Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 215 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «__»________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________________ Е. Досаев
2015 жылғы «____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________ М. Құсайынов
2015 жылғы «__» __________________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 215 бұйрығымен
бекітілген
Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік
газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын
тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-4-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды орындауға тәуелсіз ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
2) валидация (детерминация) – аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;
3) верификация – парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында аккредиттелген тәуелсіз ұйым қабылдаған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі;
4) парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау – табиғат пайдаланушы мәлімдеген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепте ұсынылатын парниктік газдар шығарындыларының көлемін аккредиттелген тәуелсіз ұйымның растау процесі;
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді және өзінің интернет-ресурстарында орналастырылатын аккредиттеу туралы куәлікті алған, сондай-ақ куәліктерінің қолданысы тоқтатылған аккредиттелген ұйымдардың деректер қорын қалыптастырады.
2. Аккредиттеуді өткізу тәртібі
4. Парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу олардың кәсіби қызметінің мынадай салалары (парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына жатқызылатын экономика салалары) бойынша жүргізіледі:
1) мұнай-газ саласы;
2) энергетика;
3) тау-кен металлургия саласы;
4) химия саласы;
5) ауыл шаруашылығы;
6) көлік.
5. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу кәсіби қызметтің мынадай салалары бойынша (тиісті жобалар іске асырылатын экономика салалары) жүргізіледі:
1) тау-кен металлургия (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығы;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
4) орман шаруашылығы және көгалдандыру;
5) жердің жұтаңдауының алдын алу;
6) жаңартылатын энергия көздері;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;
8) көлік;
9) энергия тиімді құрылыс.
6. Заңды тұлғалар аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері: ұйым жарғысы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі немесе анықтама немесе филиалды есептік тіркеу туралы анықтама*;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3) ұйымдардың біліктілігін халықаралық танылғандығын немесе осы Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көрсетілген кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша әр қайсысының екі жылдан кем емес расталған кәсіби қызмет тәжірибесі бар кемінде екі қызметкердің болуын растайтын құжат:
ұйымдарда кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша аккредиттеу үшін халықаралық танылған біліктілік тәжірибесінің болуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Бақылаушы комитеттің аккредиттеу туралы құжатымен немесе Бақылаушы комитеттен таза даму тетігінің жобаларын басқару бойынша құжатымен немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҚ) елдерінде верификация және валидация жүргізуге аккредиттеу туралы құжатымен расталады;
кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеу үшін қызметкерлердің және олардың жұмыс тәжірибесінің болуы өтініш беру кезінде аккредиттеу жүргізуге ұйыммен қол қойылған еңбек келісім шарттарымен және қызметкерлердің екі жылдан кем емес тәжірибесін растайтын алдындағы келісім шарттарымен расталады. Бұл ретте сол бір маман екі немесе бірнеше тәуелсіз ұйымның қызметкері ретінде өтініш бермейді.
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі.
Уәкілетті орган заңды тұлғаның құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Құжаттардың толықтығын қарауға арналған мерзім аяқталғаннан кейін өтініш берушінің құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
7. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша өтініш тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе дәлелді түрде бас тартады.
8. Ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы шешім егер ұсынылған құжаттарда дәйексіз мәліметтер болған немесе ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігі расталмаған жағдайда қабылданады.
9. Ұйымның аккредиттеу туралы куәлігі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
10. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікте берілетін кәсіби қызметтің түрін (түрлерін) және саласын (салаларын) көрсетеді.
11. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаға немесе заңды тұлғаларының атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде уәкілетті өкіліне қолын қойғызып беріледі.
12. Аккредиттеу туралы куәлік:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған;
2) аккредиттеу туралы куәлік алған ұйымның кәсіби қызметін тоқтату туралы жазбаша өтініші;
3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен.
13. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар жөніндегі деректер базасына тиісті жазба жүргізеді.
14. Осы Қағидалардың 7 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда егер уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бермесе (қайта рәсімдемесе) немесе белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту ұсынбаса, онда аккредиттеу туралы (аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу туралы) шешімді өтінім беруші алды деп есептеледі және аккредиттелген ұйымдар жөніндегі деректер базасына тиісті жазба енгізіледі.
Бұл жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді.
3. Аккредитеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру,
қайта қалпына келтіру
15. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлға қайта тіркелген (атауы өзгерген) жағдайда қайта ресімдеуге жатады. Аккредиттелген ұйым уәкілетті органға қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды бере отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішті заңды тұлғаны қайта рәсімдеу туралы анықтама берілген күннен бастап бір ай ішінде береді.
16. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді не дәлелді түрде бас тартады.
Бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік жарамсыз деп танылады және уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымдардың деректер базасына тиісті ақпарат енгізеді.
17. Берілген аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда бұрын аккредиттелген ұйым уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасын беру туралы өтініш береді.
Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
18. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар жөніндегі деректер базасына аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы тиісті жазба жүргізеді.
Верификацияны, валидацияны
(детерминацияны) және парниктік
газдарды түгендеу туралы есепті
растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша
Өтініш
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
кәсіби қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыру үшін:
_____________________________________________________________________
(осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көрсетіледі)
мынадай салалар бойынша жұмыстарды жүргізе отырып,
_____________________________________________________________________
(осы Қағидалардың 4-5-тармақтарына сәйкес көрсетіледі)
аккредиттеуден өткізуді сұраймын.
Қосымшалар:
«__» _________ 20___ ж.
Басшы _________________________________________________________
(мөрдің орны) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Верификацияны, валидацияны
(детерминацияны) және парниктік
газдарды түгендеу туралы есепті
растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 2-қосымша
Кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша
жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі
р |
Қызметкердің Т.А.Ә. |
Тұратын жері |
Жобаларды, парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау бойынша жүргізілген ұйымның атауын көрсете отырып, кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеуге арналған бұрынғы жұмыс тәжірибесі |
Қызметкердің қолы |
1. |
Верификацияны, валидацияны
(детерминацияны) және парниктік
газдарды түгендеу туралы есепті
растауды жүзеге асыратын тәуелсіз
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 3-қосымша
Ұйымды аккредиттеу туралы
куәлік
Астана қаласы 20__ ж. «___» _________
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 158-4-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
мынадай кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыру үшін
_____________________________________________________________________
мынадай салалар бойынша жұмыстарды жүргізе отырып
_____________________________________________________________________
аккредиттеледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
М.О
Серия ______ №____________