"Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 28/54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10757 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 158-159 (25556) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларында:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары баспаханалық тәсілмен дайындалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі - есептен шығару куәліктері) дауыс беру күніне кемінде отыз күн қалғанда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етеді (1-қосымша).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сайлаушылардың тізімдерін жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға оның есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші (3-қосымша) негізінде (не оның өкіліне сенімхат бойынша) беріледі.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                   Қ.Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                    Б.Мелдешов

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 апреля 2009 года № 161/306 "Об утверждении Правил выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования"

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 28/54. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 апреля 2015 года № 10757

      В соответствии с подпунктом 6-1) статьи 12 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан» Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 апреля 2009 года № 161/306 "Об утверждении Правил выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5653, опубликовано в газете "Казахстанская правда" от 5 мая 2009 года, № 114 (25858)) следующие изменения:
      в Правилах выдачи и учета открепительных удостоверений на право голосования, утвержденных указанным постановлением:
      часть первую пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Областные, городов Астана и Алматы территориальные избирательные комиссии обеспечивают доставку и передачу изготовленных типографским способом открепительных удостоверений на право голосования (далее - открепительные удостоверения), в соответствующие районные, городские, районные в городе избирательные комиссии не позднее, чем за тридцать дней до дня голосования (приложение 1).";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Открепительное удостоверение выдается избирателю (либо его представителю по доверенности) при перемене избирателем места своего пребывания в период между представлением списков избирателей для всеобщего ознакомления и днем выборов на основании заявления (приложение 3) на получение открепительного удостоверения.".
      2. Юридическому отделу аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казхстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его  первого официального опубликования.

      Председатель 
      Центральной избирательной 
      комиссии Республики Казахстан                    К. Турганкулов

      Секретарь
      Центральной избирательной 
      комиссии Республики Казахстан                    Б. Мельдешов