Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11061 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 215 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 215 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «__»________________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _______________________ Е. Досаев
      2015 жылғы «____» _____________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      ____________ М. Құсайынов
      2015 жылғы «__» __________________

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 215 бұйрығымен    
бекітілген      

Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік
газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын
тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-4-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды орындауға тәуелсіз ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
      2) валидация (детерминация) – аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;
      3) верификация – парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында аккредиттелген тәуелсіз ұйым қабылдаған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі;
      4) парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау – табиғат пайдаланушы мәлімдеген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепте ұсынылатын парниктік газдар шығарындыларының көлемін аккредиттелген тәуелсіз ұйымның растау процесі;
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді және өзінің интернет-ресурстарында орналастырылатын аккредиттеу туралы куәлікті алған, сондай-ақ куәліктерінің қолданысы тоқтатылған аккредиттелген ұйымдардың деректер қорын қалыптастырады.

2. Аккредиттеуді өткізу тәртібі

      4. Парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу олардың кәсіби қызметінің мынадай салалары (парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына жатқызылатын экономика салалары) бойынша жүргізіледі:
      1) мұнай-газ саласы;
      2) энергетика;
      3) тау-кен металлургия саласы;
      4) химия саласы;
      5) ауыл шаруашылығы;
      6) көлік.
      5. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу кәсіби қызметтің мынадай салалары бойынша (тиісті жобалар іске асырылатын экономика салалары) жүргізіледі:
      1) тау-кен металлургия (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
      2) ауыл шаруашылығы;
      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
      4) орман шаруашылығы және көгалдандыру;
      5) жердің жұтаңдауының алдын алу;
      6) жаңартылатын энергия көздері;
      7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;
      8) көлік;
      9) энергия тиімді құрылыс.
      6. Заңды тұлғалар аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері: ұйым жарғысы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі немесе анықтама немесе филиалды есептік тіркеу туралы анықтама*;
      Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      3) ұйымдардың біліктілігін халықаралық танылғандығын немесе осы Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көрсетілген кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша әр қайсысының екі жылдан кем емес расталған кәсіби қызмет тәжірибесі бар кемінде екі қызметкердің болуын растайтын құжат:
      ұйымдарда кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша аккредиттеу үшін халықаралық танылған біліктілік тәжірибесінің болуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Бақылаушы комитеттің аккредиттеу туралы құжатымен немесе Бақылаушы комитеттен таза даму тетігінің жобаларын басқару бойынша құжатымен немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҚ) елдерінде верификация және валидация жүргізуге аккредиттеу туралы құжатымен расталады;
      кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеу үшін қызметкерлердің және олардың жұмыс тәжірибесінің болуы өтініш беру кезінде аккредиттеу жүргізуге ұйыммен қол қойылған еңбек келісім шарттарымен және қызметкерлердің екі жылдан кем емес тәжірибесін растайтын алдындағы келісім шарттарымен расталады. Бұл ретте сол бір маман екі немесе бірнеше тәуелсіз ұйымның қызметкері ретінде өтініш бермейді.
      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі.
      Уәкілетті орган заңды тұлғаның құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Құжаттардың толықтығын қарауға арналған мерзім аяқталғаннан кейін өтініш берушінің құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
      7. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша өтініш тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе дәлелді түрде бас тартады.
      8. Ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы шешім егер ұсынылған құжаттарда дәйексіз мәліметтер болған немесе ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігі расталмаған жағдайда қабылданады.
      9. Ұйымның аккредиттеу туралы куәлігі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      10. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікте берілетін кәсіби қызметтің түрін (түрлерін) және саласын (салаларын) көрсетеді.
      11. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаға немесе заңды тұлғаларының атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде уәкілетті өкіліне қолын қойғызып беріледі.
      12. Аккредиттеу туралы куәлік:
      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған;
      2) аккредиттеу туралы куәлік алған ұйымның кәсіби қызметін тоқтату туралы жазбаша өтініші;
      3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен.
      13. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар жөніндегі деректер базасына тиісті жазба жүргізеді.
      14. Осы Қағидалардың 7 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда егер уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бермесе (қайта рәсімдемесе) немесе белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту ұсынбаса, онда аккредиттеу туралы (аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу туралы) шешімді өтінім беруші алды деп есептеледі және аккредиттелген ұйымдар жөніндегі деректер базасына тиісті жазба енгізіледі.
      Бұл жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді.

3. Аккредитеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру,
қайта қалпына келтіру

      15. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлға қайта тіркелген (атауы өзгерген) жағдайда қайта ресімдеуге жатады. Аккредиттелген ұйым уәкілетті органға қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды бере отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішті заңды тұлғаны қайта рәсімдеу туралы анықтама берілген күннен бастап бір ай ішінде береді.
      16. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді не дәлелді түрде бас тартады.
      Бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік жарамсыз деп танылады және уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымдардың деректер базасына тиісті ақпарат енгізеді.
      17. Берілген аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда бұрын аккредиттелген ұйым уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасын беру туралы өтініш береді.
      Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      18. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар жөніндегі деректер базасына аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы тиісті жазба жүргізеді.

Верификацияны, валидацияны   
(детерминацияны) және парниктік 
газдарды түгендеу туралы есепті
растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеу     
қағидаларына 1-қосымша     

Өтініш

_____________________________________________________________________
                         (ұйымның атауы)

кәсіби қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыру үшін:
_____________________________________________________________________
          (осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көрсетіледі)

мынадай салалар бойынша жұмыстарды жүргізе отырып,
_____________________________________________________________________
      (осы Қағидалардың 4-5-тармақтарына сәйкес көрсетіледі)

аккредиттеуден өткізуді сұраймын.
      Қосымшалар:
      «__» _________ 20___ ж.
      Басшы _________________________________________________________
                (мөрдің орны) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Верификацияны, валидацияны   
(детерминацияны) және парниктік 
газдарды түгендеу туралы есепті
растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеу     
қағидаларына 2-қосымша     

Кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша
жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі

р

Қызметкердің Т.А.Ә.

Тұратын жері

Жобаларды, парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау бойынша жүргізілген ұйымның атауын көрсете отырып, кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеуге арналған бұрынғы жұмыс тәжірибесі

Қызметкердің қолы

1.






Верификацияны, валидацияны   
(детерминацияны) және парниктік 
газдарды түгендеу туралы есепті
растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеу     
қағидаларына 3-қосымша     

Ұйымды аккредиттеу туралы
куәлік

      Астана қаласы                           20__ ж. «___» _________

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 158-4-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
                          (ұйымның атауы)

мынадай кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыру үшін
_____________________________________________________________________

мынадай салалар бойынша жұмыстарды жүргізе отырып
_____________________________________________________________________

аккредиттеледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
      М.О
      Серия ______ №____________

Об утверждении Правил аккредитации независимых организаций, осуществляющих верификацию, валидацию (детерминацию) и подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 215. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2015 года № 11061. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 215

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 24.05.2016 № 215.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 158-4 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила аккредитации независимых организаций, осуществляющих верификацию, валидацию (детерминацию) и подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов.
      2. Департаменту по изменению климата Министерства энергетики Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодические печатные издания и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
      Республики Казахстан                       В. Школьник

«СОГЛАСОВАН»
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
_____________________ А. Исекешев
«__»___________2015 год


«СОГЛАСОВАН»
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
_____________________ Е. Досаев
«__»___________2015 год

«СОГЛАСОВАН»
Исполняющий обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
______________ М. Кусаинов
«__»___________2015 год

Утверждены           
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан    
от 18 марта 2015 года № 215

Правила аккредитации независимых организаций, осуществляющих
верификацию, валидацию (детерминацию) и подтверждение отчета
об инвентаризации парниковых газов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации независимых организаций, осуществляющих верификацию, валидацию (детерминацию) и подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов (далее - Правила), разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 158-4 Экологического кодекса Республики Казахстан и определяют порядок проведения аккредитации независимых организаций, осуществляющих профессиональную верификационную и валидационную (детерминационную) деятельность в области сокращения выбросов и поглощений парниковых газов, а также подтверждения отчета об инвентаризации парниковых газов.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) аккредитация – процедура официального признания уполномоченным органом в области охраны окружающей среды компетентности независисмой организации выполнять профессиональную верификационную и валидационную (детерминационную) деятельность в области сокращения выбросов и поглощений парниковых газов, а также подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов;
      2) валидация (детерминация) – проверка использования методик и порядка подготовки проектных решений и документации в рамках разработки проектов по сокращению выбросов и поглощению парниковых газов на предмет соответствия требованиям, установленным международными договорами Республики Казахстан, осуществляемая независимой аккредитованной организацией;
      3) верификация – процесс подтверждения данных относительно сокращения объемов выбросов парниковых газов, который осуществляется в соответствии с принятыми национальными и международными стандартами в области сокращения выбросов парниковых газов независимой аккредитованной организацией;
      4) подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов – процесс подтверждения независимой аккредитованной организацией объемов выбросов парниковых газов, заявленных природопользователем в предоставляемом на рассмотрение уполномоченного органа в области охраны окружающей среды отчете о фактическом объеме выбросов парниковых газов за отчетный период.
      3. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды (далее – уполномоченный орган) проводит аккредитацию независимых организаций, осуществляющих профессиональную верификационную и валидационную (детерминационную) деятельность в области сокращения выбросов и поглощений парниковых газов, а также подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов и формирует базу данных аккредитованных организаций, получивших свидетельства об аккредитации, а также прекративших действие свидетельств, которая размещается на его интернет-ресурсах.

2. Порядок проведения аккредитации

      4. Аккредитация организаций, осуществляющих подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов, проводится по следующим областям их профессиональной деятельности (отраслям экономики, подпадающим под требования по квотированию выбросов парниковых газов):
      1) нефтегазовая отрасль;
      2) энергетика;
      3) горно-металлургическая отрасль;
      4) химическая отрасль;
      5) сельское хозяйство;
      6) транспорт.
      5. Аккредитация организаций, осуществляющих верификацию, валидацию (детерминацию), проводится по следующим областям профессиональной деятельности (отрасли экономики, в которых реализуются соответствующие проекты):
      1) горно-металлургическая (в части проектов утилизации шахтного метана);
      2) сельское хозяйство;
      3) жилищно-коммунальное хозяйство;
      4) лесное хозяйство и озеленение;
      5) предотвращение деградации земель;
      6) возобновляемые источники энергии;
      7) переработка коммунальных и промышленных отходов;
      8) транспорт;
      9) энергоэффективное строительство.
      6. Для прохождения аккредитации юридические лица представляют уполномоченному органу следующие документы:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) копии учредительных документов: устава организации, свидетельства о государственной регистрации в качестве юридического лица или справке об учетной регистрации филиала*;
      Примечание: свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица;
      3) документы, подтверждающие международное признание квалификации организации, или наличие не менее двух сотрудников, каждый из которых обладает не менее чем двухлетним подтвержденным опытом профессиональной деятельности по заявленным областям профессиональной деятельности, указанным в пунктах 45 настоящих Правил:
      наличие опыта у организации международной признанной квалификации по заявленным для аккредитации областям профессиональной деятельности подтверждается документом об аккредитации Наблюдательным комитетом по совместному осуществлению Рамочной конвенции Организации Объединенных Наций об изменении климата или документом от Наблюдательного комитета по управлению проектами механизма чистого развития или документом об аккредитации на проведение верификации и валидации в странах Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР);
      наличие сотрудников и их опыта работы по заявленным для аккредитации видам и областям профессиональной деятельности подтверждается трудовыми договорами, заключенными с организацией на момент подачи заявления на проведение аккредитации и предшествующими договорами, подтверждающими не менее чем двухлетний опыт сотрудников. При этом один и тот же специалист не может быть заявлен в качестве сотрудника двумя или несколькими независимыми организациями;
      4) список сотрудников организации, которые будут осуществлять работы по заявленным видам и областям профессиональной деятельности, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Уполномоченный орган в течение двух рабочих дней с момента получения документов юридического лица проверяет полноту представленных документов. В случае установления факта неполноты представленных документов, уполномоченный орган в указанные сроки дает письменный мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления. В случае истечения срока рассмотрения полноты документов, неполный пакет документов не является основанием для отказа в рассмотрении заявления.
      7. По итогам рассмотрения документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил, уполномоченный орган в срок, не превышающий пятнадцати календарных дней со дня подачи заявления, выдает свидетельство об аккредитации организации, либо мотивированный отказ.
      8. Решение об отказе в аккредитации принимается в случае, если в представленных документах содержатся недостоверные сведения или не подтверждается квалификация сотрудников организации.
      9. Свидетельство об аккредитации оформляется по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      10. Уполномоченный орган указывает в свидетельстве об аккредитации вид (виды) и область (области) профессиональной деятельности, на которые оно выдается.
      11. Свидетельство об аккредитации выдается юридическому лицу либо его уполномоченному представителю под роспись на основании доверенности от юридического лица, оформленной в соответствии с требованиями, установленными законодательством Республики Казахстан.
      12. Свидетельство об аккредитации прекращает свое действие в случаях:
      1) реорганизации или ликвидации юридического лица;
      2) письменного заявления организации о прекращении профессиональной деятельности, по которой выдано свидетельство об аккредитации;
      3) истечения срока действия свидетельства об аккредитации.
      13. В случаях прекращения действия свидетельства об аккредитации, уполномоченный орган производит соответствующую запись в базе данных по независимым аккредитованным организациям.
      14. В случаях, указанных в пунктах 7 и 16 настоящих Правил, если уполномоченный орган не выдает (не переоформляет) свидетельство об аккредитации либо не предоставляет мотивированный отказ в установленный срок, то решение об аккредитации (о переоформлении свидетельства об аккредитации) считается полученным заявителем и в базу данных по независимым аккредитованным организациям вносится соответствующая запись.
      В данном случае уполномоченный орган выдает свидетельство об аккредитации в течение пяти календарных дней после истечения срока, установленного для выдачи свидетельства об аккредитации.

3. Приостановление, возобновление действия свидетельства
об аккредитации

      15. Свидетельство об аккредитации подлежит переоформлению в случае перерегистрации (изменения наименования) юридического лица. Аккредитованная организация подает заявление в уполномоченный орган о переоформлении свидетельства об аккредитации с приложением документов, подтверждающих необходимость переоформления, в течение одного месяца со дня выдачи справки о перерегистрации юридического лица.
      16. Уполномоченный орган не позднее пяти календарных дней со дня подачи соответствующего письменного заявления переоформляет свидетельство об аккредитации либо предоставляет мотивированный отказ.
      Свидетельство об аккредитации, выданное ранее, признается недействительным, и уполномоченным органом вносится соответствующая информация в базу данных независимых аккредитованных организаций.
      17. В случае утери или порчи выданного свидетельства об аккредитации, ранее аккредитованная организация подает заявление о представлении дубликата свидетельства об аккредитации в уполномоченный орган.
      Уполномоченный орган не позднее трех рабочих дней со дня подачи заявления выдает дубликат свидетельства об аккредитации.
      18. Приостановление свидетельства об аккредитации осуществляется в соответствии со статьей 330 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      19. По истечении срока приостановления действия свидетельства об аккредитации уполномоченный орган производит соответствующую запись о возобновлении действия свидетельства об аккредитации в базе данных по независимым аккредитованным организациям.

Приложение 1     
к Правилам аккредитации 
независимых организаций,
осуществляющих верификацию,
валидацию (детерминацию)
и подтверждение отчета
об инвентаризации   
парниковых газов  

форма        

                                Заявление

      Прошу провести аккредитацию
      _______________________________________________________________
                        (наименование организации)
      для осуществления следующих видов профессиональной
деятельности:
_____________________________________________________________________
        (указываются в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил)
      с проведением работ по следующим областям:
_____________________________________________________________________
      (указываются в соответствии с пунктами 4-5 настоящих Правил)

      Приложения:
      « » 20__ г.
      Руководитель
      _______________________________________________________________
      (место печати) (подпись) (Ф.И.О.)

Приложение 2     
к Правилам аккредитации 
независимых организаций,
осуществляющих верификацию,
валидацию (детерминацию)
и подтверждение отчета
об инвентаризации   
парниковых газов  

  Список сотрудников организации, которые будут осуществлять
    работы по заявленным видам и областям профессиональной
                        деятельности

№, п/п

Ф.И.О сотрудника

Место проживания

Предыдущий опыт работы по заявленным для аккредитации видам и областям профессиональной деятельности с указанием проектов, названий организаций, по которым проводилось подтверждение отчета об инвентаризации парниковых газов

Подпись сотрудника






к Правилам аккредитации 
независимых организаций,
осуществляющих верификацию,
валидацию (детерминацию)
и подтверждение отчета
об инвентаризации   
парниковых газов  

форма        

                           Свидетельство
                     об аккредитации организации

г. Астана                                         « » 20___ г.

      В соответствии со статьей 158-4 Экологического кодекса
Республики Казахстан
________________________________________________________________
                  (наименование организации)
аккредитуется для осуществления следующих видов профессиональной
деятельности по:
________________________________________________________________
с проведением работ по следующим областям:
________________________________________________________________
Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды

М. П.

      Серия ____    № ____________