Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10807 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 маусымдағы № 296 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.06.2016 № 296 бұйрығымен.

      «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Қоса беріліп отырған Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрiнің
      міндетін атқарушы
      М. Құсайынов ______________
      2015 жылғы 27 наурыз

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 223 бұйрығымен    
бекітілген       

Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн
пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері
мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 6-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің теңгеріміндегі, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
      2) жылу желісі – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы
      3) тапсырыс беруші (инвестор) – жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуды жүзеге асыру ниеті бар жеке немесе заңды тұлға.
      3. Осы Қағидалардың әрекеті республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларына қолданылмайды.
      4. Тапсырыс беруші (инвестор) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негіздеме) және жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасын (бұдан әрі – салу жобасы) әзірлегеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркеу нөмірі № 10722) сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама алу үшін жібереді.
      5. Тапсырыс беруші (инвестор) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін үш айдан кешіктірмей техникалық-экономикалық негіздемені бекітеді.
      6. Тапсырыс беруші (инвестор) салу жобасын аумағында жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жоспарланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, салу жобасын жергілікті атқарушы органға жібереді:
      1) тапсырыс беруші (инвестор) бекіткен техникалық-экономикалық негіздеменің көшірмесі;
      2) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуға жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;
      3) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін энергия таратушы ұйымның жылу желісіне қосу мүмкіндігін растайтын құжаттың (хаттың) көшірмесі;
      4) салу жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы.
      7. Жергілікті атқарушы орган салу жобасын алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және келіседі.
      8. Тапсырыс беруші (инвестор) жергілікті атқарушы органмен келісілген күннен кейін салу жобасын үш айдан кешіктірмей бекітеді.

Об утверждении Правил согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 223. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2015 года № 10807. Утратил силу приказом и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 296

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра энергетики РК от 30.06.2016 № 296.

      В соответствии с подпунктом 10-4) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения.
      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве  юстиции Республики Казахстан;
      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
      Республики Казахстан                             В. Школьник

      "СОГЛАСОВАН"
      И.о. министра национальной экономики
      Республики Казахстан
      ____________ М. Кусаинов
      27 марта 2015 года

Утверждены         
приказом Министра энергетики 
Республики Казахстан     
от 19 марта 2015 года № 223   

Правила
согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения

      1. Настоящие Правила согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10-4) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» и определяют порядок согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) объект по использованию возобновляемых источников энергии – технические устройства, предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии, и взаимосвязанные с ними сооружения и инфраструктура, технологически необходимые для эксплуатации объекта по использованию возобновляемых источников энергии и находящиеся на балансе собственника объекта по использованию возобновляемых источников энергии;
      2) тепловая сеть – совокупность устройств, предназначенных для передачи, распределения тепловой энергии;
      3) заказчик (инвестор) – физическое или юридическое лицо, имеющее намерение осуществить строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения.
      3. Действие настоящих Правил не распространяется на проекты строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения, финансируемые из республиканского или местного бюджетов.
      4. Заказчик (инвестор) после разработки технико-экономического обоснования строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения (далее – технико-экономическое обоснование) и проекта строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения (далее – проект строительства) направляет их на получение заключения комплексной вневедомственной экспертизы в соответствии с Правилами проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независимо от источников финансирования, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10722).
      5. Технико-экономическое обоснование утверждается Заказчиком (инвестором) не позднее трех месяцев после получения положительного заключения комплексной вневедомственной экспертизы.
      6. Заказчик (инвестор) для согласования проект строительства с местным исполнительным органом областей, города республиканского значения и столицы (далее – местный исполнительный орган), на территории которого планируется строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения, направляет в местный исполнительный орган проект строительства с приложением следующих документов:
      1) копия утвержденного заказчиком (инвестором) технико-экономического обоснования;
      2) копия решения местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка под строительство объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения;
      3) копия документа (письма), подтверждающего возможность подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения к тепловым сетям энергопередающей организации;
      4) положительное заключение комплексной вневедомственной экспертизы к проекту строительства.
      7. Местный исполнительный орган рассматривает и согласовывает проект строительства в течение пятнадцати календарных дней со дня его получения.
      8. Проект строительства утверждается Заказчиком (инвестором) не позднее трех месяцев после дня его согласования с местным исполнительным органом.