Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11102 тіркелді.

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев



"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі


____________Ә. Исекешев


2015 жылғы "__"


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі


____________Е. Досаев


2015 жылғы 5 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 164 бұйрығымен бекітілген

Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында
ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың
өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4–тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағида уәкілетті органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағида мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органға, сәулет, қала құрылысы және құрылысы істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметімен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша олардың арнайы өкілеттіктерінің шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына, жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға, тіркеуші органдарға (бұдан әрі - уәкілетті органдар) қолданылады.

      4. Уәкілетті органдардың негізгі міндеті құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу үшін қажетті ақпарат алмасу болып табылады.

      5. Осы Қағида мынадай терминдер және анықтаулар пайдаланылады:

      1) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

      2) мемлекеттiк жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi;

      3) мемлекеттiк қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерiн, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметi аумағын оның пайдаланудың әлеуметтiк-құқықтық режимiнiң белгiлерi, инженерлiк-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша, онда орналасқан объектiлердiң параметрлерi мен жай-күйi, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдай мен экологиялық жай-күйi бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк жүйесi;

      4) өзге де кадастрлары ретінде - мемлекеттiк жер кадастры, мемлекеттiк қала құрылысы кадастры және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі деп ұғынылады;

      5) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      6) уәкілетті орган – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 27.04.2021 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Уәкілетті органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды
жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      6. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне қолданыстағы және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары туралы ақпаратты, құқық иелері туралы мәліметтерді, құқықтық кадастрдан мәліметтерді сұратудың болуы туралы ақпаратты қамтиды. Құқықтық кадастр ақпараттық жүйеден тұрады.

      7. Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі.

      8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      9. Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады.

      10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөніндегі ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылының интеграциясы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.04.2021 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізуге қажетті ақпарат алмасу заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне рұқсат беру жолымен электрондық коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылады.

      12. Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру сәтінен бастап мемлекеттік органдардың арасында кағаз түріндегі сұрау салулар токтатылады.

      13. Мемлекеттік органдарда республикалық деңгейде бірыңғай ақпараттық жүйе болмаған жағдайда, құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсаты үшін қажетті ақпарат алмасу осындай жүйе енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      14. Уәкілетті органдар бірыңғай ақпараттық жүйеге көшкенге дейін қажетті мәліметтерді қағаз және (немесе) электронды жеткізгіштерде ұсыну жолымен ақпарат алмасуға болады.

      15. Берілетін ақпараттың құрамын, деректерді берудің режимі мен тәсілдерін, деректерді беру уақытының режимін, форматтарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі уәкілетті органдармен келісім бойынша белгілейді.

      16. Қажет болғанда берілетін мәліметтер электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      15. Осы Қағиданың 3-тармағында санамаланған уәкілетті органдар өтеусіз негізде ақпаратпен алмасады.

Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов по обмену информацией для целей ведения правового и иных кадастров

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 164. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 мая 2015 года № 11102.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона от 26 июля 2007 года "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия государственных органов по обмену информацией для целей ведения правового и иных кадастров.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Б. Имашев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр по инвестициям и

      развития Республики Казахстан

      ______________ А. Исекешев

      "__"_________ 2015 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр национальной

      экономики Республики Казахстан

      _____________________Е. Досаев

      5 мая 2015 года



  Утверждены
приказом Министра юстиции
Республики Казахстан
от 18 марта 2015 года № 164

Правила
взаимодействия государственных органов по обмену информацией
для целей ведения правового и иных кадастров
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взаимодействия государственных органов по обмену информацией для целей ведения правового и иных кадастров (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество".

      2. Правила определяют порядок взаимодействия уполномоченных органов по обмену информацией для целей ведения правового и иных кадастров.

      3. Настоящие Правила распространяются на центральный уполномоченный орган, осуществляющий организацию ведения государственного земельного кадастра, уполномоченный государственный орган по делам архитектуры, градостроительства и строительства, на иные центральные исполнительные органы в пределах их специальных полномочий по вопросам, являющимся смежными с архитектурной, градостроительной и строительной деятельностью, местные исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения) в пределах их специальных полномочий, государственное предприятие, осуществляющее государственное техническое обследование объектов недвижимости, регистрирующие органы (далее - уполномоченные органы).

      4. Основной задачей, уполномоченных органов является обмен информацией, необходимой для ведения правового и иных кадастров.

      5. В настоящих правилах используется следующие термины и определения:

      1) правовой кадастр – единый государственный реестр зарегистрированных прав (обременений прав) на недвижимое имущество;

      2) государственный земельный кадастр - система сведений о природном и хозяйственном положении земель Республики Казахстан, местоположении, целевом использовании, размерах и границах земельных участков, их качественной характеристике, об учете землепользования и кадастровой стоимости земельных участков, иных необходимых сведений. В государственный земельный кадастр также включается информация о субъектах прав на земельные участки;

      3) государственный градостроительный кадастр - государственная система количественных и качественных показателей, включающих градостроительные регламенты, картографическую, статистическую и текстовую информацию, характеризующую территорию градостроительной, архитектурной и строительной деятельности по признакам социально-правового режима ее использования, уровню инженерно-технической обеспеченности, по параметрам и состоянию объектов, расположенных на ней, а также природно-климатическим условиям и экологическому состоянию;

      4) под иными кадастрами понимаются - государственный земельный кадастр, государственный градостроительный кадастр и информационные системы государственных органов;

      5) регистрирующий орган – Государственная корпорация "Правительство для граждан", осуществляющая государственную регистрацию по месту нахождения недвижимого имущества;

      6) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий государственное регулирование и контроль деятельности в сфере государственной регистрации прав на недвижимое имущество и государственного технического обследования недвижимого имущества.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 27.04.2021 № 336 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок взаимодействия уполномоченных органов по обмену
информацией для целей ведения правового и иных кадастров

      6. Правовой кадастр ведется регистрирующими органами и содержит информацию о существующих и прекращенных правах на недвижимое имущество и иных объектах регистрации, идентификационных характеристиках недвижимого имущества, сведения о правообладателях, информацию об имеющихся запросах сведений из правового кадастра. Правовой кадастр состоит из информационной системы.

      7. Все записи в правовом кадастре ведутся на каждый объект недвижимости и приравненные к ним объекты. Объекты недвижимости идентифицируются кадастровым номером.

      8. Все записи о государственной регистрации прав (обременении прав) на недвижимое имущество заносятся регистрирующим органом в информационную систему правового кадастра.

      9. Единая информационная система правового кадастра формируется Министерством юстиции Республики Казахстан.

      10. Интеграция информационного взаимодействия информационных систем Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и Министерства юстиции Республики Казахстан по обмену информацией в целях ведения правового и иных кадастров производится в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об информатизации".

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 27.04.2021 № 336 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Обмен информацией, необходимой для ведения правового и иных кадастров, осуществляется по средствам электронных коммуникаций путем предоставления доступа в информационную систему государственных органов в установленном законодательством порядке.

      12. С момента начала интеграции информационных систем запросы в бумажном виде между государственными органами прекращаются.

      13. В случае отсутствия у государственных органов единой информационной системы на республиканском уровне, обмен информацией, необходимой для целей ведения правового и иных кадастров, будет осуществляться после введения такой системы.

      14. До перехода уполномоченных органов на единую информационную систему, обмен информацией возможен путем предоставления необходимых сведений на бумажных и (или) электронных носителях.

      15. Состав передаваемой информации, режимы и способы передачи данных, режимы времени передачи, форматы данных устанавливаются Министерством юстиции Республики Казахстан по согласованию с уполномоченными органами.

      16. При необходимости, передаваемые сведения заверяются электронно-цифровой подписью.

      17. Уполномоченные органы, перечисленные в пункте 3 настоящих Правил, обмениваются информацией на безвозмездной основе.