Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11083 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика
      министрінің міндетін
      атқарушы                                    М. Құсаинов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы
      _____________ Р. Бекетаев
      17 сәуір 2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика  
министрінің    
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 254 бұйрығымен 
бекітілген    

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыстың инвестициялық жобаларын кәсіптік басқару үшін инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдарды тарту тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) авторлық қадағалау – бұл автордың:
      сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне;
      сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы;
      2) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
      3) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялар) – жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:
      республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;
      мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
      концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтiк қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
      5) тапсырыс беруші – бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен жобалауды ұйымдастыруды, инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымды тартуды және объектілер құрылысын жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
      6) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;
      7) ұйым – өзінің құрамында сәулет-құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшы болатын тапсырыс беруші тартқан заңды тұлға (бұдан әрі - Ұйым).

2. Инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымды тартудың тәртібі

      3. Тапсырыс беруші Ұйымды тартқан кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, осы  Қағидаларды және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.
      Инжинирингтік қызметтерді көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 71 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларымен айқындалады.
      4. Конкурс тәсілімен тапсырыс беруші жүзеге асыратын Ұйымды тарту мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) тапсырыс берушінің алдағы уақытта болатын мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
      2) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
      3) конкурстық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту;
      4) қажет болғанда тапсырыс берушінің сараптау комиссиясының құрамын және сарапшыны бекітуі;
      5) тапсырыс берушінің конкурстық комиссияның құрамын бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
      6) тапсырыс берушінің веб-порталда конкурстық комиссияның құрамын бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
      7) электрондық конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу туралы веб-порталда хабарландыру жариялау;
      8) веб-порталға қатысушы – әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
      9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
      10) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
      11) біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
      12) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктер мөлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
      13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сараптау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауы. Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы тиісті хаттамада жүзеге асырылады;
      14) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
      15) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды айқындау;
      16) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялау;
      17) конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
      5. Күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеу, күрделі құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін авторлық қадағалау үшін авторлық қадағалау бойынша сатып алынған қызметтер «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай жүзеге асырылады.
      Авторлық қадағалау Заңның 20-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Егер инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйым мемлекеттік сатып алу жолымен тартылатын болса, тапсырыс берушіге өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсеткен, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысқан әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
      7. Инжинирингтік қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен қаржыландырылады.

Об утверждении Правил привлечения организаций по оказанию инжиниринговых услуг по проектам, финансируемым из бюджетных средств

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 254. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 мая 2015 года № 11083. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 751

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 02.12.2015 № 751 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 23-4) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила привлечения организаций по оказанию инжиниринговых услуг по проектам, финансируемым из бюджетных средств.
      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управлению земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
      обязанности министра
      национальной экономики
      Республики Казахстан                         М. Кусаинов

      «СОГЛАСОВАН»
      Исполняющий обязанности
      министра финансов
      Республики Казахстан
      ____________________ Р. Бекетаев
      от 17 апреля 2015 год

Утверждены        
приказом исполняющего  
обязанности Министра   
национальной экономики  
Республики Казахстан   
от 27 марта 2015 года № 254

Правила
привлечения организаций по оказанию инжиниринговых
услуг по проектам, финансируемым из бюджетных средств

1.Общие положения

      1. Настоящие Правила привлечения организаций по оказанию инжиниринговых услуг по проектам, финансируемым из бюджетных средств (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» (далее - Закон) и устанавливают порядок привлечения инжиниринговых организаций по оказанию инжиниринговых услуг, в том числе для профессионального управления инвестиционными проектами строительства, финансируемым из бюджетных средств.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) авторский надзор – это правомочия автора по осуществлению контроля за:
      разработкой проекта строительства (строительной документации), осуществляемого автором (авторами) архитектурного и градостроительного произведения;
      реализацией проекта строительства, осуществляемого его разработчиками, включая автора (авторов) архитектурного или градостроительного произведения;
      2) бюджетные средства – деньги и иные активы государства, поступление в государственную собственность и расходование которых отражаются в бюджете в денежной форме;
      3) государственные инвестиции в строительство (далее – государственные инвестиции) – инвестиции в строительство новых зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций, а также реконструкцию (расширение, модернизацию, техническое перевооружение) или капитальный ремонт существующих объектов, источником которых являются:
      средства республиканского и (или) местных бюджетов, в том числе целевые средства, направленные на бюджетные инвестиции и бюджетное кредитование субъектов квазигосударственного сектора;
      целевые средства негосударственных займов под государственную гарантию либо поручительство государства;
      средства Национального фонда Республики Казахстан;
      средства, направленные на реализацию концессионных проектов;
      4) инжиниринговые услуги в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности – комплекс услуг (технический и авторский надзоры), обеспечивающий подготовку и осуществление строительства с целью достижения оптимальных проектных показателей;
      5) заказчик - администратор бюджетной программы, осуществляющий организацию проектирования, строительства, привлечения Организации по оказанию инжиниринговых услуг и строительства объекта за счет бюджетных средств и иных форм государственных инвестиций;
      6) технический надзор – надзор за строительством на всех стадиях реализации проекта, включая качество, сроки, стоимость, приемку выполненных работ и сдачу объектов в эксплуатацию;
      7) организация – юридическое лицо, привлеченное Заказчиком, имеющее в своем составе экспертов на право осуществления инжиниринговых услуг в сфере архитектурно-строительной деятельности (далее - Организация).

2. Порядок привлечения Организации по оказанию
инжиниринговых услуг.

      3. Заказчик при привлечении Организации руководствуется Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках» и настоящими Правилами и условиями договора об оказании инжиниринговых услуг.
      Порядок оказания инжиниринговых услуг определены Правилами оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 71, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10401.
      4. Привлечение Организации, осуществляемым заказчиком, способом конкурса предусматривает выполнение следующих последовательных мероприятий:
      1) определение заказчиком должностного лица заказчика, представляющего интересы последнего в предстоящих государственных закупках;
      2) утверждение заказчиком конкурсной документации;
      3) формирование и утверждение конкурсной документации на веб-портале;
      4) утверждение заказчиком, при необходимости, состава экспертной комиссии либо эксперта;
      5) утверждение заказчиком состава конкурсной комиссии и определение секретаря конкурсной комиссии;
      6) формирование заказчиком состава конкурсной комиссии и определение секретаря конкурсной комиссии на веб-портале;
      7) публикация на веб-портале объявления о проведении электронного конкурса (далее – конкурс);
      8) получение потенциальными поставщиками – участниками веб-портала конкурсной документации с автоматической регистрацией факта ее получения на веб-портале;
      9) автоматическая регистрация на веб-портале заявок на участие в конкурсе, подаваемых в форме электронного документа;
      10) вскрытие заявок и публикация на веб-портале соответствующего протокола вскрытия;
      11) рассмотрение конкурсной комиссией посредством веб-портала заявок на участие в конкурсе для определения потенциальных поставщиков, соответствующих квалификационным требованиям, требованиям конкурсной документации;
      12) определение конкурсной комиссией посредством веб-портала перечня потенциальных поставщиков, которые допущены к участию в конкурсе и размера условных скидок. Публикация результатов данного определения осуществляется в рабочее время по времени Астаны на веб-портале в соответствующем протоколе о допуске к участию в конкурсе;
      13) определение конкурсной комиссией с учетом мнения экспертной комиссии либо эксперта (в случае их привлечения) лучшей технической спецификации (лучших технических спецификаций) услуг, представленной потенциальными поставщиками в заявке на участие в конкурсе. Публикация результатов данного определения осуществляется в рабочее время по времени Астаны на веб-портале в соответствующем протоколе о допуске к участию в конкурсе;
      14) автоматическая регистрация на веб-портале конкурсных ценовых предложений, представленных потенциальными поставщиками, допущенных к участию в конкурсе, в форме электронных документов;
      15) автоматическое вскрытие, оценка, сопоставление конкурсных ценовых предложений участников конкурса и определение победителя веб-порталом;
      16) автоматическая публикация на веб-портале протокола об итогах;
      17) по итогам конкурса заключение между заказчиком и победителем конкурса договора о государственных закупках.
      5. Приобретения услуг по авторскому надзору за разработкой проектной документации объектов капитального строительства, авторскому надзору за строительством, реконструкцией и капитальным ремонтом объектов капитального строительства осуществляются без применения норм Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках».
      Авторский надзор осуществляется в соответствии с Правилами организации и ведения авторского надзора, утверждаемыми согласно подпункта 23-1) статьи 20 Закона.
      6. В случае если Организации привлекаются путем государственных закупок не допускается участие потенциального поставщика и (или) его работник который оказывал экспертные, консультационные и (или) иные услуги по подготовке проводимых государственных закупок, участвовал в качестве генерального проектировщика либо субпроектировщика в разработке технико-экономического обоснования и (или) проектной (проектно–сметной) документации на строительство объекта, являющегося предметом проводимых государственных закупок, за исключением участия разработчика технико-экономического обоснования в государственных закупках по разработке проектной (проектно–сметной) документации.
      7. Инжиниринговые услуги финансируются за счет средств, предусмотренных на эти цели в проектно-сметной документации, утвержденной в соответствии с Правилами утверждения проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства за счет бюджетных средств и иных форм государственных инвестиций, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 304, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10632.