«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 158-159 (25556) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары баспаханалық тәсілмен дайындалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі - есептен шығару куәліктері) дауыс беру күніне кемінде отыз күн қалғанда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етеді (1-қосымша).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сайлаушылардың тізімдерін жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға оның есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші (3-қосымша) негізінде (не оның өкіліне сенімхат бойынша) беріледі.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы Б.Мелдешов