"Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 маусымдағы № 296 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10807 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпарат-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Мырзағалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      Қ. Бишімбаев ____________
      2016 жылғы 11 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады