Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 704 (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы В. Школьник
Энергетика министрі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
14 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілді
Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының
және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік
сипаттамалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) мұнай өндіру саласы ұйымдарында кадрларды дұрыс таңдауды, пайдалануды, орналастыруды, олардың біліктілік сипаттамаларын анықтауды, басшылардың және мамандардың арасында еңбекті тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Біліктілік сипаттамаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамардағы № 201-ө бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығының Жалпы ережелерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7756 тіркелген) (бұдан әрі – Біліктілік анықтамалығы) және Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесінде көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 тіркелген).
3. Мамандар лауазымдарының: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашының және қызмет салаларының барлығына ортақ басқа мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығында белгіленген.
4. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеген кезде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыстардың тізбесін нақтылауға жол беріледі және қызметкерлерді қажетті арнайы дайындауға талаптар белгіленеді.
2. Басшылар лауазымдары
1-параграф. Автомобиль паркінің бастығы
5. Лауазымдық міндеттері:
Автомобиль паркінің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады.
Қабылданатын шешімдердің орындалуын, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, қызметтің қаржы-шаруашылық қорытындыларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Барлық құрылымдық бөлімшелері мен өндірістік бірліктердің жұмысы мен тиімді өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескеріп, олардың қызметін автомобиль паркінің дамуына және жетілдіруге жібереді.
Автокөлік кәсіпорыны жұмысының тиімділігін арттыруды, автокөлік қызметтерін сату көлемдерінің өсуін және пайданың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Шарттық міндеттемелер мен техникалық-пайдаланушылық көрсеткіштер бойынша көлік қызметтері жоспарының орындалуын, автомобильдердің техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын, жылжымалы құрамның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Автомобильдердің техникалық жағдайын бақылауды, бекітілген кестеге сәйкес оларды желіге шығаруды ұйымдастырады.
Өндірістік қуаттарды, негізгі және айналымдағы қорларды, материалдық және еңбек ресурстарын, рентабельдікті арттыруды, өзіндік құнды азайтуды тұрақты талдауды ұйымдастырады.
Автомобиль паркінің үй-жайларын жайластыру және техникалық жабдықтау жұмыстарына басшылықты жүзеге асырады.
Жүргізушілер құрамының қозғалыс қауіпсіздігінің профилактикасын және талаптарын сақтауы бойынша шараларды қабылдайды.
Автомобиль паркін қосалқы бөлшектермен, тетіктермен, жабдықпен уақытылы қамтамасыз етеді.
Көлік құралдарын пайдалануға енгізу және оларды есептен шығару жұмыстарын басқарады.
Автомобиль паркін білікті кадрлармен қамтамасыз ету, ұтымды пайдалану және олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту бойынша, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау бойынша шараларды қабылдайды.
Мәселелерді талқылауда және шешуде басшылық етудің, дара басшылық пен алқалықтың экономикалық және әкімшілік әдістерін, өндіріс тиімділігін арттырудың моральдік және материалдық ынталандыруды дұрыс үйлестірілуін, әрбір қызметкердің оған тапсырылған іс пен барлық ұжым жұмысының қорытындыларына материалдық мүдделілігі және жауапкершілігі қағидатының қолданылуын қамтамасыз етеді.
6. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын;
автокөлік саласына, автокөлік кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
автокөлік кәсіпорындарының бейіні, мамандануы мен құрылымының ерекшеліктері, автомобиль көлігі мен тетіктердің конструкциялық ерекшеліктер мен мақсатын;
жылжымалы құрамның техникалық-пайдаланушылық деректері, автомобиль көлігімен жүк (жолаушылар) тасымалдау ережесін;
жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясы;
техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын;
автокөлік кәсіпорнының өнімін шығару технологиясы, шаруашылық және қаржы шарттарын жасау және орындау тәртібін;
экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережесі мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
7. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автомобиль көлігі кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және автомобиль көлігі кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
2-параграф. Бас дәнекерлеуші
8. Лауазымдық міндеттері: Дәнекерлеудің технологиялық процестерін және дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық жарақтандыру құралдарын әзірлеу және енгізу жүктелген бөлімшелерді техникалық басқаруды жүзеге асырады.
Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын технологиялық дайындауды басқарады, еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.
Дәнекерлеу жұмыстарының өндірісін технологиялық дайындаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын, дәнекерлеу жабдығын жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу кестелерін әзірлеуді, жұмыстардың мерзімдері мен көлемдерін, еңбек және материалдық ресурстар шығындарын жоспарлауды басқарады.
Дәнекерлеу жұмыстарын орындау технологиясын және сапасын, жабдық жұмысының жағдайын зерттейді және талдайды, еңбек шығындарын қысқартуды, дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде материалдық және энергетикалық ресурстарын үнемдеуді, олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін дәнекерлеудің прогрессивті әдістерін әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады.
Қажетті техникалық құжаттаманың әзірленуін және онымен өндірістің қамтамасыз етілуін, дәнекерлеудің технологиялық режимдерінің, материалдарды жұмсау нормаларының, жабдықты техникалық пайдалану және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерінің қатаң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін талап етілетін жабдыққа және материалдарға арналған өтінімдердің жасалуын, дәнекерлеу жабдығының есебін, оны паспорттауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынды қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарауға қатысады, жаңа дәнекерлеу жабдығын, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша шараларды қабылдайды.
Дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын жаңа өндірістік бөлімшелерді жобалау және құру, еңбекті ұтымды ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы ережесін ескере отырып, оларды мамандандыру және жабдықты енгізу жұмысын басқарады, жобалық қуаттарды уақытылы игеруді, жабдық жұмысының ауысымдығының коэффициентін арттыруды қамтамасыз етеді.
Прогрессивті техника мен технологияны енгізу, технологиялық жабдықты, өндірістік алаңдарды пайдалануды және жарақтауды жақсарту, дәнекерлеу конструкцияларының сапасын және сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын ұйымдастырады.
Дәнекерлеу әдістері мен технологиясына, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруға және дәнекерлеу жабдығын жетілдіруге қатысты анағұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға пікірлер мен қорытындыларды қарайды және береді.
Өндірісті мамандандыру және бірлестіру деңгейін арттырумен, еңбек өнімділігін арттыру резервтерін пайдаланумен байланысты жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады.
Дәнекерлеу жұмыстарының әдістері мен технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды басқарады.
Кәсіпорынның білікті дәнекерлеушілерге деген қажеттілігін анықтау, оларды белгіленген тәртіппен аттестациялауды жүргізуге дайындау жұмысына қатысады.
Дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындау бойынша ғылыми-техникалық жетістіктерді, озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және енгізу жұмысын ұйымдастырады.
Дәнекерлеу жұмыстарын орындауды технологиялық дайындауды жүзеге асыратын кәсіпорынның бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнама, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өндірісті технологиялық дайындау бойынша әдістемелік-техникалық материалдарды;
мұнай және газ өндіру технологиясын, мұнайдың, газдың және қабат суының физикалық-химиялық қасиеттері;
мұнай-газ саласындағы дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруды;
дәнекерлеу жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерді және жұмыс режимін, оны пайдалану ережесін;
өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәртібі мен әдістерін;
дәнекерлеу әдістері мен тәсілдерін;
техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;
дәнекерлеу кезінде пайдаланылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптарын, оларды жұмсау нормаларын;
дәнекерлеу жабдығын жөндеуді ұйымдастыру;
дәнекерлеу ақауларының түрлерін және оларды жою тәсілдерін;
дәнекерлеу жұмыстары технологияларын және оларды ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы зерттеу және әзірленімдер жүргізу әдістерін;
дәнекерлеу жұмыстарының стандарттары мен техникалық шарттарын;
құрылыс нормалары мен ережелерін;
дәнекерлеу жұмыстарының технологиялары және оларды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, өндірісі және басқару саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі ережелерін;
өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын;
10. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарындағы кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
3-параграф. Бас механик
11. Лауазымдық міндеттері:
Мұнай-газ өндіру басқармасы механикалық қызметтерінің өндірістік қызметін басқарады және өндірістік қызмет көрсету цехтарының жұмысын қамтамасыз етеді.
Өндірістік цехтардың қызмет көрсететін персоналының мұнай кәсіпшілігі жабдығын дұрыс және апатсыз пайдалануын сақтауы бойынша, мұнай кәсіпшілігі жабдығын уақытылы және сапалы жөндеу, пайдаланылатын мұнай кәсіпшілігі жабдығының сенімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Цехтардағы тозған жабдықтың уақытылы және дұрыс есептен шығарылуын бақылайды.
Өндірістік бөлімшелердің мұнай кәсіпшілігі жабдығын, қосалқы бөлшектерді жеткізуге арналған жыл сайынғы өтінімдерін жинауды, талдауды және жасауды, жетекшілік ететін бағыттар бойынша жылдық өндірістік бағдарламаның жасалуын, мұнай кәсіпшілігі жабдығын дұрыс пайдалану,жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес уақытында жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жабдықты қарау, сынау және алдын алу жөндеу жоспарларының (кестелерінің) уақытылы әзірленуін басқарады.
Жөндеуді жүргізу үшін тартылатын мердігерлік ұйымдармен жоспарларды (кестелерді) келісуді, олардың қажетті техникалық құжаттамамен уақытында қамтамасыз етілуін бақылайды.
Жабдықты жөндеуді, жөндеу-пайдаланушылық жұмысқа арналған материалдар шығыны бойынша нормативтік-әдістемелік материалдарды әзірленуді, оны пайдалану көрсеткіштерін талдау, жөндеу жүргізуге арналған сметалар жасауды, жабдықты пайдалану кезінде қажетті материалдар мен қосыалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер әзірлеуді басқарады.
Жаңа жабдықты қабылдау және орнату жұмыстарын, жұмыс орындарын аттестациялау және ұтымды ету, тиімділігі төмен жабдықты жаңғырту және оны өнімділігі жоғары жабдықпен ауыстыру, ауыр қол еңбегін және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізу жұмыстарын басқарады.
Негізгі өндірістік қорларды түгендеуді ұйымдастырады, ескірген жабдықты, күрделі жөндеуді талап ететін объектілерді айқындайды және жөндеу жұмыстарын жасау кезектілігін белгілейді.
Мұнай кәсіпшілігі жабдығының авариялық істен шығуын, жазатайым жағдайларды тергеу жөніндегі комиссиялардың жұмысына, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауға, негізгі құралдарды есептен шығаруға қатысады.
Жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге, жабдықтың жұмысын жақсартуға қатысты ұтымды ұсыныстарды қарауға қатысады.
Майлау-эмульсиялық шаруашылықты, майлау және сүрту материалдарды пайдаланудың прогрессивті нормаларын енгізуді, пайдаланылған майлар регенерациясын бақылайды.
Цех жабдығының техникалық дәлдігін тексеруге, жабдықты тиімді пайдалануға ықпал ететін оның жұмыс істеуінің оңтайлы режимдерін белгілеуге, жабдықты техникалық пайдалану, майлау және күту бойынша, жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді.
Жоспардан тыс жөндеуді және жабдықтың тоқтап қалуын қысқарту, оны жөндеу және ұстау шығындарын азайту бойынша жұмыстарды басқарады.
Кәсіпорында мамандандырылған жөндеуді, қосалқы бөлшектерді, тораптар мен ауыстыру жабдығының орталықтандырып жасалуын ұйымдастырады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелері мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
12. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік техникалық материалдарды;
ұйымда жөндеу қызметін ұйымдастыруды;
технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын алу жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесін, ұйымды техникалық дамыту перспективаларын;
техникалық сипаттамаларды;
ұйым жабдығының техникалық сипаттамаларын, құрылымдық ерекшеліктерін,мақсаты, жұмыс істеу режимдерін және оны пайдалану ережелерін;
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды және олардың технологиясын, жабдықты монтаждау, реттеу және жөндеу әдістерін;
ұйым өнімін шығару технологиясы негіздерін;
жабдық паспорттарын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулар ведомосын, ерекшеліктер мен басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібін;
жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден қабылдау тәртібін;
майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыруды;
жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарын;
ұйымдағы жөндеу қызметтерінің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;
экономика негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды.
13. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және саладағы кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
4-параграф. Бас приборшы
14. Лауазымдық міндеттері: Енгізілетін, қызмет көрсетілетін, жөнделетін және тексерілетін өлшеу құралдары мен жабдықтың пайдаланылуын метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
Стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың, стандарттарын, ережелерін мен рәсімдерін зерттейді және жүйелейді.
Өндірісті өлшеу, бақылау құралдарымен, өлшеу құралдарын жөндеу және тексеру үшін эталондармен жарақтандыру бөлігінде өндірісті техникалық қайта жарақтандыру жоспарларын әзірлеуді басқарады.
Метрологиялық қызмет және бақылау-тексеру қызметтері орындайтын өлшеу құралдарының тексерілуін бақылауды және калибрлеуді, жұмыстарды ұйымдастырушылық-техникалық және әдістемелік басқаруды жүзеге асырады.
Метрологиялық қызмет көрсету мерзімділігін белгілейді, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органдамен Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органдарда тексерілетін эталондарды тексеру кестелерін және өлшеу құралдарының тексеруге уақытында ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Өлшеу құралдарын тексеру жүргізу құқығына аттестаттарды алу бойынша, өлшеуді орындау әдістемелерін аттестациялау, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін, өлшеу құралдарын жөндеуге лицензияларды аттестациялау жөніндегі құжаттарды метрологиялық сараптауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Өлшеуді орындаудың аттестацияланған әдістемелеріне, тексеру және калибрлеу үшін қолданылатын эталондарға сәйкес өлшеу құралдарының жағдайын және қолданылуын,метрологиялық ережелер стандарттарының және өлшеу біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады.
Техникалық тапсырмаларды, конструкторлық, технологиялық құжаттаманы, стандарттардың жобаларын және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды метрологиялық сараптау жұмыстарын басқарады.
Метрологиялық қызмет пен оның қызметінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алуды ұйымдастырады, автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеуге, енгізуге, пайдалануға және жетілдіруге қатысады.
Метрологиялық қамтамасыз ету бөлігінде шығарылатын өнімнің сапасына наразылықтарды талдауға қатысады.
Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады, метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны жетілдіру, метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың анықтамалық-ақпараттық қорын құру және жүргізу жұмыстарына қатысады.
Өндіріс пен сатуды метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді, метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдаудың жүргізілуін басқарады.
Өлшеу құралдары мен әдістерін әзірлеуді және енгізуді, өлшеу құралдарын сынауды, өлшеу құралдарына метрологиялық қызмет көрсету үшін эталондарды, стандартты үлгілерді, қондырғылар мен қажетті құрылғыларды басқарады.
15. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, 2000 жылғы 7 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік материалдарды, ұйымның бейінін, мамандануын және ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының ерекшеліктерін;
өндірісті метрологиялық бақылау және қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібін және әдістерін, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;
мұнай мен газ өндіру технологиясының негіздерін, өлшеу құралдарын пайдалану қондырғыларын және ережелерін, оларды жөндеуді ұйымдастыруды;
метрологиялық қамтамасыз ету және өлшеу құралдарын жетілдіру саласындағы зерттеу және әзірленімдерді жүргізу әдістерін;
қызметінің бейіні бойынша сырт ұйымдармен шарттар жасасу тәртібін;
стандарттау, сертификаттау және өндірісті метрологиялық бақылау және қамтамасыз ету саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережесі.
16. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарындағы кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
5-параграф. Бөлім командирі
17. Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру, аварияны немесе дүлей апат салдарын жою орнында өрт сөндіру қызметінің (бұдан әрі – бөлімше) өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің (жеке постының) жұмысын басқарады.
Өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдығымен жұмыс істеу кезінде қабылдауды орындаудың практикалық дағдыларын меңгеру бойынша бөлімшенің жеке құрамымен оқу өткізеді.
Жеке құрам мен техниканың дайындығының жоғары деңгейін, өрт автомобильдерін, өрт-техникалық және құтқару жабдығының,бөлімшенің жеке құрамының оқшаулағыш газтұтқыштарының тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз етеді.
Жүргізушілердің өрт автомобильдерін техникалық пайдалану ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.
Дабыл бойынша бөлімшемен бірге өрт сөндіруге шығады.
Бөлімшенің жеке құрамымен бірге өрт сөндіруге, авариялардың, дүлей апат салдарын жоюға қатысады. Қарауыл бастығының тапсырмасы бойынша постта тұрған мен шолғыншылардың қызмет атқаруын тексереді.Өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының жұмысын қамтамасыз етеді.
Жылжымалы құрамды жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету, уақытында қызмет көрсету және дұрыс сақтау бойынша шаралар қабылдайды.
Бөлімшенің жеке құрамының өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, шаруашылық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.
18. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы», өзге де нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық құжаттарын;
ұйым жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерін, мақсатын, объектілер мен жабдықтың орналасуын;
өрт сөндіру жабдығын ұтымды орналастыруға қойылатын талаптар, су көздерінің, өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерін;
өрт сөндіру және құтқару техникасының тактикалық-техникалық сипаттамалары;
өрт сөндірудің ұтымды тактикаларының негіздерін, құтқару жұмыстарын жүргізу әдістері мен тәсілдерін;
зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін;
еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелерін, еңбек заңнамасының негіздерін;
экономика және еңбек заңнамасы негіздерін.
19. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары орнынан кейінгі) білім және өрт сөндіру қызметінде тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кемінде 3 жыл немесе орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және өрт сөндіру қызметіндегі кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
6-параграф. Бұрғы шебері
20. Лауазымдық міндеттері:
Бұрғылау бригадаларын қалыптастыруды және оларға басшылықты жүзеге асырады.
Бұрғылау технологиясының талаптарына сәйкес бұрғылауға құралдар мен материалдардың уақытылы жеткізілуін ұйымдастырады.
Ұңғымаларды салу жобасының жүргізілуін сақтау бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Бұрғылау қондырғысын өлшеу құралдарын авариясыз пайдалануды, бұрғылау бригадасының геологиялық-техникалық нарядтың, режимдік-технологиялық картасы мен бұрғылау жұмыстары кестесінің талаптарын орындауын қамтамасыз етеді.
Бұрғылау бригадасының өндірістік тапсырмаларды орындауын, жабдықтың толық жүктелуін және тиімді пайдаланылуын, материалдардың үнемді пайдаланылуын, бұрғылаудың өзіндік құнының азаюын қамтамасыз етеді.
Бұрғылау құралының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Ұңғымаларды салудың озық технологиясын және бұрғылаудың оңтайлы режимдерін, еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Өндірісті уақытылы дайындайды, жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етеді.
Технологиялық процестердің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды, олардың бұзылуын анықтайды және салдарын жояды.
Аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады.
Бұрғылау бригадасы жұмысшыларының біркелкі жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бекітілген өндіріс кестелеріне сәйкес өндірістік тапсырмаларды анықтайды және жұмысшыларға, звеноларға (бригадаларға) уақытылы жеткізеді.
Жабдықтың және бұрғылау бригадасының жұмысы туралы белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Бұрғылау бригадасы үшін материалдарға, құралдар мен жабдыққа арналған өтінімдерді жасайды.
Материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз ету, уақытылы және дұрыс есептен шығару бойынша шаралар қабылдайды.
Жұмысшыларға өндірістік нұсқама жүргізеді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, жабдық пен аспапты техникалық пайдалану ережелерін орындау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Кәсіптерді қоса атқаруды дамытуға, қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге және еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарын қолдануға жәрдемдеседі.
Жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Жұмыс уақытын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды дұрыс және уақытылы ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Өндіріс резервтерін анықтау бойынша, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады.
Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылайды.
Өндіріс озаттарына белгіленген тәртіппен сыйлықақы беру туралы өтініш етеді, сондай-ақ бұрғылау бригадасының үздік жұмысшыларын ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар береді.
Бұрғылау жабдығын мұнаралық-монтаждық бригадаға беруге дайындауды және оны мұнаралық-монтаждық жұмыстардан кейін қабылдауды, бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін алаңды дайындауды жүзеге асырады.
Белгілінген тәртіппен жұмыс орнында бастапқы нұсқама, жұмысшылармен еңбекті қорғау бойынша қайталама, жоспардан тыс нұсқамалықтар жүргізеді.
Белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, қадағалау және бақылау органдарының, еңбекті қорғау қызметінің ұйғарымдарын орындайды.
Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретуді жүзеге асырады.
Өндірісте жазатайым жағдай болған жағдайда зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды, болған жазатайым жағдай туралы тікелей басшысына хабарлайды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жазатайым оқиғаларды және кәсіби ауруларды тергеу және есепке алу бойынша басқа да іс-шараларды жүргізеді.
21. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мұнай өндіру саласына, бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыруға, жабдықты жөндеуге, бұрғылау бригадасының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты басшылық, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
бұрғылау жұмыстары, мұнай және газ өндіру технологиясын;
бұрғылау жабдығының және құралдың техникалық сипаттамасы, оларды пайдалану және жөндеу ережесін;
геологиялық және техникалық қиындықтардың себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;
құжаттаманы ресімдеу ережесін;
техникалық нормалау әдістерін;
материалдарды бұрғылау кезінде қолданылатын сипаттамаларды және оларды сақтау ережелерін;
экономика және еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін;
еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелер және материалдық ынталандыру нысандарын;
алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
22. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылауда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және ұңғымаларды бұрғылауда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
7-параграф. Газ-турбиналық электр станциясының бастығы
23. Лауазымдық міндеттері:
Газ-турбиналық электр станциясының пайдаланушылық және өндірістік қызметін басқарады.
Электр энергиясын өндіру тапсырмаларының орындалуын, электр станциясының және технологиялық жабдықтың белгіленген технологиялық режимдер мен техникалық пайдалану ережесіне қатаң сәйкестіктегі жұмысын қамтамасыз етеді.
Газ-турбиналық электр станциясының жұмысын жетілдіру және жаңа техника мен технологияны енгізу және игеру.
Өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысын жүргізеді.
Тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтуды, энергия жабдығының сенімді және қауіпсіз жұмысын, техникалық пайдалану ережесіне, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ғимараттардың, құрылыстар мен электр коммуникацияларының дұрыс жағдайын қамтамасыз етеді.
Өндірістік-шаруашылық қызмет туралы жоспарлы және есепті көрсеткіштердің уақытылы және сапалы ұсынылуын ұйымдастырады. энергия жабдығына жөндеу арасында қызметтер көрсету, оны уақытылы сапалы жөндеу мен жаңғырту жұмысын ұйымдастырады, газ-турбиналық электр станциясының ғимараттары мен құрылыстарының жағдайын, оны ұстау мен жөндеуді техникалық тұрғыдан қадағалайды.
Энергия ресурстарын өндіруді, негізгі тұтынушылардың оларды дұрыс жұмсауын бақылайды.
Материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу, еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін жинау және тарату, рационализация мен өнертабысты дамыту жұмысын жүргізеді.
Бекітілген лимиттерге сәйкес материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын және сақталуын бақылайды.
Газ-турбиналық электр станциясының ғимараттары мен құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша жобалық тапсырмаларды қарауға және келісуге, сондай-ақ күрделі жөндеу мен монтаждан жабдықты, коммуникацияларды, ғимараттар мен құрылыстарды қабылдауға қатысады, жаңа объектілердің салынуына техникалық қадағалауды ұйымдастырады.
Газ-турбиналық электр станцияларының өндірістік-шаруашылық қызметіне қажетті жабдыққа, материалдарға, құралдарға және қорғау құралдарына арналған өтінімдердің уақытылы және сапалы жасалуын қамтамасыз етеді, олармен цехтерді (учаскелерді) қамтамасыз етуді бақылайды.
Жабдықтың, қосалқы бөлшектер мен отынның авариялық қоры нормаларын, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Жабдық жұмысындағы авариялар мен бұзылу, жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың себептерін тергеуді, олардың алдын алу бойынша іс-шаралардың әзірленуін ұйымдастырады.
Қоршаған ортаны қорғау және ағынды суды тазарту бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарын аттестациялау және рационализациялау жұмысына қатысады.
Кадрларды іріктейді, оларды цехтер (учаскелер) бойынша орналастырады, персоналдың өндірістік оқуы мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Персоналдың білімін тексеру комиссиясының жұмысына, аварияларға және өртке қарсы жаттығулар жүргізуге қатысады. жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртіпті сақтауын бақылайды.
Қызметкерлердің еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі, өндірістік және еңбек тәртібі ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауын қамтамасыз етеді.
24. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
отын-энергетикалық кешеннің, оның ішінде мұнай өндіретін саланың дамуын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, электр станцияларының, тұтынушылардың энергиямен қамту жабдығы мен құрылыстарын авариясыз және қауіпсіз пайдалану бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;
электр станцияларының қағидаттық электр және жылу желілері, олардың желілері мен арнайы технологиялық тораптар, жабдықтың, құрылыстың, қорғау мен автоматика қондырғыларының, дабылнама және байланыс конструкциялық ерекшеліктері мен пайдаланушылық сипаттамаларын;
энергия жабдығын пайдалану және жөндеу саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені;
газ-турбиналық электр станциясының энергия шаруашылығын дамыту перспективаларын;
ілеспе қойнау қат газының қасиеттері және оған арналған техникалық шарттарды;
техникалық-экономикалық және өндірістік жоспарлау әдістерін;
экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын.
25. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және энергетикалық ұйымдарда басқарушы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе электр станцияларындағы мамандардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
8-параграф. Департамент директоры
26. Лауазымдық міндеттері:
Департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру бойынша жұмысты басқарады.
Жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, жұмыс стратегиясын және тактикасын әзірлейді, жұмыстардың ағымдағы және перспективалы жоспарлары жобаларының дайындалуын қамтамасыз етеді және департаменттің алдында тұрған міндеттердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды және шешімдердің жобаларын тиісті басқару органының қарауына енгізеді.
Бекітілген құжаттардың іске асырылуын ұйымдастырады.
Жұмысты үйлестіреді, басқаруды жүзеге асырады және департаменттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер қызметінің барлық аса маңызды мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайды.
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттардың жобаларын дайындауды басқарады.
Департаменттің ұсынымы бойынша кәсіпорындарда енгізілген ережелер мен нұсқаулықтардың тиімділігін зерттейді.
Қызметтің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын енгізуге шаралар қабылдайды.
Департаменттің жұмысы бойынша ақпараттық анықтамалардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Компания қызметінің жаңа қызметтерімен бағыттарын әзірлеуге қатысады.
Компанияның неғұрлым маңызды клиенттерімен және әріптестерімен тікелей жұмыс істейді, келіссөздерді және кездесулерді ұйымдастырады және жүргізеді.
Департаментке жүктелген міндеттер шеңберінде компания бөлімшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Компанияның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Лауазымдық міндеттерді бөледі, біліктілікті арттыруды ұйымдастырады, департаменттегі өндірістік тәртіпті, персоналды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Қажетті еңбек жағдайын жасауға және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.
Департаменттің жұмысындағы ағымдағы жедел мәселелерді шешеді.
Дайындауды басқарады, департаментке оның қызметі бойынша келісу үшін келіп түсетін жобаларды сараптамаға жібереді.
Өзінің қол астындағы қызметкерлерге тапсырма береді және олардың орындалуын бақылайды.
27. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2012 жылғы 1 ақпандағы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
департамент қызметінің тиісті мәселелерін, кәсіпорынның және мұнай-газ саласының жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін басқа да әдістемелік және нормативтік құжаттарды;
ұйымның бейінін, мамандануын, құрылымының ерекшеліктерін;
техникалық және экономикалық даму перспективаларын;
өнім өндірісі технологиясының негіздерін;
шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері және қаржы менеджментінің негіздерін;
ұйымдағы қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді сату жүйелерін;
өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, экологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі талаптарын;
қызметтік, коммерциялық және мемлекеттік құпияларды құрайтын құпиялылық режиміне қойылатын талаптарды.
28. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
9-параграф. Жөндеу-механикалық шеберханасының шебері
29. Лауазымдық міндеттері:
Жөндеу-механикалық шеберхананың өндірістік-шаруашылық қызметін басқарады.
Жөндеу персоналын басқарады.
Жөндеудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады.
Белгіленген мерзімдерде қарқынды жұмысты және орындалатын жөндеу тапсырмаларының сапасын, жөндеу құнын азайтуды, негізгі және айналымдағы қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Еңбекті ұйымдастыруды және жөндеу өндірісін, оның технологиясын, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру процестерін жетілдіру, ақаулардың алдын алу және өнімнің сапасын арттыру,еңбек өнімділігін арттыру резервтерін пайдалану және өндіріс шығындарын азайту жұмысын жүргізеді.
Жұмыс орындарын аттестациялау және рационализациялау, еңбекті нормалауды жақсарту,тиісті қызметтермен келісу бойынша жалақы және материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін дұрыс қолдану бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету бойынша стандарттарды, техникалық шарттар мен басқа да нормативтік материалдарды әзірлеу және енгізу жұмысын ұйымдастырады.
Жабдықтың, аспаптар мен тетіктердің техникалық тұрғыдан пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Жөндеу түрлері бойынша есепті жүргізу, белгіленген есептілікті жасау жұмысын ұйымдастырады. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өндірістік санитария ережелерінің және өрт қауіпсіздігінің талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Өндірісті дамытуды және жабдықты қайта жаңартуды жоспарлау жұмысына, қатты тозу, жабдықтың авариялары мен өндірістік жарақаттылық себептерін тергеуге қатысады және олардың алдын алу шараларының әзірленуін қамтамасыз етеді.
30. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын;
көлік саласындағы көлік қызметіне, техникалық регламенттеріне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
машиналар мен тетіктердің техникалық сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері, жұмыс режимдері мен пайдалану ережелерін;
жөндеу технологиясын;
жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу тәртібін, жұмыстардың нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібін, еңбекақы және материалдық ынталандыру нысандар туралы қолданыстағы ережелерді;
жөндеу жұмыстарын, монтажды ұйымдастыру және олардың технологиясын, жабдықты реттеуді;
экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын.
31. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жөндеу қызметтеріндегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және жөндеу қызметтеріндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
10-параграф. Жөндеу-құрылыс тобының шебері
32. Лауазымдық міндеттері:
Жұмыс сызбаларына, жұмыстар өндірісінің жобасына, өндірістік жоспарға және нормативтік құжаттарға сәйкес учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Жұмыстар өндірісінің технологиялық кезектілігінің сақталуын және олардың тиісті сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
Технологиялық операцияларды орындау барысында бөлу жұмыстарын, геодезиялық бақылауды және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдерін өлшеуді жүргізеді.
Материалдарды, конструкцияларды, бұйымдарды қабылдауды, оларды қоймалауды, есебін және есептілігін ұйымдастырады.
Учаскеде (объектіде) құрылыс машиналарының, тетіктердің, көлік құралдарының ұтымды пайдаланылуын, материалдардың үнемді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Жұмысшыларға өндірістік тапсырмаларды белгілейді.
Нарядтар береді, аяқталған жұмыстарды қабылдайды, орындалған жұмыстарға нарядтар жазып береді.
Жұмыс уақытын, өндіруді, іркілістерді есепке алу құжаттарын ресімдейді.
Қызметкерлердің өндірудің белгіленген нормаларын игеруі мен орындауына жағдай жасайды.
Қызметкерлерге разрядтар беру, құрылыс тобының сандық және кәсіби-біліктілік құрамын жинау бойынша ұсыныстарды басшының қарауына береді.
Қызметкерлерді құралдармен, құрылғылармен, шағын механикаландыру құралдарымен, көлікпен, арнайы киіммен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарын аттестация жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
Жұмыстар өндірісі кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқама береді.
Қызметкерлерге нұсқама беру журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Технологиялық жарақтың (ағаштардың, төсеніштердің, қорғау құрылғыларының, қазаншұңқырлар мен орлардың қабырғалары бекіткіштерінің, көлбеу тіреуіштерінің, кондукторлардың және басқа да қондырғылардың), құрылыс машиналардың, энергетикалық қондырғылардың, көлік құралдарының және жұмыс істейтіндердің қорғау құрылдарының мақсатымен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарын қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазуларымен және плакаттармен қамтамасыз етуді бақылайды.
Жұмыс орындарында, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда және учаскенің аумағында бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.
Жұмыс орындарында, өтетін және кірме жолдарында тазалық пен тәртіптің сақталуын, кран астындағы жолдардың дұрыс ұсталуын және пайдаланылуын бақылайды.
Қауіпсіздік техникасының жағдайын тексереді және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдады.
Өндірістегі жазатайым жағдайларды және қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуын тергеу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
Жұмысшылардың еңбекті қорғау нұсқаулықтарын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
33. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын;
құрылыс қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
ұйымның бейіні, мамандануы мен даму перспективаларын;
құрылыс өндірісінің технологиясын және оны ұйымдастыруды;
салынатын объектілерге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы, техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен ережелерді;
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және қабылдауға арналған техникалық шарттарды;
учаскеде жұмысты жоспарлау қағидаттарын;
қолданылатын құрылыс машиналарының, құралдардың, айлабұйымдардың техникалық сипаттамаларын;
экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
ұйым қызметіне еңбекақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережені (орындалатын жұмыстарға арналған нормалар мен бағалар), материалдық ынталандыру нысандарын;
дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін.
34. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыс ұйымдарындағы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және құрылыс ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
11-параграф. Көлікті жөндеу шебері
35. Лауазымдық міндеттері:
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелері мен жоспарлы-алдын алу жөндеу туралы ережелерінің талаптарына сәйкес көліктің, агрегаттар мен шиналардың пайдаланылуын және жөнделуін, қосалқы бөлшектер мен бөліктердің жасалуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.
Жөндеу персоналын басқарады.
Көлікке техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, диагностикасы жоспарларын әзірлейді.
Автокөліктің, жүк көтергіш машиналардың, түсіретін жүк ұстайтын құрылғылардың, бақыраштардың, тіреуіштердің техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын бақылайды.
Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу сапасын арттыру, материалдар, қосалқы бөлшектердің, электр энергиясы және басқа да ресурстар шығынын азайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Қосалқы бөлшектерге, агрегаттарға, бөлшектерге, материалдарға, құралға арналған өтінімдерді жасайды.
Қосалқы бөлшектердің, шиналардың, жанар-жағармай және басқа да жөндеу материалдардың уақытылы келіп түсуін бақылайды.
Қосалқы бөлшектердің, құралдың, жанар-жағармай материалдарының, спирттің, қышқылдардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Нормативтік жұмыс мерзімі аяқталған көлікті, тетіктер мен жабдықты есептен шығаруға ұсыныстарды дайындауға қатысады.
Жұмысшыларды учаскеде орналастырады, оларға өндірістік тапсырмалар белгілейді, жұмыс орнындағы өндірістік нұсқамалар береді.
Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын, еңбекті қорғау ережесінің орындалуын бақылайды.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жабдықтың, коммуникациялар мен құралдың дайындығын бақылайды.
Жөндеу сапасын, аспаптарды, тетіктерді, қорғау құралдары мен құрылғыларды қарау және сынау мерзімдерінің сәйкес келуін тексереді.
36. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын;
көлік саласындағы көлік қызметіне, техникалық регламенттеріне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
көліктің техникалық жағдайын бақылау әдістері;
көлікті жөндеу сапасын бағалау критерийлері;
машиналар мен тетіктерді техникалық пайдалану ережесін;
көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясы және оны ұйымдастыруды;
машиналар мен тетіктердің құрылысын, жұмыс қағидатын, мақсатын, конструкциялық ерекшеліктерін, техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларын;
экономика және еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
жол қозғалысы қауіпсіздігі мен көліктегі қауіпсіздік техникасының талаптарын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын.
37. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автокөлік кәсіпорындарындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және автокөлік кәсіпорындарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
12-параграф. Құрылыс және монтаж жұмыстарының шебері
38. Лауазымдық міндеттері:
Жұмыс сызбаларына, жұмыстар өндірісінің жобасына, өндірістік тапсырмаға және нормативтік құжаттарға сәйкес учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Құрылыс-монтаж бригадасын басқарады.
Жұмыстар өндірісінің технологиялық кезектілігінің сақталуын және олардың тиісті сапасын қамтамасыз етуді бақылайды.
Қажет болғанда, технологиялық операцияларды орындау барысында бөлу жұмыстарын, геодезиялық бақылауды және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдерін өлшеуді жүргізеді.
Материалдарды, конструкцияларды, бұйымдарды қабылдауды, оларды қоймалауды, есебін және есептілігін ұйымдастырады.
Учаскеде (объектіде) құрылыс машиналарының, тетіктердің, көлік құралдарының ұтымды пайдаланылуын, материалдардың үнемді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Бригадалар мен олардың құрамына кірмейтін учаскедегі буындар мен жекелеген жұмысшыларды орналастырады, оларға өндірістік тапсырмалар белгілейді, жұмысшыларға өндірістік нұсқама береді.
Нарядтар береді, аяқталған жұмыстарды қабылдайды, орындалған жұмыстарға нарядтар жазып береді, жұмыс уақытын, өндіруді, іркілістерді есепке алу құжаттарын ресімдейді.
Өндірістік тапсырмалардың күн сайын орындалуын және құрылыс материалдардың, конструкциялардың, бұйымдардың түсуін жедел есептеуді ұйымдастырады.
Жұмысшылардың қолданыстағы өндіру нормаларын игеруі және орындауы үшін жағдай жасайды.
Жұмысшыларға разряд беру, бригадалардың сандық және кәсіби-біліктілік құрасын жинақтау бойынша ұсыныстарды енгізеді.
Бригадалар мен жұмысшыларды құралмен, құрылғылармен, шағын механикаландыру құралдарымен, көлікпен, арнайы киіммен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді бақылайды.
Жұмыс орындарын аттестациялау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
Жұмыстардың орындаудың қауіпсіз әдістері бойынша жұмысшыларға нұсқама береді.
Технологиялық жарақтың (ағаштардың, төсеніштердің, қорғау құрылғыларының, қазаншұңқырлар мен орлардың қабырғалары бекіткіштерінің, көлбеу тіреуіштерінің, кондукторлардың және басқа да қондырғылардың), құрылыс машиналардың, энергетикалық қондырғылардың, көлік құралдарының және жұмыс істейтіндердің қорғау құрылдарының мақсатымен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Ауыр жүк көтеру нормаларының сақталуын, жұмыс орындарын қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазуларымен және плакаттармен қамтамасыз етуді бақылайды.
Жұмыс орындарында, өтетін және кірме жолдарында тазалық пен тәртіптің сақталуын, кран астындағы жолдардың дұрыс ұсталуын және пайдаланылуын бақылайды.
Жұмыстар басталғанға дейін қауіпсіздік техникасының жағдайын күн сайын тексереді және анықталған кемшіліктерді жоюға шараларды қабылдайды, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелерінің бұзылу жағдайларын талқылау бойынша жұмысшылармен жүйелі түрде әңгімелеседі.
Жұмысшылардың еңбекті қорғау нұсқаулықтарын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.
Үздік жұмысшыларға сыйлықақы беру, өндірістік және еңбек тәртіпті бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді.
39. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын;
құрылыс қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
ұйымның бейіні, мамандануы мен даму перспективаларын;
құрылыс өндірісінің технологиясын және оны ұйымдастыруды;
салынатын объектілерге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы, техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен ережелерді;
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және қабылдауға арналған техникалық шарттарды;
шаруашылық есептің ұжымдық және бригадалық мердігері туралы ережесін;
учаскеде жұмысты жоспарлау қағидаттарын;
қолданылатын құрылыс машиналарының, құралдардың, айлабұйымдардың техникалық сипаттамаларын;
экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
ұйым қызметіне еңбекақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережені (орындалатын жұмыстарға арналған нормалар мен бағалар), материалдық ынталандыру нысандарын;
дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін;
экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
жұмыс орындарында еңбектің ұйымдастырылуын жоспарлау қағидаттары;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірыңғай нормалары мен бағалары, еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ереже;
құрылыс машиналардың, тетіктердің, құралдардың, құрылғылардың техникалық сипаттамаларын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері мен әдістері.
40. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыс-монтаждау ұйымдарындағы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және құрылыс-монтаждау ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
13-параграф. Қызметтің басшысы
41. Лауазымдық міндеттері:
Қызметтің жұмысын басқарады.
Қызметтің жұмысын үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының басшылық етуімен және басқа да бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимылдарында өзара міндеттерін орындайды.
Жұмыстардың перспективалық және ағымдағы кестелерді әзірлеуді басқарады, жұмыстардың мерзімдері мен көлемдерін, еңбек пен материалдық ресурстары шығындарын жоспарлайды.
Қызметтің бағыты бойынша жұмыстардың орындалуын технологиясын және сапасын, жұмыстың шарттарын, еңбек шығындарын қысқартуды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларының сақталуын, жұмыстарды орындау кезінде материалдық және энергетикалық ресурстардың үнемделуін, олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін жұмыстың прогрессивті әдістерін әзірлеуді және өндірісін енгізуді ұйымдастырады.
Жұмыстарды орындау үшін талап етілетін қажетті жабдыққа, құралға және материалдарға арналған өтінімдерді жасауды, жабдықтың, құрал мен материалдардың есебін ұйымдастыруды, оларды паспорттауды қамтамасыз етеді.
Ұйымды қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарауға қатысады, жаңа жабдықты енгізу, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру бойынша шараларды қабылдайды.
Технологиялық карталарды әзірлейді және технологиялық карталарға сәйкес өндірістік учаскелердің дұрыс жұмысының сақталуын бақылайды.
Қызметтер персоналының еңбек қауіпсіздігі бойынша оқуды, аттестациялауды және білім тексеруді ұйымдастырады.
Ықтимал аварияларын жою бойынша оқу өткізуді, авариялық-қалпына келтіру қызметтерінің оқу және жаттығу кестелерінің орындалуын бақылайды.
Авариялар мен жазатайым жағдайларды тергеуге қатысады.
Атқарушылық, технологиялық және еңбек тәртібін нығайту бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.
42. Білуі тиіс.
Өндірісті, бейінді технологиялық дайындау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
ұйымның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының мамандануы мен ерекшеліктері, олардың даму перспективаларын;
ұйымның өнімін шығару технологиясының негіздерін;
пайдаланылатын жабдықтың өндірістік қуаттары мен жұмысының режимдерін, оны пайдалану ережесін;
өндірісті технологиялық дайындауды және жұмыстарды орындау тәртібі мен әдістерін;
техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да басшылық материалдарды;
жұмыстағы ақаулардың түрлері мен оларды жою тәсілдері, стандарттар мен техникалық шарттар, құрылыс нормалары мен ережесін, жұмысшылардың жұмысын тарифтеуді;
технология және жұмыстарды ұйымдастыру саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;
экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібінің ережесі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария нормалары мен ережелерін, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды.
43. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
14-параграф. Машиналар мен тетіктерді жөндеу шебері
44. Лауазымдық міндеттері:
Автомобильдерді, жол-құрылыс машиналарын және желі тетіктерін (жұмыстар объектілерін) техникалық тұрғыдан дұрыс жасауды жүргізеді.
Лас және бұзылған күйінде, дәрі қобдишасы, өрт сөндіргіші, жарамды құралдар мен тетіктері жоқ автомобильдерді, жол-құрылыс машиналарын және тетіктерін шығаруға тыйым салады.
Машиналар мен тетіктерді жоспарлы-алдын алу жөндеу туралы ереженің талаптарына сәйкес жөндеуді қамтамасыз етеді.
Автомобильдерді, жол-салу машиналарын және тетіктерді желіден (жұмыстар объектілерінен) қайтарып алғанда оларды желіге жіберуге қойылатын талаптарға сәйкес олардың техникалық жағдайын тексереді, ағымдағы жөндеуге және диагностика жасауға арналған өтінімдерді ресімдейді.
Техникалық қызметтер көрсету кестесіне сәйкес автомобильдерді, жол-құрылыс машиналарын және тетіктерді жоспарлы-алдын алу қызметтерін көрсету мен жөндеудің кезекті түріне жібереді.
Автомобильдердің, жол-құрылыс машиналарының және тетіктердің желіден (жұмыс объектілерінен) кідіру себептерін анықтайды.
Белгісіз себептермен автошаруашылықта автомобильдер, жол-құрылыс машиналары және тетіктер болмаған немесе оларды ұзақ уақытқа кідірткен жағдайда бұл туралы автошаруашылық басшылығына хабарлап, іздеуге шаралар қабылдайды.
Автошаруашылық басшылығына авариялар туралы уақытылы хабарлайды, автомобильдерді, жол-құрылыс машиналарын және тетіктерді желіден (жұмыстар объектісінен) гаражға жеткізуді және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
Машиналарын және тетіктерді қатаң бөлінген тұрақ орындарына қоюды бақылайды.
Автошаруашылықтың аумағына бөтен көліктің кіруіне жол бермейді.
Машиналарын және тетіктерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді бақылайды.
Машиналарының және тетіктердің техникалық жағдайын бақылауға қатысты автошаруашылық басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін орындайды.
Белгіленген жабдықтың, құралдың, тетіктің және өрт сөндіру құралдарының жинақталуын және дұрыс болуын бақылайды.
Рационализациялау және өнертабыс жұмысына қатысады.
Машиналарын және тетіктерді техникалық қарауға дайындауға қатысады.
Ағымдағы және күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету кезінде машиналарының және тетіктердің бос тұру есебін жүргізеді, олардың техникалық жағдайы туралы жедел мәліметтерді жасайды және автошаруашылықтың техникалық қызметінің басшылығына береді.
Машиналар мен тетіктерді пайдалану және жөндеу бойынша техникалық құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Жабдықтың, тетіктердің, құралдардың жағдайын, учаскеде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын тексереді.
Авариялар мен жазатайым жағдайларды тергеуге және оларды болдырмау бойынша іс-шараларды орындауға қатысады.
45. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 2005 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын;
Қазақстан Республикасының машиналар мен тетіктерді пайдалану және техникалық жағдайын бақылауға қатысты өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
жасаушы зауыттардың нұсқаулықтарын;
жол қозғалысы қауіпсіздігі және автомобиль көлігіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды;
автомобильдердің, жол-құрылыс машиналарының және тетіктердің құрылысы, олардың техникалық-пайдаланушылық сипаттамалары мен конструкциялық ерекшеліктерін;
техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу туралы ережені;
машиналар мен тетіктердің жұмыс режимі мен оларды пайдалану ережесін;
бұзушылықтарды анықтау әдістері және жөндеу сапасын бағалау критерийлері жабдықты монтаждауды, реттеу мен жөндеуді ұйымдастыру және олардың технологиясын;
жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу тәртібін, жұмыстардың нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібін, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы ережелерді;
экономика негіздерін;
еңбек заңнамасын;
өндірістегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормаларын.
46. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және кәсіби мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
15-параграф. Мұнай, газ және конденсат өндіру шебері
47. Лауазымдық міндеттері:
Мұнай, газ және конденсат өндіру бойынша бригаданың өндірістік қызметіне басшылық етеді.
Мұнай, газ және конденсат өндіру бойынша тапсырмалардың орындалуын, еңбек өнімділігін арттыруды,ұңғымалар мен объектілер жұмысының технологиялық режимдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Технологиялық процестердің бұзылу себептерін жедел анықтайды және оларды жояды.
Ұңғымалар мен басқа да өндірістік объектілерге және коммуникацияларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Ұңғыма іркілістерін қысқарту бойынша шараларды қабылдайды.
Ұңғымаларды жөндеуге тапсыру кезінде олардағы дайындық жұмысын жүргізеді және ұңғымаларды қабылдауға және тапсыруға актілерді ресімдейді.
Ұңғымаларды жөндеуден уақытында қабылдауды қамтамасыз етеді.
Өндірістің кестелеріне сәйкес буындар мен жекелеген жұмысшыларға өндірістік тапсырмаларды, материалдарды, отынды, электр энергиясын пайдалану көрсеткіштерін белгілейді және оларға уақытылы жеткізеді.
Өндірістік қызмет нәтижелерін талдайды.
Мұнай және газ өндіру бригадасының мүшелері орындайтын жұмыстың сапасын, электр энергиясының, отынның, материалдардың үнемді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Қажетті техникаға, материалдарға, құралға арналған өтінімдерді уақытылы жасайды және береді.
Жаңа технологиялық процестерді әзірлеуге және қолданыстағыларды жетілдіруге қатысады.
Жұмысшылардың жабдықты, құралды дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді.
Жұмыс орнында өндірістік нұсқауламаны жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, жабдық пен құралды техникалық пайдалану ережелері мен нормаларын орындау бойынша іс-шараларды жүргізеді.
Кәсіптерді қоса атқаруды дамытуға, еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарына қызмет көрсету және қолдану аймақтарын кеңейтуге жәрдемдеседі.
Жұмыстар мен жұмысшылардың кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес сан нормативтерін, бағаларды қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмыс разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Жұмысшыларды аттестациялау бойынша аттестациялау комиссияларына қатысады.
Жұмыс уақытын, жалақыны, бос тұрып қалуды есепке алу бойынша бастапқы құжаттардың дұрыс және уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Өндіріс резервтерін анықтау, қолайлы еңбек жағдайын жасау бойынша іс-шараларды әзірлеу, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауы жөнінде шаралар қабылдайды.
Өндіріс озаттарына белгіленген тәртіппен сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ бригаданың ерекше көзге түскен жұмысшыларын ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс береді.
Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялауға қатысады.
Жұмысшылармен белгіленген тәртіппен жұмыс орнында бастапқы нұсқамалықты, еңбекті қорғау бойынша қайтадан, жоспардан тыс нұсқауламалар жүргізеді.
Белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының, еңбекті қорғау қызметінің ұйғарымдарын орындайды.
Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді.
Өндірісте жазатайым жағдай болған жағдайда зардап шеккенге алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырады, болған жазатайым жағдай туралы тікелей басшысына хабарлайды, өндірістегі жазатайым жағдайларды және кәсіби ауруларды тергеу және есепке алу ережесінде көзделген басқа да іс-шараларды жүргізеді.
48. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Респуликасының Заңдарын;
мұнай өндіру саласына, мұнай, газ және конденсат өндіру жұмыстарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
ұңғымаларды, жерүсті жабдықты, құрылыстар мен коммуникацияларды пайдалану ережелерін;
мұнай, газ және конденсат өндіру жұмыстарын жүргізу технологиясын;
мұнай, газ және конденсат кәсіпшілік жинау жүйесін;
жабдықтың, құралдың, аспаптардың техникалық сипаттамасын, оларды жөндеуді ұйымдастыру ережелерін;
аварияларды және мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою әдістері;
еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелер және материалдық ынталандыру нысандары;
алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері;
экономика және өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
49. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай және газ өндіруде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мұнай және газ өндіруде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
16-параграф. Мұнайды дайындау және тұрақтандыру шебері
50. Лауазымдық міндеттері:
Мұнайды дайындау және тұрақтандыру бригадасын басқарады.
Мұнайды дайындау және тұрақтандыру бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Мұнай қабылдауды және мұнайды дайындау және тұрақтандыру қондырғыларында мұнай дайындауды және тұтынушыларға тапсыруды ұйымдастырады. жұмыс режимдерінің сақталуын және технологиялық жабдық пен аппараттардың (тетіктердің, құралдардың, қорғау құралдарының, технологиялық құбырлардың, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, резервуарлардың, сыйымдылықтардың, сорғылардың, пештердің, мұнай ағызу-құйып алу пункттерінің, факельдік шаруашылықтың, реагенттік шаруашылықтың, вентиляциялық жүйелер мен бу-сумен қамтамасыз ету жүйелерінің, кәріздің, суағарлардың, газ тарату және газ тұтыну жүйелері объектілерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының) қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Дайындалатын мұнайдың сапасын және мұнайды есепке алудың коммерциялық торабы арқылы тапсыру бойынша жоспарлы тапсырманың орындалуын бақылауды жүргізеді.
Тәуліктік рапорттың жасалуын қамтамасыз етеді.
Мұнайды дайындаған кезде мұнайдың шығынын азайту бойынша іс-шараларды енгізуді қамтамасыз етеді.
Жабдыққа жөндеу жүргізу кестесін жасауға қатысады.
Технологиялық жабдықты дайындау және жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарды басқарады.
Жұмыстарды ұйымдастырудың алдын ала әзірленген жоспары, жобасы немесе жұмыстардың түрлері жүргізу бойынша нұсқаулықтар бойынша күрделі және қауіпті жұмыстарды тікелей басқарады.
Қажетті техникаға, материалдарға, құралға арналған өтінімді уақытылы жасайды және береді.
Еңбек өнімділігін арттыруды, дайындалатын мұнайдың жоғары сапасын, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Өндірісті уақытылы дайындайды, жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етеді.
Жабдықты жөндеу кестелерін жасауға қатысады. технологиялық жабдықты жөндеуге дайындау және оны жүргіз жұмыстарын басқарады.
Технологиялық процестердің сақталуын бақылайды, бұзушылықтарды жедел анықтайды және жояды.
Орындалатын жұмыстардың сапасын тексереді.
Орындалатын жұмыстардың сапасын тексереді.
Аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады.
Бригадада жаңа техниканы, технологияны, еңбекті көп қажет ететін процестер мен қолмен жасайтын жұмыстарды механикаландыруды, автоматтандыруды енгізеді.
Бригаданың жұмысшыларын бірдей жүктеуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарында жұмысшыларға өндірістік нұсқаулама беруді жүзеге асырады.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес сан нормативтерін, бағаларды қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмыс разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Жұмысшыларды аттестациялау бойынша аттестациялық комиссияларға қатысады.
Жұмыстарды тарифтеуге қатысады уақытын, жалақыны, іркілістерді есепке алу бойынша бірінші құжаттардың дұрыс және уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Өндіріс резервтерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыруға, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларын әзірлеуге қатысады.
Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.
Өндіріс үздіктеріне белгіленген тәртіппен сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ үздік жұмысшыларды ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді.
Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялауға қатысады.
51. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарды;
Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілері, мұнайды дайындау және айдау мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
құбырлардың, жабдықтың технологиялық схемасын және оларды пайдалану әдістерін;
мұнай сапасының санын және көрсеткіштерін өлшеу жүйесі;
дайындау, айдау және оны тұрақтандыру аспаптарын және жүйелерын және мұнай технологиясын;
мұнайды дайындау және тапсыру стандарттары мен техникалық шарттарын;
мұнай мен газды өндіру технологиясын, мұнайлы, газды, суды кәсіпшілік жинау жүйесін:
жабдықтың, құралдың, тетіктің техникалық сипаттамасы, оларды пайдалану және жөндеу ережесін;
мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуі бойынша аварияларды жою технологиясын;
дайындалатын мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттері;
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру ережелері;
еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелер және материалдық ынталандыру нысандарын;
экономика және өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын.
52. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
17-параграф. Мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы
53. Лауазымдық міндеттері:
Мұнай-газ өндіретін басқарманың өндірістік-шаруашылық қызметін, барлық құрылымдық бөлімшелерінің, цехтері мен өндірістік бірліктерінің өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады. мұнай-газ өндіретін басқарманың тиімді, орнықты және іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Бекітілген жобаның талаптарына сәйкес мұнай-газ кен орнын игеруді, мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын, мұнайдың шығындарын азайтуға және өзіндік құнын азайтуға бағытталған ұсыныстарды, бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.
Кен орнын жайластыруды бақылауды және пайдалануға енгізілетін мұнай-газ өндіру жабдығын, құбырлар мен басқа да объектілерін іске қосуды жүзеге асырады. мұнай жинау және су арнасы жүйелерін қайта жаңарту және іркіліссіз жұмыс істеуі бойынша шараларды қабылдайды.
Күзгі-қысқы және көктемгі-су тасқыны кезеңдеріндегі мұнай-газ өндіретін басқарманың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Мұнай өндіру объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Мұнай кәсіпшілігі үшін тауарлық-материалдық құндылықтар, жабдық, аспаптар қажеттіліктерін қалыптастыруды және негіздеуді қамтамасыз етеді.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, өндірістік резервтер мен ресурстардың барлық түрлерінің үнемді жұмсалуы бойынша мәселелерді шешеді.
Басқарудың, өндіріс тиімділігін арттырудың, әрбір қызметкердің оған тапсырылған іс және барлық ұжым жұмысының қорытындылары үшін жауап беруін дұрыс біріктіруді қамтамасыз етеді.
Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, олардың мерзімдері мен сапасын бақылайды.
Ұңғымалардың жұмыс істеген уақыты мен судың проценттік құрамы ескеріліп, топтық өлшеу қондырғыларының, шығын өлшегіштердің және басқа да өлшеу қондырғыларының көмегімен сұйықтық бойынша ұңғымалардың дебитін өлшеу деректерінің негізінде ұңғымалар бойынша өндірілген мұнай мен газды жедел есептеуді қамтамасыз етеді.
Мұнай және газ конденсатының технологиялық шығындарын есептеу тәртібін қамтамасыз етеді.
Инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың ең жаңа деген техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізу негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру шараларын қамтамасыз етеді.
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті және қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша талаптардың, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуы, сондай-ақ жұмыс істейтін персоналдың денсаулығын сақтауды жақсарту бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс режимін қамтамасыз етеді.
Заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша мұнай-газ өндіретін басқарманың міндеттемелерін орындау, ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Мүлік пен негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік қорлардың, еңбек және материалдық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
Аварияларды, жарылыстардың, мұнай мен газ атқымалардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ өндірістегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады.
Жоғары тұрған басшылыққа белгіленген есептілікті уақытылы беруді қамтамасыз етеді.
Жұмысшылар мен мамандардың оқуын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және персоналды даярлауды тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Материалдық ынталандырудың икемді саясатының, еңбек жағдайын жақсартудың, оның мазмұндылығын және беделін арттырудың, құрылым мен штатты рационализациялау, еңбек тәртібін нығайтудың негізінде қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды арттыру шараларының кешенін әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді.
Қызметкерлердің еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауын қамтамасыз етеді.
54. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экология кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
отын-энергетикалық кешеннің, оның ішінде мұнай өндіретін саланың дамуын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдық пен құрылыстарды авариясыз және қауіпсіз пайдалану бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды;
саланың техникалық және экономикалық даму перспективаларын;
өндіріс басқару, технологиясы және оны ұйымдастыру әдістерін;
қағидаттық технологиялық схемаларды, кен орындары мен ағындар бойынша мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
шикізаттың, қосалқы материалдар мен дайын өнім сипаттамаларын;
технологиялық процесс пен жабдықтың бұзылуын;
технологиялық процесс пен жабдықтың бұзылу ықтималдығын;
технологиялық процесті қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету және жұмысшылардың организмін қорғау бойынша негізгі іс-шараларн;
мұнай өндіру ұйымы құрылымының мамандануы мен ерекшеліктерін;
есеп және қаржы талдау негіздері, ұйымның өндірістік қуаттары мен кадр ресурстарын;
салық заңнамасын;
ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібін;
шаруашылық жүргізу мен өндірісті басқарудың заманауи әдістерін;
ғылым және техника жетістіктері, озық отандық және шетелдік тәжірибені;
сауда (тендер) өткізу, келісімшарттар (шарттар) жасасу және орындау тәртібін;
жоспарлау, статистика, менеджмент, маркетинг, психология негіздерін;
іскерлік қатынасы мен келіссөздер жүргізу этикасын;
ұйымдастырушылық және есептеу техникасын пайдалану мүмкіндігін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормаларын.
55. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай-газ саласындағы басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
18-параграф. Оқу орталығының бастығы
56. Лауазымдық міндеттері:
Оқу орталығының жарғысы мен басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оқу орталығының қызметін басқарады.
Жұмыс жоспарын және бағдарламаларды бекітеді.
Оқу орталығының ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын бекітеді.
Оқу қызметін жүргізу құқығына лицензияға сәйкес студенттер контингентін қалыптастырады, оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді оқытушыларды оқу жүктемесін бөлуін, сағат сайынғы қордың жасалуын және оның ұтымды пайдаланылуын бақылайды және талдайды.
Заңнамада белгіленген шектерде оқу орталығының мүлкіне және құралдарына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық құралдарының түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуы мен толтырылын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбектің қорғалуын және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ғылыми-педагогикалық және тәрбиелеу процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктейді және орналастырады.
Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін белгілейді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Басқару құрылымын, штат кестесін бекітеді.
Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің аттестациясын өткізеді.
Жаңа оқу жылына аудиторлық қордың дайындығын қамтамасыз етеді.
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік емтихан комиссиялары туралы бұйрықтар шығарады.
Студенттердің практикаларының барлық түрлерін бақылайды.
57. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
білімнің даму бағыттары мен перспективаларын белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
оқу орталығының бейіні бойынша оқу-ғылыми тәртібінің негіздерін, оқу жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін;
оқу жұмысы жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі;
физиологияны, психологияны;
студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи нысандары мен әдістерін;
экономика негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормаларын.
58. Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, білім ұйымдарындағы немесе орталықтың бейініне сәйкес келетін ұйымдардағы басшы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
19-параграф. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет бастығы
59. Лауазымдық міндеттері:
Орталық инженерлік-технологиялық қызметті басқарады.
Негізгі өндірістің қарқынды жұмысын және мұнай мен газ өндіру, мұнай тапсыру, суды өнімді қабаттарға айдау бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Кен орындардың бекітілген технологиялық схемалары мен жобаларын енгізуді, мұнай мен өндірудің жобалық деңгейлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес өндірістік процестер мен жекелеген жұмыстарды қауіпсіз жүргізді қамтамасыз етеді.
Белгіленген технологиядан ауытқу себептерінің анықталуын қамтамасыз етеді, олардың алдын алу және оларды жою бойынша шараларды қабылдайды.
Технологиялық режимдерді өзгерту бойынша ұсыныстардың әзірленуін басқарады.
Ұңғымаларды игеру, мұнай мен газ өндіру технологиясын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың жоспар-кестесінің орындалуын қамтамасыз етеді, ұңғымаларды игеру, мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологиясы бойынша әзірленімдер және ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұрғылаудан, игеру мен күрделі жөндеуден кейін ұңғымаларды пайдалануға енгізу жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Вахта жұмысшыларының жұмыс орнына және кері қарай уақытылы жеткізілуін бақылайды. бағыныстағы өндірістік бөлімшелер қызметінің қорытындылары туралы тәулік сайынғы ақпаратты орталық инженерлік-технологиялық қызметке уақытылы жеткізілуін бақылайды. аварияларды және кедергілерді жою жұмыстарын әзірлеуге және ұйымдастыруға қатысады.
Ауысым бастықтарына арналған өндірістік тапсырмаларды жасайды және береді.
Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің жүргізілуін бақылайды.
Еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысына қатысады. цехтер мен объектілердегі еңбек жағдайының ахуалын тексереді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Арнайы және технологиялық жабдықтың мұнай-газ өндіретін басқарманың бригадалы бойынша дұрыс және ұтымды бөлінуін бақылауды ұйымдастырады.
Автокөлік ұйымдарымен қызмет көрсету шарттарын жасауға қатысады және олардың орындалуын ай сайын бақылайды.
Мұнай өндіру объектілеріндегі авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін арнайы техниканы уақытылы шығаруды қамтамасыз етеді.
Еңбек жағдайын жақсартудың кешенді жоспарларын, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясын жетілдіру, еңбектің жаңа озық әдістерін енгізу жоспарларын әзірлеуге қатысады.
Қызметтің перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді және қызмет жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп құжаттарының жасалуын қамтамасыз етеді.
Қызмет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын әзірлейді, қызмет қызметкерлерін орналастыруды және ұтымды пайдалануды жүзеге асырады.
Өндірістік объектілерді еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау бойынша ережелер мен нормаларды сақтау мәніне бақылайды.
60. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экология кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
өндірісті жедел басқару бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды бұрғылау және жерасты жөндеу технологиясын;
мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
мұнайды, газ бен суды жинаудың, дайындау мен тасымалдаудың кәсіпшілік жүйесін;
кәсіпшілік арасындағы және магистральдық құбырлардың орналасу схемасын;
өндірістік жабдық сипаттамасын және оны техникалық пайдалану ережелерін;
өндіріс қызметін есепке алу әдістерін;
экономика, өндірісті еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
техникалық-экономикалық және жедел-өндірістік жоспарлау әдістерін;
өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары мен әдістерін;
еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру туралы қолданыстағы ережелерді;
ішкі еңбек тәртібі қағидасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауғ өндірістік санитария нормалары мен ережелерін, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды.
61. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
20-параграф. Өкілдік директоры
62. Лауазымдық міндеттері:
Заңды тұлғаның мүдделерін қорғайды және білдіреді, берілген сенімхаттың шеңберінде оның атынан мәмілелер және өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайды.
Келіссөздер жүргізеді, контрагенттермен жұмысты қамтамасыз етеді және заңды тұлғаның атынан шарттар жасасады.
Жасалған шарттардың орындалуын бақылайды, наразылық талап-арыз жұмысын жүргізеді.
Өкілдіктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда, жеке және заңды тұлғалардың алдында білдіреді.
Өкілдіктің орналасқан жері бойынша ұйымның бақылаушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді.
Қызмет аумағында заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін, оның іскерлік беделін қорғауды жүзеге асырады.
Белгіленген мерзімдерде өнімнің сатылуын ұйымдастыруға бағытталған өкілдік жоспарларының іске асырылуын жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның стратегиялық және жаңа клиенттерімен өзара пайдалы қатынастарды реттейді.
Штат кестесіне сәйкес өкілдік қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне және қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес оларға ынталандыру және жазалау шараларын қолданады.
Өкілдіктің негізгі міндеттерін орындауға арналған құралдарды иелік етеді.
Өкілдіктің ағымдағы қызметін ұйымдастырады және жедел басқаруды жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның атқарушы органы шешімдерінің орындалуын, өкілдіктің қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Өкілдік қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Қол астындағылардың жұмысын үйлестіреді.
Ұйымның қызметіне қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды уақытылы алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады.
Өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіреді.
Ұйым шығаратын өнімді жеткізу шарттарын жасасу үшін коммерциялық әріптестерді іздеуді жүзеге асырады.
Ұйым жеткізетін және ұйым үшін жеткізілетін мүлікпен жабдықтауды, оны жеткізуді, тасымалдауды, қоймалау мен сақтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жүктерді кедендік ресімдеуге жәрдемдеседі.
Ұйымның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.
Ұйымның өнімін, жұмыстары мен қызметтерін ұсыну үшін жарнамалық және ақпараттық қызметке, ұйымның көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуына жәрдемдеседі.
Ұйымның іссапарға жіберілген қызметкерлерін орналастыруға, билеттерді, қонақ үйлерде орындарды броньдау, визаларды ресімдеу және алу кезінде жәрдемдеседі.
63. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
ішкі нормативтік құжаттарды;
ұйымның бейінін, мамандануын, құрылымының ерекшеліктерін, ұйымның техникалық және экономикалық перспективаларын;
өнімді шығару технологиясының негіздерін, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ұйымдағы көлік қызметтерін көрсету және өнімді сату жүйесін;
құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық және мемлекеттік құпияны сақтау, құпия сипаттағы мәліметтерді жария етпеу талаптарын.
64. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) білім, қызметтің тиісті саласындағы кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
21-параграф. Өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы
65. Лауазымдық міндеттері:
Өндірістік қызмет көрсету базасының өндірістік-шаруашылық қызметін басқарады.
Бұрғылау (мұнай кәсіпшілігі) жабдығын және басқа да өндірістік объектілерді жөндеу тапсырмаларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды.
Цехтерді материалдық-техникалық және көлік құралдарымен қамтамасыз етуге басшылық етеді.
Базада тіркелген арнайы техниканың, еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға арналған агрегаттардың, құралдар мен құрылғылардың ұтымды пайдаланылуын және уақытылы жаңартылуын ұйымдастырады.
Бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі, энергетикалық жабдық, бұрғылау және қармағыш құрал прокатын, сондай-ақ белгіленген номенклатураның жаңа бұйымдарының жасалуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылық жабдық прокаты жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралардың әзірленуін, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Жабдықтың техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын бақылайды. жабдықтың істен шығуына байланысты аварияларды болдырмау бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Базаның негізгі өндірістік объектілермен нақты және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Авариялық-жөндеу бөлімшелерінің жұмыс істеуін және жөндеуді күтіп пайдаланушылық жабдықтың бос тұруын қысқартуды қамтамасыз етеді.
Жөндеу техникасы мен технологиясы бойынша іс-шаралардың әзірленуін бақылайды.
Жаңа техниканы, диагностика құралдары мен еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды енгізуді қамтамасыз етеді.
Еңбекті ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және енгізілуін бақылайды.
Пайдаланушылық жабдықтың сенімділігі, сапасы, конструкциялық кемшіліктері, жөндеуге жарамдылығы бойынша көрсеткіштерді талдайды.
Өндірістік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы озық тәжірибені зерттейді, жинақтайды және таратады.
Қызметкерлердің базаның цехтерінде және негізгі өндірім объектілерінде еңбекті қорғау, өр қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылайды.
Материалдық-техникалық ресурстарының, отынның, жанар-жағармай материалдарының, электр энергиясы мен басқаларының үнемді жұмсалуының іс-шараларын әзірлеуді және оны бақылауды қамтамасыз етеді.
Екінші ресурстарды жинау, сақтау және кәдеге жарату бойынша іс-шаралардың әзірленін және орындалуын ұйымдастырады.
Базаның шаруашылық қызметін талдайды.
Базаның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
Белгіленген есептіліктің уақытылы берілуін қамтамасыз етеді.
Кадрларды іріктейді, орналастырады және ұтымды пайдаланады.
Үздік қызметкерлерді ынталандыру, өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.
66. Білуі тиіс.
мұнай өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін,кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша нормативтік және әдістемелік материалдарды;
шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;
кәсіпорынның даму перспективалары, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау, ресурстарды үнемдеу жұмысын жүргізу әдістері мен тәртібін;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қоймалық шаруашылықты ұйымдастыруды;
жабдықты техникалық пайдалануды;
өнім жеткізушілермен шарттар жасасу тәртібі және олардың орындалуын, кәсіпорынның бөлімшелеріне материалдарды жіберу құжаттамасының ресімделуін;
өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету стандарттары мен техникалық шарттарын, оларды әзірлеу әдістерін;
тұтынылатын материалдардың көтерме және бөлшек сату бағаларын, номенклатурасын;
экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережесі мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
жабдықтау және қоймалық операциялардың есебін ұйымдастыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарын орындау туралы есептілікті жасау тәртібін;
есептеу машинасының, телекоммуникациялар мен байланыс құралдарын;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі ережесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережесі мен нормаларын.
67. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мамандық бойынша басшылар мен мамандардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
22-параграф. Сапа жөніндегі шебер
68. Лауазымдық міндеттері:
Шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) сапасын арттыру бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) технологиялық регламенттерге және өнімге қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Өнімді техникалық бақылау бойынша жұмысшыларды басқарады.
Сапаны басқару жүйесін әзірлеуге, жетілдіруге және енгізуге, сапалық көрсеткіштердің стандарттары мен нормативтерін жасауға қатысады, олардың сақталуын бақылайды.
Өнімді шығарудың, жұмыстарды орындаудың (қызмет көрсетудің) әр түрлі кезеңдерінде алынған ақпаратты, әзірленетін және шығарылатын өнімді, орындалатын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сипаттайтын сапа көрсеткіштерін талдайды және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің шығарылуын, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін болдырмау шараларын қабылдайды.
Өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) сапасына наразылықтар мен шағымдарды қарауға және талдауға қатысады, қорытындылар дайындайды және оларды қарау нәтижелері бойынша хат алмасу жүргізеді.
Өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) сапасын нашарлатуды тудыратын себептерді зерттейді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жинақтаушы бұйымдардың стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес келуі туралы қорытындылар дайындайды және өнім жеткізушілерге наразылық білдіру үшін құжаттарды дайындайды.
Кәсіпорынның сапаны басқару бойынша стандарттарын жасауға, өнімді сертификаттауға және аттестациялауға дайындау жұмыстарына, кәсіпорын шығаратын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттарды енгізуге байланысты іс-шараларды дайындауға, сондай-ақ бақылау операцияларын автоматтандыруды және механикаландыруды және осы мақсаттарда құралдарды, оның ішінде бұзбайтын бақылау құралдарын құруды көздейтін бақылаудың анағұрлым жетілген жүйелерін әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Өнімді шығару процесінде жұмыс сапасын ағымдағы бақылау бойынша әдістемелер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге, дайын бұйымдарды сынауға және олардың сапасын куәландыратын құжаттарды ресімдеуге қатысады.
Өнім сапасы, өнімді сертификаттауға және аттестациялауға дайындау бойынша стандарттар мен техникалық шарттардың енгізілуін және сақталуын мемлекеттік қадағалау, ведомствоаралық және ведомстволық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды әзірлейді және орындауды ұйымдастырады.
Кәсіпорынның өнім сапасын басқару қызметі туралы есебін жүргізеді және есептілігін жасайды.
69. Білуі тиіс.
Мұнай өндіретін салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, өнім сапасын басқару жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
өндірістің технологиялық процестері мен режимдері;
шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструкциялық деректері, шикізатқа қойылатын техникалық және экономикалық талаптар;
технологиялық процестер және өндіріс режимдері, шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструкциялық деректері, шикізатқа қойылатын техникалық және экономикалық талаптар;
өнімнің сапасын мемлекеттік қадағалау, ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесінің негіздері;
салада және кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттар;
өндірістік ақау, оның алдын алу және оны жою әдістері;
шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар мен дайын өнім сапасы бойынша наразылықтар мен шағымдарды беру және қарау тәртібі, олардың сапасын бақылау жүйелері, әдістері мен құралдары;
өнімді сынау және қабылдау ережелері;
өнеркәсіптік өнімді сертификаттауға және аттестациялауға дайындау тәртібі;
өнім сапасы туралы есепті ұйымдастыру, есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;
экономика негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.
70. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
23-параграф. Тау-кен қазбаларын қазу шебері
71. Лауазымдық міндеттері:
Пайдалы қазбаларды жерасты және ашық тау-кен қазу кезінде тау-кен қазу бригадаларын басқарады.
Тау-кен қазу бригадаларының жұмысын жоспарлайды.
Тау-кен қазу бригадаларына айлық және ауысымдық тапсырмалар береді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Тау-кен қазу бригадаларының тау-кен барлау жұмыстарының жоспар-кестесін орындауын, қазу жобасының, жұмыстар циклдігі технологиясы мен кестелерінің, бұрғылау-жару жұмыстары мен қазу бекіткіштері паспорттарының, жұмыстардың сапасына қойылатын техникалық және геологиялық талаптардың орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді.
Тау-кен қазбаларын қазудың өндірістік процесін басқарады.
Жабдық пен қуат беретін энергия желілерін техникалық пайдалану ережелерінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және сақталуын бақылайды.
Тау-кен қазу бригадаларының жаңа жұмыс учаскесіне базалануын, қазуды бастау мен жабуды, авариялық, арнайы және басқа да күрделі жұмыстарды жүзеге асырады.
Жөндеудің, техникалық қызметтердің көрсетілуін, жабдық пен басқа да техникалық құралдардың қаралуын ұйымдастырады және жүргізеді.
Ережелердің, нұсқаулықтардың, нормалар мен басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын бақылайды.
Тау-кен қазу бригадаларында өндірістік және есептік құжаттаманың дұрыс және уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді және бақылайды Тау-кен қазу бригадаларының техникалық құралдарды, құралды, материалдар мен қосалқы қызметтердің қызметтерін қажет етуін айқындайды, олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және бақылайды.
Жабдықтың жұмысы туралы белгіленген құжаттаманы, материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді, олардың сақталуы мен уақытылы есептен шығарылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Жарылғыш материалдардың есебін, пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Тау-кен қазу жұмыстарының және еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыруға, тау-кен қазбаларын қазудың прогрессивті техникасы мен технологиясын енгізуге, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға, оның ішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде жерді қалпына келтіруге, еңбекті ұйымдастыруды және оның жағдайын жақсартуға, жұмыстарды авариялығын және жарақаттылықты азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Жабдықтың, қоршаулардың, тау-кен қазбалар бекіткіштерінің, қорғау құралдарының,р өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының, санитарлық-техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін, сондай-ақ тау-кен қазу кезінде атмосфераның сапалық құрамын бақылайды.
Тау-кен қазу бригадалары мүшелерінің жұмыспен өтеген уақытын есепке алады.
Орындалған жұмыстардың сандық және сапалық есебін жүзеге асырады.
Тау-кен қазу бригадаларының жұмысы туралы деректерді талдайды және жинақтайды.
Белгіленген тәртіппен қажетті құжаттар мен есептерді жасайды және ұсынады.
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде жерді оңалту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тау-кен қазу бригадалары жұмысшыларына өндірістік нұсқама беруді жүргізеді.
Тау-кен қазу бригадалары мүшелерінің өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау ережелерін, Мемтаутехқадағалау талаптарын, өрттен қорғау ережелерін сақтауын бақылайды.
Тау-кен қазу бригадаларының кадрларын іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.
72. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарды;
Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілері, геологиялық зерттеу, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласындағы әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, тау-кен жұмыстарын жүргізуге қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдар,
тау-кен қазбаларын қазу технологиясы және олардың сапасына қойылатын талаптарын,
тау-кен қазу жабдығының, құралының техникалық сипаттамалары, оларды пайдалану және жөндеу ережесін;
сынамаларды іріктеуге қойылатын талаптар, геологиялық кедергілердің, техникалық олқылықтардың, тау-кен қазу аварияларының пайда болу шарттары, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;
тау-кен сынамаларын іріктеуге және жұмыстарының сапасына қойылатын техникалық және геологиялық талаптарын;
қауіпсіздік техникасының талаптары мен бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу ережелері энергия желілерін пайдалану ережесін;
жарылғыш материалдардың түрлері мен сипаттамалары, оларды пайдалану, тасымалдау, есепке алу және сақтау ережесін;
өндірістік құжаттама мен есептілікті жүргізу және ресімдеу тәртібі мен ережесін;
тау-кен қазу жұмыстарының нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібін, қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша қолданыстағы ережелерін;
тау-кен қазу жұмыстарын жүргізу саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені
экономика негіздерін;
еңбек заңнамасын;
өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерін.
73. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тау-кен қазбаларын қазу жұмысының өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және тау-кен қазбаларын қазу жұмысының өтілі кемінде 5 жыл.
24-параграф. Топ басшысы
74. Лауазымдық міндеттері:
Кешенді жобаны құру шеңберінде ғылыми зерттеу немесе ғылыми-техникалық әзірленімдерді орындау мақсатында жұмысшылар тобын басқарады.
Жобаны немесе жұмыстар түрлерін әзірлеу бойынша топтың жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді және әрбір орындаушының белгіленген тапсырмаларды орындауын бақылайды.
Ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді ұйымдастырады,жұмыстардың жоғары сапалы және уақытылы орындалуын, әзірленетін жобалардың қолданыстағы, стандарттарға, сондай-ақ ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жобалау кезінде пайдалану мақсатында осы секілді жұмыстарды орындаудың шетелдік тәжірибесін зерттейді.
Жобаның конструктивтік элементтерін ұтымды жинау жұмысын ұйымдастырады, жобаның жобалауға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес келуін, қағидаттық схемалардың дұрыс таңдалуын, жабдықтың стандарттау мен бірегейлендірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Әр түрлі сынау жүргізуді ұйымдастырады және олардың қорытындыларын талдайды.
Техникалық құжаттаманың сапасын және уақытылы дайындалуын, жобада қабылданған жабдықтың, жинақтау бұйымдары мен материалдардың қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келуін бақылайды.
Тәжірибелік үлгілерді сынау, зерттеу кезінде жабдықты орнату мен реттеуді басқарады.
Әзірленген техникалық шешімдер мен орындалған әзірленімдердің енгізілуін басқарады.
75. Білуі тиіс.
Әр түрлі экономикалық қызметтің бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, басшылық және әдістемелік материалдары және жүргізіліп жатқан зерттеулер мен әзірленімдер тақырыптарын;
жобалау жұмыстарды ұйымдастыруды және жоспарлауды;
зерттеу мен әзірленімдер жүргізу әдістерін, әзірленетін жобалар сапасын бағалау, оларға қойылатын техникалық талаптарды;
жобаланатын жабдықты монтаждау мен техникалық пайдалану шарттарын;
техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша стандарттарды;
техникалық шарттар мен басқа да нормативтік материалдар,
техникалық есептеу әдістері, жобалық әзірленімдердің техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау әдістерін;
есептеу жұмыстарын орындаудың заманауи техникалық құралдарын;
жобалаудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін;
жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптарын;
стандарттау негіздері, патент жүргізу негіздерін;
өнертабыс пен ашылымдарға арналған өтінімдерді ресімдеу тәртібін;
экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі қағидасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауғ өндірістік санитария нормалары мен ережелерін, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды.
76. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
25-параграф. Ұңғымаларды зерттеу шебері
77. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды зерттеу бригадаларының жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Алынған деректерді бастапқы өңдеуді жүргізеді.
Зерттелетін ұңғымаларды дайындауды және жүргізілетін зерттеудің сапасын қамтамасыз етеді, бақылайды.
Жедел тапсырмаларды, өндірістік кестелерді әзірлеуге қатысады және олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Ұңғымаларды зерттеу бойынша міндетті кешенді күрделі кәсіпшілік және гидродинамикалық зерттеуге қатысады.
Аппаратураның, приборлардың, жабдықтың, тетіктердің дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді және оларды уақытылы есептен шығарады.
Қажетті техникаға, құралға, материалдарға арналған өтінімдерді уақытылы береді.
Жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз етеді және олардың еңбегін ұйымдастырады.
Жұмыс уақытын, жалақыны, іркілістерді есепке алу бойынша бірінші құжаттардың дұрыс және уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Материалдардың, отынның электр энергиясының ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Жөндеуден шыққан технологиялық жабдық пен құралды қабылдауға қатысады.
Өндірістің бекітілген жоспарлары мен кестелеріне сәйкес жұмысшыларға, буындарға өндірістік тапсырмалардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Жұмысшыларға өндірістік нұсқама жүргізеді.
Өндірістің бекітілген жоспарлары мен кестелеріне сәйкес жұмысшыларға, буындарға өндірістік тапсырмалардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Кәсіптерді қоса атқаруды дамытуға, қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге және еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарын қолдануға жәрдемдеседі.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес сан нормативтерін, бағаларды қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмыс разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Өндірістік қызметтің қорытындыларын талдайды.
Өндіріс резервтерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыруға, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларын әзірлеуге қатысады.
Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.
Бригаданың үздік жұмысшыларын ынталандыру немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс береді.
Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялауға қатысады.
78. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарды;
Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұңғымаларды зерттеу, мұнай және газ өндіру мәселелері бойынша материалдар мен технологиялық нұсқаулықтар;
ұңғымалар қорын жүргізу технологиясы және оның сипаттамасы;
мұнай қабатының физикалық-химиялық қасиеттері;
аспаптардың, тетіктердің, жабдықтың және аппаратураның техникалық сипаттамасы,оларды пайдалану және жөндеу ережесі;
ұңғымаларды зерттеудің заманауи әдістері, ұңғымаларды, жерүсті жабдықты, құрылыстар мен коммуникацияларды пайдалану ережесі;
мұнай және газға ұңғымаларды бұрғылау технологиясының, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу негіздері;
кәсіпшілік геология, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу негіздері;
экономика және еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.
79. Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды зерттеу саласындағы кемінде 3 жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және ұңғымаларды зерттеу саласындағы кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
26-параграф. Ұңғымаларды жөндеу (күрделі, жерасты) шебері
80. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды күрделі (жерасты) жөндеу жөніндегі өндірістік бригаданы басқарады.
Бригаданың ұңғымаларды өндеу тапсырмаларын орындауын қамтамасыз етеді.
Ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарын басқарады.
Жөндеу технологиясы мен сапасын, құралдың пайдаланылуын, жабдық пен арнайы техниканың толық жүктелуі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Жөндеу технологиясы мен сапасының бұзылу себептерін жояды.
Жөндеу мерзімдерін қысқарту, олардың құнын азайту, ұңғымалар жұмысының жөндеу аралық кезеңін арттыру бойынша іс-шараларды енгізеді.
Ұңғымаға түсіруге арналған технологиялық жабдық пен электр жабдығының, құралдың, техниканың дұрыстығын тексереді.
Күрделі және аса қауіпті жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысады. Бригадаға және жекелеген жұмысшыларға өндірістік тапсырмаларды белгілейді.
Ұңғымаларды жөндеуге қабылдауға және жөнделген ұңғымаларды тапсырыс берушіге тапсыруға қатысады.
Бригадада озық технологияны, жаңа техниканы және құралдарды, еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыру мен автоматтандыруды, еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесетін нұсқамалық карталар мен үлгі жобаларды енгізеді. Құралдың дайындаулы мен таңдалуын қамтамасыз етеді.
Жөндеу технологиясының талаптарына сәйкес арнайы техникаға, жабдыққа, құралға және материалдарға арналған өтінімдерді жасайды.
Шығындарды, материалдық құндылықтарды есепке алады, оларды сақтау бойынша шараларды қабылдайды.
Бригадалар құрамын қалыптастыруға қатысады.
Жұмысшыларды жұмыс орындарына (ауысымдарға/вахталарға) орналастырады және олардың еңбегін ұйымдастырады.
Қызмет көрсететін бригадалардың қызметін үйлестіреді.
Жұмысшыларға өндірістік нұсқамалық береді және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ олардың сақталуын бақылайды. Бастапқы құжаттардың уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді және белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Бригаданың өндірістік қызметінің қорытындыларын талдайды.
Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялауға қатысады.
Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртіпті, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды.
81. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі, 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарды;
мұнай өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, ұңғымаларды жерасты (күрделі) жөндеу мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары;
жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын;
жабдықтың, құралдың, тетіктің техникалық сипаттамасын;
оларды пайдалану және жөндеу ережесін;
геологиялық және техникалық кедергілердің пайда болу себептерін, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;
мұнай мен газды өндіру технологиясы, мұнай, газ бен су дайындау және тасымалдау негіздерін;
қабат мұнайының физикалық-химиялық, өшіру ерітінділері және жуу сұйықтықтары қасиеттерін;
қышқылдармен және химиялық реагенттермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;
құжаттаманы жүргізу ережесі;
экономика және еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
өндірістегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормаларын.
82. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
27-параграф. Шебер
83. Лауазымдық міндеттері:
Жұмыс және өндірістік бригадаларға(бұдан әрі - Бригада) басшылық етеді.
Бригаданың белгіленген мерзімдерде өндірістік тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етеді.
Өндірісті уақытылы дайындайды, жұмысшылар мен бригадалардың орналасуы қамтамасыз етеді, технологиялық процестердің сақталуын бақылайды, олардың бұзылу себептерін жедел анықтайды және жояды.
Өндірістің жаңа технологиялық процестерін және режимдерін, сондай-ақ өндірістік кестелерді әзірлеуге және жұмыс істеп тұрғандарды жетілдіруге қатысады.
Шығарылатын өнімнің және орындалатын жұмыстардың сапасын тексереді, ақаулардың алдын алу және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Аяқталған жұмыстарды қабылдауға, технологиялық жабдықты жөндеуге, өндірістік процестер мен қол жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруға қатысады.
Еңбектің озық әдістерін және тәсілдерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру, жұмыс орындарын аттестациялау мен рационализациялау нысандарын енгізуді ұйымдастырады.
Жұмысшылардың өңде нормаларын орындауын, өндірістік алаңдардың, жабдықтың, ұйымдастырушылық-техникалық жарақтарының және құралдың дұрыс пайдаланылуын, учаскенің біркелкі (қарқынды) жұмысын қамтамасыз етеді.
Бригадаларды құрайды (сандық, кәсіби-біліктілік құрамы бойынша), бригадаларға ұтымды қызмет көрсету бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, олардың қызметін үйлестіреді.
Өндірістік тапсырмаларды, жабдықты, шикізатты, материалдарды, құралды, отынды, энергияны пайдалану бойынша нормативтік көрсеткіштерді белгілейді және бекітілген өндірістік жоспарлар мен кестелерге сәйкес бригадаларға және жекелеген жұмысшыларға (бригаданың құрамына кірмейтін) уақытылы жеткізеді.
Жұмысшыларға өндірістік нұсқама береді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария, жабдық пен құралды техникалық пайдалану ережелерін орындау бойынша іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ олардың сақталуын бақылайды. еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарды енгізуге жәрдемдеседі, өндіру нормаларын және бағаны қайта қарау туралы, сондай-ақ.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмыстарды тарифтеуге және учаскенің жұмысшыларына біліктілік разрядтар беруге қатысады.
Өндірістік қызметтің қорытындыларын талдайды, жұмыс уақытын, өндіруді, іркілістерді есепке алу бойынша бірінші құжаттардың дұрыс және уақытылы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Озық тәжірибені таратуға, бастамашылықты дамытуға рационализаторлық ұсыныстарды және өнертабыстарды енгізуге жәрдемдеседі.
Шығарылатын өнімнің саны, сапасы мен ассортименті бойынша өндіріс резервтерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыруға, қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық мәдениетін арттыру, жұмыс уақыты мен өндірістік жабдықты ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Жұмысшылардың еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіздік техникасын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.
Жұмысшылар мен бригадирлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру жұмысын ұйымдастырады.
84. Білуі тиіс.
Құрылымдық бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
техникалық сипаттамалар мен өнімге қойылатын талаптар, оны шығару технологиясын;
өндіріс режимдері, пайдаланылатын жабдық, аппаратура, аспаптар түрлері және оларды техникалық пайдалану ережесі;
материалдардың механикалық өндіру технологиясын;
есептілік жасау тәртібін;
пайдаланудың және техникалық қызмет көрсетудің заманауи деңгейі, жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу тәртібі, жұмыстар нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібі, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы ережелерді;
өндірісті басқару бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені;
экономика, еңбек өндірісін және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
85. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қызметтің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және қызметтің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
3. Мамандардың лауазымдары
1-параграф. Автомобиль колоннасының механигі
86. Лауазымдық міндеттері:
Жылжымалы құрамның ақаусыз жай-күйін, кестеге сәйкес оны желіге шығаруды қамтамасыз етеді.
Автомобильдер мен тіркемелер паркінің техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады, ақау себептерін анықтайды оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Автомобильдердің техникалық қызмет көрсетуге уақтылы жіберілуін бақылайды.
Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кестелерін әзірлейді және жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындау уақтылығын қамтамасыз етеді.
Желіде жүргізушілердің жұмысын тексереді, қажетіне қарай, техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Жүргізушілердің автомобильдерді техникалық пайдалану ережесін сақтауы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін орындауын тексеруді жүзеге асырады.
Желіге шығар алдында жүргізушілермен нұсқаулама өткізеді.
Жаңа жылжымалы құрамды қабылдауға, сондай-ақ автомобильдерді есептен шығаруға және агрегаттарды, шиналарды, автомобильдерді жөндеуге тапсыруға қатысады,зақымдалған автомобильдерді жөндеуге құжаттама ресімдейді.
Тораптар мен агрегаттардың мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында жылжымалы құрамды пайдалану жағдайын зерттейді, себептерді және жылжымалы құрамның техникалық жай-күйімен байланысты тоқтап тұру ұзақтығын талдайды, қызмет ету мерзімдерін ұлғайту, қысқарту, техникалық ақауға байланысты тоқтап тұру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.
Пайдалану материалдарының шығыс нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Жылжымалы құрамды техникалық дұрыс жарамды жағдайда ұстау мәселелері туралы рационализаторлық ұсыныстарды қарауға қатысады,қабылданған ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар енгізуді, жұмысшылардың еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын, орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Техникалық білім деңгейін көтеру, қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін күшейту бойынша жұмыс жүргізеді.
Авариялар, бұзылу, зақымдалу, тоқтап тұру, жол қозғалысын техникалық пайдалану ережелерін бұзушылық себептерін тексеруге қатысады.
87. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын;
автокөлік ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, құрылымын, техникалық сипаттамаларын;
автомобильдер мен тіркемелердің конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын және пайдалану қағидаларын;
автомобиль көлігімен жүктерді(жолаушыларды) тасымалдау ережесін;
автомобильдердің техникалық жай-күйін диагностикалау әдістерін;
автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды және технологиясын;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
88. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл автомобиль көлігі мамандығы бойынша еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 5 жыл автомобиль көлігі мамандығы бойынша еңбек өтілі.
2-параграф. Азаматтық қорғаныс маманы
89. Лауазымдық міндеттері:
Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша нормативтік, әдістемелік және ұйымдық құжаттарды әзірлейді.
Азаматтық қорғаныс жай-күйін талдауды және азаматтық қорғаныс туралы жыл сайынғы баяндама дайындауды жүзеге асырады, азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкін есепке алуды жүргізеді, қабылданған шешімдерді негіздеу үшін тәсілдерді немесе логикалық амалдарды таңдауды жүзеге асырады.
Объектіні азаматтық қорғаныс және қызметкерлерді қорғау жоспарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша объектідегі іс-қимылдар жоспарын әзірлейді және түзетеді.
Азаматтық қорғаныс, объектіде төтенше жағдайларды болдырмау және жою мәселелері жөніндегі құжаттарды әзірлейді.
Объекті қызметкерлерін тыныс-тіршілік қауіпсіздігі бойынша оқытуды ұйымдастырады.
Объектіде азаматтық қорғаныс жай-күйін тұрақты тексеруді жүзеге асырады.
Объектіде азаматтық қорғаныс қоймасында жеке қорғаныс құралдарын, барлау және дозиметрикалық бақылау аспаптарын жинақтауды ескереді және қор жинайды.
Объектінің құрылымдық бөлімшелерінде штаттан тыс авариялық-құтқару құрылымдарын құруды, толықтыруды және даярлауды ұйымдастырады.
Объектінің бөлімшелерінде азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарын жарамды түрде ұстау бойынша шаралар қабылдайды.
Жедел хабарлама нысандары бойынша хабарламалар мен есептерді, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі комиссияға есептер мен хабарламаларды дайындайды және жоғары тұрған ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына уақтылы ұсынады.
Объектінің қызметкерлерінің назарына жаңа құжаттарды, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелері жөніндегі талаптар мен нұсқауларды уақтылы жеткізеді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупі туралы дабыл алынған кезде диспетчерлік қызметпен бірлесе отырып, объектінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының басшы құрамына хабарлауды ұйымдастырады.
Объектінің бөлімшелеріндегі азаматтық қорғаныстың жабылатын қорғаныс құрылыстарын қабылдау үшін дайындыққа келтіру шарлар қабылдайды, объектіде сақталған жарылыс-өрт қауіпті заттарды азайту бойынша шараларды қамтамасыз етеді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде объектінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға қатысады, оларды қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.
Объектіде зақымдану (бұзылу) ошақтарын барлауды ұйымдастыруға қатысады.
Объектіде қалыптасқан жағдай туралы деректер жинауды ұйымдастырады және объектінің азаматтық қорғаныс басшысының құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған шешімін дайындайды.
Азаматтық қорғаныс жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге, азаматтық қорғаныс жаттығуларын өткізуге қатысады.
Экономика объектілеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жай-күйі мен конструктивтік ерекшеліктері, технологиялық процестердің өрт қаупі, өртке қарсы сумен жабдықтау сипаттамасы, өтпе жолдардың, байланыстың және дабылдың жай-күйі туралы ақпаратты толық көлемде біледі.
Құпия іс қағаздарын жүргізеді.
90. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңамасын, азаматтық қорғаныс, халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі әдістемелік және басқа да нұсқама материалдарды;
заманауи есептеу техникасы құралдарын;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
91. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы азаматтық қорғаныс маманы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы азаматтық қорғаныс маманы лауазымында еңбек өтілі.
ІІ санаттағы азаматтық қорғаныс маманы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ азаматтық қорғаныс маманы лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ азаматтық қорғаныс маманы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 1 жыл азаматтық қорғаныс саласындағы еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі.
3-параграф. Арнайы автокөліктің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі инженер
92. Лауазымдық міндеттері:
Арнайы автокөліктің қауіпсіз қозғалысын ұйымдастырады.
Жүргізушілердің қауіпсіз қозғалыс ережелерін оқуын өткізеді.
Жүргізушілердің арнайы автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық білімі мен дағдыларын тексерудің күнтізбелік жоспарларын жасайды.
Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысын ұйымдастырады.
Оқудың техникалық құралдарын және тренажерларды қолданып, қауіпсіз қозғалыс мәселелері бойынша оқу өткізеді. арнайы автокөліктің техникалық жағдайын және тиісті техникалық құжаттаманың бар-жоғын бақылайды.
Климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы автокөліктің әр түрлерін пайдалану бойынша оқуды ұйымдастырады және жүргізеді.
Арнайы автокөліктің және жүргізушілер жұмысының пайдаланылуын, олардың жол қозғалысы ережесін сақтауын бақылайды.
Жол-көлік оқиғаларды, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуын талқылауды және оларды жою бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізеді.
Жүргізушілерге біліктілік разрядтарды беру жөніндегі біліктілік комиссияның жұмысына, сондай-ақ арнайы автокөлік жүргізушілері жасаған бұзушылықтар туралы материалдарды қарау кезінде тәртіптік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Белгіленген құжаттаманы ресімдейді және есептілікті жасайды.
Жүргізушілердің қауіпсіз жұмысының және арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді, жаңа техниканы игеруге қатысады.
93. Білуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын, автомобиль көлігі, арнайы автокөлік қызметін және жол қозғалысы қауіпсіздігін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
жылжымалы құрамның мақсаты, конструкциялық ерекшеліктері, техникалық-пайдаланушылық деректерді;
автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлау әдістері, автомобильдік көлікпен жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау ережелерін;
экономика және еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелері, ішкі еңбек тәртібі ережесі.
94. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Арнайы автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автокөлік кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және 1-санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
4-параграф. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі инженер
95. Лауазымдық міндеттері:
Сервистік компаниялармен (тамақтану, медициналық қызмет көрсету ұйымы және басқа да) әлеуметтік шарттар жүргізу.
Ресми іс-шаралар ұйымдастырады және жүргізеді.
Қызметкерлерді ыстық тамақпен, оның ішінде ыстық термостық тамақпен, құрғақ азық-түлік паектарымен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
Күзгі-қысқы маусымға әлеуметтік объектілерді әзірлеуге қатысады.
Қызметкерлерді шипажай-курорттық жолдамалармен, сондай-ақ қызметкерлердің балаларын жазғы демалыспен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жағдайы мен оларды шешу мониторингін жүзеге асырады.
Кәсіпорында әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіруге бағытталған жергілікті нормативтік актілерді (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар) әзірлейді.
Кәсіпорында әлеуметтік саясат, оның жағдайы, даму перспективасына, әлсіз жерлерді анықтау мәселелеріне қатысты есептерді, талдамалық жазбаларды және басқа да материалдарды дайындайды, олар жөнінде іс-шаралар әзірлеуді жүзеге асырады.
Әлеуметтік мәселелер жөнінде жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға қатысты бұйрықтардың, өкімдердің, жоспарлардың орындалуын тексеруді ұйымдастырады.
Кәсіптік одақ комитетінің отырыстарына, сондай-ақ кәсіпорынды әлеуметтік дамыту мәселелерін қараған кезде комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына әкімшілік өкілі ретінде қатысады.
Атқарушы және заңнамалық билік органдарында, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жоғары тұрған ұйымдарда кәсіпорын әкімшілігінің мүддесін білдіреді.
Тұрғын үй салу заемын бөлу үшін персоналдық істерді қалыптастыру және заем бөлуге қызметкерлердің деректер базасын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Қауіпті өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлерді сүтпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
Компания қызметкерлерінің арасында ауыз су бөлу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
96. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік құқықтық актілерді, негізгі қызмет мәселелері жөніндегі басқа да нұсқама және әдістемелік құжаттар мен материалдарды;
жұмыс орындарында еңбек жағдайын зерттеу әдістерін;
компания мен оның бөлімшелерінің құрылымын;
бірыңғай іс жүргізу жүйесінің стандарттарын;
ұжымдық шарттың ережелерін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
97. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және әлеуметтік немесе кадрлық қамтамасыз ету саласында кемінде 2 жыл еңбек өтілі.
5-параграф. Әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман
98. Лауазымдық міндеттері:
Әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, ұйымның әлеуметтік бірлігін арттыруды жүзеге асырады.
Әлеуметтік қызметтерді жоспарлауға, жүзеге асыруды ұйымдастыруға, осы қызметтер жүйесін дамытуға қатысады.
Ұйым ұжымының әлеуметтік қанағаттанушылығы мен жеке мүддеде және барлық ұжым мүддесінде де қызметкерлердің өзін-өзі өзектендіру деңгейін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейтін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы міндеттерді шешуге бағытталған іс-шараларды әзірлейді.
Ұйым қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отбасын жоспарлау, санитарлық-гигиеналық нормаларды, өртке қарсы қорғаныс шаралары сақтау, тұрмыстық және жол-көліктік жарақаттанудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Түрлі әлеуметтік көмек және қорғау мәселелері жөнінде консультация береді.
Корпоративтік басқару, корпоративтік этика кодекстерін қалыптастыру мен сақтау бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Қызметкерлерге, олардың отбасы мүшелеріне, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, сондай-ақ олардың қоғам өміріне қатысты ұйым жүзеге асыратын әлеуметтік саясат бойынша іс-шаралар әзірлейді.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді жүргізеді.
Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету, ұйымның өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысуы жөніндегі жоспарларды әзірлейді.
Ұйымның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және орнықты даму жүйесін дамыту және жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдайды.
Жастар саясатын дамыту бойынша жұмысты және ардагер мұнайшылармен жұмысты жоспарлайды.
Жас қызметкерлер мен ардагер мұнайшыларды орталықтандырылған есепке алуды жүргізеді.
Ұйымның әлеуметтік шығындарын, оның ішінде әлеуметтік объектілер салуға арналған инвестицияларды орталықтандырылған есепке алуды, талдауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
99. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
ана мен баланы, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің құқықтарын қорғауды реттейтін отбасы, еңбек, тұрғын үй заңнамасының нормаларын;
азаматтық құқық негіздерін, психология мен социалогия негіздерін,жалпы және отбасылық педагогиканы;
қамқоршылық, қорғаншылық белгілеу, бала асырап алу, ата-ана құқығынан айыру, арнайы оқу-емдеу (тәрбиелеу) мекемелеріне жіберу тәртібі мен ұйымдастыруды;
отандық және шетелдік озық әлеуметтік жұмыс тәжірибесін;
тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістерін;
әртүрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшелігін;
медициналық-әлеуметтік жұмысты, халықты санитарлық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды;
ұлттық тұрмыс және отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, өңірдің халық дәстүрлерін;
еңбек заңнамасын.
100. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман: «Әлеуметтік жұмыс» немесе «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Психология» мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе жоғары педагогикалық, заңгерлік білім базасында «Әлеуметтік қызметкер» немесе «Әлеуметтік педагог» біліктілігін бере отырып, қайта даярлау және кемінде 1 жыл ІІ санаттағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман: «Әлеуметтік жұмыс» немесе «Әлеуметтік педагогика», «Психология» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе жоғары педагогикалық, заңгерлік білім базасында «Әлеуметтік қызметкер» немесе «Әлеуметтік педагог» біліктілігін бере отырып қайта даярлау және кемінде 3 жыл санаты жоқ әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ әлеуметтік мәселелер (саясат) жөніндегі маман: жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, әлеуметтік, педагогикалық, заңгерлік бейіндер бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
6-параграф. Басқарма хатшысы
101. Лауазымдық міндеттері:
Акционерлік қоғамның (бұдан әрі – қоғам) бөлімшелері мен лауазымды адамдарының қолданыстағы заңнаманың,қоғам жарғысының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Қоғам басқармасының және басқа да қоғамды басқару органдарының шешімдерін дайындау бойынша жұмысты басқарады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Лауазымды адамдарға, сондай-ақ басқарма мүшелеріне корпоративтік құқық және басқару мәселелері жөнінде консультация береді.
Басқарма отырыстарын өткізуді, директорлар кеңесінің басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер туралы ұсыныстарын қарауды дайындау мен ұйымдастыруды басқарады.
Қоғам басқармасының шешімдерін, басқа да құжаттарды дайындауды, басқарма мүшелеріне болатын отырыс туралы хабарламалар дайындау мен таратуды ұйымдастыруды, басқарма мүшелерінің отырыстарға қатысу құқығы бар адамдарға беруге міндетті құжаттарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Басқарма шешімдерінің, отырыстар хаттамаларының жобаларын дайындауға қатысады, басқарма отырысын дайындаумен және өткізумен байланысты басқа да міндеттерді шешеді.
Басқарма отырыстарын дайындау мен өткізудің белгіленген ережесі мен тәртібін сақтауды, оның ішінде жұмыс жоспарларын және басқарма отырысының күн тәртібін әзірлеу тәртібін, жаңадан сайланған басқарма мүшелерін қоғам қызметімен және оның ішкі құжаттарымен таныстыруды қамтамасыз етеді.
Басқарма мүшелері мен басқарма отырысына шақырылған адамдарға болатын отырыстар туралы хабарлайды, оларға күн тәртібіне енгізілетін мәселелер бойынша материалдар жібереді.
Басқарма отырыстарына қатысады.
Отырыстар хаттамаларын жүргізуді ұйымдастырады, хаттамалардың, қажет жағдайларда, хаттамалардың көшірмелерін немесе хаттамалардан алынған үзінділерді сақтау мен беруді қамтамасыз етеді, олардың түпнұсқалығын куәландырады.
Заңнамамен, сондай-ақ жарғымен және қоғамның өзге де құжаттарымен Қоғам туралы ақпарат ашу, оның ішінде ақпаратты жария ашу тетігі арқылы ашу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Басқарма қызметімен байланысты құжаттар сақтауды және акционерлердің ондағы бар ақпаратқа қол жеткізуін, құжаттар көшірмелерін дайындауды ұйымдастырады, олардың түпнұсқалығын куәландырады.
Акционерлерден келіп түскен корпоративтік басқару және акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелері туралы өтініштер мен сұрауларды есепке алу мен қарауды жүзеге асырады.
Басқарманы қоғамда қолданыстағы заңнама талаптары мен ішкі құжаттарды сақтамаудың барлық фактілері туралы ақпараттандырады.
Корпоративтік басқару мәселелері жөнінде белгіленген есептілік дайындауды басқарады.
Басқарма қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды.
Қоғамға және/немесе оның акционерлеріне келетін шығындарды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.
Іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, нарыққа қатысушылар арасындағы қарым-қатынастарда этиканың, корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттарын сақтауға ықпал етеді.
102. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, акционерлердің құқықтарын анықтайтын және корпоративтік басқару органдарының қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
эмиссия және бағалы қағаздар айналымы тәртібін;
жарғыны және қоғамда корпоративтік қатынастарды реттейтін басқа да құжаттарды;
басқарма функцияларын, басқарма отырыстарын дайындау тәртібі мен өткізу ережесін, сондай-ақ корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру ережесін;
қоғам туралы ақпарат ашу ережесін;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының (қоғам тіркеушілерінің, биржалардың және т.б.) жұмыс тәртібін;
еңбек заңнамасын;
монополияға қарсы және салық заңнамасын;
жекешелендіру, төрелік сот практикасы туралы заңнаманы;
корпоративтік мінез-құлық кодексін;
халықаралық корпоративтік заңнама негіздерін, отындық және шетелдік озық корпоративтік басқару практикасын көрсететін нормативтік құжаттарды;
корпоративтік жанжалдарды реттеу тәртібін;
ақпарат алу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын;
ақпаратты техникалық қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттарды, ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі мен ережесін;
келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру мен тәртібін, корпоративтік мінез-құлықтың этикалық нормалары мен ережесін.
103. Біліктілікке қойылатын талаптар: Мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және корпоративтік басқару бойынша арнайы даярлық, жоғары кәсіптік білімі бар мамандар ауыстыратын лауазымдарында, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі.
7-параграф. Бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жөніндегі инженер
104. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды бұрғылау режимдерін әзірлейді.
Режимдік технологиялық карталарды жасайды және олардың дұрыс қолданылуын бақылайды.
Ұңғымаларды салудың бір айлық жоспар-кестелерін және бұрғылау бригадалары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жасайды.
Анағұрлым жауапты операциялар жүргізуге жедел жоспарлар жасайды (шегендеу колонналарын түсіру және оларды цементтеу, қойнауқат сынаушының жұмысы және сол сияқтылар).
Техникалық құжаттаманы әзірлейді және ұңғымаларды салу технологиясының өзгеруіне байланысты оны түзетеді.
Инженерлік-технологиялық қызметтерге және бұрғылау шеберлеріне барлық қажетті техникалық және технологиялық құжаттаманың уақытылы берілуін қамтамасыз етеді.
Бұрғылау бригадалар мен инженерлік-технологиялық қызметтердің жұмысын талдайды, ұңғымаларды бұрғылау циклін қысқарту мүмкіндігін іздейді, өндірістік резервтерді анықтайды, оларды пайдалану бойынша ұсыныстарды енгізеді.
Технологиялық бағдарламаларға, жоспарларға, кестелерге және ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларға сәйкес ұңғымаларды салу барысын жедел реттеуді жүзеге асырады
Көлбеу-бағытталған ұңғымалар бейінін есептейді және құрады.
Ұңғымаларды бұрғылау, цемент көпірлерін орнату, оларды тығыздау бойынша технологиялық процестер мен жүргізілетін жұмыстардың сапасын сақтауды, бұрғылау ерітінділерінің және арнайы сұйықтықтардың сапасын бақылайды және т.б.
Ұңғымаларды салудың нақты шарттарынан туындай отырып, шегендеу және бұрғылау құбырларын бақылап есептейді.
Ұңғымаларды бұрғылау және игеру бойынша технологиялық операциялар үшін қажетті құбырлардың, материалдардың, құралдың және тағы басқаларының уақытылы түсуін бақылайды.
Ақаулар мен авариялардың алдын алу, жұмыстардың сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Ұңғымаларды авариясыз салу бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды, ал авариялар мен қиындықтар болған жағдайда жұмыстарды ұйымдастырып, оларды жоюға тікелей қатысады.
Жасалатын жұмыстардың сапасын азайтып, ұңғымаларды бұрғылау жылдамдығын арттыру және құнын азайту бойынша іс-шараларды енгізеді.
Бұрғылау және мұнара-монтаждау бригадаларының жұмысы, бұрғылау жабдығы мен бұрғылау құралын пайдалану туралы деректерді жинақтайды, өңдейді және талдайды.
Бұрғылау жабдығын жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету кестелерін жасауға қатысады және олардың орындалуын бақылайды.
Жаңа техника мен технологияны енгізу, рационализациялау, өнертабыс, еңбекті нормалау жұмысына қатысады.
Бұрғылау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және енгізеді.
Белгіленген есепті жүргізеді және қажетті есептілікті жасайды.
Бұрғылау жұмыстарындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
Бұрғылау бригадалардың өндірістік және технологиялық тәртіпті, жабдықты пайдалану ережелерін, жұмыстардың сапасына қойылатын талаптарды, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды сақтауын бақылайды.
105. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, бұрғылау жұмыстарына қатысты басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдарды
мұнара салу т, ұңғымаларды бұрғылау және сынау технологиясын;
бұрғылау жабдығы, оларды техникалық пайдалану құралы мен ережелерін;
ұңғымаларды салу жұмыстарын орындау кезінде техникалық олқылықтардың, авариялардың, қиындықтардың, ақаудың пайда болу себебі, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;
техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
ұңғымаларды салу техникасы мен технологиясы саласындағы озық тәжірибені, бұрғылау жұмыстарын жобалауды және жоспарлауды;
геология негіздері және бұрғыланатын алаңдардың геологиялық құрылымын, ұңғымаларды салудың техникалық ережелерінің өңірлік геологиясын;
ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістері;
бұрғылау жабдығын, бақылау-өлшеу аппаратурасын, құралдарды техникалық пайдалану және оларға қызмет көрсету ережесін;
монтаждау-бөлшектеу жұмыстарын және бұрғылау жабдығын тасымалдауды ұйымдастыру және жүргізу ережелері;
бұрғылау жұмыстарын жоспарлау, жобалау және қаржыландыру тәртібін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережесі мен нормаларын.
106. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жұмыстары жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ бұрғылау жұмыстары жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Бұрғылау (бұрғылау жұмыстары) жөніндегі инженер: жұмыс өтьіліне талаптар қойылмай тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау жұмыстардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
8-параграф. Бұрғылау-жару (жару) жұмыстары жөніндегі инженер
107. Лауазымдық міндеттері:
Бұрғылау-жару жұмыстарына арналған технологиялық құжаттаманың, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізудің жаңа техникасы мен технологиясын енгізу бойынша іс-шаралардың әзірленуін қамтамасыз етеді.
Жару жұмыстарын жүргізу кестелерін әзірлеуді, бұрғылау техникасының жаңа түрлерін өнеркәсіптік сынауды, жару жұмыстарын механикаландыру құралдарын, жарылғыш материалдардың жаңа түрлерін ұйымдастырады.
Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін, жабдықтың техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Жарылғыш заттарды сақтауды, тасымалдауды, пайдалануды және есепке алуды ұйымдастырады.
Бұрғылау-жару жұмыстарының жүргізген кезде қауіпсіздік ережесінің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды.
Жрылғыш материалдарды есепке алу, сақтауды және жіберуді қамтамасыз етеді.
Қоймаға келіп түсетін жарылғыш материалдарды сынаудың дұрыс ұйымдастырылуын, сондай-ақ жару жұмыстарын жүргізуге арналған өтінімдердің дұрыс және негізді болуын және жарылғыш заттардың алуын қамтамасыз етеді.
Техникалық қадағалау органдары мен ішкі істер органдарында жару жұмыстарын жүргізуге лицензияларды алуға құжаттарды ресімдейді.
Жарылғыш материалдарды сақтауға және жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттарын ресімдейді және келіседі.
Далалық бригадаларды жедел басқаруды қамтамасыз етеді.
Материалдардың жұмсалуын есепке алынуын және бақылануын, есептердің, күн сайынғы паспорттардың, табельдік есептің жүргізілуін, нарядтардың жабылуын жүзеге асырады. бұрғылау-жару жұмыстарының паспорттарын әзірлеуге қатысады.
Қауіпті объектілерде өндірістік қауіпсіздіктің сақталуын, еңбек пен қоршаған ортаның қорғалуын, тиісті құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Бұрғылау-жару жұмыстары паспорттарын әзірлеуге қатысады.
108. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
бұрғылау-жару жұмыстарын технологиялық дайындау және жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
ұңғымалар конструкциясын, мұнай және газ өндіру технологиясын;
жарылғыш материалдарға қойылатын техникалық талаптар, жарылғыш материалдарды жұмсау нормативтері;
жару жұмыстарына арналған жобалық құжаттаманы;
жару жұмыстары кезіндегі техникалық ережелерін;
пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі қауіпсіздік ережелері және жұмыстар өндірісінің қауіпсіздігі бойынша басқа да ережелерді;
есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың заманауи құралдарды;
жару жұмыстарын жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды;
бұрғылау-жару жұмыстары саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;
экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
109. Біліктілікке қойылатын талаптар: Бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылау-жару (жарылыс) жұмыстары бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
9-параграф. Бұрғылау жөніндегі техник
110. Лауазымдық міндеттері:
Әзірленген технологиялық процеске сәйкес бұрғылау жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
Ұңғымаларды салудың геологиялық-техникалық шарттарына сәйкес бұрғылау жабдығын таңдау жүргізеді.
Бұрғылау бойынша химиялық реагенттер (бұдан әрі - химреагенттер) қажеттілігіне өтінімдер жасайды.
Бұрғылау және тампонаждық ерітінділердің параметрлерін қамтамасыз етеді, олардың қасиеттерін реттеуді жүзеге асырады.
Бұрғылауды қамтамасыз етуді күнделікті есепке алуды жүргізеді.
Ұңғымадағы қиындықтар мен авариялық жағдайларды жояды.
Химеагенттер шығысы туралы есептер, жанар-жағар май материалдарына өтінімдер дайындайды.
Тампонаждық басқару қызметіне (шегенді бағандарды цементтеу, шегенді бағандарды, шығарындыға қарсы жабдықты, бұрғылау құралын баспақтау, компрессорлар, өнеркәсіптік-өндірістік қондырғылар жұмысын, химреагенттерді тасымалдауды жүргізу) кестелер жасайды.
Ұңғымаларды бұрғылау және салу саласында техникалық тапсырмаларды орындайды.
Бұрғылау жабдығын, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау жүйелерін пайдалану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген режимін қамтамасыз етеді.
Бұрғылау ұңғымаларына жанар-жағар май материалдарының бекітуге арналған материалдардың түсімінің, шығысының есебін жүргізеді.
Ұңғымаларды бекіту кезінде пайдаланылған материалдар (шегенді құбырлар, цемент, химреагенттер) туралы есептер дайындайды.
Химреагенттердің шығысы жөнінде бұрғылау шеберлерінің есептерін тексереді.
Бұрғылау ұңғымаларын күзгі-қысқы маусымдағы және су тасқыны кезеңіндегі жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар әзірлеуге қатысады және орындау туралы есеп дайындайды.
Бұрғылау саласындағы озық тәжірибені зерттеуге, қорытуға және таратуға қатысады.
Жаңа техника мен технологияны игеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.
Жабдық пен құрал жұмысы туралы деректерді өңдейді және талдайды.
Бұрғылау және қосалқы жабдықды алдын ала тексеруді, ақауды анықтауды және оларды жоюды, ұсақ жөндеу жүргізуді жүзеге асырады.
Бұрғылау агрегаттарын орнату бойынша жинау-бұзу жұмыстарын жүргізуді, ұңғыманы бұрғылау технологиясының, бұрғылау қондырғысын пайдалану ережесінің сақталуын бақылайды.
Геологиялық-техникалық талаптарға сәйкес ұтымды бұрғылау режимдерін таңдайды.
Қопсытылған жынысты алуды және көлемін өлшеуді, топырақ сынамасын алуды және талдауды, ұңғыманы тазартуды ұйымдастырады.
Алдын ала жөндеу мен бұрғылау жабдығын реттеуді орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Ұңғымаларда жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Бақылау журналын (бұрғылау журналын) жүргізеді.
111. Білуі тиіс.
Мұнай және газ өндіруге, бұрғылауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын, нұсқаулықтарын;
ұңғымаларды бұрғылаумен байланысты негізгі технологиялық есептерді;
бұрғылау жұмыстары бойынша негізгі технологиялық жабдықты және оның жұмыс істеу қағидаттарын;
типтік технологиялық процестер мен бұрғылау жұмыстарын жүргізу режимдерін;
өндірісте қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарды, техникалық құжаттама әзірлеу мен ресімдеу жөніндегі нұсқама материалдарды;
геология мен геофизика негіздерін;
түрлі жағдайда бұрғылау тәсілдері мен түрлерін,бұрғылау жабдығын пайдалану ережесін;
жабдықтың бұзылу себептері мен оларды жою тәсілдерін;
экономика,өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
112. Біліктілікке қойылатын талаптар: І санаттағы бұрғылау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік(орта арнаулы, орта кәсіптік)білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы бұрғылау жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы бұрғылау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік)білім және кемінде 2 жыл санаты жоқ бұрғылау жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ бұрғылау жөніндегі техник: еңбек өтіліне талап қоймай, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
10-параграф. Газ объектілері жабдығын пайдалану жөніндегі инженер
113. Лауазымдық міндеттері:
Газ жабдығы жұмысының жасаушы зауыт белгілеген тұрақты және тиімді режимін, пайдалану ережесін сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Жабдықтың, қондырғылардың, құрылыстардың жұмысының көрсеткіштерін талдайды және қорытады; олардың жұмыс режимін оңтайландыру бойынша мүмкіндіктерді қарастырады.
Персоналдың технологиялық құжаттаманы уақтылы жүргізуін қамтамасыз етеді.
Схемаларға, сызбаларға, пайдалану нұсқаулықтарына қажетті өзгерістер, толықтырулар енгізеді.
Кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізеді.
Жұмысшыларға нұсқаулама жүргізеді және оларды жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістеріне үйретеді.
Отын-энергетикалық ресурстар, жағармай, жақпа май және пайдалануға қажетті басқа да материалдардың шығындарын есепке алуды және олардың меншікті нормаларын сақтауды ұйымдастырады және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды енгізеді.
Құрал-саймандарға, арнайы киім-кешекке және басқа да материалдарға өтінімдер дайындайды.
Персоналдың газ жабдығын, механизмдерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауы бойынша шаралар қабылдайды.
Жөндеу кестелерін құруға, авариялар, жабдық жұмысындағы істен шығу себептерін анықтауға қатысады және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
114. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды, әдістемелік және басқа да нұсқама материалдарды;
техникалық пайдалану ережесін, магистралдық газ құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін, өндірістік қуаттарды, пайдалану сипаттамаларын;
нұсқаулықтарды және газ жабдығының конструкциясын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың технологиялық схемалары мен жүйелерін, олардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалануды, метанолмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты;
от және газ қауіпті жұмыстарды орындау жөніндегі ережелерді;
мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
115. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер:тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
Газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл газ шаруашылығында еңбек өтілі немесе тиісті мамандық бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
11-параграф. Газ-техникалық инспектор
116. Лауазымдық міндеттері:
Мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану ережесінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады.
Жұмыс жүргізіліп жатқан қауіпті өндірістік объектілер де қауіпсіздік талаптарын, оның ішінде жанармай және жарылғыш заттарды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын тексеру мақсатында техникалық қадағалауды жүзеге асырады.
Нормативтік актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Жанар-жағар май және жарылғыш заттарды ұрлауды қоса алғанда, қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар мен оқиғалардың себептерін техникалық зерттеуге қатысады және зерттеуді дұрыс жүзеге асыруды тексереді, сондай-ақ осы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қабылданған шаралардың жеткіліктілігін тексереді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты нұсқау береді, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын, газ-техникалық қондырғылар мен осы объектіде пайдаланылған технологиялық процестерді техникалық диагностикалау (бұзбайтын бақылауды қоса алғанда)жүргізу қажеттілігі туралы нұсқау береді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда жүргізілген жұмыстарды тоқтату, егер одан әрі пайдалану аварияға алып келетін болса немесе қызметкерлердің және/немесе халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда,үй-жайларды қоса алғанда, қауіпті өндірістік объектіде қолданылған жабдық пен газ қондырғыларын пломбалау туралы жазбаша ұйғарымдар береді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына, газ қауіпті өндірістік объектілерді баптауға, пайдалануға, техникалық диагностикалауға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы тіркейді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында персоналды аттестаттау, газ қауіпті өндірістік объектілерді қабылдау және пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссияларға қатысады.
Газ жабдығын баптау бойынша жұмыстар жүргізу үшін газ қауіпті өндірістік объектілерге бір реттік техникалық рұқсат береді.
Монтаждаудан, баптаудан, кеңейтуден, қайта жаңартудан, техникалық қайта жарақтандырудан және консервациялаудан кейін өндірістік объектіде пайдаланылған газ жабдығы мен қондырғыларын пайдалануға енгізу үшін газ қауіпті өндірістік объектілерге бір реттік техникалық рұқсат береді.
Мамандарды пайдаланудағы газ-техникалық құралдардың жай-күйі және оларды дұрыс пайдалану мәселелері жөнінде консультация береді және нұсқаулама жүргізеді.
Кәсіпорында газ қызметі туралы ереженің болуын, газ қызметінің құрылымын, штат санын,толықтығын, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыс жүйесінің ұйымдастырылуын тексереді.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар мен кәсіпорын дайындайтын газ шаруашылығын пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін көтеру жөніндегі іс-шараларды орындайды.
Газ шаруашылығында қауіпсіздік талаптарына сәйкес мамандарды, жұмысшылар мен дәнекерлеушілерді даярлауға қатысады.
Газ қызметінде лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтардың, газ шаруашылығына қажетті техникалық құжаттаманың, керек-жарақтың болуын, газ қызметінің қажетті құралдармен, мүкәмалмен, жабдықпен, қосалқы бөлшектермен, аспаптармен, жеке қорғаныс құралдарымен жарақталуын тексереді.
117. Білуі тиіс.
2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
объектілердің газ жабдығына қызмет көрсетуге, баптау мен пайдалануға қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік және нормативтік материалдарды;
техникалық пайдалану ережесін және магистральдық және үй ішіндегі газ құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін, өрт қауіпсіздігі ережесін;
өндірістік қуаттарды, пайдалану сипаттамаларын, жабдықтың нұсқаулығы мен конструкциясын, газ құбырларының технологиялық схемалары мен жүйелерін, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құрылымын және оларды қауіпсіз пайдалану әдістерін;
метанол-умен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты, от және газ қауіпті жұмыстар жүргізу жөніндегі нұсқаулықты;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
118. Біліктілікке қойылатын талаптар: Газ-техникалық инспектор: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 5 жыл газ шаруашылығында еңбек өтілі.
12-параграф. Газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник
119. Лауазымдық міндеттері:
Неғұрлым білікті маманның басшылығымен технологиялық жабдықты қосу, баптау, эксперименттік және басқа да жұмыс түрлерін орындау бойынша жұмысқа қатысады.
Жаңа жүйелерді және саланың объектілерінде пайдаланылатын жабдықты зерттейді және игереді.
Тапсырмаларды орындау туралы есептер дайындайды, орындалатын жұмыстар туралы техникалық есептер үшін материалдарды өңдейді, техникалық құжаттаманы ресімдейді.
Жабдықты жаңғыртумен байланысты техникалық құжаттамадағы өзгерістерді ресімдейді.
Перспективалық әзірленімдерді, пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге қатысады.
Технологиялық жабдық сынағына, жаңа жабдық пен технологиялық процестерді тексеру мен игеру бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.
Жүйелер мен жабдық жұмысының сенімділігі мен үнемділігі жөніндегі материалдарды талдауға, таңдауға қатысады.
Материалдарды өңдеу кезінде жеделділікті арттыру мен еңбек шығынын қысқарту мақсатында есептеу техникасын енгізуге қатысады.
Жабдық пен жүйелерді техникалық пайдалану ережесінің, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарына сәйкес барлық жұмысты орындайды.
Еңбек және өндірістік тәртіптің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақталуын қамтамасыз етеді.
120. Білуі тиіс.
Мұнай және газ өндіруге, өңдеуге және тасымалдауға, ұңғымаларды бұрғылау мен жөндеуге, газ объектілерінің жабдығын пайдалануға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін,әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды;
магистралдық газ құбырларын пайдалану кезінде техникалық пайдалану ережесін және қауіпсіздік ережесін;
өндірістік қуаттарды, жабдықты пайдалану сипаттамасын, техникалық-экономикалық сипаттамасын және конструктивтік ерекшеліктерін;
материалдарды механикаландырылған өңдеу технологиясын;
технологиялық схемалар мен жүйелерді, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесін;
метанол-умен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты;
от және газ қауіпті жұмыстар жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және басқа да ережелерді;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
121. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
Газ объектілерінің жабдығын пайдалану жөніндегі техник: еңбек өтіліне талап қоймай тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
13-параграф. Деректер базасын қамтамасыз ету жөніндегі инженер
122. Лауазымдық міндеттері:
Жедел және жиналатын ақпараттың толық көлемін өзекті жұмыс қалпында сақтайды, сондай-ақ ақпаратты заңсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.
Деректер базасында қолданылатын ақпараттық дұрыстығын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Есептеу техникасын және автоматтандырылған жүйелерді тұтынушылардың тапсырмалары бойынша деректер базасын жинайды, көшіреді, түзетеді.
Деректер базалар жұмысының тиімділігін және функционалдығын айқындайды.
Деректер сөздігін және деректер базаларын басқару жүйесін жүргізеді.
Талап етілетін нәтижелердің дұрыстығын және есептеу уақытын азайту мақсатында ақпаратты сақтау және өңдеу процесін жетілдіру бойынша мәселелерді ақпараттандыру бөлімімен келіседі.
Белгіленген тәртіпке сәйкес ақпараттандыру бөлімімен ақпарат алмасуды (оның ішінде телекоммуникациялардың электрондық желілерін пайдаланып) қамтамасыз етеді.
Деректер базаларын пайдалану мәселелері бойынша компьютерлік жүйелерді пайдаланушыларды оқытады және оларға консультация береді.
Компьютерлерде ақпаратты автоматты түрде өңдеуге қатысы бар құжаттарды есепке алу мен сақтауды жүзеге асырады.
Міндеттерді пайдалану нәтижелері бойынша пайдаланушылардың ескертулерін жинақтап, талдайды және анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты ақпараттандыру бөліміне береді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде айналатын деректердің тұтастығының, дұрыстығының және сақталуының қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Қолданылатын бағдарламалық құралдардың және нормативтік-анықтамалық ақпараттың мұрағатын жүргізеді.
123. Білуі тиіс.
2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге денормативтік құқықтық актілерін;
аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу және құрылымының жалпы қағидаттарын;
желілік әкімшілік етуді ұйымдастыру негіздерін;
бағдарламалау негіздерін, бағдарламау және ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдалану әдістерін;
техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларды;
компьютерлік жабдықтың конструкциялық ерекшеліктерін, мақсаты және жұмыс режимдерін, оны техникалық пайдалану ережелерін;
ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің алдын алу, деректер базаларын қалпына келтіру тәсілдерін;
техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін.
124. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Деректер базасын сүйемелдеу бойынша І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы деректер базасының әкімшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Деректер базасын сүйемелдеу бойынша ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ деректер базасын сүйемелдеу бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Санаты жоқ деректер базасын сүйемелдеу бойынша инженер: жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе мамандық бойынша не ақпараттық технологиялар саласындағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі 1 жыл.
14-параграф. Есепке алу жөніндегі техник
125. Лауазымдық міндеттері:
Санауыштардағы көрсеткіштерді күнделікті есепке алу мен есептен шығаруды жүзеге асырады.
Жедел есепке алу түрлері (дайын өнім көлемін, өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысын) бойынша жұмысты жүргізеді.
Бастапқы құжаттарда (нарядтарда, материалдық және кіріс ордерлерде, талаптарда, жүк қағаздарында), журналдарда немесе карточкаларда есепке алу түрлері бойынша тиісті жазба жүргізеді, қорытындысын шығарады және белгіленген есептілік, ведомость және жинақтық деректерді дайындайды.
Заманауи техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.
Бастапқы деректерді өңдейді, жинақтық деректерді дайындайды және басқармаға ағымдағы тәулік үшін энергия ресурстарының шығысы туралы деректерді береді.
Ағымдағы тәулік үшін энергия ресурстарын талдайды және есепке алу кезеңі басталғаннан кейін артық шығыстауды болдырмау, шығыстар лимиттері мен нормаларын сақтау жөніндегі шаралар қабылдайды.
Энергия ресурстары артық шығысталған жағдайда басшылық пен жедел персоналға (энергия ресурстарын пайдалану мен технологиялық процеске әсер ететін жұмысшыларға) жедел хабарлайды.
Бір ай үшін энергия ресурстарын пайдалану балансын шығарады және оны басқармаға береді.
126. Білуі тиіс.
Оперативті есепке алуды ұйымдастырға қатысты ережені,нұсқаулықтарды, басқа да нұсқама материалдар мен нормативтік құжаттарды, өндірісті ұйымдастыру негіздерін;
бастапқы құжаттама нысандарын, оларды толтыру тәртібін;
ұйым шығаратын өнім көлемін өлшеу бірлігін;
жабдықты, техникалық құралдарды пайдалану ережесін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
127. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы есепке алу жөніндегі техник:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы есепке алу жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы есепке алу жөніндегі техник:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл санаты жоқ есепке алу жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ есепке алу жөніндегі техник: еңбек өтіліне талап қоймай тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
15-параграф. Жабдық жөндеу жөніндегі механик
128. Лауазымдық міндеттері:
Бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі жабдығын пайдалану мен сенімді жұмысын қамтамасыз етеді, бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдығын уақтылы және сапалы алдын ала тексеруді, жөндеуді жүзеге асырады.
Техникалық пайдалану ережесін және бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі жабдығының қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкестігін сақтау бойынша шаралар қабылдайды және оларды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады.
Мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында жабдықтың, жекелеген бөлшектер мен тораптардың жұмыс шарттарын зерттейді.
Тозған және сапалық ескірген жабдықты уақтылы ауыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды.
Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдығының жаңа үлгілерінің сынағына қатысады.
Ережемен көзделген жүк көтеретін механизмдердің, жүк қармайтын және шынжырлы құрылғылардың, аппараттардың және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, электр-газбен дәнекерлеу аппаратурасының, ацетилендік, оттегілік және компрессорлық қондырғылардың сынақтарына, оларды техникалық тексеруге және ревизияларына қатысады.
Жабдықтың, аспаптар мен айлабұйымдардың ақауын табуға қатысады. Жабдықты монтаждау сапасын бақылайды,келіп түскен жаңа жабдық пен құралдың толықтығын тексереді.
Бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі жабдығы аварияларының себептерін тексеруге және оларды болдырмау жөнінде құралдар әзірлеуге қатысады.
Жабдық жұмысын, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығысын бастапқы есепке алуды жүргізеді.
Жабдықтың болуы және оның техникалық жай-күйі туралы есеп дайындауды қамтамасыз етеді.
Қосалқы бөлшектердің, материалдардың уақтылы жеткізілуін жабдыққа арналған паспорттардың болуын қадағалайды.
Отын және жақпа май материалдарының шығыс нормаларын сақтау бойынша қаралар қабылдайды.
Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша құралдар әзірлеуге қатысады.
Белгіленген есептілікті жүргізеді.
129. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
жабдықты, сайманды, тетіктерді және тағы басқаларды жеткізуге және оларға қызмет көрсетуге қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
Бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі жабдығының техникалық сипаттамасын, конструктивтік ерекшелігін, мақсаты мен жұмыс режимін, оны техникалық пайдалану ережесін;
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясын;
жөндеу жөніндегі техникалық құжаттама әзірлеу ережесін;
мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясының негіздерін;
мұнай және газ өндіру технологиясын;
бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі жабдығын пайдалану, жөндеу, жаңғырту кезінде еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
130. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл жөндеу қызметтеріндегі бағыт бойынша жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 5 жыл жөндеу қызметтерінде жұмыс өтілі.
16-параграф. Жол инспекторы
131. Лауазымдық міндеттері:
Өндірістік мақсаттағы жол желісін дамыту мен жетілдіруді қамтамасыз етумен байланысты жұмысты жүргізеді.
Жұмыс жүргізу технологиясын, сапасын, көлемі мен мерзімдерін сақтауды, жолдардың және олардағы жасанды құрылыстарды көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз етеді.
Жол мен жол құрылыстарын пайдалану ережесін сақтауды, мердігерлер мен жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын сақтау бойынша шаралар қабылдайды.
Көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын ескере отырып, автомобиль жолдарын тексеру мен диагностикалауды,осы мақсаттарға бөлінген ақша қаражаты мен мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Орындалған жұмыстар сапасы туралы қорытынды дайындайды,анықталған бұзушылықтарды жою және жұмысты тоқтату туралы ұйғарымдар береді.
Мердігерлерге анықталған шарттық міндеттемелерді бұзушылық,жұмыс сапасының төмендігі немесе кемшілікті жою жөніндегі жазбаша ұйғарымдарды орындамағаны үшін экономикалық және әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.
Автомобиль жолдарының жай-күйін бағалайды және автомобиль жолдары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйі және оны дамыту, жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін көтеру, жол қозғалысы қауіпсіздігін ғылыми, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Нормативтік-техникалық құжаттар қорын қалыптастыру мен жүргізуге қатысады.
Жол шаруашылығы мәселелері жөніндегі ұзақ мерзімді болжамдар, орта мерзімді бағдарламалар және жол шаруашылығындағы жұмыстардың ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады.
Жол объектілеріне жобалық құжаттама сараптамасын жүзеге асырады және қорытынды дайындайды.
Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиялары үшін құжаттар әзірлейді.
Автомобиль жолдарына және жасанды құрылыстарға паспорттар жүргізеді, ақпараттық және анықтамалық-талдамалық материалдар дайындайды.
Мердігерлерді автомобиль жолдары мен олардағы жасанды құрылыстарды ұстау бойынша жұмыстарды орындауға тартудың экономикалық орындылығының есептерін жүргізеді.
Жол жұмыстарына шығындарды талдайды, автомобиль жолының бір километрін ұстауға және құрылыс-монтаж немесе жөндеу жұмыстарына жұмсалатын нормативтік шығындар туралы ұсыныстар дайындайды.
Орындалған жұмыстар туралы есептілік жасайды.
Зілзала және жол-көлік оқиғаларының салдарларын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады.
Ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының өндірістік мақсаттағы жолмен жүруіне арналған өтінімдерді қарайды, қозғалыс маршруттары мен жол жүру шарттарын келіседі, жалпы массасы немесе біліктік жүктемесі нормативтік мәндерден асып түсетін көлік құралдарының рұқсат етілмеген жол жүруі салдарынан автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарға келтірілген шығын көлемін есептейді.
132. Білуі тиіс.
1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Автомобиль жолдарын басқарудың, оларды салудың, бақылау мен қадағалауды пайдаланудың ұйымдастыру және экономикалық негіздерін дамыту мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
өндірістік мақсаттағы жол шаруашылығын дамытуға бағытталған қаржыландыру жоспарларын;
жұмыстарды жүргізу, жол қозғалысының қауіпсіздігін, жолдардың сақталуын инженерлік қамтамасыз ету технологиясы мен сапасын;
орындалған жұмыстардың (қызметтердің) белгіленген стандарттарға сәйкестігі туралы қорытындылар дайындау тәртібін;
нормативтік құжаттарды әзірлеу әдістерін;
жұмыстарды жоспарлау мен қаржыландыру тәртібін;
жаңа технологиялар мен техника енгізу тәртібін;
жер пайдалану ережесін, орындалған жұмыстарды қабылдау тәртібін, объектілерді пайдалануға енгізу ережесін;
жолдар мен құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін анықтау тәртібін;
мердігерлік сауда-саттық жүргізу және келісімшарттар жасасу ережесін;
мемлекеттік және коммерциялық құпиядан тұратын ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістерін;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
133. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 5 жыл жол шаруашылығында еңбек өтілі.
17-параграф. Желдету жүйесі жөніндегі инженер
134. Лауазымдық міндеттері:
Желдету жүйесі жабдығын реттеуді және монтаждауды бақылауға және ұйымдастыруға қатысады.
Желдету жүйесі мен шаң-газ режимі бойынша құжаттарының жасалуын және жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Жабдықты жөндеу кестелерінің орындалуын бақылайды.
Газдан тазарту, желдету жүйесі және шаңды басу жобаларын әзірлейді.
Желдеткіш жабдығының есебін жүргізеді.
Жөндеу жұмыстарын дайындайды.
Желдеткіш жабдығының техникалық жағдайын және жөндеу сапасын тексереді.
Жөндеу жабдығын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерге бөлінген қорларды іске асыру бойынша шараларды қабылдайды.
Ауаның тозаңдылығы мен газдылығының сынамаларын іріктеуді және талдауды жоспарлауға қатысады.
Қозғалыс жылдамдығын және ауаның көлемін бақылап өлшеуді ұйымдастырады.
Желдету жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды дайындауға және енгізуге қатысады.
Техникалық қамтамасыз ету, жабдықты пайдалану және жөндеу, оны тотығудан қорғау бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді.
Жабдық аварияларының, өндірістік жарақаттылықтың, себептерін тергеуге, олардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Желдеткіш жабдығын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға, конструкцияларын жетілдіруге, оған техникалық қызмет көрсетуге қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстар бойынша қорытындылар береді, қабылданған ұсыныстарды ұйымдастырады.
Материалдарға, қосалқы бөлшектер мен құралдарға спецификацияларды және өтінімдерді жасайды, оларды дұрыс жұмсауды жүзеге асырады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды.
Қызметкерлердің біліктілікті арттыру жұмысын ұйымдастырады. қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін және оны қорғау ережесін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.
135. Білуі тиіс.
Желдету жүйесі жабдығын монтаждау, реттеу және пайдалану жұмыстарын технологиялық дайындау және жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары;
желдету жүйесі жабдығының конструкциялық ерекшеліктері, техникалық сипаттамасы, мақсаты мен жұмыс режимдері;
монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, реттеу және пайдалану әдістері, ережелері;
жабдыққа, қосалқы бөлшектерге және материалдарға арналған өтінімдер жасау тәртібін;
жабдықты тотығудан қорғау тәсілдерін;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
қоршаған ортаны, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария нормалары мен ережесін.
136. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Желдету жүйесі жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және желдету жүйесі жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
Желдету жүйесі жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ желдету жүйесі жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Желдету жүйесі жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және желдету жүйесі жабдығын пайдалану және жөндеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
18-параграф. Заңгер көмекшісі
137. Лауазымдық міндеттері:
Құқықтық деректер базаларының, мұрағаттардың, өзге де дереккөздердің көмегімен заңгер көрсеткен тақырып бойынша заңдық ақпарат іздестіруді жүзеге асырады.
Табылған ақпаратты талдайды және берілген тақырыпқа неғұрлым сай келетін нормативтік актілердің тізімін дайындайды.
Күнделікті деректер базасы, мамандандырылған заң басылымдары арқылы қабылданған және күшіне енген нормативтік құқықтық актілер тізбесімен танысады және заңгерге неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық құжаттарды шолуды дайындайды.
Шағын көлемдегі, күрделі емес заңдық құжаттар (шарттар, сұратулар, талап-арыздар, қуынымдар, шағымдар) жобаларын әзірлейді және оларды түзету мен бекіту үшін заңгерге ұсынады.
Заңгердің тапсырмасы бойынша күрделі емес заңдық мәселелерді (құжаттарды тапсыру мен алу, түсініктемелер алу, өзге де заңдық іс-қимылдарды жасау) шешу үшін мемлекеттік және сот органдарына, сырт ұйымдарға барады.
Заңдық құжаттаманы есепке алуды жүзеге асырады.
Заңгер жіберген және заңгер алған хат-хабарларға жауап береді.
Заңгер алдында өз жұмысының нәтижелеріне есеп береді.
138. Білуі тиіс.
Заң қызметіне және құқыққа қатысты нормативтік құқықтық актілерді, басқа да нұсқама, әдістемелік және жоғары тұрған органдардың нормативтік материалдарын;
материалдық және процессуалдық құқық негіздерін;
құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және нормативтік материалдарды;
мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеу этикасын;
іс жүргізу стандарттарын, оларды жүйелендіру тәртібін;
заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы есепке алу мен жүргізуді;
заманауи техникалық коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана отырып, ақпарат өңдеу әдістерін, мәтіндік редакторларды және арнаулы заңдық бағдарламалық қамтамасыз етуді;
ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
139. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қойылмай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік)білім және кемінде 2 жыл әділет органдарында еңбек өтілі.
19-параграф. Инженер-жылу технигі
140. Лауазымдық міндеттері:
Жылу шаруашылығының объектілері: сыртқы және ішкі жылу желілеріне, жылу тораптары мен жылу жүйелеріне жабдыққа, аппаратураға және жылу энергиясын есептеу аспаптарына қызмет көрсетуді, оларды тексеру мен реттеуді ұйымдастырады.
Жүйелердің, жабдықтың, аппаратура мен жылу энергиясын есептеу аспаптарының тоқтап қалу және бұзылу жағдайларын талдайды және олардың алдын алу бойынша шарларды қабылдайды.
Жылу жүйелері мен жабдығын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын, оларды профилактикалық қарауды жүргізуді ұйымдастырады.
Қол астындағы персонал жұмысының нұсқаулықтарын, кестелерін, қажетті материалдарға, жабдыққа өтінімдерді және техникалық құжаттаманы жасайды.
Пайдалану жағдайында жылу-техникалық жүйелері монтажын бақылайды, ал осы жұмыстарды жүргізгеннен кейін паспортқа және тиісті техникалық құжаттамаға түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды дайындайды.
Жаңа жылу-техникалық жүйелерді, жабдықты, аппаратты мен аспаптарды күрделі жөндеуден кейін пайдалануға қабылдауға қатысады. белгіленген құжаттаманы ресімдейді және есептілікті жасайды.
Жылу-техникалық қамтамасыз ету жабдығын пайдалану мен оған қызметтер көрсетудің озық тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді.
Жылу жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және еңбекті ұтымды ұйымдастыру бойынша рационализаторлық ұсыныстарды қарауға және енгізуге қатысады.
Еңбек өнімділігін арттыруға және жылу-техникалық қамтамасыз ету шығындарын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды енгізеді.
Жылу-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, өндірістік және еңбек тәртібі бойынша талаптарды, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды.
141. Білуі тиіс.
2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
жылу шаруашылығының қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, басшылық және әдістемелік құжаттары, техникалық құжаттаманы ресімдеу бойынша ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да басшылық материалдары;
қондырғы, жұмыс мақсаты, қағидаттары, жылу-техникалық жабдықты, аппаратураны және есептеу аспаптарын пайдалану және оған қызмет көрсету ережелері;
пайдаланылатын жабдықтың жұмысын жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізу әдістерін;
жабдық монтажынан кейін пайдалануға қабылдау тәртібін;
отынды және басқа да жылу көздерін, газды, буды ұтымды пайдалану әдістерін;
жылу өткізу саласындағы озық тәжірибені;
экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек туралы заңнаманың негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды.
142. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы инженер-жылу технигі: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санатындағы инженер-жылу технигі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
ІІ санаттағы инженер-жылу технигі:тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ инженер-жылу технигі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Санаты жоқ инженер-жылу технигі: жұмыс өтіліне талап қойылмай тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және біліктілік санатындағы инженер-жылу технигі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл І лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
20-параграф. Инженер-бақылаушы
143. Лауазымдық міндеттері:
Машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етеді.
Басқа мамандармен бірлесіп, техникалық жай-күйді және техниканы жөндеуге қою мерзімдерін анықтайды.
Өтінімдер бойынша және жөндеуден кейін ұйымға келіп түскен жабдықты қабылдау мен оның сапасын бағалауға қатысады.
Жөндеуге келіп түскен техниканың жай-күйін анықтауға және қорытынды дайындауға қатысады.
Техниканы қалпына келтірумен және оның бөлшектерін дайындаумен және жөндеумен байланысты жұмыстарды орындау нарядтарына қол қояды, оларды ресімдеу дұрыстығын тексереді.
Белгіленген нормалар мен лимиттерге сәйкес материалдарды, қосалқы бөлшектерді және басқа да құралдарды дұрыс жұмсауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Техниканы жөндеу кезінде пайдаланылатын өлшеу аспаптарының, станоктардың және жабдықтың жарамды жай-күйін қамтамасыз етеді.
Ұйымда дайындалатын жабдық пен механизация құралдарының сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Тапсырыс берушіден (тұтынушыдан) келіп түскен ұйымда дайындалатын жабдық сапасы жөніндегі жарнамалауды қарайды және талдайды, қорытынды дайындайды және қарау нәтижелері бойынша хат алмасу жүргізеді.
Сапасыз жөндеу мен техникалық қызмет көрсету себептерін анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Жөндеу жұмыстарына қатысатын персоналдың біліктілігін көтеруге қатысады.
Жөндеуден шығарылған және ұйымға келіп түскен жабдық, отын, жақпа материалдар сапасы туралы тиісті құжаттар дайындайды және уақтылы есептілік ұсынады.
144. Білуі тиіс.
2000 жылғы 7 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, машиналар мен жабдықты жөндеу технологиясы мен олардың жай-күйі мәселелері жөніндегі қаулыларды, өкімдерді және басқа да нұсқама материалдарды;
техникалық бақылауға және жабдық құруға қойылатын нормативтік-техникалық талаптарды;
жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмыс істеу сапасын бақылау әдістерін;
жүргізілген жөндеу мен қызмет сапасын арттыру әдістерін, жоспарлы-алдын ала жөндеудің бірыңғай жүйесін, техникалық сипаттамаларын,конструктивтік ерекшеліктерін;
ұйымдағы машиналардың, механизмдердің, көлік құралдарының және басқа да жабдықтың мақсатын және жұмыс режимдерін;
жабдықты өндірістік және техникалық пайдалану ережесін;
ақаулық түрлерін, оның алдын алу және жою әдістерін;
жабдықты шығару технологиясын, жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жүргізу технологиясын;
жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау ережесін;
жөндеу жүргізуге сметаларды, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге арналған өтінімдер жасау тәртібін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
145. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы инженер-бақылаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы инженер-бақылаушы лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы инженер-бақылаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ инженер-бақылаушы лауазымында еңбек өтілі;
Инженер-бақылаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл кәсіп бойынша еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
21-параграф. Инженер-химик
146. Лауазымдық міндеттері:
Шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді химиялық талдау, физикалық-механикалық сынақ жүргізеді.
Шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнім сапасының қолданыстағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Жаңа зертханалық бақылау әдістерін әзірлеуге және қолданыстағы әдістерді жетілдіруге және оларды өндіріске енгізуге қатысады.
Стандарттарды, сынақ әдістерін химиялық талдау жөніндегі жаңа әдістемелер мен нұсқаулықтар әзірлеуге, өнім сапасын ағымдағы бақылауға, оның ішінде жұмыс орындарында жедел талдауға қатысады, оларға сынақ жүргізеді.
Стандарттық емес талдау нәтижелерін метрологиялық бағалауды, қызмет көрсетілетін жабдықты баптауды, күрделі титрлерді белгілеу мен тексеруді, күрделі реактивтерді құруға және олардың жарамдылығын тексеруге, зертханалық қондырғыларды схемалар бойынша құрастыруға, арбитраждық талдау жүргізуге қатысады,жабдықты дұрыс пайдалануды және оны тексеруге уақтылы тапсыруды бақылайды.
Жартылай фабрикаттар мен жұмыс ерітінділерінің сапасына тексеру жүргізеді.
Химиялық талдау лаборанттарының, физикалық-механикалық сынақ лаборанттарының жұмысына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады.
Өнім шығару және бақылау саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені зерттейді.
Талдау мен сынақ нәтижелерін дайындап, қорытады және зертханалық журналдарды жүргізеді.
Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
147. Білуі тиіс.
Заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерді,сапа, зертханалық сынақтар, талдаулар жүргізу жүйелеріне қойылатын талаптарды регламенттейтін басқа да нұсқама, әдістемелік құжаттарды;
химиялық талдау, физикалық-механикалық сынақтар және және шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге зерттеулер жүргізу әдістерін;
жалпы, талдамалық және физикалық химия негіздерін;
технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін;
шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструктивтік деректерін, салада және ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарды;
техникалық құжаттамаға, шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге қойылатын талаптарды;
зертханалық жабдыққа қызмет көрсету мен пайдалану ережесін;
талданатын материалдар мен қолданылатын реактивтердің физикалық-химиялық қасиеттерін;
өнімге сынақ жүргізу, қабылдау мен сақтау ережесін;
орындалатын жұмыстарға құжаттама жүргізу ережесін;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
148. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы инженер-химик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл ІІ санаттағы инженер-химик лауазымында еңбек өтілі.
ІІ санаттағы инженер-химик:тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ инженер-химик лауазымында еңбек өтілі.
Инженер-химик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл қызмет бейіні бойынша еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
22-параграф. Көлік жөніндегі инженер
149. Лауазымдық міндеттері:
Көлік бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырады.
Көлік бөлімшелерінің қызметін талдайды, автомобиль көлігі мен арнайы техниканың жоспардан тыс тоқтап тұруын қысқарту жөнінде шаралар әзірлейді.
Автокөлік құралдары паркінің болуын есепке алуды жүргізеді.
Бақылау-инспекциялық органдарда автокөлік жөнінде рұқсат беруші құжаттарды уақтылы қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және белгіленген нысан бойынша есеп береді.
Көлікке қажеттілікті анықтайды, көліктік қамтамасыз ету бөлігінде өндірістік бағдарлама әзірлейді.
Автокөлікті өндірістік объектілерде авариялық жағдайлардың алдын алу мен жою үшін желіге шығаруды қамтамасыз етеді.
Автомобиль көлігін пайдалана отырып, жұмыстар жүргізген кезде қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкес өндірістік процестерді қауіпсіз жүргізуді дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бөлімшелердің автокөлікті пайдалану бөлігінде бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
Автокөлік кәсіпорындарының жол қағаздары бойынша төлем шоттарын дұрыс ресімдеуін тексереді.
Автокөлікті санитарлық нормаларына, қауіпсіздік техникасына және паспорттық деректерге сәйкестігін тексереді.
Бөлімшелерде жол қағаздарын ресімдеу тәртібін бақылайды.
Жылжымалы құрамға, тораптар мен агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Көлікті үздіксіз және техникалық дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.
Пайдалану сұйықтарының, малардың және резеңке-техникалық бұйымдардың шығысын есептейді, оларды тиімді пайдалануды бақылайды.
Шаруашылық шарттар жасасу және орындау үшін материалдарды уақтылы дайындауды ұйымдастырады.
150. Білуі тиіс.
1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, автокөлік ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
автомобильдерді, жол салу машиналары мен механизмдерін пайдалану, жөндеу, техникалық ұстау мәселелері жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттарды;
техниканың құрылысын, мақсатын, конструктивтік ерекшеліктерін,автокөлік құралдарын пайдалану деректерін;
жүктерді және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын;
жол қозғалысы ережесін, автомобильдердің, жол салу машиналары мен механизмдерінің, жүк тиеу-түсіру техникасының құрылысы мен конструктивтік ерекшеліктерін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
151. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы көлік жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы көлік жөніндегі инженер лауазымында кемінде 2 жыл еңбек өтілі;
ІІ санаттағы көлік жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ көлік жөніндегі инженер лауазымында кемінде 3 жыл еңбек өтілі;
Санаты жоқ көлік жөніндегі инженер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автокөлік кәсіпорындарында кемінде 3 жыл еңбек өтілі немесе тиісті мамандық бойынша орташа техникалық және кәсіптік (орташа арнаулы, орташа кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл техник лауазымында еңбек өтілі.
23-параграф. Қауіпсіздік қызметінің инспекторы
152. Лауазымдық міндеттері:
Қызметкерлердің қауіпсіздігін және өмірін, денсаулығын, сондай-ақ кәсіпорын мүлкін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар енгізуді жүзеге асырады.
Ақша қаражатын, материалдық құндылықтарды берудің, алудың, тасымалдаудың және сақтаудың белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ кәсіпорынның ақша қаражаты мен құндылықтарын сақтауды қамтамасыз ету және кәсіпорында залалды болдырмау жөніндегі барлық нормалар мен қағидалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік қызметінің құрылымы мен жұмыс тәртібін анықтайтын кәсіпорынның ішкі құжаттарын сұратады және зерттейді.
Кәсіпорында күзет және өрт дабылы жүйелерінің, бақылау-өткізу жүйесінің, ақпарат қорғаудың техникалық құралдарының болуы мен жарамдылығын, объектілерді арнаулы жабдықпен, байланыс құралдарымен, мүкәмалмен жарақтандыруды және т.б. анықтайды.
Жүргізілген тексерістер туралы есеп жасайды, оларда тексеріс барысында анықталған кемшіліктер, бұзушылықтар, оларды жою мерзімдері, кәсіпорында күзет жүйесін және қауіпсіздік қызметінің жұмысын жетілдіру туралы тұжырымдар мен негізделген ұсыныстар көрсетіледі.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің бақылау-өткізу режимін сақтауын жүзеге асырады.
Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің білімі мен кәсіби машықтарына тексеру жүргізеді.
Оған жұмыс процесінде мәлім болған кәсіпорында қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі, күзет дабылы жүйелері, рұқсат етілмеген қол жеткізуден ақпаратты қорғау жүйесі туралы мәліметтердің, сондай-ақ кәсіпорын қызметіне қатысты басқадай мәліметтердің жария болмауын қамтамасыз етеді.
153. Білуі тиіс.
2000 жылғы 19 қазандағы «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
күзет қызметін және қауіпсіздік қызметінің жұмысын регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, тасымалдау және беру кезіндегі қауіпсіздікті және сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру ережесі мен стандарттарын;
кәсіпорын ұйымының, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің ерекшелігі мен құрылымын, кәсіпорын объектілерін күзетуді ұйымдастыру қағидаттарын,кәсіпорын объектілерінің бақылау-өткізу жүйесін;
рұқсат етілмеген енуден ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының сипаттамалары мен қағидатын, күзетілетін объектілерді қылмыстық қол сұғудан қорғау тактикасын;
қылмыскерлермен келіссөздер жүргізу стратегиясы мен тактикасын;
заманауи техникалық құралдар мен жабдықты (дабыл жүйелері, байланыс және басқалар), оларды жарамды күйде ұстауға қойылатын талаптарды;
байланыс мақсаты мен түрлерін, байланысқа кіру ережесі мен эфирдегі мінез-құлық ережесін;
кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің өз міндеттерін орындау кезінде қару мен оқ-дәрілерді ұстау мен пайдалану ережесін;
кәсіпорындағы құжат айналымы жүйесін, кәсіпорында қаржылық құжаттардың нысандары мен ресімдеу тәртібін;
ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, беру, есепке алу, сақтау және күзету ережесін;
кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен бірге жүру ережесін;
кәсіпорын қызметінің тәртібін, құрылымын белгілейтін кәсіпорынның ішкі құжаттарын;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
154. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 5 жыл қауіпсіздік қызметінде немесе құқық қорғау органдарында еңбек өтілі.
24-параграф. Қойнауқат қысымын ұстап тұру жөніндегі инженер
155. Лауазымдық міндеттері:
Қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша перспективалық және ағымдағы міндеттерді әзірлеуге қатысады. айдау ұңғымалары жұмысының тиімділігін арттыру амалдарын айқындайды.
Айдау ұңғымалары қорының техникалық жағдайын және жабдықтың тоқтап қалу себептерін талдайды.
Суды қойнауқатқа су айдау бойынша тапсырмалардың орындалуын және өндірістік объектілердің жағдайын бақылайды.
Айдау ұңғымаларын күрделі жөндеуге наряд-тапсырманы жасайды және оларды жүргізу сапасын бақылайды.
Орнатылмаған жабдық пен қосалқы бөлшектердің дұрыс консервациялануын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Авариялар мен жабдықтың істен шығуын тергеуді ұйымдастырады. Организует расследование причин аварий и выходов из строя оборудования.
Жаңа техниканы, еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыруды сынау және енгізу жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.
Айдау ұңғымаларын пайдалану бойынша озық тәжірибені енгізуді ұйымдастырады.
Жабдықтың есебін және техникалық жағдайының қажетті құжаттамасын, оны паспорттауды жүргізеді.
Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
156. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
мұнай және газ өндіруге қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, агенттерді қойнауқатқа айдау өндірісіне қатысты басшылық материалдары;
мұнай және газ өндіру технологиясын;
қойнауқатқа айдау жабдығы, оны техникалық пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру ережелерін;
геологиялық қиындықтардың, техникалық бұзушылықтардың, жабдық аварияларының пайда болу шарттары және олардың алдын алу және жою тәсілдерін;
мұнай және газды физикалық-химиялық қаситеттерін;
есепті құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
материалдарды жұмсау нормалары және сақтау ережелері;
қойнауқаттың мұнай қайтаруын арттыру техникасы мен технологиясы саласындағы отандық және әлемдік тәжірибесін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын.
157. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ қойнауқат қысымын ұстап тұру бойынша инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Қойнауқат қысымын ұстап тұру жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қойнауқат қысымын ұстап тұру цехтердегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
25-параграф. Маркшейдер
158. Лауазымдық міндеттері:
Маркшейдерлік жұмыстарды және ұңғымалардың тіректік желісін құру бойынша есептеуді, тау-кен қазбаларын суретке түсіруді және өлшеуді, түсіру материалдарын камералық өңдеуді орындайды.
Тау-кен қазбларының, құрылыстардың, трассалардың және басқа да объектілердің жобаларын жер жағдайына ыңғайлауды және оларды натураға ауыстыруды жүзеге асырады.
Қажетті геодезиялық өлшеуді жүзеге асырады және далалық құжаттаманы жүргізеді.
Тау-кен, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар жоспарлары мен жобалар бөлімдерін жасауға қатысады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тау-кен қазбаларына бағыт береді, олардың жобалық бағыттарының, қималарының, еңістерінің, габариттерінің және профильдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Күзетуге жататын объектілер үшін сақтандыру кентіректері шекараларының өлшемдерін есептеуді және салуды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Сарқылған кеңістікті, тау-кен массасы мен пайдалы қазбаларды өндіруді, оларды өндіру кезіндегі шығындарды және құнарсыздануды, учаске бойынша орындалған тау-кен-үңгілеу және тазарту жұмыстарының көлемін есепке алады.
Жару жұмыстарының техникалық есептері үшін құжаттама мен материалдар дайындайды.
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық-технологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Құрылыс алаңдарының немесе карьер аумағына кіретін геодезиялық белгілердің жай-күйін бақылайды, есепке алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Объектілер салу үшін жер телімдерін ресімдеу үшін геодезиялық материалдарды келісуге қатысады және дайындайды.
Геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеруге және түзетуге қатысады, оларды дұрыс пайдалану мен сақтауды қамтамасыз етеді.
Материалдарды камералық өңдеуді жүзеге асырады, есеп жұмыстарын орындайды, жоспарлар, схемалар, профильдер және басқа да кескіндік материалдарды жасайды.
Өндірістік құжаттама мен есептілікті ресімдейді.
Маркшейдерлік жұмыстардың материалдарын есепке алу және сақтау ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Маркшейдерлік жұмыстар жүргізу кезінде техник-маркшейдерлер мен жұмысшыларды басқарады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелерін орындауды қамтамасыз етеді.
159. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
геологиялық зерттеу, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
маршейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттарды, қағидаларды, нұсқаулықтарды және әдістемелік материалдарды;
тау-кен жұмыстарын жүргізуді дамыту перспективасы мен ерекшеліктерін, маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтарын және шарттарын;
маркшейдерлік жұмысты жүргізуді ұйымдастыру және технологиясын, жұмыстың түрлерін, техникалық сипаттамаларын, қағидаттарын;
маркшейдерлік жабдықты, аспаптар мен құралдарды пайдалану, қызмет көрсету және сақтау қағидаларын;
геодезиялық жабдықты, аспаптар мен құралдарды тексеру, түзету және сақтау қағидаларын;
жер бетінің қозғалысын және күзетілетін объектілердің жай-күйін бақылау әдістерін;
жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қорлары мен шығындары қозғалысын есепке алу тәртібін;
маркшейдерлік құжаттама жүргізу тәртібін, қағидаларын, ресімдеу және сақтау қағидалары мен оларға қойылатын талаптарды, техникалық есептерді жүргізу және материалдарды камералық өңдеу әдістерін;
геодезиялық карталарды, жоспарларды, схемаларды, профильдерді және басқа да кескіндік материалдарды жасау қағидалары мен оларды жасауға қойылатын талаптарды;
сызба құралдарының негізгі түрлері мен оларды пайдалану ережесін;
маркшейдерлік жұмыстарды жобалау мен жоспарлау тәртібін;
маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені;
геологиялық барлау және тау-кен жұмыстары экономикасының негіздерін;
еңбек заңнамасы негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
160. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы маркшейдер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы маркшейдер лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы маркшейдер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ маркшейдер лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ маркшейдер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник-маркшейдер лауазымында еңбек өтілі.
26-параграф. Метрология (калибрлеу) жөніндегі инженер
161. Лауазымдық міндеттері:
Технологиялық процестердің дәлдігін талдау кезінде шамаларды күрделі өлшеуді орындайды және кәсіпорын бөлімшелерінің араларында метрология мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешеді.
Аспаптарды калибрлеуді орындайды.
Персоналдың технологиялық құжаттамасын уақтылы жүргізуін қамтамасыз етеді.
Тексеру және калибрлеу кестелерін жасайды, олардың нәтижелері бойынша тексеру аралық интервалдарды түзету жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді.
Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылық туралы хаттамалар жасайды.
Кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізеді.
Шамаларды өлшеу құралдарын таңдауға, өлшеу құралдарына қажеттілікті анықтауға және жаңа өлшеу техникасын енгізу жоспарларын, өлшеуді орындау әдістемелерін, қажетті өлшеу құралдарын әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды, олардың экономикалық негіздемелерін әзірлеуге қатысады.
Жергілікті калибрлеу схемаларын әзірлейді.
Өлшеуді орындау әдістемелерін аттестаттауға, техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптамаға қатысады.
Персоналдың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның технологиялық процестерінде орындалатын шамаларды өлшеу қателіктерін бағалайды.
Кәсіпорын бөлімшелерінде аспаптардың дай-күйін және оларды қолдануды, өлшеуді орындаудың аттестатталған әдістемелерін метрологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
Өлшеу құралдарының толықтығын, үлгілік өлшеу құралдарын тиісті түрде сақтау мен ұстауды бақылайды.
162. Білуі тиіс.
2000 жылғы 7 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын, тексеру және өлшеу қызметіне, метрологиялық бақылауға және қадағалауға қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ережені;
кәсіпорынның метрологиялық қызметі туралы ережені;
сапа жөніндегі әдістемелік нұсқаманы, метрологиялық қызметтің қызметін регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулықтарды;
өлшеуді орындау, калибрленетін аспаптар пайдаланылатын бақылау, сынақтар әдістемелерін, аспаптарды пайдалану шарттарын;
аспаптарды калибрлеу үшін пайдаланылатын эталондар мен қондырғыларды орнатуды және оларды пайдалану ережесін;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
163. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы инженер-калибрлеуші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы инженер-калибрлеуші лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы инженер-калибрлеуші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ инженер-калибрлеуші лауазымында еңбек өтілі;
Инженер-калибрлеуші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл метрология және аспаптар тексеру қызметтерінде еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік)білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
27-параграф. Мұнай және газ өндіру жөніндегі инженер
164. Лауазымдық міндеттері:
Белгіленген технологиялық режимдерге сәйкес пайдалану ұңғымасының, мұнай кәсіпшілігі жабдығының жұмысын ұйымдастырады.
Бекітілген технологиялық режимдерден ауытқу себептерін жою бойынша жедел шараларды қабылдайды. Мұнай мен газ өндірудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады.
Жұмыс істеп тұрған ұңғымалар қорының жұмысына салыстырмалы талдау жүргізеді.
Өндірістік объектілерді химиялық реагенттермен (демульгаторлар, диспергаторлар және басқа да тұздың бөлінуінен, тоттанудан ингибиторлық қорғау және басқалары) қамтамасыз етуге қатысады.
Геологиялық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Пайдалану ұңғымалары мен басқа да өндірістік объектілер жұмысының технологиялық режимдерін жасауға қатысады.
Мұнай және газ өндіру бригадаларын қажетті техникалық, технологиялық және басқа да құжаттамамен уақытылы қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Өндірістік объектілерді күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша іс-шараларды жасауға қатысады.
Мұнай тасымалдау кезінде оның қалдықтарының бір айлық есептерін есептеуге қатысады.
Өндірістің технологиялық режимдерінің өзгеруіне және түзетілуіне байланысты техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді.
Мұнай кәсіпшілігі объектілерін паспорттауды жүргізеді.
Пайдалану ұңғымалары бойынша авариялардың есебін жүргізеді.
Авариялардың себептерін талдауға және олардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Ұңғымаларды ағымдағы жөндеуді жүргізу сапасын, жаңа техниканы сынауды, мұнай жинау жүйесін жетілдіруді, мұнай өндіру және парафинсіздендіру технологиясын бақылайды.
Өндіріс тиімділігі мен мәдениетін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, қоршаған ортаны қорғау, материалдарды, отынды және электр энергиясын жұмсаудың техникалық тұрғыдан негізделген нормаларын әзірлеу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
165. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
мұнай және газ өндіру, жинау техникасы мен технологиясына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
мұнай және газ кен орындарын пайдалану ережесі, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу техникасы мен технологиясын;
ұңғымаларды салу технологиясын;
мұнай-газ кәсіпшілігі объектілерінде техникалық кемшіліктердің, авариялардың, қиындықтардың пайда болу жағдайы, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;
мұнай кәсіпшілігіне қызметтер көрсететін бөлімшелердің мамандануды;
мұнай және газ өндіру саласындағы озық тәжірибен;
өндірісті жедел есепке алуды ұйымдастыруды;
кәсіпшілік геология негіздері;
экономика және өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормалары.
166. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Мұнай және газ өндіру жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды құю жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Мұнай және газ өндіру жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ мұнай және газ өндіру жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Мұнай және газ өндіру жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай және газ өндірудегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
28-параграф. Мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі инженер
167. Лауазымдық міндеттері:
Техникалық шарттарға сәйкес мұнайды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Мұнай дайындау және тасымалдау бойынша перспективалық, ағымдағы және жедел тапсырмаларды әзірлеуге қатысады. мұнай дайындау және тасымалдау объектілері жұмысының тиімділігін арттыру амалдарын айқындайды.
Шығындарды қысқарту және тапсырылатын мұнайдың сапасын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.
Цехтің технологиялық жабдығының қауіпсіз және техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді және мұнай дайындау және тасымалдау технологиясының сақталуын тұрақты бақылайды.
Жабдықты күрделі жөндеуге тапсырыстар жасауға, авариялар мен жабдықтың істен шығуын тергеуге қатысады.
Мұнай дайындау және тасымалдау технологиясын жетілдіру бойынша озық тәжірибенің енгізілуін ұйымдастырады. ұйымды күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Мұнай дайындауға және айдауға арналған химиялық реагенттерді, материалдарды, отынды, электр энергиясын жұмсаудың қолданылатын нормаларды талдайды.
Химиялық реагенттердің сақталуын бақылайды.
Өндіріс мәдениетін арттыру жұмысын жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау шараларын қабылдайды.
168. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, мұнай мен газды дайындауды ұйымдастыруға және оның технологиясына қатысты басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
мұнай дайындауды және тасымалдауды ұйымдастыру және оның технологиясы, мұнай дайындау және тасымалдау қондырғыларының технологиялық режимдері және техникалық пайдалану ережелері;
дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды, мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
ұйымның даму перспективалары, технологиялық процестерді жобалау кезінде еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптарды;
мұнай дайындау және тасымалдау технологиясы саласындағы ұйымдардың озық тәжірибені;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын.
169. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Мұнай дайындау және тасымалдау жөніндегі инженер: жұмыс өтіліне талап қойылмай, тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
29-параграф. Мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер
170. Лауазымдық міндеттері:
Мұнай-газ құбырларының технологиялық жабдығын дұрыс пайдалануды және технологиялық талаптарды сақтауды жүзеге асырады.
Мердігер ұйымдар мен мұнай-газ құбырларын жөндеу қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.
Мұнай-газ құбырларының бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін уақтылы алу жөніндегі шараларды қабылдайды, белгіленген есептілікті жүргізеді.
Мұнай-газ құбырлары мен технологиялық жабдық жұмысында ақау себептерін анықтайды және талдайды, оларды жою жөніндегі шараларды қабылдайды.
Мұнай-газ құбырларын жөндеу мен қайта жаңартудың озық әдістерін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Еңбек қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуы жөніндегі шараларды қабылдайды.
Нормативтік ережелер мен стандарттарға сәйкес мұнай-газ құбырларын пайдалану тәртібін тексереді.
Мұнай-газ құбырларының ақаулары мен бұзылуын жою кезінде авариялық бригадалардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді
Мұнай-газ құбырында парафиндік шөгінділерді жою бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Мұнай-газ құбырларын салу жобаларын әзірлеуге қатысады.
Мұнай-газ құбырларының сенімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді және жобалар әзірлейді.
Мұнай-газ құбырларының жүйелері конструкциясын жаңғырту жөніндегі шаралар жүйесін қолдайды.
Монтаждау, іздеу және ақауларды жою және мұнай-газ құбырларын пайдалануға енгізу жөніндегі жаңа жобаларды іске асыру кезінде ұйымдастырушылық және техникалық қолдау көрсетеді.
171. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
мұнай-газ өндіру саласына қатысты Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін нұсқаулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды, мұнай-газ құбырлары жүйелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдарды, соның ішінде қазақстандық және халықаралық нормативтік және әдістемелік материалдарды;
мұнай жабдығымен және мұнай-газ құбырларымен жұмыс істеу, пайдалану және жөндеу нормалары мен қағидаттарын;
ақаулар мен зақымдалулардың типтік түрлерін жою әдістерін;
мұнай-газ құбырларын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету әдістерін;
мұнай мен газдың, мұнай-газ қоспаларының физикалық-химиялық қасиеттерін, жер мен топырақтың сипаттамаларын;
мұнай-газ құбырлары жабдығының конструкциясын, жұмыс істеу қағидатын және техникалық сипаттамаларын;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
172. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
Мұнай-газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл мұнай-газ құбырларын пайдалану бойынша еңбек өтілі немесе тиісті мамандық бойынша арнаулы орта және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
30-параграф. Мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник
173. Лауазымдық міндеттері:
Резервуарлық парктерден алынған мұнайдың, мұнай эмульсиясының талдамаларын таңдауды қамтамасыз етеді.
Тауарлық және резервуарлық парктер жұмысы туралы жинақтық жедел есептілік дайындайды.
Дайын өнімді айдауға, қабылдауға және беруге арналған құжаттаманы тексереді.
Техникалық талаптар мен жағдайларды ескере отырып, мұнай мен су фазаларының бөлімін өлшеу, технологиялық резервуарлардан, әкелінетін автоцистерналардан алынған сынамаларды іріктеу уақтылығын тексереді.
Мұнай және газ, дайындау және тасымалдау, мұнай және газ дайындау мен тасымалдаудың технологиялық объектілерінің жұмысының тиімділігін арттыру жолы жөніндегі перспективалық, ағымдағы және жедел тапсырмалар әзірлеуге қатысады.
Мұнай шығысы мен берілетін мұнай сапасын арттыру бойынша материалдар дайындайды және қосалқы есептер орындайды.
Цехтың технологиялық жабдығын қауіпсіз және техникалық дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуге,мұнай және газ дайындау мен тасымалдау технологиясының сақталуын бақылауға қатысады.
Жабдықты күрделі жөндеуге тапсыру үшін қажетті материалдар мен жабдық паспортын жинайды.
Аварияларды және жабдықтың істен шығуын тексеруге қатысады.
Күзгі-қысқы маусымға ұйымды дайындау жөніндегі іс-шаралар әзірлеуге қатысады.
Мұнай және газ дайындау мен айдауға химиялық реагенттер, материалдар, отын, электр энергиясының шығысының есебін жүргізеді.
174. Білуі тиіс.
Мұнай және газ өндіруге, бұрғылауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін,әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды;
көмірсутектерді есепке алуды;
мұнай және газ дайындауды және тасымалдауды ұйымдастыру мен технологиясын;
мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
мұнай және газ дайындау бойынша қондырғыларды техникалық пайдалану технологиялық режимдері мен ережесін;
дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;
мұнай және газ жинау, дайындау және тасымалдау тәсілдерін;
мұнай және газ кен орындарын ұтымды пайдалану техникасы мен технологиясын;
технологиялық жабдықты пайдалану ережесін;
коллектордағы және технологиялық қондырғылардағы сұйықтықтардың, газдың қасиеттерін, сондай-ақ мұнай және газдың негізгі компоненттерінің қасиеттерін;
есептеуді орындау және технологиялық қондырғыларды модельдеу әдістерін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін,
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
175. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл санаты жоқ мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ мұнай және газ дайындау мен тасымалдау жөніндегі техник: еңбек өтіліне талап қоймай тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
31-параграф. Мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник
176. Лауазымдық міндеттері:
Неғұрлым білікті маманның басшылығымен мұнай құбырларының технологиялық жабдығын іске қосу, баптау, эксперименттік және басқа да жұмыс түрлерін орындауға қатысады.
Бастапқы материалдарды, статистикалық есептілік деректерін, ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және толықтыру бойынша жұмысты орындайды.
Перспективалық әзірленімдер, пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуге,іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге қатысады.
Жүргізілетін жұмыстардың, қажетті ерекшеліктердің, диаграмманың, кестелердің және басқа да техникалық құжаттаманың сипаттамасын дайындайды.
Жоспарлық және есептік құжаттама ресімдеу бойынша жұмысты орындайды, орындалатын жұмысты қарау мен талқылау кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес техникалық құжаттамаға қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізеді.
Технологиялық жабдық сынағына, жаңа жабдықты және технологиялық процестерді тексеру мен игеру бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.
Жүйелер мен жабдық жұмысының сенімділігі мен үнемділігі жөніндегі материалдарды талдауға,таңдауға қатысады.
Құжаттама әзірлейді және мұнай құбырларын техникалық тексеруге, мұнай құбырларының желілік бөлігінде ақауларды жоюға арналған жобаларды сараптауға қажетті іс-шараларды жүргізеді.
Мұнай құбырларын пайдалану тәртібінің нормативтік ережелер мен стандарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Мұнай құбырларын тоттануға қарсы қорғау үшін химиялық реагенттер қажеттілігіне өтінімдер дайындайды.
Химиялық реагенттер шығысы туралы шеберлердің есептерін тексереді.
Күзгі-қысқы маусымдағы және су тасқыны кезеңіндегі жұмысқа дайындық жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және орындау туралы есеп дайындайды.
Жаңа техника мен жабдықты игеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.
Жабдық пен құралдардың жұмысы туралы деректерді өңдейді және талдайды.
Мердігерлік ұйымдар мен мұнай құбырларын жөндеу қызметтерінің жұмысына қойылатын техникалық талаптарды дайындауға қатысады.
Жұмыс туралы есептер дайындау үшін деректерді жүйелейді, өңдейді және дайындайды.
Мұнай құбырларының және мұнай құбырларының технологиялық жабдығының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері мен оларға ілеспе құжаттаманы есепке алуды, ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Жаңа техника мен прогрессивтік технологияны,ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігінің негіздемесіне қатысады.
Эксперименттер мен сынақ жүргізуге қатысады, аспаптарды қосады, қажетті сипаттамалар мен өлшемдерді тіркейді,алынған нәтижелерді өңдейді.
Тексеру материалдарын өңдеу мен жүйелеу, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды, есептерді жасау жөніндегі техникалық жұмыстарды орындайды.
Жөндеу қызметтерінің қызметтеріне арналған жұмыс кестелерін жасайды. Жұмыс жоспарынан ауытқушылықтар болған кезде есептер мен негіздеме ресімдейді.
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
177. Білуі тиіс.
Мұнай және газ өндіруге, өңдеуге және тасымалдауға, ұңғымаларды бұрғылау мен жөндеуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін,әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды;
технологиялық жабдық, мұнай құбырларының жұмысы мен жөндеу қағидаттарын;
ақаулар мен бұзылудың типтік түрлерін жою әдістерін;
мұнай құбырларын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету процестерін;
мұнай мен газдың, мұнай-газ қоспаларының физикалық-химиялық қасиеттерін;
топырақ пен жер сипаттамасын;
халықаралық және қазақстандық нормаларды қоса алғанда, құбыр арналары жүйелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдарды;
негізгі технологиялық процестер мен техникалық талаптарды, жабдықтың техникалық-экономикалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктерін;
мұнай құбырларын техникалық пайдалану ережесін;
есептілік дайындау тәртібін;
типтік технологиялық процестерді;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
178. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл санаты жоқ мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
Мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі техник: еңбек өтіліне талап қоймай тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
32-параграф. Мұнай және газ өндіру жөніндегі техник
179. Лауазымдық міндеттері:
Мұнай және газ өндіру бойынша жұмысты ұйымдастырады және технологиялық регламенттер мен персоналды басқарудың заманауи жүйесіне сәйкес тапсырылған учаскеде басшылықты жүзеге асырады.
Технологиялық процестерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Заманауи ақпараттық жүйелерді пайдаланып, техникалық есептерді орындайды.
Ұңғымаларды пайдаланудың ұтымды режимін таңдауға және жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады.
Энергия және ресурстарды үнемдеу міндеттерін шешуді, сондай-ақ қоршаған ортаны өндірістің техногендік әсерлерінен қорғауды ескере отырып, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдаланудың таңдалған тәсілдерін негіздеуге қатысады.
Сапа менеджменті жүйесін ескере отырып, өндірістік қызметтің тиімділігін бағалайды.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес техникалық құжаттаманы ресімдейді.
Өндірістік процестерді тиімді жүргізу, өндірістік тапсырмаларды орындау технологиясы мен бақылауды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға, бағдарламалар, нұсқаулықтар және басқа да техникалық құжаттама әзірлеуге қатысады.
Қабаттардың мұнай беруін арттыру, ұңғымаларды парафинсіздендіру, мұнай және газ өндіру бойынша жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Жүргізілген жұмыстардың сипаттамасын, қажетті ерекшеліктерді, диаграммаларды, кестелерді, графиктерді және басқа да техникалық құжаттаманы жасайды.
Жаңа техника мен прогрессивтік технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды негіздеуге қатысады.
Жабдық пайдалану ережесін орындауды бақылайды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелерін орындауды қамтамасыз етеді.
180. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндіруге, қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын, нұсқаулықтарын;
мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
мұнай және газ өндіру технологиясын;
қабаттардың мұнай беруін ұлғайту әдістерін;
ұңғымалардың жерасты жөндеуін жүргізу технологиясын;
ұңғымалардың жерасты жөндеуі кезіндегі геофизикалық зерттеулер кешенін;
технологиялық процестерді орындау кезіндегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын;
кен орындарын игеруді және ұңғымалардың техникалық жай-күйін бақылау әдістерін;
мұнай және газ кен орындарын ұтымды пайдалану техникасы мен технологиясын;
жөндеуден кейін жабдықты қабылдау мен тапсыру ережесін;
пайдаланылатын жабдықтың техникалық сипаттамасын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын, жұмыс қағидаттары мен оны пайдалану ережесін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін,
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
181. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы мұнай және газ өндіру жөніндегі техник:тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы мұнай және газ өндіру жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы мұнай және газ өндіру жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл санаты жоқ мұнай және газ өндіру жөніндегі техник лауазымында еңбек өтілі;
Санаты жоқ мұнай және газ өндіру жөніндегі техник: еңбек өтіліне талап қоймай тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
33-параграф. Нормалаушы
182. Лауазымдық міндеттері:
Еңбек жөніндегі салааралық, салалық және басқа да прогрессивті нормативтерді, сондай-ақ жабдық өнімділігі туралы техникалық деректердің, жұмыс уақытының шығынын талдау негізінде есептелген жергілікті нормаларды пайдалана отырып, ғылыми негізделген еңбек шығындарының нормаларын әзірлейді.
Еңбек өнімділігін арттыру резервін іске асыру, еңбек сыйымдылығын төмендету мақсатында еңбекті ғылыми ұйымдастыру жоспарларын әзірлейді және цехқа енгізеді.
Неғұрлым прогрессивті уақыт (өнімділік) нормаларын енгізеді.
Цех жұмысшылары мен мамандарының қатысуымен технологиялық процестерді, жабдықты, сайманды және жұмыс уақытын пайдалану тиімділігін, уақыт (өнімділік) нормасын орындауды жүйелі талдау жүргізеді, орындамау себептерін анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Нарядтарда жұмыс сипаттамасын, олардың орындалған жұмыстың нақты көлеміне сәйкестігін тексереді.
Келісу және бекіту үшін мұнай-газ өндіруші басқарманың тиісті бөлімдері мен қызметтеріне бригадалар мен цехтар бойынша орындалған жұмыстардың көлемдеріне арналған анықтамалар мен есептерді ұсынады.
Мерзімдік-сыйлықақы еңбекақы төлеу жүйесімен жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға нормаланған тапсырмалар дайындайды, оларды орындауды есепке алады.
Цех қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігін зерттейді және оларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді.
Жалақы қорының дұрыс жұмсалуын тексереді, мамандықтар бойынша талдау жүргізеді.
Нормаларды қайта қарау, еңбек сыйымдылығын төмендету бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлар құрады.
Еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды қолдану дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Фотохронометраждық байқауларды, алынған деректерді өңдеу мен талдауды ұйымдастырады және жүргізеді, ысыраптар себептерін анықтайды,оларды жою туралы ұсыныстар әзірлейді.
Өндірістік жағдайдағы еңбек жөніндегі нормативтік материалдар жобаларыныңа пробациясын ұйымдастырады және жүзеге асырады және оларды бекіткеннен кейін енгізеді.
Ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және еңбекақы жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарларың, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру және оның өнімділігін арттыру жөніндегі жоспарлар жобаларын құруға, өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын, еңбекақы қорын және персонал санаттары бойынша қызметкерлер санын анықтауға қажетті есептерді орындайды.
Ұйым бөлімшелерінен келіп түскен есепке алу және есеп құжаттарын қабылдайды,онда берілген деректердің, есептердің толықтығын, олардың еңбекақы төлеу, материалдық ынталандыру туралы қолданыстағы ережеге сәйкестігін тексереді.
Ескірген және қате белгіленген нормаларды анықтау мақсатында қолданыстағы еңбек нормасын тексереді, еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормаларын енгізу тиімділігін анықтайды.
Еңбек процестерін және операцияларды орындауға жұмсалған жұмыс уақытының шығысын анықтаумен байланысты жұмыстарды орындайды,тиімді еңбек тәсілдері мен әдістерін талдайды, оларды таратуға ықпал етеді.
Бекітілген еңбек шығындарының нормалары мен бағаларының өзгерістері туралы хабарлама дайындайды.
Белгіленген нысандар бойынша еңбекті нормалау жай-күйі туралы есептілік жасайды.
183. Білуі тиіс.
экономикалық қызметке, еңбек нормалауды ұйымдастыруға, еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін;
ұйымды дамыту перспективаларын;
экономиканы, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыруды;
еңбек бойынша саларалық және салалық нормативтерді;
өндіріс технологиясы негіздерін;
перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін;
өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін;
еңбек процестерін зерттеу және жобалау, жұмыс уақытын пайдалану, экономикалық тиімділікті анықтау, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейін бағалау әдістерін;
техникалық құжаттама мен есептілік жасау тәртібін;
еңбек өнімділігін нормаларды қайта қарау жөніндегі күнтізбелік жоспарларды және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар әзірлеу тәртібін;
ұйымдастыру және есептеу техникасы құралдарын;
еңбек социалогиясы, физиологиясы және психологиясы, техникалық эстетика және эргономика негіздерін;
еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің отандық және шетелдік озық тәжірибесін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
184. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қойылмай тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе кемінде 3 жыл санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
34-параграф. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет
(ауысымдық) инженері
185. Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның өндірістік бөлімшелерінің ауысымдық өндірістік тапсырмаларды орындауын, өндірістің белгіленген технологиялық режимінің сақталуын, жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ өндіруші басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін,өндірістік функцияларды орындау бойынша олардың ырғақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Қосалқы бөлімшелер мен қызметтердің нақты және келісілген іс-қимылдарын ұйымдастыра отырып, мұнай және газ өндіруде өндірістік процесс барысын бұзуды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдайды.
Өндірістік объектілерден келіп түскен басқарма бөлімшелерін жедел бақылау, реттеу және үйлестіру үшін қажетті ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады.
Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіпті, жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесі мен нұсқаулықтарын, технологиялық режимдер мен процестерді сақтауын, жеке қорғаныс құралдарын қолдануын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария мен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
Материалдық және энергетикалық ресурстармен, жабдықты және басқа да негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды, шикізатты, отынды, материалдарды тиімді жұмсауды қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ өндіруші басқарманың бөлімшелерін қажетті материалдармен, конструкциялармен, қосалқы бұйымдармен, жабдықпен, сондай-ақ көлікпен және арнаулы техникамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Қажеттігіне қарай мұнай-газ өндіруші басқарманың тиісті қызметтерін тарта отырып, өндіріс барысын бұзуды болдырмау мен жою жөніндегі шараларды қабылдайды.
Мұнай мен газ өндіру жөніндегі өндірістік тапсырмаларды орындау нәтижелері, өнімдік қабаттарға су айдау, ұңғымалар қорының жай-күйі, су мен газ қабылдау, сондай-ақ құрылысы аяқталған,жерасты және күрделі жөндеуден шыққан ұңғымалар саны туралы тәулік бойы мәлімет дайындауды ұйымдастырады.
Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және орталық инженерлік технологиялық қызмет бастығын, мұнай-газ өндіруші басқарманың басшылығын хабардар ете отырып, оларды медициналық мекемеге жіберуді қамтамасыз етеді.
Белгіленген технология, техникалық және өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелері бұзылған жағдайда мұнай кәсіпшілігі объектілерінің жұмысын тоқтатады.
186. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, өндірісті жедел басқару жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
мұнай және газ өндіру технологиясын;
цехтың өндірістік жабдығын және оны техникалық пайдалану ережесін;
ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізу әдістерін;
өндіріс барысын есептеу жүйесі мен әдістерін;
мұнайдың және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
техникалық-экономикалық және оперативтік-өндірістік жоспарлауды;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
187. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Орталық инженерлік-технологиялық қызмет (ауысымдық) инженері: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы орталық инженерлік технологиялық қызмет инженері лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы орталық инженерлік-технологиялық қызмет (ауысымдық) инженері:тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ орталық инженерлік технологиялық қызмет инженері лауазымында еңбек өтілі;
Орталық инженерлік-технологиялық қызмет (ауысымдық) инженері: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл инженерлік-техникалық лауазымдарда өндірісті жедел басқару бойынша еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік)бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 3 жыл І санаттағы инженерлік-техникалық лауазымдарда өндірісті оперативті басқару бойынша еңбек өтілі.
35-параграф. Өртке қарсы профилактика жөніндегі нұсқаушы
188. Лауазымдық міндеттері:
Ұйымда өртке қарсы профилактика жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады.
Ұйымның объектілерінің (аумақтар, ғимараттар, үймереттер, үй-жайлар, сыртқы қондырғылар, қоймалар, көлік құралдары, ашық алаңдар), технологиялық процестерінің, технологиялық жабдығының, өнімінің және материалдық-техникалық ресурстарының өрт қауіпсіздігі жай-күйін талдайды.
Объектілердің өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігі туралы қорытындылар алу үшін қажетті құжаттарды ресімдейді.
Өртке қарсы қорғанысты күшейтуге және өрттің алдын алуға бағытталған іс-шаралар әзірлейді.
Объектілерді өрт сөндіру-техникалық тексеру жүргізеді.
Ұйым бойынша жалпы, сондай-ақ ұйымның әрбір объектісі бойынша өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық әзірлейді.
Құрылыс жұмыстарына, технологиялық процестерге және өнімнің жекелеген түрлеріне арналған ережелерде, нормаларда және стандарттарда көзделген өртке қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Өртке қарсы автоматика мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау, түтін сейілту жүйелерінің, өрт кезінде ұйым персоналына хабарлау қондырғыларының дұрыс техникалық жай-күйін қамтамасыз етеді.
Ұйым басшысына кәсіпорын объектілерінің өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерді анықтау туралы ұсыныс береді, осы қызметкерлерді оқытуды және практикалық сабақтарды ұйымдастырады.
Ұйым персоналымен өртке қарсы – техникалық минимум, ықтимал өртті болдырмау және өрт сөндіру бойынша сабақ, нұсқама жүргізеді.
Персоналдың өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ережелерді, нұсқаулықтарды орындағанын тексереді.
Өрт күзетіне болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен өтетін жерлердің жай-күйінің өзгерісі туралы дереу хабарлайды.
Өрт кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын басқарады (адамдарды көшіруді ұйымдастырады, технологиялық жабдықты авариялық тоқтату, желдеткішті және электр жабдығын ажырату жөнінде нұсқау береді, өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы автоматика қондырғыларын қолдануды ұйымдастырады, жанар-жағар заттар мен материалдық құндылықтарды және т.б. көшіруді ұйымдастырады).
Өрт сөндіру кезінде өрт күзетіне жәрдемдесу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Кәсіпорын аумағында өрт сөндіру кезінде өрт күзетіне қажетті күштер мен құралдарды беруді ұйымдастырады.
Кәсіпорында болған өрт себептері мен оқиғаларын анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және қатысады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылыққа және өрттің туындауына кінәлі адамдарды анықтайды.
Тексерістер нәтижелері бойынша құжаттарды ресімдеу дұрыстығын қамтамасыз етеді, іс-шаралар әзірлейді.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері туралы ақпарат алады, оның ішінде өрт күзеті бөлімшелерінен.
Қызмет көрсетілетін объекті бойынша өрт қауіпсіздігі мәселелері туралы бұйрықтардың (өкімдердің) жобаларын дайындайды.
Өз құзыретінің шеңберінде өрт, авариялар туралы құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдарда, соттарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылық туралы істерді қараған кезде ұйым мүддесін білдіреді, қажетті құжаттарды ұсынады және түсініктеме береді.
189. Білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өртке қарсы қызметтің жұмысына, объектілердің өрт қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
объектілердің, учаскелердің, қондырғылардың өрт қауіпсіздігі жай-күйін;
өрт шығу себептері мен олардың алдын алу жөніндегі шараларды;
өндірістегі өрт шығуды және жануды, жазатайым оқиғаларды тексеру жүргізу тәртібін;
өрт сөндіру құралдарын, олардың құрылымы мен қолданылу қағидатын;
өндірістік объектілерде өрт шыққан кезде қолдану тәртібін, әрекет ету тәртібін;
экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
190. Біліктілікке қойылатын талапатар.
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық немесе кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 5 жыл өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы еңбек өтілі.
36-параграф. Өрт байланысының диспетчері
191. Лауазымдық міндеттері:
Өрт сөндіру бөлімінің (жеке постқа) пунктіне келіп түсетін хабарларды қабылдауды, тапсыруға және тіркеуге, өрт бөлімінің бөлімшелерін (жеке постты) өртке, авариялар мен дүлей апаттарының орнына жіберуді ұйымдастырады.
Байланыс құралдары мен дабылнаманың жұмыс істеуін тексереді.
Өрт, авариялар, төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды.
Өрт бөлімімен өзара іс-қимыл жасайтын ауданның (объектілердің) өрт бөлімі қызметтерімен байланыс ұстайды және, қажет болғанда, белгіленген тәртіпке сәйкес осы қызметтердің күштері мен құралдарын өрт (авариялар, дүлей апат) болған ауданға жібереді.
Мұнай-газ өндіретін ұйымның тәулік бойы адамдар болатын объектілерді есепке алады.
Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Өрт орнына (аварияның, дүлей апатының орнына, практикалық оқуға) шыққан қарауылмен байланыс орнатады және ұстайды, объектінің ерекшеліктерін ескере отырып, объектінің жедел-тактикалық ерекшеліктерін, газдылық деңгейін, радиациялық жағдайды, метеорологиялық жағдайдың болжамды өзгеруін және тағы басқаларын анықтайды.
Басқарма мен өрт сөндіру бөлімшелері органдарының жеке құрамына хабарлауды және шақыру орнында жинауды ұйымдастырады (қамтамасыз етеді).
Өз құзыретінің шегінде жедел жағдайды қиындататын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдайды, барлық анықталған бұзушылықтар және өрт сөндіру гарнизонының тиісті лауазымды тұлғасы қабылдаған шаралар туралы баяндайды.
192. Білуі тиіс.
2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
өрт сөндіру қызметінің жұмысына, қоршаған ортаны қорғауға қатысты, өрттен қорғау, өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
байланыс құралдарының, хабарлау жүйелерінің құрылысы және оларды пайдалану ережесі;
өндіріс технологиясын ұйымдастыру және оның негіздерін;
ұйымның өндірістік объектілерінің орналасу схемасын;
өндірістік бөлімшелер қызметінің санын;
ұйымның өндірістік қуаттары, ұйым бөлімшелерінің мамандануын және олардың арасындағы өндірістік байланысты;
шығарылатын өнім номенклатурасы, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) түрлерін;
өндірістік қоймалардың жұмысын ұйымдастыруды;
ұйымның өнімді шығару технологиясының негіздерін;
өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері шығатын аудандағы жедел өрт жағдайын:
өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары жасалатын объектілер тізбесін;
маңызды және өрт қаупі бар объектілердің, өтетін жолдардың және су көздері желісінің орналасқан жерлерін;
гарнизонда бар өрт автомобильдерінің (кемелердің, пойыздардың) негізгі тактикалық-техникалық деректерін;
бөлімшенің жедел-қызметтік құжаттары, оларды толтыру және қолдану тәртібін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін;
193. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және жұмыс өтіліне талаптар қоймай, белгіленген бағдарлама бойынша қосымша кәсіби білім.
37-параграф. Өрттен қорғау жөніндегі инженер
194. Лауазымдық міндеттері:
Құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі ережесін орындауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі білімін арттырады, насихаттайды.
Еңбек қорғау қызметімен және құрылымдық бөлімшелермен бірге объектілерде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған іс-шаралар әзірлейді.
Қызметкерлермен өрт қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе нұсқаулама жүргізеді.
Кәсіпорын объектілерінде болған жану және өртті тексеруді, есепке алуды және талдауды ұйымдастырады.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде кәсіпорынның статистикалық есептерін дайындайды.
Объектілерде өртке қарсы режимді күшейту бойынша жұмыстың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлейді.
Жұмыс орындарында және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды насихаттайды.
Объектілерде жану мен өрт шығуды тексеруге, өрт сөндіру-техникалық комиссиясының жұмысына қатысады.
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарды әзірлейді.
Еңбек қорғау жөніндегі комиссияның жұмысына, өрт сөндіру кезінде персоналдың әрекет ету жөніндегі жедел карточкаларын әзірлеуге қатысады.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өрт қауіпсіздігі жөнінде іс-шаралар әзірлеуге, дәріс жүргізуге, әңгімелесу өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындайды.
Өрт сөндіру-техникалық минимум жөнінде сабақ өткізеді. Жергілікті өрттен қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
195. Білуі тиіс.
2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жабдықты пайдалану,жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдарды;
ұйым өнімін өндірудің негізгі технологиялық процестерін;
жұмыс орындарында еңбек жағдайын зерттеу әдістерін;
ұйымда қолданылатын жабдықты пайдалану ерекшеліктерін;
жабдықтың техникалық жай-күйінің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкестігін бақылау ережесі мен құралдарын;
өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық тәжірибені;
өрт қауіпсіздігін насихаттау әдістері мен нысандарын, ақпаратты;
өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілік дайындау тәртібі мен мерзімдерін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
196. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы өрттен қорғау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы өрттен қорғау жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы өрттен қорғау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ өрттен қорғау жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
Өрттен қорғау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл өртке қарсы қызметте еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 5 жыл өртке қарсы қызметте еңбек өтілі.
38-параграф. Сазды ерітінділер жөніндегі инженер
197. Лауазымдық міндеттері:
Геологиялық-техникалық нарядтардың талаптарын ескере отырып, тазалағыш сұйықтықтарының рецептурасын таңдауды жүзеге асырады.
Тазалағыш сұйықтықтарын дайындау және өңдеу технологиясының өзгеруіне байланысты техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізеді.
Тазалағыш сұйықтықтардың өлшемдерін бақылап өлшейді және ұңғымаларды қазудың геологиялық-техникалық шарттарына сәйкес оларды жүргізу мерзімдерін белгілейді.
Бұрғылау процесінде тазалағыш сұйықтықтарының қалпы мен сапасын бақылайды.
Сазды ерітінділерді дайындауды, өңдеу мен тығыздауды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.
Бұрғылау аралығын ескеріп, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттерді жұмсауды талдайды.
Тазалағыш сұйықтықтарды айдау процесінде бұрғылау қондырғысындағы бақылау-өлшеу аспаптары мен тазартқыш қондырғылардың жағдайын бақылайды.
Тазалағыш сұйықтықтарды айдау кезінде бұрғылау бригадаларының жұмысшыларына жұмыс орнында нұсқама беруді жүргізеді.
Сазды балшық шаруашылығының цехінде жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін бақылайды.
Лаборант-коллекторлар жұмысын бақылайды.
Есепке алу мен есептілікті анықтауды жүргізеді.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады.
Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өрт қауіпсіздігі ережесін, өндірістік және еңбек тәртібін,ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауын бақылайды.
198. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
мұнай-газ өндіретін салаға, саз-балшық шаруашылығы қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
кен орындарының геологиялық құрылымын;
бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының әдістері мен технологиясы, мұнай және газ өндіру әдісі мен технологиясын;
ұңғымаларды геофизикалық зерттеу негіздерін;
жалпы бейорганикалық және коллоидтік химия негіздері, пайдаланылатын ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің физикалық-химиялық сипаттамасы, тазалағыш сұйықтықтар өлшемдерін өлшеу әдістері және өлшеу аспаптары жұмысының қағидаттарын;
материалдарды жұмсау нормалары және сақтау ережелерін;
экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін;
199. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Сазды ерітінділер жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және сазды ерітінділер жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
Сазды ерітінділер жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ сазды ерітінділер жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Сазды ерітінділер жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тазалағыш сұйықтықтарын дайындау және өңдеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
39-параграф. Су құбыры-кәріз шаруашылығы құрылыстары мен
жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер
200. Лауазымдық міндеттері:
Су құбыры мен кәріз желілерін, құрылыстар мен олардың жабдығын үздіксіз қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындайды.
Желілерді, құрылыстарды, сондай-ақ су құбыры-кәріз шаруашылығының басқа да негізгі қорларын жылды, тоқсандық, айлық түрлі жөндеу жоспарларын әзірлейді.
Алдын алу жұмыстарының кестелерімен бекітілген жоспарлық-алдын алу жөндеуді уақтылы орындауды қамтамасыз етеді.
Негізгі қорларды күрделі және ағымдағы жөндеуге қатысты қажетті құжаттаманы дайындайды және материалдарды есептен шығаруды бақылайды. Материалдарға, құрал-саймандарға, жабдыққа арналған қосалқы бөлшектерге өтінім мен ерекшеліктерді дайындайды, оларды дұрыс пайдалануды бақылайды.
Құрылыстардың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге қатысады.
Су құбыры-кәріз шаруашылығы объектілерінде авариялар мен зақымданулардың себептерін талдайды және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Су құбыры-кәріз шаруашылығының объектілерін есепке алу мен паспорттауды жүзеге асырады, оларды жөндегеннен кейін құжаттамаға өзгерістер енгізеді.
Өндірістің негізгі құралдарын түгендеу бойынша тиісті құжаттама жүргізеді.
Еңбек қорғау ережесімен ережесін сақтауды бақылайды, тиісті құжаттама жүргізеді.
Қауіптілігі жоғары объектілерге қызмет көрсететін қызметкерлерді уақтылы аттестаттауды жүзеге асырады.
Жарақаттану себептерін тексеруге қатысады және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
201. Білуі тиіс.
2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, су құбыры-кәріз шаруашылығына, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік ұсынымдарды;
кәсіпорын құрылымын, сумен жабдықтау, су бұру схемасын, сорғы станцияларының жұмыс аймақтарын;
елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын;
елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларын;
коммуналдық су құбыры мен кәрізді пайдалану қағидаларын;
құрылыс нормалары мен ережелерін, су құбыры мен кәріз құрылыстарына, ауыз суға арналған мемлекеттік стандарттарды;
сарқынды суларды тазартуға қойылатын талаптарды;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
202. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл санаты жоқ су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер лауазымында еңбек өтілі;
Су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылыстары мен жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл су құбыры-кәріз шаруашылығында еңбек өтілі немесе тиісті мамандық бойынша орта арнаулы және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік)білім және кемінде 3 жыл І санаттағы техник лауазымында еңбек өтілі.
40-параграф Талдаушы
203. Лауазымдық міндеттері:
Зерттеу жұмыстарын жүргізуді талдамалық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Алынатын ақпаратты жинау, бағалау және талдау, сондай-ақ практикалық ұсынымдар әзірлеу мақсатында талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізеді;
SWOT-талдау жасайды және басшылыққа ұсынады;
Ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс істеген кезде қосалқы орындаушылардың қызметін үйлестіреді.
Маркетингтік зерттеуді және деректерді өңдеуді және ситуациялық талдауды жүргізеді, оларды басқарушылық шешімдер қабылдау үшін белгіленген нысандарда ұсынады.
Компанияның маркетингтік және баға саясатын қалыптастыруға қатысады.
Мұнайды және мұнай мен газдан өндірілген өнімдерді сату тиімділігі деректерін түрлік-түстік математикалық және статистикалық диаграммалар мен графиктерді дайындап, талдайды және өңдейді.
Мұнайды және мұнай мен газдан өндірілген өнімдерді жеткізуге және мұнай өңдеу өнімдерін тиеп, жөнелтуге арналған келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын талдайды.
Өндіріс ұйымын жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысады, мұнайды және мұнай мен газдан өндірілген өнімдерді сату тиімділігін ұлғайтуға, шығыстарды оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды.
Мұнай-газ саласы нарықтарын дамытудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақмерзімді болжамдарын әзірлеуді жүргізеді.
Ұйымның әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттарды және өзге де мәмілелерді жасауының қаржылық мақсаттылығын талдайды.
Мұнай және мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға сату бойынша шығыстарды есепке алудың электрондық деректер базасын жүргізеді.
Кредиторлық және дебиторлық берешек жағдайын талдайды.
Компанияның электрондық деректер базасына валюталардың ресми бағамдарын енгізеді.
Салық төлемдерінің төленуін талдайды.
204. Білуі тиіс.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, 2007 жылығ 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, салық заңнамасы, ұйымның қаржы қызметіне қатысты талдамалық нормативтік және әдістемелік материалдарды;
ақпарат жинау әдістерін;
ағымдағы жағдай бойынша талдау жасау үшін факторларды анықтау әдістерін;
өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сату нарықтарының жағдайы және даму перспективалары;
қаржы салымдарының тиімділігін анықтау әдістерін;
макро- және микроэкономиканы анықтау стандарттарын;
қоржындық инвестицияларды басқаруды ұйымдастыруды;
көлемді ақпаратпен жұмыс істеу әдісін, тәуекелдерді басқарудың және инвестицияларды басқарудың этикалық нормаларын;
статистиканы, өндірісті, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды;
есептеу техникасының, телекоммуникациялар мен байланыс құралдары,
еңбек заңнамасын;
ішкі еңбек тәртібі ережесін, өндірістік өрт қауіпсіздігінің талаптарын.
205. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы талдауды: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде ІІ санаттағы талдаушы лауазымында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі;
ІІ санаттағы талдауды: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде санаты жоқ талдаушы лауазымында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі;
Санатты жоқ талдауды: жұмыс өтіліне талап қойылмай тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
41-параграф. Тау-кен жұмыстары жөніндегі инженер
206. Лауазымдық міндеттері:
Пайдалы қазбалар кен орындарын ашуға және мен оларды тасымалдауға арналған құрылыстарды салуды жобалайды.
Тау-кен жұмыстарын техникалық-технологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тау-кен жұмыстарын жоспарлауға және жобалық-сметалық құжаттаманың өндірістік-техникалық бөлігін әзірлеуге қатысады.
Тау-кен қазбалары құрылыстарының жоспар-кестелерін жасайды, тау-кен қазу бригадаларын жұмыстар объектілеріне орналастыруға және олардың техникалық құралдармен жарақтануын белгілеуге қатысады.
Тау-кен қазбаларын қазу жобаларын және технологиясын, бұрғылау-жару жұмыстарының паспортын және тау-кен қазбаларының бекітілуін әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.
Тау-кен қазу бригадаларының және жабдығының жұмысы туралы деректерді жинақтайды, өңдейді және талдайды.
Тау-кен жұмыстары кезінде іркілістер, авариялар мен ақаулар себептерін талдайды.
Тау-кен жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыруды жетілдіру және тиімділігін арттыру, қауіпсіздікті арттыру және тау-кен жұмыстарында авариялар мен кедергілердің алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді.
Бұрғылау бригадаларының өндірістік және технологиялық тәртіпті, тау-кен жұмысының сапасына қойылатын талаптарды, тау-кен жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережесін, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтауын бақылайды.
Тау-кен жабдығын жөндеу және оған техникалық қызметтер көрсету кестелерін әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды.
Тау-кен қазу бригадаларын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуді жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысады және олардың ұтымды пайдаланылуын бақылайды.
Жарылғыш материалдарды сақтауға, тасымалдауға рұқсаттарды ресімдеу және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттаманы жасауды қамтамасыз етеді.
Талап етілетін жарылғыш материалдарға, тау-кен жабдыққа, құралдарға және қауіпсіздік құралдарына арналған өтінімдерді жасауға, сондай-ақ оларды объектілер бойынша бөлуге қатысады.
Тау-кен жабдығының, құралдың және басқа да техникалық құралдардың жағдайын, сақталуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Жаңа техника мен технологияны енгізу, рационализация, өнертабыс, еңбекті нормалау жұмысына қатысады.
Тау-кен жұмыстарының озық отандық және әлемдік тәжірибесін зерттейді және талдайды, оны тау-кен жұмыстарында таратуға қатысады.
Белгіленген есепті жүргізеді және қажетті есептілікті жасайды.
Тау-кен жұмыстарындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік және еңбек тәртібі ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылайды.
207. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
геологиялық зерттеу, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, тау-кен жұмыстарына қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдарды;
геология негіздері, жұмыстар ауданының геологиясы туралы жалпы мәліметтер, тау-кен-геологиялық шарттар, жұмыстар ауданының бағыты, мамандануы мен даму перспективаларын;
тау-кен қазбаларының мақсаты мен конструкцияларын;
тау-кен қазбаларын қазуға арналған жобалық-өндірістік құжаттаманы әзірлеу талаптары мен тәртібі;
тау-кен қазбаларын қазудың өндірістік процестері мен технологиясын ұйымдастыруды;
арнайы рұқсаттарды, ресімдеуді және келісуде талап ететін жағдайда және материалдармен жұмыс жасауға арналған құжаттарды ресімдеу тәртібі;
сынамаларды іріктеуге және тау-кен жұмыстарының сапасына қойылатын техникалық және геологиялық талаптарды;
тау-кен қазу жабдығын, бақылау-өлшеу аспаптарын, қорғау құралдарын, құралды техникалық пайдалану және оған қызмет көрсету ережесі;
тау-кен қазудағы геологиялық қиындықтардың, технологиялық бұзушылықтардың, олқылықтардың және авариялардың пайда болу себептері мен шарттары, олардың алдын алу және оларды жою тәсілдерін;
тау-кен қазбаларының жағдайын бақылау тәртібі және құралдары;
қауіпсіздік техникасының талаптары және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу жұмыстары, тау-кен қазбаларын қазу кезінде пайдаланылатын материалдарды жұмсау нормалары және сақтау ережесі;
жарылғыш материалдардың түрлері, сипаттамалары, оларды пайдалану, тасымалдау, есепке алу және сақтау ережесі;
сынау технологиясын,
құбырларды іріктеуге және олардың сапасына қойылатын талаптарды;
геологиялық материалды (кернді, сынамаларды және т.с.с.) есепке алу және сақтау ережесін, өндірістік және есеп құжаттамасы нысанын және жүргізу тәртібін;
тау-кен жұмыстарын жоспарлау, жобалау тәртібі және қаржыландыру негіздерін;
тау-кен жұмыстарының нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібі;
қызметкерлердің еңбекақысын төлеу бойынша қолданыстағы ережелерді;
тау-кен қазу жабдығын пайдалануға және тау-кен жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптарды;
тау-кен жұмыстарының техникасы мен технологиясы саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;
экономика, еңбек заңнамасы негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережесі.
208. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тау-кен жұмыстары жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тау-кен жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Тау-кен жұмыстары жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ тау-кен жұмыстары жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Тау-кен жұмыстары жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тау-кен жұмыстарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
42-параграф. Техник-химик
209. Лауазымдық міндеттері:
Неғұрлым білікті маманның басшылығымен химия зауыттарына жабдықты, жаңа өнеркәсіптік химиялық технологияларды зерттеу мен әзірлеу, тәжірибелік үлгілерге сынақ жүргізу саласында техникалық тапсырмаларды орындайды.
Химиялық жабдық пен технологиялық жүйелерді пайдалану дұрыстығын, алдын ала тексеру және жөндеу жүргізуді бақылайды.
Жабдықты жұмысқа дайындайды,ақауды анықтайды және жояды.
Нәзік және дәл химиялық технологиялардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қолданылатын материалдардың, өндірілген өнімдер мен процестердің технологиялық аспектілері жөнінде консультация беруді жүзеге асырады.
Химиялық жабдық жұмысының көрсеткіштері мен режимдерін есепке алады, басқадай техникалық құжаттама жүргізеді.
Жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін химиялық өнеркәсіптік жабдық әзірлеу мен пайдалану саласында техникалық білім қолданады.
210. Білуі тиіс.
Химиялық өндірістік жабдықты әзірлеумен, құрастырумен, пайдаланумен және жөндеумен байланысты техникалық міндеттерді орындау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, басқа да нұсқама, әдістемелік және нормативтік құжаттарды;
шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге химиялық талдау физикалық-механикалық сынақтар және басқа да зерттеулер жүргізу әдістерін;
жалпы, талдамалық және физикалық химия негіздерін;
өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін;
өндірілетін өнімнің негізгі технологиялық және конструктивтік деректерін;
сала мен ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарды, техникалық құжаттамаға, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімге қойылатын талаптарды;
зертханалық жабдыққа қызмет көрсету мен пайдалану ережесін;
талданатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, қолданылатын реактивтерді, олардың сапасын бақылау әдістері мен құралдарын, сынақ жүргізу ережесін, өнім қабылдау мен сақтау ережесін;
орындалатын жұмыстарға құжаттама жүргізу ережесін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
211. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім және кемінде 1 жыл еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл тиісті салада еңбек өтілі.
43-параграф. Техник-маркшейдер
212. Лауазымдық міндеттері:
Маркшейдерлік жұмыстарға, тау-кен жыныстарының, құрылыстардың, трассалардың жобаларын жергілікті жер жағдайына ыңғайлауды және оларды натураға ауыстыруды жүзеге асыруға қатысады.
Жобалық-сметалық және өндірістік құжаттаманы, есептілікті және маркшейдердік жұмыстарды орындау туралы жедел ақпаратты дайындау мен ресімдеуге қатысады.
Тау-кен қазбаларын үңгілеуді бақылау, жобалық қималардың, еңістердің, және габариттердің сақталуы үшін қажетті өлшеуді орындайды.
Тау-кен қазбаларын үңгілеуге маркшейдерлік қызмет көрсетуді, қоймалар мен үйінділерді өлшеуді қамтамасыз етеді.
Жер бетіндегі топографиялық түсіруді, өлшем материалдарын камералық өңдеуді жүргізеді.
Бастапқы геодезиялық құжаттама жүргізеді және оны өңдеуді,есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.
Маркшейдерлік жұмыстардың мәтіндік, кестелік және кескіндік материалдарын дайындауға қатысады.
Нүкте орындарында ұзақ мерзімді және уақытша белгілерді орнатады, жұмыс жобасы мен белгіленген тапсырмаға сәйкес нүктелердің жоспарлық координаттары мен биіктігін анықтайды.
Тау-кен жұмыстары жоспарларын сызады және басқа да кескіндік жұмыстарды орындайды.
Қозғалысты және пайдалы қазбалардың шығынын есепке алу, күзетілетін объектіге арналған сақтандыру белгілерінің шекараларын белгілеу үшін құжаттама әзірлейді.
Қажетті аспаптарды, құралдарды және басқа да керек-жарақтарды алу мен оларды сақтауға тапсыруға қатысады.
Маркшейдерлік жұмыстардың сапасына қойылатын талаптардың, жер қойнауын қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың, еңбек қорғау ережесінің, маркшейдерлік жұмыспен айналысатын қызметкерлермен өртке қарсы қорғаныс ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
213. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
геологиялық зерттеу, жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
маркшейдерлік жұмыстар жүргізуге қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік және әдістемелік материалдарды;
тау-кен жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мен технологиясының негіздерін;
геологиялық ұйымда тау-кен жұмыстарын дамыту перспективасы мен жүргізу ерекшеліктерін;
маркшейдерлік жұмыстардың технологиясын ұйымдастыру мен технологиясын;
қолданылатын жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың мақсаты мен конструкциясын, сондай-ақ техникалық пайдалану мен сақтау ережесін;
аспаптар мен құралдарды тексеру тәртібін;
маркшейдерлік құжаттама мен есептерді ресімдеу тәртібі мен ережесін;
материалдарды өңдеу,техникалық есептерді, кескіндік және есептеу жұмыстарын орындау тәртібін, әдістері мен құралдарын;
жер қойнауындағы қорлар қозғалысы мен пайдалы қазбалардың шығынын есепке алу негіздерін;
маркшейдерлік жұмыстар сапасына қойылатын негізгі қағидалар мен талаптарды;
сызба құралының негізгі түрлері мен оларды пайдалану ережелерін, маркшейдерлік материалдарды ресімдеу мен сақтауға қойылатын талаптарды;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
214. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санаттағы техник-маркшейдер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл ІІ санаттағы техник-маркшейдер лауазымында еңбек өтілі;
ІІ санаттағы техник-маркшейдер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және кемінде 2 жыл санаты жоқ техник-маркшейдер лауазымында еңбек өтілі;
Техник-маркшейдер: еңбек өтіліне талап қоймай тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
44-параграф. Ұңғымаларды құю жөніндегі инженер
215. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды құюдың (цементтеудің) технологиялық процестерін басқарады.
Ұңғыма оқпанын цементтеуге дайындауды бақылайды, пайдалану колонналарын жарақтандырудың дұрыс орнатылуын қамтамасы етеді.Жерүсті коммуникацияларды қысыммен престеуді және цементтеу жұмыстары үшін материалдық және техникалық құралдарды дайындауды ұйымдастырады.
Ұңғыманы цементпен құю үшін технологиялық жабдықты анағұрлым ұтымды орналастыруды қамтамасыз етеді, қажетті цементтің, басуға арналған сұйықтық пен химиялық реагенттердің көлемін есептейді.
Ұңғымада күтілетін ең үлкен қысымды және шегендеу колонналарды цементтеу және құю жұмыстарын орындау үшін қажетті уақытты белгілейді.
Тиісті техникалық құжаттаманы әзірлейді және технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды.
Цементтеу жұмыстарын орындау кезінде жабдық пен көлік құралдарының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Пайдалану колонналарын цементтеу процесінде алынған ақауларды жою жұмыстарына қатысады.
216. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
бұрғылау (ұңғымаларды бекіту) жұмыстарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
кен орындарының геологиялық құрылымын;
геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу әдістерін;
цементтеу жұмыстары өндірісінің технологиясы, шегендеу тізбегінің конструкциясы, пайдаланылатын цемент пен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері, оларды жұмсау нормаларын;
сақтау және тасымалдау ережесі, ұңғымаларды бұрғылау және салу технологиясын;
мұнай мен газ өндіру технологиясының негіздері;
қабат флюидтерінің физикалық-химиялық қасиеттері;
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жұмысының қағидаттарын және оларды дұрыс пайдалануды;
ұңғымаларды құю бойынша озық тәжірибені;
кен орындарының геологиялық құрылымы;
экономика және өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін,
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормаларын.
217. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Ұңғымаларды құю жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды құю жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Ұңғымаларды құю жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды құю жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Ұңғымаларды құю жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
45-параграф. Ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер
218. Лауазымдық міндеттері:
Қабылданған жұмыстар технологиясына сәйкес ұңғымаларды бекіту процесін, технологиялық тәртіптің сақталуын, еңбекті қорғау,өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын бақылайды.
Ұңғымаларды цементтеу жұмыстарын жүргізу үшін технологиялық жабдықты дайындауды қамтамасыз етеді.
Цементтеу жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық жабдық пен техниканы анағұрлым тиімді орналастыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Цех, учаске басшылығының өндірістік тапсырмаларын орындау дәрежесі туралы ақпаратты дайындайды және береді.
Ұңғымаларды цементтеу бойынша қажетті техникалық-технологиялық құжаттаманы әзірлейді.
Жаңа жабдықты, материалдар мен ұңғымаларды бекітудегі техникалық процестерді технологиялық сынауды жүргізеді. ұңғымаларды бекіту кезіндегі авариялар мен қиындықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды енгізуге қатысады.
Ұңғымаларды бекіту саласындағы озық тәжірибені зерттейді, жинақтайды және таратады.
Қажетті техникалық-технологиялық құжаттаманы әзірлейді.
219. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
Ұңғымаларды бекіту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары;
ұңғымаларды цементтеу, бекіту жөніндегі техникалық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу, ресімдеу және жүргізу ережесін;
ұңғымалар мен олардың конструкцияларын бекіту жұмыстарын жүргізу технологиясын;
ұңғымаларды бекіту жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық пен техниканың техникалық сипаттамаларын;
ұңғымаларды цементтеу кезінде пайдаланылатын цементтердің, тампонаждық ерітінділердің, химреагенттерінің физикалық-химиялық қасиеттерді және олардың өзгеруіне әсер ететін факторларды;
пайдаланылатын материалдар шығысының нормалары, оларды сақтау және тасымалдау ережесін;
ұңғымаларды, жаңа техника мен технологиялық жабдықты бекітудің жаңа технологиялық процестерін сынау әдістемесін;
ұңғымаларды бекіту жұмыстарының озық отандық және әлемдік тәжірибесні;
экономика және өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау ережесі мен нормаларын.
220. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Ұңғымаларды бекіту жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бекіту жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Ұңғымаларды бекіту жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылау және цементтеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
46-параграф. Ұңғымалар байқап көру (сынау) жөніндегі инженер
221. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды байқап көру (сынау) технологиясын әзірлейді.
Ұңғымаларды байқап көру және сынау үшін техникалық құралдарды дайындауды ұйымдастырады.
Ұңғымаларды байқап көру (сынау) жұмыстарының өндірісі бойынша жылдық тапсырмаларын жасайды.
Ұңғымаларды байқап көру және сынау, тесу және цемент көпірлерін орнату жұмыстарын тікелей басқарады.
Техникалық құжаттаманы әзірлейді, қажетті есеп пен есептілікті жүргізеді. қажет болғанда, ұңғымаларды байқап көру (сынау) бойынша қосымша шараларды әзірлейді.
Сорап-компрессорлық құбырлар тізбегінің техникалық өлшемдерін есептейді, ұңғымаларды сынау, байқап көру және тесу және цемент көпірлерін орнату кезінде ұңғымаларды орап байлау схемасын бақылайды.
Ұңғымалар апробациясы (сынау) процесі бойынша бұрғылау бригадалары арасындағы жұмыс тәжірибесін жинақтайды және алмасады.
Ұңғымалар апробациясын (сынауды) ұйымдастыруды және оның технологиясын жетілдіру жұмысын жүргізеді. Бұрғылау бригадасының жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ережесін сақтауын бақылайды.
222. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
ұңғымаларды байқап көру және сынау жұмыстарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
жұмыстар жүргізу технологиясын, геологиялық-техникалық наряд жасау тәртібі және жұмыстарды жүргізуді қиындататын факторларды;
ұңғымаларды бекіту конструкциясы, жабдықтың, құралдың және тетіктің техникалық сипаттамасы, оларды пайдалану ережесін;
мұнай мен газ өндіру, ұңғымаларды бұрғылау және салу технологиясы негіздері;
кен орындарының геологиялық құрылымы, мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттері;
ұңғымаларды байқап көру және сынау жұмыстарын ұйымдастырудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі;
экономика және өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны ережелері мен нормаларын.
223. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Ұңғымаларды байқап көру және сынау жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды байқап көру және сынау жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Ұңғымаларды байқап көру және сынау жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды байқап көру және сынау жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Ұңғымаларды байқап көру және сынау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды байқап көру және сынау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және 1-санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
47-параграф. Ұңғымаларды дайындау және жөндеу жөніндегі инженер
224. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды жөндеудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары үшін бекітілген жоспарлардың (кестелердің) орындалуын бақылайды.
Ұңғымаларды жөндеудің жылдық жоспарын және жедел кестесін жасауға қатысады. ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары қозғалысының кестелерін қабылдайды және бекітеді және бригадалар қозғалысы кестесінің сақталуын бақылайды.
Ұңғымаларды жөндеу бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары жұмысының қарқынын және ұңғымаларды жөндеуге уақытылы дайындауды бақылайды.
Ұңғымаларды бастыру кезінде технологияның сақталуын, құбырларды, штангілерді және басқа да жерасты жабдықты жөндеуге дайындауды бақылайды.
Ұңғымаларды бастыру технологиясына байланысты есептерді (бастыру сұйықтығының үлестік салмағын есептеу, химиялық құрам, қойнауқат флюидтерімен үйлесімдігі және басқалары) жүргізеді.
Тереңдік сораптар мен сорап-компрессорлық құбырларды тұрақты есепке алуды және олардың пайдалану тиімділігін талдауды жүргізеді.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларына жерасты жабдықты (ұңғымалық қойылмайтын сораптар, сорап-компрессорлық құбырлар, штангілер) және құралдарды жеткізуге арналған өтінімдерді дайындайды, оларды есепке алуды жүргізеді.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу цехінің өндірістік көрсеткіштерін талдайды.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларының қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы іс-шаралар ережелерінің сақталуын бақылайды, жерасты жабдықпен авария, жазатайым жағдайлар қаупі болған жағдайда бригаданың жұмысын уақытша тоқтатады.
Ұңғыма іркілістерін қысқарту бойынша іс-шараларды орындайды.
Жөндеу аралық кезеңін қысқартуға, ұңғымалар қорын жөндеу жиілігін қысқартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылайды.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу техникасы мен технологиясын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға қатысады.
Мұнай өндіруге арналған жаңа техниканы енгізу жүргізілген ұңғымаларда тоқтап қалу себептерін талдайды.
Мұнай өндіруге арналған жаңа техниканы енгізу бойынша іс-шараларға қатысады.
Ұңғымаларды жөндеуді орындайтын бөлімшелер үшін еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. белгіленген нысандағы есептілікті жасайды және тиісті органдарға береді.
Ұңғымаларды жөндеу кезінде болған жазатайым жағдайларды және аварияларды тергеуге және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Объектілерді, учаскелерді оқтын-оқтын тексереді және техникалық құжаттамаға сәйкес өндірістік процестер мен жұмыстардың жүргізілуін бақылайды.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу уақытының нормаларын талдауға, әзірлеуге және жаңартуға қатысады.
Жерасты жөндеу жүргізу үшін ұңғымаларды таңдауға және ұңғыманы жөндеу үшін тоқтату үшін негізгі критерийлерді әзірлеуге қатысады.
Өндірістік қызмет көрсету базалар цехтерінің, ұңғымаларды жерасты жөндеуге дайындау бригадаларының, ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде технологиялық өзара байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді.
Объектілерді арнайы техникамен уақытылы қамтамасыз етуді, оның ұтымды бөлінуі мен пайдаланылуын бақылайды.
Өндірістік қызмет көрсету базасы цехтерінің өтінімдерін уақытылы орындауды бақылайды.
Бригадалардың жұмыс жасаған уақытының және орындалған жұмыс көлемдерінің есепке алынуын бақылайды.
Цехтің кешенді ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын, жұмыс уақытын жоғалтуға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды.
225. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
мұнай мен газды дайындауды ұйымдастыруға және оның технологиясына қатысты, ұңғымаларды дайындау және жөндеу, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
мұнай мен газ дайындау технологиясын;
озық жөндеу жүйелері және жөндеу жұмыстары технологиясын;
ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде пайдаланылатын техниканың, жабдық пен құралдың мақсаты және жұмыс істеу режимдері, оларды техникалық пайдалану ережесін;
мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, ішкі еңбек тәртібі, қоршаған ортаны қорғау ережелерін.
226. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Ұңғымаларды дайындау және жөндеу жөніндегі І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды дайындау және жөндеу жөніндегі ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Ұңғымаларды дайындау және жөндеу жөніндегі ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды дайындау және жөндеу жөніндегі инженері лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Ұңғымаларды дайындау және жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 1-санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және 1-санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
48-параграф. Ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі)
күрделі жұмыстар жөніндегі инженер
227. Лауазымдық міндеттері:
Ұңғымаларды салу және күрделі жөндеу бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Болған кедергілер мен авариялардың себептерін талдайды және оларды жою үшін шаралар қабылдайды.
Авариялар көзін, авария объектілерін, авариялардың пайда болу және оларды жою процесіне әсер ететін факторларды, ауқымы мен салдарын анықтайды және талдайды, авариялардың себептерін жою мен алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.
Авариялар мен кедергілердің алдын алу бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді.
Авариялардың анағұрлым маңызды көздері үшін авариялар объектілерінің әр түрлі топтары бойынша егжей-тегжейлендіруді жүргізеді.
Терең шегендеу бағандарын түсіру жұмыстарына қатысады.
Стандартты емес қармағыш құралды әзірлеуге қатысады.
Сазды ерітінділердің параметрлерін жүргізуді жүзеге асырады.
Тасталымдар мен ашық атқылауды жоюға қатысады.
Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы, жұмыстарды қауіпсіз орындау нормаларының, әдістері мен тәсілдерінің сақталуы жөніндегі нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
228. Білуі тиіс.
2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;
мұнай және газ өндіру саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
бұрғылау жабдығының, құралы мен тетіктерінің техникалық сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері мен жұмысының режимін;
оларды техникалық пайдалану қағидаларын;
өндірістік процесс және күрделі бұрғылау жұмыстарын жүргізу технологиясын;
шығарындылармен, ашық атқылаумен және басқа да қиындықтармен күрес әдістерін;
авариялар мен кедергілерді жою әдістерін;
бұрғылау ерітіндісінің сіңіп кетуіне қарсы күрес әдістері, сіңу аймақтарын оқшаулау үшін қоспалардың құрамы және пайдалану тәсілін;
ұңғымаларды бұрғылаудың тау-кен геологиялық шарттарын, ұңғымаларды бұрғылаудың түрлері мен тәсілдерін;
ұңғымалардың мақсаты мен конструкциясын;
есептеу әдістері және конструкциялау негіздерін;
ұңғымаларды бұрғылауға және сынауға қойылатын геологиялық-техникалық талаптарды;
техникалық бұзушылықтардың, бұрғылау кезіндегі авариялар мен қиындықтардың пайда болу себептері мен шарттарын, олардың алдын алу тәсілдерін;
мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
бұрғылау жұмыстарының нормалары мен бағаларын, олардың қайта қарау тәртібін;
экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
еңбек заңнамасын;
қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
229. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша І санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санаты жоқ ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Ұңғымаларды бұрғылаудағы (күрделі жөндеудегі) күрделі жұмыстар жөніндегі инженер: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бұрғылаудағы және күрделі жөндеудегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және І санаттағы техник лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жыл.
49-параграф. Хатшы-референт
230. Лауазымдық міндеттері:
Талдамалық материалдарды, басшылардың ұйымның негізгі қызметі жөніндегі сөз сөйлеулерінің жобаларын, іскерлік хаттарды, анықтамаларды, жеделхаттарды, телефакстерді және өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, олардың орындалуын бақылауды, ақпараттық-анықтамалық қызметті және құжаттық анықтама сақтауды қамтамасыз етеді.
Анықтамалық-ақпараттық қорын тиімді құрады, басшыға ақпараттық қызмет көрсетеді.
Баспасөз шолуларын дайындайды, анықтамалық материалдарды жинайды, оларды жіктейді және жүйелейді, тақырыптық досье жүргізеді.
Отырыстарды, кеңестерді ұйымдастырады, хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді, олардың шешімдерін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Аудармашысыз шетелдік әріптестермен келіссөздерге қатысады, хаттардың авторларына жауап дайындайды.
Ұйым басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды дайындау сапасын, дайындау, келісу, бекіту дұрыстығын бақылайды.
Құжаттар мен басшылардың тапсырмаларының орындалуын бақылайды,тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына бағытталған жедел шаралар қабылдайды.
Басшылыққа ұсынылатын анықтамалар мен баяндамаларды талдайды, олар бойынша құзыретті қорытындылар береді.
Іссапар мен кездесулерге, келушілерді қабылдауға, сондай-ақ басшының жұмыс уақытын жоспарлауға қатысты басшының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Құжаттар қабылдауды, тіркеуді, жедел іздестіруді,жеткізуді, құжаттар туралы жедел ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Бекітілген номенклатураға сәйкес іс жүргізеді, олардық сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерде мұрағатқа тапсырады.
Тікелей басшының басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды.
231. Білуі тиіс.
Ұйым қызметіне және іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;
ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымын және басшылық құрамын;
іс қағаздарын жүргізуді, электрондық құжат айналымын жүргізу ережесін, құжат ресімдеу мен өңдеу әдістерін, мұрағат ісін, машина басуды;
қабылдау-келіссөз құрылғыларын пайдалану ережесін;
ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттарын;
әскери хаттар құрастыру ережесін;
этика мен эстетика негіздерін;
іскерлік қарым-қатынас ережесін;
еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
есептеу техникасын пайдалану ережесін;
ішкі еңбек тәртібі ережесін;
еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын;
әкімшілік құқық негіздерін, еңбек заңнамасын;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын.
232. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Еңбек өтіліне талап қойылмай, мамандық бойынша жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және мамандық бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі.
4. Басқа да қызметшілер (техникалық орындаушылар) лауазымдары
1-параграф. Қоймашы
233. Лауазымдық міндеттері:
Отынды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, бөлшектерді, аспаптарды, заттарды және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды қоймаға қабылдауды, таразыға тартуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.
Қоймаға түскен құндылықтардың сүйемелдеуші құжаттарға сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.
Материалдық құндылықтарды олардың түрлері, сапасы, мақсаты және басқа да белгілері бойынша сұрыптай отырып, сақтау орындарына қолмен немесе механизм көмегімен тасымалдауды ұйымдастырады.
Материалдардың, жабдықтың және өнімнің бүлінуі мен ысырабын болдырмау мақсатында оларды ұтымды сақтауды қамтамасыз етеді.
Тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауды, сақтау режимдерін, кіріс-шығыс құжаттарды ресімдеу мен тапсыру ережесін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады.
Тауарлардың, жабдықтың сақталуына материалдық жауаптылықта болады.
Материалдық қалдықтардың ведомосын жасайды, сүйемелдеуші құжаттарды, тауар сату туралы есептерді ресімдейді.
Электрондық құжат айналымын, тауарлық-материалдық құндылықтарды оперативті есепке алуды (кіріс, шығыс, есеп) жүргізеді, сондай-ақ арнайы журналға тіркейді.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды қамтамасыз етеді,өрт сөндіргіштерді уақтылы зарядтайды, өртке қарсы жабдық ақаусыздығын, құрылыстын, шаруашылық керек-жарақтың сақталуын, оларды қалпына келтіруді, толықтыруды және уақтылы жөндеуді бақылайды,үй-жайлардың, аумақтың және жабдықтың жай-күйінің санитарлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Электр қондырғылары мен электр сымдарын, жерлендіруші құрылғыларды оқшаулаудың кедергілерін жыл сайын өлшеуді, су қыздыратын аспаптарға мерзімді сынақ жүргізу мен куәландыруды ұйымдастырады.
Электр энергиясын есепке алуды жүргізеді және тиісті ұйымға бұл туралы мәлімет береді, мүлікті түгендеп, есепке алады (мүліктің бір бөлігін түгендейді және есептен шығаруға дайындайды),қажетті есептеу-есепке алу құжаттамасын жүргізеді, оны орталықтандырылған бухгалтерияға және қойма меңгерушісіне уақтылы ұсынады.
Қосалқы және қызмет көрсетуші персоналдың (жүкшілердің, қоймашылардың, жұмысшылардың) жұмыс уақытын кесте бойынша бақылауды жүзеге асырады, олармен жұмыс орнында нұсқама жүргізеді.
Ауыр заттарды тасу, жүк түсіру-тиеу жұмыстары, қойма аумағында көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
234. Білуі тиіс.
2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Қазақстан Республикасының Заңын, қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдарды;
стандарттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған стандарттар мен техникалық талаптарды;
тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлерін, өлшемдерін, маркаларын, сұрыптылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығыс нормаларын;
жүк түсіру-тиеу жұмыстарын ұйымдастыруды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймалау қағидалары мен тәртібін және оларды есепке алу ережесі мен нұсқаулығын;
жүктерді тасымалдау мен сақтауға, қоймалық үй-жайлар мен жабдықты жалға алуға арналған шарттардың талаптарын;
қойма шаруашылығын жүргізу ережесін;
сақтаудағы материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен түрлерін,олардың ерекшеліктері мен мақсатын;
тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу қағидаларын;
өнімдерді ауыстыру нормасын, өнімдерді сақтау қағидаларын;
есептеу техникасын, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану қағидаларын;
бухгалтерлік есеп негіздерін, «1:С Сауда және қойма» мамандандырылған бағдарламасын, кассалық операциялар жүргізу негіздерін, компьютерде (Word, Windows, Exel бағдарламалары) оперативті есепке алу тәртібін;
гигиена негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қағидаларды;
еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын.
235. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және қойма шаруашылығында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.