бойынша өкілдер берген өтінішхаттарға заңға сәйкес рәсімделген және берілген сенімхат қоса беріледі.

      АПК-нің 58-бабы 1-бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша өкіл заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатты ұсынады.

      Адвокат берген өтінішхатқа "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігінің көшірмесі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама қоса беріледі.

      АПК-нің көрсетілген талаптарына жауап бермейтін кассациялық наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттар, атап айтқанда:

      АПК-нің 435-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін даулауға құқығы жоқ адамдар берген;

      АПК-нің 54-бабының 2-бөлігінде, ӘРПК-нің 31-бабының 2-бөлігінде көзделмеген істер бойынша;

      АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінде, ӘРПК-нің 169-бабының 3-бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін;

      АПК-нің және ӘРПК-нің белгіленген шағымдану тәртібін бұзумен;

      өтінішхатты берген адам және оның мүддесіне қарай берген адам, оның мекенжайы немесе тұратын жері және істегі процестік жағдайы туралы мәліметтері жоқ;

      іс материалдарында іске қатысатын адамдар және олардың мекенжайы немесе тұратын жері туралы көрсетілмеген;

      бірінші, апелляциялық сатылардағы істерді қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімнің мазмұны туралы көрсетілмеген;

      наразылық келтіруге ұсынылған сот актісі туралы көрсетілмеген;

      материалдық не процестік құқықтар нормаларының елеулі бұзылуы неде екені көрсетілмеген;

      сот актілерін қайта қарау үшін ерекше негіздері неден тұратыны көрсетілмеген (АПК-нің 438-бабының 6-бөлігінде және ӘРПК-нің 169-бабының 6-бөлігінде көзделген негіздер бойынша өтінішхат берген жағдайда);

      өтінішхат берген адамның қолы қойылмаған;

      тапсырма бойынша өкіл сенімхатты қоса тіркеусіз берген;

      заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатсыз;

      құзыреттерін куәландыратын құжаттарсыз заңды өкіл берген;

      адвокат оның куәлігінің және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның көшірмелерін тіркеместен берген өтінішхат оны берген адамға қараусыз қайтарылуға жатады.

      Бұдан басқа, АПК-нің 13, 15, 25-баптарындағы белгіленген тараптардың тең құқықтығы қағидасын және сот ведомстволығының басымдығын, АПК-нің 442-бабы 4-бөлігінің талаптарын негізге ала отырып, АПК-нің 112-бабында көрсетілген адамдар АПК-нің 441-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайлардан басқа, егер арыз беруші осы құқықты іске асырмаса, прокурор кассациялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты тікелей кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну үшін қайтаруға құқылы.

      39. Бас прокуратура кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты және ұсынуды қарауды қажет болған кезде істерді талап ете отырып жүзеге асырады. Бұл жағдайда, азаматтық және әкімшілік іс өтініш келіп түскен, жауапты орындаушыға ұсынылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде сұратылады.

      Ерекше жағдайларда, Бас Прокурордың, Бас Прокурор орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, оның орынбасарының тапсырмалары болған кезде, іске сұрау салу өтінішхаты келіп түскен не Бас прокуратураға ұсынылған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жіберіледі.

      Қажет болған жағдайда, облыстардың прокурорларынан және уәкілетті органдардан іске маңызы бар мән-жайды толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін және кассациялық наразылықты келтіру туралы мәселені шешу үшін қосымша мәліметтер талап етіп алдырылады.

      40. Өтінішхат және облыс прокурорының кассациялық наразылықты келтіру туралы ұсынуы, оның келіп түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде, ал іс талап етіп алдырылған кезде, Бас прокуратураға істің келіп түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралады.

      Өтінішхатты, ұсынуды қарау мерзімін Бас Прокурор не Бас Прокурордың орынбасары ұзартады.

      Мерзімдер АПК-нің 122-бабының 2-бөлігінде, 123-бабында көзделген тәртіпте есептеледі.

      41. Өтінішхат не облыс прокурорының ұсынуы қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда, арыз берушіге, облыс прокурорына берілген жауапқа Бас Прокурордың орынбасары қол қояды.

      42. АПК-нің 435-бабының 2-бөлігіне, ӘРПК-нің 169-бабының 3-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру құқығына Бас Прокурор ие болады.

      Кассациялық наразылықтың дәлелдерін қолдауды Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша бағынысты прокурорлар қамтамасыз етеді.

      43. Аумақтақ прокурорлар және Бас прокуратура прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша сот актілерінің және олар бойынша берілген қорытындылардың (бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылар бойынша бөлек) есепке алынуын ұйымдастырады.

2-параграф. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттарда мемлекет мүдделерін білдіру

      44. Прокурор:

      1) кәмелетке толмағандарға қатысты;

      2) ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны баламасыз қолдануды көздейтін;

      егер процеске қатысушылардың бірі оның қатысу қажеттілігі туралы өтінішхат мәлімдесе, ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алуды баламалы қолдануды көздейтін істер бойынша;

      3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығаруға әкеп соғатын;

      4) ол өзі қозғаған;

      5) жазбаша нұсқау бойынша жоғары тұрған прокурор оның қатысуын қажет деп таныған;

      6) монополияға қарсы органның және табиғи монополиялар салаларында жетекшілікті жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары олар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қарау және толтыру құқығына ие кәсіпкерлік қызмет саласындағы;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

      8) салық салу саласындағы;

      9) кеден ісі саласындағы;

      10) осы Нұсқаулықтың 44-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген істерді қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына шағымдану туралы;

      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотқа міндетті түрде қатысады.

      Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 759-бабына сәйкес прокурорлар сотқа өзге де істер бойынша қатысады.

      45. Аумақтық прокурорлар өздерінің орналасқан жері бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардағы, осы соттардың орналасқан жеріндегі мамандандырылған прокурорлардың жүргізуіне жатқызылған істер санатын қоспағанда, әкімшілік істерді қарауға қатысуды қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған әскери прокурорлар өздерінің орналасқан жері бойынша аудандық, қалалық, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, облыстық және оларға теңестірілген соттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының уәкілетті лауазымды адамдары қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, оның ішінде аталған адамдарға немесе ұйымдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған істерді қарау кезінде қатысуды және кейін қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған көлік прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша көлік инфрақұрылымы субъектілеріне не теміржол, автомобиль (жолаушылардың, багаж бен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары бөлігінде), теңіз, ішкі су, әуе көлігі ұйымдарына, қалалық рельстік және магистральдық құбыр көлігі, ғарыш жүйесіне қатысты өкілеттіктерді іске асыруға байланысты көлік прокурорлары немесе уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қозғаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар қараған кезде қатысуды және олардың сот актілерінің заңдылығын зерделеуді қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша іс жүргізуі өз бастамаларымен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді соттар қараған кезде қатысуды және кейін олардың сот актілерінің заңдылығын тексеруді қамтамасыз етеді.

      Осы Нұсқаулықпен мамандандырылған прокурорлардың жүргізуіне жатқызылған істерді сот іс жүргізуге қабылдаған жағдайда, соттардың орналасқан жеріндегі аумақтық прокурорлар мамандандырылған прокурорларға уақтылы және тиісті түрде хабарлауды қамтамасыз етеді.

      Сонымен бір мезгілде мамандандырылған прокурорлар жергілікті соттың ресми сайтын пайдалану арқылы барлық қарауға тағайындалған істердің мониторингісін жүзеге асырады.

      Өзінің жүргізуіне жатқызылған істерді қарауға тағайындалған соттардың орналасқан жерінде мамандандырылған прокуратура болмаған немесе ол туралы мамандандырылған прокурорға хабарлама берілмеген жағдайда, соттарға қатысу және кейін сот актілерінің заңдылығын тексеру тиісті аумақтық прокурорға жүктеледі.

      46. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен процестің барлық сатыларында танысу нәтижелерін қатысушы прокурор жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға алдын ала баяндайды. Қарау нәтижесі жоғары тұрған прокурорға баяндалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс дереу қаралуы тиіс жағдайда, алдын ала баяндау талап етілмейді.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қорытындылар прокурор келіскен апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары бойынша жасалады. Басқа жағдайларда қорытынды жасалмайды.

      Қорытындыда:

      1) құқық бұзушының кінәсінің болуы немесе болмауы, оның әрекеттерінің дұрыс саралануы;

      2) прокурор жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне соның негізінде келген дәлелдемелер;

      3) істің мән-жайларын және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, оған сол немесе өзге де жаза түрінің қолданылуы, не істі тоқтату қажеттілігі туралы;

      4) қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, сот ұстанымдары;

      5) қатысқан прокурорлар, олардың қорытындыларының қысқаша мазмұны;

      6) шағымның (өтінішхаттың) дәлелдері;

      7) шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар көрсетіледі.

      Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 44-тармағында аталған істер бойынша соттар жол берген материалдық және процестік құқық нормаларын бұзушылықтарға, сондай-ақ сот қарауына прокурордың қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтатқан кезде (оның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және Жоғарғы Соттың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін пайдалану арқылы) уақтылы ден қоюлары қажет.

      Прокурор сот қарауына қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік қамаққа алу туралы қаулының заңдылығын ол келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде тексереді және негізсіз сот актісін анықтаған кезде, оған наразылық келтіру шараларын қабылдайды.

      Аумақтақ прокурорлар жартыжылдық бойынша уәкілетті органдардың осы Нұсқаулықтың 44-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы құқық қолдану практикасын тексереді не талдау жасайды. Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Бас прокуратураға есепті кезең аяқталғаннан кейінгі 15-күніне қарай жіберіледі.

      47. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған кезде прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат нысанында дереу жеткізеді, ол мынадай:

      1) баянатты СДТБТ-ға тіркеу туралы;

      2) материалдарды АЕК-ге тіркеу туралы;

      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;

      4) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      5) сотқа талап қоюды ұсыну туралы;

      6) кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда прокурорлар шешім қабылдау үшін қосымша мәліметтер мен материалдарды талап етіп алдырады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттарды Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурор келтіреді.

      Апелляциялық өтінішхат ӘҚБтК-нің 840-бабында көзделген сот қаулысының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болған жағдайда ғана келтіріледі.

      49. Осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілеріне берілген процеске қатысушылардың шағымдарын, сот отырысына қызметкері қатысқан прокуратура қарайды.

      Осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көрсетілмеген істер бойынша сот актілеріне берілген шағымды прокурор арыз берушіге апелляциялық шағымды өз бетінше беруге құқығының бар екенін түсіндірумен қайтарады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысына апелляциялық өтінішхатты келтіру туралы мемлекеттік органның (лауазымды адамдардың) өтініштері істің мәні бойынша іс материалдарын зерделеумен қаралады.

      Шағым қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда, арыз берушілердің жауаптарына прокуратураның басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.

      50. Істерді апелляциялық тәртіппен қарау кезінде облыс прокурорлары осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      51. Апелляциялық сатыдағы сотта қорытынды берген кезде прокурор істің мән-жайын, сондай-ақ сотта тыңдалған түсініктемелерді, ӘҚБтК-нің 838-бабының 2-бөлігінің тәртібімен сот қабылдаған қосымша дәлелдемелерді ескереді. Бұл ретте, прокурор өтінішхаттың дәлелдеріне байланысты болмайды және заң талаптары мен нақты деректерді негізге ала отырып әрекет етеді.

      52. Сот апелляциялық өтінішхатты негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған кезде, сондай-ақ материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуына жол берілгені анықталған кезде, облыс прокуроры Бас прокуратураға ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінің талаптарына жауап беретін кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну енгізеді.

      Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін ұсыну қараусыз қайтарылады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну қаулы шығарылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей енгізіледі. Бас прокуратураға ұсынуларды кешіктіріп енгізу растайтын құжаттарды қоса берумен, себептерін түсіндірумен сүйемелденеді.

      Облыс прокурорының кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаты және ұсынуы ол келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде, ал іс талап етіп алдырылған жағдайда, іс Бас прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралады.

      53. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілеріне кассациялық наразылықты Бас Прокурор не оның орынбасары, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамасы бойынша енгізеді.

      54. Жеке және заңды тұлғалардың кассациялық наразылықты білдіру туралы өтінішхаттары мынадай жағдайларда, егер:

      арыз беруші дәлелді себептерсіз осы актіні соттың кассациялық сатысына өздігінен шағым жасау құқығын іске асырмаса;

      ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің қаулыларын кассациялық тәртіпте қайта қарауға негіздер болмаса;

      өтінішхат ӘҚБтК-нің 848-бабының 8 және 9-бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      өтінішхатты уәкілетті адам бермесе, онда қайтарылады.

      55. Аумақтақ прокурорлар мен Бас прокуратура прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша сот актілерін және олар бойынша қорытындыларды (бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылар бойынша бөлек) есепке алуды ұйымдастырады.

      56. Кассациялық тәртіпте қаралатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Жоғарғы Соттың сот алқасының отырысына қатысуды, сондай-ақ кассациялық наразылықтың дәлелдерін қолдауды Бас прокуратураның қызметкерлері қамтамасыз етеді.

3-параграф. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау

      57. Прокурорлар мүліктік өндіріп алу және мүлікті мемлекет меншігіне айналдыру бөлігіндегі (қылмыстық айыппұлдар мен тәркілеуді қоспағанда) қылмыстық істер, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

      Қадағалау мемлекет мүдделерін қозғайтын, еңбекақыны өндіріп алу, алименттерді өндіріп алу туралы және прокурорлардың талап қоюлары бойынша атқарушылық құжаттарды талдау және тексеру жолымен қамтамасыз етіледі.

      Прокурорлар сот орындаушыларының, әділет органдарының, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылары палаталарының қызметіндегі атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

      Қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурор атқарушылық іс жүргізу органдарынан (оның ішінде жеке сот орындаушыларынан және олардың республикалық және өңірлік палаталарынан), уәкілетті мемлекеттік органдардан атқарушылық іс жүргізуді, мәліметтерді, материалдарды талап етіп алдырады және түсініктемелер алады.

      Егер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі):

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса;

      2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіне кедергі келтірсе, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прокурор атқарушылық құжатты сот орындаушысының іс жүргізуінен алып қоюға және оны тиісті әділет органына не аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына басқа сот орындаушысына тапсыру үшін беруге құқылы.

      Атқарушылық құжатты беру туралы прокурор қаулы шығарады.

      Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өтініштерді қарау кезінде прокурорлар Заңның 21-бабын басшылыққа алулары қажет.

      Ауданның және оларға теңестірілген қаланың прокурорлары, сондай-ақ мамандандырылған (әскери және көлік) прокурорлар немесе олардың орынбасарлары өкілеттіктері шегінде АПК-нің 252-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға сот орындаушыларының қаулыларына санкция береді.

      Қаулы атқарушылық әрекеттер жасалған жері бойынша прокурорға жіберіледі. Атқарушылық әрекеттер жасауға санкция беру және оны беруден бас тарту тәртібін АПК реттейді.

      Прокурордың не оның орынбасарының атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы қаулысының күшін жою туралы шешімді Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы және оның орынбасарлары, облыс прокуроры, оның орынбасарлары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар не сот қабылдайды.

      Әскери және көлік прокурорлары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар өздері қадағалайтын атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжаттарды ұсынған жері бойынша санкция береді. Атқарушылық құжаттар ұсынылған жерде мамандандырылған прокуратуралар болмаған жағдайда, санкцияны тиісті аумақтық прокурор не оның орынбасары береді.

      Прокурордың атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының іс жүргізуінен алып қою және оны орындау үшін мемлекеттік сот орындаушысына беру туралы шешіміне, сондай-ақ прокурордың сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау туралы қаулысына санкция беруден бас тарту туралы шешіміне ӘРПК-де көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

4-тарау. Қадағалау қызметін ұйымдастыру туралы ережелер

      58. Прокурорлық қадағалау және ден қою актілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына міндетті түрде сілтеме жасай отырып, бұзушылықтардың құқықтық мәні көрсетіледі, заңды және нормативтік құқықтық актілерді бұзудың жағымсыз салдарлары, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар атап көрсетіледі, оларды жою және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру, келтірілген зиянның орнын толтыру туралы мәселе қозғалады.

      Прокурорлық қадағалау актісі түсіну үшін айқын болуға, біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар тобын түпкілікті айқындауға тиіс.

      Қадағалау және ден қою актілеріне қол қойған прокурор олардың сапалы дайындалуын қамтамасыз етеді.

      59. Қадағалау және ден қою актісіне қол қойған прокурор олардың орындалуын және заңдылықты бұзуды іс жүзінде жоюды бақылауды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, прокурорлардың актілерін орындау үшін қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің орындалу барысын бақылау, мемлекетке келтірілген залалды өтеуге және кінәлілерді заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға қол жеткізу қажет.

      Заңда белгіленген негізде, тәртіппен және шекте енгізілген прокурорлық қадағалау актілерін олар жіберілген органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар қарауға және орындауға міндетті.

      Заңда белгіленген тәртіппен және шектерде енгізілген прокурорлық қадағалау актілерін қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Бас әскери және Бас көлік прокурорларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволарының атына прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін облыс прокуроры Бас прокуратура арқылы енгізеді.

      Облыс прокурорының орталық мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволарының атына жіберген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін Бас прокуратурамен келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

      61. Қадағалау және ден қою актілерін енгізген кезде, сондай-ақ олардан жауап алған кезде прокурор электрондық ақпараттық есепке алу құжатында (бұдан әрі – ЭАЕҚ) қамтылған мәліметтердің анықтығы мен толықтығын, олардың Бас прокуратураның ақпараттық жүйелеріне уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

      62. Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурорлардың қадағалау және ден қою актілерін, олар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеруді қамтамасыз етеді.

      Жоғары тұрған прокурор прокурорлық қадағалау және төмен тұрған прокурордың ден қою актілерінің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қайтарып алады. Заңдарда және осы Нұсқаулықта белгіленген құзыреттілік бұзылған жағдайда, осы актілерді енгізу құзыретіне кіретін прокурорға береді;

      2) прокурорлық қадағалау және ден қою актілері не оның жекелеген талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы екені анықталған жағдайда, оларды өзгертеді не оларды өзгерту туралы нұсқау береді;

      3) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін күшінде қалдырады.

      Қабылданған шешім туралы ЭАЕҚ-да тиісті белгі қойылады.

      Қажет болған жағдайда, жоғары тұрған прокурор тиісті хат арқылы прокурорлық қадағалау актілерінің әрекет етуін оларды енгізу қажеттілігі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұрады.

      63. Жоғары тұрған прокурор қадағалау және ден қою актілері қабылданатын шаралардың толықтығы мен тиімділігі мақсатында төмен тұрған прокурорлардың қадағалау және ден қою актілеріне жауаптарды тиісті актіге түпкілікті жауап келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеруді қамтамасыз етеді.

      Жоғары тұрған прокурор жауапты зерделеу нәтижелері бойынша ЭАЕҚ-да мынадай:

      1) қадағалау және ден қою актілеріне берілген жауаппен келісу туралы;

      2) қадағалау және ден қою актілеріне жауапты қабылдамау туралы тиісті белгі қояды.

      Қадағалау және ден қою актілеріне жауап қабылданбаған жағдайда, қадағалау және ден қою актісіне қол қойған прокурор оны тиісінше қарау жөнінде шаралар қабылдайды.

      64. Қадағалау мен ден қоюдың заңсыз және негізсіз актілерін енгізуге жол берілмейді.

      Аумақтақ прокурорлар прокурордың талаптарын, қадағалау және ден қою актілерін, сондай-ақ прокурордың сот тәртібімен заңсыз деп танылған не жоғары тұрған прокурор күшін жойған, кері қайтарып алған, тоқтата тұрған немесе өзгерткен актілері мен талаптарын орындау үшін қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерін есепке алуды жүргізеді.

      Облыс прокуратурасы актілер мен талаптарды жарамсыз деп тану себептеріне талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпарат Бас прокуратураға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      65. Прокурорлар мемлекеттік органдар қабылдайтын тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың заңдылығын, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда олардың қолданылғаны туралы прокурорды уақтылы хабардар етуді тиісінше қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес мұндай хабарламаны талап ететін іс-әрекеттер жүргізгені туралы прокурорға хабарламау немесе уақтылы хабарламау фактілері анықталған кезде кінәлі лауазымды адамдарды заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу қажет.

      66. Апелляциялық сатының тараптардың шағымы бойынша сот шешімінің (қаулысының) күшін жою туралы, осы Нұсқаулықтың 26 және 44-тармақтарында көзделген істер бойынша прокурордың өтінішхаттарын қабылдамау, қайтару туралы қаулылары сот актілері мен апелляциялық өтінішхаттарды қоса бере отырып, түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бас прокуратураға жіберіледі.

      Тараптардың шағымы бойынша сот шешімінің күшін жою туралы, осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көзделген істер бойынша прокурордың өтінішхаттарын қабылдамау, қайтару туралы заңды күшіне енген сот актілері өтінішхаттар мен сот актілерін қоса бере отырып, түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бас прокуратураға жіберіледі.

      Жоғары тұрған прокурор сот актісі келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны тексереді және АПК-нің 427-бабында және ӘҚБтК-нің 840-бабында көзделген негіздер болған кезде бұзушылықтар тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

      Қажет болған кезде, бұзушылықтар тізіліміне енгізу туралы шешім азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер материалдарын зерделеу не кассациялық наразылық келтіру туралы ұсынуды қарау нәтижелері бойынша қабылданады.

      67. Бас прокуратураның, облыс прокуратурасының дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, аудан прокуроры және оның орынбасары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар қадағалау және ден қою актілерін енгізгеннен, оларға жауаптар алғаннан, кәсіпкерлік субъектілеріне тексерістер жүргізу туралы талап жібергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бас прокуратураның деректер банкін толықтыруды қамтамасыз етеді.

      68. Прокурорлық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында Бас прокуратурада, облыстардың прокуратураларында заңдылықтың жай-күйін болжау, төмен тұрған прокуратуралардың қызметін және прокурорлық практикасын талдау үшін жұмыс аймақтық-тақырыптық қағидат бойынша ұйымдастырылады.

      Тақырыптық қағидат бойынша жұмыс прокурорға жекелеген құқықтық қатынастардың (тақырып бағыттары) саласын бекіту арқылы жүзеге асырылады. Бекітілген құқықтық қатынастар салалары бойынша прокурор заңдылықтың жай-күйіне, прокурорлық қадағалауға жүйелі түрде талдау жүргізеді, осы саладағы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, қадағалау қызметінің нысандарын, әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Тақырыптық бағыттар қадағалауға алынған өңірдегі заңдылықтың жай-күйінен және ерекшеліктерінен, қандай да бір азаматтық-құқықтық даулардың таралуынан айқындалады.

      Аймақтық қағидат прокурорға нақты өңірді (облысты, қаланы, ауданды) бекіту арқылы заңдылықтың жай-күйін тұрақты талдау және осы өңірдегі прокуратура органдарының қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қадағалау және ден қою актілерін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

      69. Прокурорлар қадағалауға алынған өңірдің толық сипаттамасы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуы, демографиялық жағдайы, сондай-ақ халықтың қоғамдық, діни және саяси белсенділігі қамтылған өңірдің паспортын жүргізуді қамтамасыз етеді.

      70. Облыс прокуроры өңірдің паспортын және қадағалаудағы өңірдегі заңдылықтың жай-күйі туралы ақпаратты жарты жылдан кейінгі айдың 7-күніне қарай Бас прокуратураға ұсынады.

      71. Облыс прокуроры тексерістер жүргізу кезінде Республиканың басқа өңірлерінің прокурорларымен ақпарат алмасу, жекелеген тапсырмаларды орындау, прокуратуралардың қызметкерлері мен мамандарын бөлу арқылы тікелей және жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурының
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 60 бұйрығының
2-қосымшасы

Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 26.10.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйін талдау жүргізуі және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігі мәніне бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Заңдылықтың жай-күйін талдау (бұдан әрі – Талдау) және актілер мен шешімдерді бағалау прокуратура органдарының жоғары қадағалау нысандары болып табылады және Заңның 4-бабында көзделген міндеттерді іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.";

2-тарау. Заңдылықтың жай-күйін талдау

      3. Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі.

      Талдау жүргізу Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі – облыс прокуроры), аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі – аудан прокуроры), сондай-ақ олардың орынбасарларының не оларды алмастыратын адамдардың басшылық етуімен тақырыптық-толассыз топқа тапсырылуы мүмкін.

      4. Талдау заңдылықтың жай-күйін бағалау мақсатында нақты мәселе не құқықтық қатынастар/заңнама саласы бойынша жүргізіледі.

      5. Аумақтық прокурорлар тоқсан сайын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпарат бизнеске әкімшілік қысымды төмендету жөніндегі нақты ұсыныстармен бірге Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      6. Аумақтық прокурорлар жарты жылда бір рет мынадай:

      1) бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігі;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды (оның ішінде мемлекеттік) жүзеге асыру;

      3) салық заңнамасын қолдану;

      4) экологиялық заңнаманың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қолданылуы;

      5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша ауызша (соның ішінде прокуратура органдарының жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар шеңберінде келіп түскен) және жазбаша жолданымдарын қарау мәселелері бойынша талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты облыс прокуроры Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      7. Аумақтық прокурорлар жылына кемінде бір рет:

      1) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осыған ұқсас мекемедегі балаларды асырап алу кезінде заңдылықтың сақталуына;

      2) мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тиімділігіне бағытталған заңнаманың қолданылуына;

      3) мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуына (инклюзивті білім беру) талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты облыс прокуроры Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      8. Әскери прокуратура органдары әскери қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастардың ерекшелігін ескере отырып, жылына кемінде бір рет:

      1) әскери мүлікті, оның ішінде қару мен оқ-дәрілерді қамтамасыз ету және олардың айналымы;

      2) жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету;

      3) диверсияға қарсы және терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйі;

      4) Мемлекеттік шекараны күзету;

      5) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуді жүзеге асырады.

      Әскери прокурорлар заңдылықтың жай-күйін талдауға және күшіне енген актілерді бағалауға байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап еткен кезде сұратылған мәліметтер мен олардың жеткізгіштерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      Егер талдау шеңберінде әскери объектілер құрылысының егжей-тегжейін ашатын құжаттар мен өзге де материалдарды талап ету қажет болған жағдайда, осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу туралы мәселеге бастамашылық етіледі.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас әскери прокурор Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады.

      9. Көлік прокуратурасының органдары ерекшелікті ескере отырып, жылына кемінде бір рет:

      1) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      2) жолаушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды (оның ішінде мемлекеттік) жүзеге асыру;

      4) кеден заңнамасы мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас көлік прокуроры Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады.

      10. Талдау қадағалау аумағындағы тұрақты негізде жүзеге асырылатын жағдайды мониторингілеу (бақылау) не прокуратура органдары әртүрлі ақпарат көздерінен алған деректер, оның ішінде жолданымдар, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдар мен мекемелерден талап етілген ақпараттар, құжаттар мен өзге де материалдар негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) немесе жоғары тұрған прокуратураның тапсырмалары бойынша жүргізіледі.

      Сондай-ақ талдау мәселелердің өзектілігіне, бағыттардың не өңір ерекшеліктерінің басымдығына қарай Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары не оларды алмастыратын адамдар бекіткен жылдық немесе тоқсандық жоспар негізінде жүргізіледі.

      11. Талдау жүргізуге Бас Прокурормен, Бас Прокурордың орынбасарымен, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысымен, облыс прокурорымен, облыс прокурорының орынбасарымен, аудан прокурорымен не оларды алмастыратын адамдармен келісілген баянат бойынша бастамашылық жасалады.

      Баянатта:

      1) күні, баянатты берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;

      2) талдау мәні (тақырыбы);

      3) уәжді негіздер;

      4) талдау кезеңі;

      5) талдау мерзімі;

      6) талдауға тартылатын прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері (талдау тақырыптық-толассыз топқа тапсырылған жағдайда) көрсетіледі.

      Аудан прокуроры бастамашылық жасаған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңдылықтың жай-күйін талдау облыс прокурорын бір мезгілде хабардар ете отырып жүргізіледі.

      Әскери прокуратура органдары бастамашылық жасаған заңдылықтың жай-күйін талдау Бас прокуратураны бір мезгілде хабардар ете отырып жүргізіледі.

      Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурорлардың заңдылықтың жай-күйін талдауын тоқтатуға құқылы.

      12. Талдау барысында мынадай мәліметтер:

      1) статистикалық деректер;

      2) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттар туралы ақпарат;

      3) халықпен кездесу қорытындылары;

      4) мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмыс істеу фактілері, оның ішінде экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, этносаралық және/немесе конфессияаралық негіздегі жанжалдарды, азаматтардың әлеуметтік наразылығын, наразылық акцияларын тудыруы мүмкін қоғамдық тәртіпті бұзуды анықтау, оның алдын алу және оқшаулау мәселелері бойынша;

      5) уәкілетті мемлекеттік органдардың заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарын қарау нәтижелері;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы (оның ішінде интернет-ресурстардағы) жарияланымдар;

      7) мемлекеттік органдардың, олардың деректер базасының ақпараты;

      8) ақпараттық жүйелер мен ресурстар, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған;

      9) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары;

      10) прокуратура мен мемлекеттік органдардың алдыңғы тексерістерінің нәтижелері;

      11) жедел-іздестіру шараларының, арнайы шаралардың және жасырын тергеу әрекеттерінің, оның ішінде құпиясыздандырылған және жедел-іздестіру субъектілері немесе қылмыстық қудалау органы ұсынған нәтижелері;

      12) басқа да ақпарат көздері пайдаланылады.

      Сондай-ақ көптеген жағдайларда мемлекеттік органдардың мәліметтерін, статистикалық деректерді және басқа да ақпаратты уақтылы талдау және оның негізінде ден қою шараларын қабылдау бұзушылықтардың алдын алуға не тексеріс іс-шараларынсыз олардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін жұмыстың талдау әдістері белсенді пайдаланылады.

      13. Прокурор заңнамалық актілерде белгіленген тәртіпте заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуге және күшіне енген актілерді бағалауға байланысты ақпараттар мен құжаттарға қол жеткізуге құқылы.

      Сұратылған ақпарат прокуратура органдарына прокурор белгілеген мерзімде ұсынылады.

      Осы мерзім үш жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

      Қажет болған жағдайларда адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау мақсатында сұрау салынған ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу ұсынылады.

      Заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау, күшіне енген актілерді бағалау мәселелері бойынша прокурордың талаптарын органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар орындауға міндетті.

      Талдау мерзімі:

      мәліметтерді, құжаттарды және өзге де материалдарды, оның ішінде азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді алу қажет болған кезде - олар келіп түскенге дейін;

      сараптама тағайындалған жағдайда - нәтижені алғанға дейін;

      талдауға объективті кедергі келтіретін өзге де факторларға байланысты - олар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Талдау мерзімі оны жүргізуге келіскен адамның атына уәжді баянат бойынша мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тоқтатыла тұрады.

      Талдау оны тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні қайта басталады.

      14. Қажет болған жағдайда, талдау жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, фото және бейнетіркеуді қолдану арқылы бару үшін ашық жерлерде (қоғамдық пайдалану орындарында не ашық жерлерде) орналасқан объектіні (субъектіні) шолу арқылы қарап тексеру жүргізіледі.

      15. Талдау отыз күнтізбелік күннің ішінде өткізіледі.

      Қосымша материалдарды талап ету қажет болған жағдайда, сондай-ақ талдаудың елеулі көлеміне байланысты, оны жүргізудің мерзімі жоғары тұрған прокурордың келісімімен отыз күнтізбелік күннен асырылмай ұзартылады.

      16. Талдау жүргізу кезінде:

      1) заңдылықтың жай-күйінің проблемалары және олардың азаматтардың және ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне әсер етуі анықталады;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі бағаланады;

      3) анықталған заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың тетіктері ұсынылады;

      4) жұмыста жүйелі проблемаларды шешу бойынша кешенді іс-шараларды қабылдауды қажет ететін (оның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық) басым бағыттар ұсынылады.

      17. Талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді, онда:

      1) күні, талдаудың мәні, сондай-ақ талдаумен қамтылған уақыт кезеңі;

      2) статистиканы келтіре отырып, талдау барысында анықталған мәліметтер және талдау үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар;

      3) талдау нәтижесінде алынған заңдылықтың жай-күйі туралы тұжырымдар, оның ішінде құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен жағдайлары;

      4) құқық бұзушылықтарды, орын алған проблемаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды шешу және жою тәсілдері туралы ұсыныстар қамтылады.

      Талдау аяқталғаннан кейін анықтама танысу үшін уәкілетті мемлекеттік органға не ұйымға жіберіледі, олар қарсылық танытқан жағдайда анықтама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жазбаша ұсынады.

      18. Талдау нәтижелері бойынша мынадай:

      1) қадағалау және ден қою актілерін енгізу, уәкілетті органдарды ақпараттандыру, қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерге не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне тапсыру және өзге де шаралар қабылдау туралы;

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық құқық бұзушылық туралы құжаттар мен материалдарды тіркеуді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жүзеге асырады;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдарға:

      - мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың;

      - Қағидалардың 20-тармағында көзделген тәртіппен кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың қызметіне тексеріс жүргізу туралы талапты жіберу туралы;

      3) мыналардың:

      - мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың;

      - кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың қызметіне Нұсқаулықтың 10-тармағында көзделген тәртіппен дербес тексеріс жүргізу туралы;

      4) Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне дербес тексеріс тағайындау жөнінде өтінішхатты жіберу туралы;

      5) материалдарды Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркеу және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдау туралы шешімдердің бірі қабылданады.

      19. Аумақтық прокурорлар АЕК-де тіркелген, Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 181-бабы 5-бөлігінің тәртібімен тапсырылған материалдарды есепке алуды ұйымдастырады және уәкілетті мемлекеттік органдармен осындай материалдар, алынған қорытындылар және тексеру актілері бойынша ай сайын салыстырып тексеру жүргізеді.

      20. Тексеріс жүргізу туралы, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, оның орынбасары, облыс прокуроры, олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, оның орынбасары не оларды алмастыратын адамдар қол қояды.

      Аудан прокуроры жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізу туралы, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптарды, облыс прокурорымен, Бас әскери прокурормен және Бас көлік прокурорымен келісілгеннен кейін, талапты жіберудің орындылығының негіздемесін келтіре отырып жібереді.

      21. Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне дербес тексеріс тағайындау туралы өтінішхатта прокуратура органдарының оны жүргізу қажеттігінің дәлелді негіздемесі, заңдылықтың бұзылу белгілері және уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы өтінішхат Бас Прокурорға Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың қолымен жіберіледі.

3-тарау. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың шешімдері мен актілерін бағалау

      22. Прокуратура:

      1) Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің;

      2) егер осы актілер мен шешімдер физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, шектеусіз адамдар қатарына қатысты болса не жария сипатта болса, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалауды жүзеге асырады.

      Осы тармақта көзделген қадағалау нормативтік құқықтық актілерді, жекеше қолданыстағы құқықтық актілерді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың шешімдерін, сонымен қатар заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот актілерін бағалау жолымен жүзеге асырылады.

      23. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының және өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау талдау, тексеру, Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен жолданымдарды қарау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, аудан прокурорының, олардың орынбасарларының не оларды алмастыратын адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

      24. Мемлекеттік органдардың (сот актілерінен басқа), өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдері оларды қабылдау құзыреттігі мен өкілеттігінің болуы, заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі, нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде жоғары тұрған деңгейдегі актілерге қайшы келуі, мемлекеттік тіркеуден өткендігі және заңда белгіленген тәртіпте жарияланғаны (қажеттілігі болған жағдайда) және өзге де мәселелер бойынша зерделенеді.

      25. Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келуіне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға, нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдеріне наразылық енгізіледі.

      26. Наразылық заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға енгізіледі.

      Егер мұндай актілерге және шешімдерге наразылық енгізу прокурордың өкілеттігіне кірмесе, материалдар құзыреттілігі бойынша тиісті прокурорға жіберіледі.

      27. Наразылықта прокурор заңсыз актінің, шешімнің күшін жоюды не оларды Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкестендіруді және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.

      28. Наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, егер олардың орындалуы физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқса не әкеп соғуы мүмкін болса, шектелмеген адамдар қатарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарға әкеп соқтыратын болса, наразылық білдірілген құқықтық актінің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      Актілер мен шешімдерді тоқтата тұру қаулы қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      Нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұратын қаулы дереу жариялануға жатады.

      29. Заңсыз шешім, нормативтік құқықтық акт, жеке-дара қолданылатын құқықтық акт қабылдаған және шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам тиісті наразылықты қабылдамаған кезде прокурор Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – АПК) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген тәртіппен оларды заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

      30. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін бағалау ҚПК-де, АПК-де, ӘРПК-де, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады