Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 123-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 маусымда № 8497 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2015 № 502 (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысаны бекітілсін.
      2. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілізімінде № 7692 тіркелген, 2012 жылғы 11 тамыздағы № 495-500 (27573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Н. Қаппаров

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрағасы
      __________ Ә. Смайылов
      15 мамыр 2013 жыл

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 15 мамырдағы   
№ 123-ө бұйрығымен бекітілген 
нысан            

Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп

1. Ұйымның толық атауы бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________
2. Ұйымның заңды мекен-жайы ________________________________________
3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат нөмірі ______________
4. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша парниктік газдар шығарындыларын квоталау іске асырылатын қызмет түрі _____________________________________________________________________
5. Парниктік газдарды түгендеу бойынша есепке жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты – бар болған жағдайда (бұдан әрі - Т.А.Ә.))__________________
6. Жауапты тұлғаның байланыстары ______________________________
7. Есептік кезең ______________________________________________
8. Есептік кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларының нақты көлемі (квоталауға жататын парниктік газдар шығарындыларының көлемі расталады)

Қондырғы №

Қондырғы атауы

Көміртегі қос тотығы шығарындыларының көлемі, тонна

Метан шығарындыларының көлемі

Азот қышқылы шығарындыларының көлемі

Перфторкөміртегі шығарындыларының көлемі

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентінде

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентінде

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентінде



















Көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі








Көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі


9. Есептік кезеңдегі көліктен, биомассаны немесе биоотынды жағудан парниктік газдар шығарындыларының нақты көлемі (квоталауға жататын парниктік газдар шығарындыларының көлемі расталады)

Қондырғы атауы

Қондырғының сипаты және саны

Көміртегі қос тотығы шығарындыларының көлемі, тонна

Метан шығарындыларының көлемі

Азот қышқылы шығарындыларының көлемі

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентінде

тонна

көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентінде

Көлік







Биомассаны немесе биоотынды жағу







Көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі






Көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі


10. Қолданылған есептеу әдістемелері __________________________
11. Есептеулер үшін қолданылған коэффициенттер

Қондырғы №

Қондырғы атауы

Парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын тұтынылған отын, өзге қызметтің нақты көлемі

Есептеулер үшін қолданылған коэффициенттер

Нетто мәніндегі жылу шығару коэффициенті, тоннасына терраДжоуль

Қышқылдану коэффициенті (отын жаққан жағдайда) немесе өзгерту коэффициенті (өнеркәсіптік процесстер жағдайында)

Көміртегі шығарындылары коэффициенті, терраДжоульге тонна













12. Базалық жылмен салыстырғанда есептік кезеңдегі қондырғылардың деректерінің өзгеруі

Операция түрі

Саны (дана, өндіріс көлемі, көміртегі қос тотығы тоннасы эквивалентіндегі шығарындылардың көлемі)

Ескертпе




сатып алу



иесіздендіру



аутсорсинг



өндірісті қысқарту



өндірісті кеңейту



парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды жүзеге асыру (ПГ көлемі)



есептеу әдістемелігінің өзгеруі (ия/жоқ)



басқалар



13. Қызмет бойынша деректердің дәлсіздіктерінің мөлшерлік бағасы туралы мәліметтер _______________
14. Көміртектік бірліктер бойынша деректер (алынған, сатып алынған, иесіздендірілген және берілген)

Көміртегі бірлік түрі

Есептік кезеңге алынғандары

Есептік кезеңде сатып алынғандары

Есептік кезеңде иесіздендірілгендері

Есептік кезеңде квотаны өтеу үшін берілгендері

Квоталар бірліктері





Ішкі қысқарту бірліктері





Барлығы





15. Ұйым басшысының қолы (Т.А.Ә.), мөр
16. ________________________________________________ расталған
1) Верификацияны жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, БСН;
2) Аккредитация туралы куәліктің нөмірі, сериясы, күні;
3) Ұйымның заңды мекенжайы;
4) Телефон, факс;
5) Электрондық пошта;
6) Басшының Т.А.Ә.;
7) Верификацияға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.;
8) Парниктік газдар шығарындылары келесі көлемде расталады ма: көміртегі қос тотығының _______ тонна эквивалентінде;
9) Ұйым басшысының қолы (Т.А.Ә.), мөр. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады