"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11102 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
5-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;".
5- тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;".
5- тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкілетті орган – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөніндегі ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылының интеграциясы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.";
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
____________________
2021 ж. "____" _____________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
____________________
2021 ж. "____" _____________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
____________________
2021 ж. "____" _____________