Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды және Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11062 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 336-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.05.2021 № 336-НҚ (01.07.2021 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ________________ И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 8 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 15 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 170 бұйрығына
1–қосымша

Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды
ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі
қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған және құзыретті органның техникалық хатшылығы жүзеге асыратын көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру тәртібін анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дайындаушы - өткізу не жекеменшік пайдалану үшін айналымға шығару ниетімен көлік құралын (шассиді) немесе оның құрауыштарын дайындауды жүзеге асыратын тұлға;

      2) көлік құралының санаты – "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарды белгілеу мақсатында қолданылатын көлік құралының жіктеу сипаттамасы;

      3) көлік құралының типін мақұлдау - бір типке жататын айналымға шығарылған көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      4) көлік құралының (шассидің) типі - бір дайындаушы дайындаған, техникалық сипаттауда белгіленген жалпы конструктивтік белгілері бар көлік құралдары (шассиі);

      5) құзыретті орган – 1958 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасалған (бұдан әрі - 1958 жылғы Женева келісімі), Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім және КО ТР 018/2011 шеңберінде құзыретті органның қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;

      6) сәйкессіздік - белгіленген талаптың орындалмауы;

      7) сәйкестендіру - көлік құралында (шассиде) немесе оның компоненттерінде бар зауыттық таңбаның және көлік құралын (шассиді) және оның компоненттерін бөлшектемей өткізілетін өтініш беруші тапсырған құжаттамадағы немесе сәйкестікті растайтын құжаттардағы деректердің бірдейлігін белгілеу;

      8) техникалық қызмет - 1958 жылғы Женева келісімі шеңберінде көлік құралының типін ресми бекітуге арналған сынақты жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйым;

      9) техникалық хатшылық – көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

      10) типтің ресми бекітілгені туралы хабарлама – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық кеңесі қағидаларының талаптарына көлік құралдарының немесе оның компоненттерінің сәйкестігін куәландыратын, 1958 жылғы Женева келісімі негізінде берілетін құжат;

      11) шасси типін мақұлдау - бір типке жататын айналымға шығарылатын шассидің КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

2. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін
мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру
тәртібі

      3. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеруді құзыретті органның техникалық хатшылығы жүзеге асырады.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қағаз және электрондық тасымалдағышта (PDF форматында) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының қолы және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі бар көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың түпнұсқасы;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының қолдары және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі бар көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың көшірмесі (көшірме қол қойылмаған және мөртабан басылмаған құжаттан құжатты бланкіге шығарғаннан кейін көшіріледі, содан кейін құжаттың түпнұсқасына қол қойылады және ұқсас мөртабан басылады);

      3) сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге берілетін өтінімнің көшірмесі;

      4) өтінім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган шешімінің көшірмесі;

      5) сәйкестікті растау жөніндегі орган қорытындысының көшірмесі (ұсынылған құжатты ресімдеу кезінде қолданылатын рәсімге байланысты КО ТР 018/2011 40, 60, 65-тармақтарына сәйкес);

      6) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының ережелерін ескере отырып ресімделген көлік құралдарының (шассидің) жалпы техникалық сипаттамасының көшірмесі;

      7) дайындаушының өндіріс жағдайын тексеру нәтижелері туралы сәйкестікті растау жөніндегі орган актісінің көшірмесі (көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды берер алдында тексерген жағдайда) немесе дайындаушының өндіріс жағдайын тексеруді талдау материалы, егер осындай тексеріс өткізілсе;

      8) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.3-тармағына сәйкес, құжаттардың көшірмесі (басқа тараптың дайындаушысынан сатып алынатын шассидің немесе көлік құралдарының негізінде дайындалатын көлік құралдарының сәйкестігін бағалау кезінде);

      9) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.4-тармағына сәйкес құжаттардың көшірмесі (құрастырылуы өнеркәсіптік құрастыру режимінде құрастыру жиынтықтарынан жүзеге асырылатын көлік құралының типіне қатысты, бұрын сәйкестігін бағалау жүргізілген басқа өндірістің жағдайында дайындалатын конструктивтік ұқсамаларға қатысты алғаш өткізілетін сәйкестігін бағалау кезінде);

      10) аккредиттелген сынақ зертханасы ресімдеген, КО ТР 018/2011 32-тармағында көзделген, жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамасының көшірмесі (ресімдеу кезінде);

      11) көлік құралының типін мақұлдауларды ресімдеу кезінде жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелері хаттамасының көшірмелері;

      12) техникалық қызмет болып табылмайтын сынақ зертханасы ресімдеген немесе ресімдемеген жағдайда, сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын, көлік құралының типін мақұлдауларды ресімдеу негізі болып табылатын дәлелдемелік материалдардың көшірмелерін (типті ресми бекіту туралы хабарлама, сәйкестік сертификаты, 92/23/ЕЕС 2001/43/ЕС и 2005/11/ЕС Директивалармен енгізілген өзгерістерімен Еуропалық Одақ директивасы бойынша сынақтардың хаттамасы) және белгіленген талаптарға мәлімделген көлік құралдарының (шассидің) сәйкестік сертификаттарын ресімдеу үшін негіз болып табылатын конструкцияларды сынау немесе сараптама жүргізу хаттамаларының көшірмелерін ұсынады.

      Осы құжаттар КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.1.2.2-тармағын ескере отырып, егер оларды техникалық қызметтер бермеген жағдайда, ғана ұсынылады;

      13) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасының көшірмесі.

      Барлық ұсынылатын көшірмелерді сәйкестікті растау жөніндегі орган куәландыруға тиіс.

      5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚТМ, ШТМ тіркеу журналында көлік құралының типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар электронды түрде тіркеледі.

      6. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеруді олардың техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде техникалық хатшылық жүзеге асырады.

      7. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру кезінде техникалық хатшылық тексереді:

      1) Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын;

      2) 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 232 Еуразиялық экономикалық кеңес Алқасының шешімімен бекітілген, қауіпсіздік талаптарымен өзгерістер енгізілген көлік құралдары құрастырылымының сәйкестігі туралы куәліктердің және көлік құралы құрастырылымының қауіпсіздігі туралы куәліктердің, берілген техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы, Көлік құралының типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар бланкісін толтыру қағидаларына сәйкес көлік құралының типін мақұлдау бланкісі нысанынына толтырылу дұрыстығын;

      3) сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы декларацияларының берілу заңдылығын анықтау мақсатында, Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтар) мен сертификаттау жөніндегі органдардың Бірыңғай тізілімінде сәйкестікті растау жөніндегі органдардың болуы.

      8. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексерудің оң нәтижесі кезінде техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексерудің оң нәтижесі туралы еркін түрдегі анықтаманы бекіту үшін құзыретті органға көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды түпнұсқасымен бірге жібереді.

      9. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар Қағидалардың 7, 4 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға күнтізбелік он бес күн ішінде қайтарады.

  Көлік құралының типін
мақұлдауларды, шасси типін
мақұлдауларды ресімдеу
дұрыстығын және негізділігін
тексеру жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

Көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін
мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы

Сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге арналған өтінімді тіркеу нөмірі және күні

… … №

Көлік құралының/шассидің таңбасы, типі

Көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету

Көлік құралының/шассидің санаты

Көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың нөмірі

Қолданылу мерзімі

… бастап … дейін

Өтініш беруші

Көлік құралын дайындаушы /

Дайындаушының өкілі - көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету

Дайындаушы

көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету

Аталған типті көлік құралына бұрын берілген көлік құралының типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар

бұрын берілген құжаттың нөмірін көрсету /

КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін берілген / берілмеген

Рәсімнің ерекшеліктері

түзету / тарату / ұзарту /

көлік құралының типін мақұлдаулардың / шасси типін мақұлдаулардың 3 жылға дейінгі мерзіммен / КО ТР 018/2011 35 т. сәйкес бір жылға дейін қолдану мерзімімен /

КО ТР 018/2011 35 т. сәйкес КО шағын партиясына / КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін берілген КО шағын партиясына/ КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін... дейінгі мерзіммен (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету)

жеке шығарылатын көлік құралдары /

көлік құралы (шасси) негізінде шығарылатын /

құрастыру жинақтарынан алынған өнеркәсіптік құрастыру режимінде дайындалған

Көлік құралын/шассиді дайындаушыны тіркейтін ел

1958 ж. Женева келісімінің қағдаласушы тарабы

болып табылады /

1958 ж. Женева келісімінің қағдаласушы тарабы

болып табылмайды.

Өндіріс жағдайларының болуы туралы ақпарат

сертификатталған сапа менеджменті жүйесі,

өндіріс жағдайларын тексеру,

дайындаушының инспекциялық тексеру актілері,

өндіріс жағдайларының сипаттамасын талдау,

(нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету)

Сертификаттау жөніндегі органмен келісілген бақылау сынақтарын жүргізу жоспарының болуы

талап етілмейді / келісілді

Сәйкестендіру және сынақ нәтижелері хаттамасының болуы

иә / жоқ

Тіркелген күні

...

Сарапшы

Т.А.Ә.А.

(Қолы)

құзыреттілігін растайтын құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі


      Сәйкестікті растау жөніндегі

      орган басшысы

      қолы Т.А.Ә.А.

      М.О.

      Ескертпе:

      Сәйкестендіру карточкасы бір парақта орналасатындай форматтағы қаріп таңдалады.

  Көлік құралының типін
мақұлдауларды, шасси типін
мақұлдауларды ресімдеу
дұрыстығын және негізділігін
тексеру жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

      Нысан

Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды
тіркеуге арналған журнал

р/с

Көлік құрылының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау

Сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы

Өтінім беруші және оның мекенжайы

Көлік құралының таңбасы

Көлік құралының коммерциялық атауы

Көлік құралының типі

Көлік құралының санаты

Техникалық хатшылыққа келіп түскен күні

Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеруді аяқтау күні

Тексеру мәртебесі

1.































2.































  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 170 бұйрығына
2–қосымша

Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды
бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған және көлік құралының типін мақұлдауларды шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу тәртібін анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) көлік құралының типін мақұлдау - "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (бұдан әрі - КО ТР 018/2011) талаптарына бір типке жататын, айналымға шығарылған көлік құралдарының сәйкестігін куәландыратын құжат;

      2) құзыретті орган – 1958 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасалған, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім және КО ТР 018/2011 шеңберінде құзыретті органның қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;

      3) техникалық хатшылық - көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

      4) шасси типін мақұлдау - бір типке жататын айналымға шығарылған шассидің КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер КО ТР 018/2011 сәйкес қолданылады.

2. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін
мақұлдауларды бекіту және тіркеу тәртібі

      3. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеуді құзыретті орган орындайды.

      4. Техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу үшін құзыретті органға сәйкестілікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының қолдары қойылған және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі басылған көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың түпнұсқасын ұсынады.

      5. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде құзыретті орган жүзеге асырады.

      6. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіткеннен соң құзыретті орган көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың түпнұсқасын берілген көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердің және 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы тіркелген хабарламалардың бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу үшін және одан әрі өтінім берушіге беруге сәйкестікті растау жөніндегі органға ұсыну үшін техникалық хатшылыққа жібереді.

      7. Техникалық хатшылық Бірыңғай тізілімге көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың бекіту нөмірі мен күнін енгізеді, сондай-ақ бекітілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өзінің интернет-ресурсында көрсетілген ақпаратты орналастырады.

Об утверждении Правил по утверждению и регистрации одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси и Правил по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 170. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2015 года № 11062. Утратил силу приказом Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 14 мая 2021 года № 336-НҚ,

      Сноска. Утратил силу приказом Министра торговли и интеграции РК от 14.05.2021 № 336-НҚ (вводится в действие с 01.07.2021).

      В соответствии с подпунктом 3-1) части первой, подпунктом 9) части третьей статьи 7 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила по утверждению и регистрации одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Канешев Б.Б.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Рау А.П.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ________________ Б. Султанов

      30 марта 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр обороны

      Республики Казахстан

      ________________ И. Тасмагамбетов

      8 апреля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      ________________ К. Касымов

      15 апреля 2015 года


  Приложение 1
к приказу исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 24 февраля 2015 года
№ 170

Правила
по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси (далее – Правила) приняты в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" и определяют порядок проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси, осуществляемой техническим секретариатом компетентного органа.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) изготовитель - лицо, осуществляющее изготовление транспортного средства (шасси) или его компонентов с намерением выпуска их в обращение для реализации либо собственного пользования;

      2) категория транспортного средства – классификационная характеристика транспортного средства, применяемая в целях установления требований в техническом регламенте Таможенного союза ТР ТС 018/2011 "О безопасности колесных транспортных средств", утвержденном Решением Евразийской экономической комиссии от 9 декабря 2011 года № 877 "О принятии технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (далее – ТР ТС 018/2011);

      3) одобрение типа транспортного средства - документ, удостоверяющий соответствие выпускаемых в обращение транспортных средств, отнесенных к одному типу, требованиям ТР ТС 018/2011;

      4) тип транспортного средства (шасси) – транспортные средства (шасси) с общими конструктивными признаками, зафиксированными в техническом описании, изготовленные одним изготовителем;

      5) компетентный орган – уполномоченный государственный орган, осуществляющий функции компетентного органа в рамках Соглашения о принятии единообразных технических предписаний для колесных транспортных средств, предметов оборудования и частей, которые могут быть установлены и (или) использованы на колесных транспортных средствах, и об условиях взаимного признания официальных утверждений, выдаваемых на основе этих предписаний, заключенного в городе Женева 20 марта 1958 года (далее – Женевское соглашение 1958 года) и ТР ТС 018/2011;

      6) несоответствие - невыполнение установленного требования;

      7) идентификация - установление тождественности заводской маркировки, имеющейся на транспортном средстве (шасси) и его компонентах, и данных, содержащихся в представленной заявителем документации либо в удостоверяющих соответствие документах, проводимое без разборки транспортного средства (шасси) или его компонентов;

      8) техническая служба - уполномоченная организация по проведению испытаний для официального утверждения типа транспортного средства в рамках Женевского соглашения 1958 года;

      9) технический секретариат – организация, определяемая уполномоченным органом на осуществление деятельности по проверке правильности и обоснованности оформления одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси;

      10) сообщение об официальном утверждении типа - документ, выдаваемый на основании Женевского соглашения 1958 года, удостоверяющий соответствие транспортного средства или его компонента требованиям Правил Европейской экономической комиссии Организации Объединенных Наций;

      11) одобрение типа шасси - документ, удостоверяющий соответствие выпускаемых в обращение шасси, отнесенных к одному типу, требованиям ТР ТС 018/2011.

2. Порядок проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

      3. Проверку правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси осуществляет технический секретариат компетентного органа.

      4. Орган по подтверждению соответствия представляет на бумажном и электронном носителях (в формате PDF) следующие документы:

      1) оригинал одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси с подписями руководителя органа по подтверждению соответствия или уполномоченного им лица и печатями органа по подтверждению соответствия;

      2) копия одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси с подписями руководителя органа по подтверждению соответствия или уполномоченного им лица и печатями органа по подтверждению соответствия (копия снимается с неподписанного и не проштампованного документа после распечатки документа на бланках, после чего копия подписывается и проштамповывается аналогично оригиналу документа);

      3) копия заявки на проведение работ по оценке соответствия;

      4) копия решения органа по подтверждению соответствия по заявке;

      5) копия заключения органа по подтверждению соответствия (согласно пунктам 40, 60, 65 ТР ТС 018/2011 в зависимости от применяемой при оформлении представленного документа процедуры);

      6) копия общего технического описания транспортных средств (шасси), оформленное с учетом положений приложения № 12 ТР ТС 018/2011;

      7) копия акта органа по подтверждению соответствия о результатах проверки условий производства изготовителя (в случае проверки перед выдачей одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси) или материала анализа проверки условий производства изготовителя, если такая проверка проводилась;

      8) копии документов в соответствии с пунктом 1.3 приложения № 12 ТР ТС 018/2011 (при оценке соответствия транспортных средств, изготавливаемых на базе шасси или транспортных средств, приобретаемых у стороннего изготовителя);

      9) копии документов в соответствии с пунктом 1.4 приложения № 12 ТР ТС 018/2011 (при оценке соответствия, впервые проводимой в отношении типа транспортного средства, сборка которого осуществляется из сборочных комплектов в режиме промышленной сборки, в отношении конструктивных аналогов которого, изготавливаемых в условиях другого производства, ранее была проведена оценка соответствия);

      10) копии протокола идентификации и результатов испытаний комплектного транспортного средства, оформленный аккредитованной испытательной лабораторией, предусмотренный пунктом 32 ТР ТС 018/2011 (при оформлении);

      11) копии протокола идентификации и результатов испытаний комплектного транспортного средства при оформлении одобрений типа транспортного средства;

      12) в случае не оформления или оформления испытательной лабораторией, не являющейся технической службой, орган по подтверждению соответствия представляет копии доказательственных материалов (сообщение об официальном утверждении типа, сертификат соответствия, протокол испытаний по Директиве Европейского Союза 92/23/ЕЕС с изменениями, внесенными Директивами 2001/43/ЕС и 2005/11/ЕС), подтверждающих соответствие продукции требованиям ТР ТС 018/2011, явившихся основанием для оформления одобрений типа транспортного средства и копии протоколов испытаний или экспертизы конструкции, явившихся основанием для оформления сертификатов соответствия заявленных транспортных средств (шасси) установленным требованиям.

      Данные документы предоставляются с учетом пункта 1.1.2.2 приложения № 12 ТР ТС 018/2011, но только в том случае, если они были выданы не техническими службами;

      13) копию идентификационной карточки одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Все предоставляемые копии должны быть заверены печатью органа по подтверждению соответствия.

      5. Одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси регистрируется в электронном виде в журнале регистрации одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      6. Проверка правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси осуществляется техническим секретариатом в течение тридцати рабочих дней, исчисляемых с даты их поступления в технический секретариат.

      7. При проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрения типа шасси технический секретариат проверяет:

      1) полноту представленных документов в соответствии с пунктом 4 Правил;

      2) правильность заполнения формы бланка одобрения типа транспортного средства в соответствии с Правилами заполнения бланков одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси, уведомления об отмене документа, удостоверяющего соответствие техническому регламенту, свидетельства о безопасности конструкции транспортного средства и свидетельства о соответствии транспортного средства с внесенными в его конструкцию изменениями требованиям безопасности, утвержденными решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 декабря 2014 года № 232;

      3) наличие органов по подтверждению соответствия в Едином реестре органов по сертификации и испытательных лабораторий (центров) Таможенного союза, в целях определения правомерности выдачи деклараций о соответствии и сертификатов соответствия.

      8. Технический секретариат при положительном результате проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси направляет справку в произвольной форме о положительном результате проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси вместе с оригиналом одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси в компетентный орган для утверждения.

      9. В случае неполноты представленных документов и (или) их несоответствия требованиям, установленным в пунктах 4, 7 Правил, технический секретариат возвращает представленные документы с приложением письменного мотивированного отказа в орган по подтверждению соответствия в течение пятнадцати календарных дней, исчисляемых с даты их поступления в технический секретариат.

  Приложение 1
к Правилам по проверке
правильности и обоснованности
оформления одобрений типа
транспортного средства,
одобрений типа шасси

      Форма

Идентификационная карточка
одобрения типа транспортного средства,
одобрения типа шасси

Номер и дата регистрации заявки на проведение работ по оценке соответствия

№ … от …

Марка, тип транспортного средства/шасси

указать сведения из соответствующих граф одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Категория транспортного средства/шасси

Номер одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Срок действия

с … по …

Заявитель

Изготовитель транспортных средств/Представитель изготовителя - указать сведения из соответствующей графы одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Изготовитель

указать сведения из соответствующей графы одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Ранее выданное одобрение типа транспортного средства, одобрение типа шасси на транспортные средства указанного типа

указать номер ранее выданного документа /…, выданное до вступления в силу ТР ТС 018/2011/не выдавалось

Особенности процедуры

исправление / распространение / продление /одобрений типа транспортного средства / одобрений типа шасси со сроком действия до 3-х лет / со сроком действия до одного года в соответствии с п. 35 ТР ТС 018/2011 / на малую партию ТС в соответствии с п. 35 ТР ТС 018/2011 /

выданного до вступления в силу ТР ТС 018/2011 на малую партию ТС / выданного до вступления в силу ТР ТС 018/2011 со сроком до ….

(скорректировать в зависимости от особенностей конкретного случая)

самостоятельно производимые транспортные средства /

производимые на базе транспортных средств (шасси) /

изготовленные в режиме промышленной сборки из сборочных комплектов

Страна регистрации изготовителя транспортного средства / шасси

является договаривающейся стороной

Женевского Соглашения 1958 г. /

не является договаривающейся стороной

Женевского Соглашения 1958 г.

Информация о наличии

условий производства

сертифицированная система менеджмента качества, проверка условий производства, акты инспекционной проверки изготовителя, анализ описания условий производства, (скорректировать в зависимости от особенностей конкретного случая)

Наличие согласованного с органом по сертификации плана проведения контрольных испытаний

не требуется / согласован

Наличие протокола идентификации и результатов испытаний

да / нет

Дата регистрации

...

Эксперт

Ф.И.О.

(Подпись)

номер документа, подтверждающего компетентность,

срок действия

      Руководитель органа по подтверждению

      соответствия подпись Ф.И.О.

      М.П.

      Примечание:

      Выбирается такой формат шрифта, чтобы идентификационная карточка разместилась на одном листе.

  Приложение 2
к Правилам по проверке
правильности и обоснованности
оформления одобрений типа
транспортного средства,
одобрений типа шасси

      Форма

Журнал регистрации одобрений типа транспортного средства,
одобрений типа шасси

№ п/п

№ одобрения типа транспортного средства, одобрения типа шасси

Наименование органа по подтверждению соответствия

Заявитель и его адрес

Марка транспортного средства

Коммерческое наименование транспортного средства

Тип транспортного средства

Категория транспортного средства

Дата поступления в технический секретариат

Дата окончания проверки правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси

Статус проверки

1.











2.











  Приложение 2
к приказу исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 24 февраля 2015 года
№ 170

Правила
по утверждению и регистрации одобрений
типа транспортного средства, одобрений типа шасси
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила по утверждению и регистрации одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси (далее – Правила) приняты в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" и определяют порядок утверждения и регистрации одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) одобрение типа транспортного средства - документ, удостоверяющий соответствие выпускаемых в обращение транспортных средств, отнесенных к одному типу, требованиям технического регламента Таможенного союза 018/2011 "О безопасности колесных транспортных средств", утвержденного Решением Евразийской экономической комиссии от 9 декабря 2011 года № 877 "О принятии технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (далее - ТР ТС 018/2011);

      2) компетентный орган – уполномоченный государственный орган, осуществляющий функции компетентного органа в рамках Соглашения о принятии единообразных технических предписаний для колесных транспортных средств, предметов оборудования и частей, которые могут быть установлены и (или) использованы на колесных транспортных средствах, и об условиях взаимного признания официальных утверждений, выдаваемых на основе этих предписаний, заключенного в городе Женева 20 марта 1958 года и ТР ТС 018/2011;

      3) технический секретариат - организация, определяемая уполномоченным органом на осуществление деятельности по проверке правильности и обоснованности оформления одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси;

      4) одобрение типа шасси - документ, удостоверяющий соответствие выпускаемых в обращение шасси, отнесенных к одному типу, требованиям ТР ТС 018/2011.

      Иные понятия и термины, используемые в Правилах, применяются в соответствии с ТР ТС 018/2011.

2. Порядок утверждения и регистрации одобрений типа транспортных средств, одобрений типа шасси

      3. Утверждение и регистрацию одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси выполняет компетентный орган.

      4. Технический секретариат для утверждения и регистрации одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси представляет в компетентный орган оригинал одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси с подписями руководителя органа по подтверждению соответствия или уполномоченного им лица и печатями органа по подтверждению соответствия.

      5. Утверждение и регистрация одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси осуществляется компетентным органом в течение десяти календарных дней, исчисляемых с даты их поступления в компетентный орган.

      6. После утверждения одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси компетентный орган направляет оригиналы одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси в технический секретариат для внесения в Единый реестр выданных одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси, свидетельств о безопасности конструкции транспортного средства и зарегистрированных уведомлений об отмене документа, удостоверяющего соответствие требованиям технического регламента Таможенного союза 018/2011 "О безопасности колесных транспортных средств" (далее – Единый реестр) и передачи в орган по подтверждению соответствия для последующей выдачи заявителю.

      7. Технический секретариат вносит в Единый реестр номер и дату утверждения одобрений типа транспортного средства, одобрений типа шасси, а также размещает указанную информацию на своем интернет-ресурсе в срок не более пяти рабочих дней с даты утверждения.