Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11169 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 561 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.05.2016 № 561 бұйрығымен.

      «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерізді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
      2 ) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                           Қ.Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"
       Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________________Ә.Исекешев
      2015 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 бұйрығымен    
бекітілді       

Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – Тiзiлiм) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады.
      3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмімен нақтыланып отыратын техникалық қарап тексеру операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
      4. Тiзiлiмге енгізуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпараттың негiзiнде жүзеге асырады.

2. Тiзiлiмдi жүргiзу тәртiбi

      5. Тiзiлiмге енгізу:
      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың негізінде жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға оның тiркелген орны бойынша көлiктiк бақылау органдарына ұсынған ақпаратты енгізуді;
      2) көлiктiк бақылау органының Тiзiлiмге енгiзу немесе оған енгiзуден бас тарту туралы шешiмдi қарауын, қабылдауын көздейді.
      6. Тiзiлiмге енгiзу үшiн жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) өтiнiш;
      2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе куәлiк;
      3) жеке кәсiпкер үшiн – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiк;
      4) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы жазуы бар, техникалық қарап тексеру операторының жылжымайтын мүлікке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      5) дайындаушы зауыт беретін бастапқы тексеру мерзімі көрсетілген сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары паспорттарының көшірмелері және (немесе) салыстыра тексеру үшін түпнұсқалары беріле отырып, өлшеу құралдарын тексеру және сынақ жабдығына аттестаттау жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері. Түпнұсқалар салыстыра тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады;
      6) техникалық қарап тексеру орталығын ұйымдастыру үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынатын сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары туралы ақпарат;
      7) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері» мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат ұсынады.
      7. Көлiктiк бақылау органдары өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      8. Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiнi Тiзiлiмге енгiзу немесе Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      9. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм көлiктiк бақылау органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығы нысанында ресiмделедi.
      Тiзiлiмге енгiзген немесе Тiзiлiмге енгiзуден бас тартқан кезде көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiге осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген мерзiм ішінде Тiзiлiмге енгiзу туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды жiбередi.
      10. Көлiктiк бақылау органдары Тiзiлiмге енгiзу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
      1) техникалық қарап тексеру операторының атауын;
      2) техникалық қарап тексеру операторының мекенжайын (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондарын, электрондық пошта мекенжайын;
      3) стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң орналасқан жерiн;
      4) стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерiнiң түрі мен санын;
      5) техникалық қарап тексеру операторы қызметiнiң өңiрiн қамтитын ақпаратты ұсынады.
      11. Уәкілетті орган Тізілімді тұрақты негізде өзiнiң www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
      Тізілімге жаңа техникалық қарап тексеру операторларын енгізген және одан шығарған жағдайда, сондай-ақ Тізілімдегі мәліметтер өзгерген кезде уәкілетті орган осындай ақпарат келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылған Тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.
      12. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық қарап тексеру операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген және Тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы көлiктiк бақылау органдарына осындай өзгерiстер енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
      13. Көлiктiк бақылау органдары осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген және Тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға техникалық қарап тексеру операторының құжаттарындағы өзгерiстер туралы ақпарат ұсынады.
      14. Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту үшiн:
      1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
      2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң шынайы еместігі және (немесе) толық болмауы;
      3) осы Қағидалардың 16-тармағының 3)4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты ай iшiнде Тiзiлiмнен алып тастау негiз болып табылады.
      15. Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту үшін негiз болған себептердi жойғаннан кейiн жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қайта ұсынады.
      16. Тiзiлiмнен алып тастау үшiн:
      1) жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;
      3) техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу шынайы емес ақпарат ұсыну;
      4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға  техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетудi қоса атқару;
      5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
      17. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастау туралы хабарлама Тiзiлiмнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
      18. Көлiктiк бақылау органдары Тiзiлiмнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде бұл туралы ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.

Техникалық қарап тексеру     
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына            
1-қосымша              

нысан

Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi

Р/с

Техникалық қарап тексеру операторының атауы

Техникалық қарап тексеру операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

Стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң орналасқан жерi

Стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң жұмыс iстеу режимi

Стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң түрі және саны

Ұтқыр техникалық қарап тексеру желiсiнiң түрi және саны

Техникалық қарап тексеру оператолары қызметiнiң өңiрi

Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Техникалық қарап тексеру     
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына            
2-қосымша             

нысан

Сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары туралы ақпарат

      1. Техникалық қарап тексеру орталығында қолданылатын сынақ жабдықтары (бұдан әрi – СЖ)

Анықталатын сипаттамалар (көрсеткiштер)

СЖ атауы, түрі (маркасы), дайындаушы, зауыт және мүкәммалдық нөмiрлерi

Негiзгi техникалық сипаттамалары

Пайдалануға енгізілген жылы

СЖ аттестаттау жөнiндегi құжаттың күнi мен нөмiрi, кезеңдiлiгi

1

2

3

4

5

      2. Техникалық қарап тексеру орталығында қолданылатын өлшеу құралдары (бұдан әрi – ӨҚ)

Анықталатын сипаттамалар (көрсеткiштер)

ӨҚ атауы, түрі (маркасы), дайындаушы, зауыт және мүкәммалдық нөмiрлерi

Негiзгi техникалық сипаттамалары

Пайдалануға енгізiлген жылы

Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификаттың (куәлiктiң) күнi мен нөмiрi, кезеңдiлiгi

1

2

3

4

5

Техникалық қарап тексеру     
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына            
3-қосымша             

нысан

Техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайының сәйкестігі туралы ақпарат

Р/с №

Мазмұны

Ақпаратты растау (сәйкес келеді иә/жоқ)

1

Техникалық қарап тексеру орталығы аумағының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері» стандартының талаптарына сәйкестігі


2

Техникалық қарап тексеру орталығы үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері» стандартының талаптарына сәйкестігі


Об утверждении Правил ведения реестра операторов технического осмотра

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 350. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 11169. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 561

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 24.05.2016 № 561.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 89 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения реестра операторов технического осмотра.
      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в периодических печатных изданиях;
      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Тургумбаева Е.З.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал–лейтенант полиции                  К. Касымов

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министр по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан
      ____________ А. Исекешев
      27 апреля 2015 года

Утверждены          
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан     
от 15 апреля 2015 года № 350   

Правила
ведения реестра операторов технического осмотра

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения реестра операторов технического осмотра (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 89 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении» и устанавливают порядок ведения реестра операторов технического осмотра.
      2. Реестр операторов технического осмотра (далее – Реестр) создается с целью ведения единого перечня операторов технического осмотра, осуществляющих проведение обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним.
      3. Реестр представляет собой единый, периодически уточняемый перечень операторов технического осмотра и содержащий все необходимые сведения информационно-справочного характера о них.
      4. Включение в Реестр и его ведение осуществляется Комитетом транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам на основании представленной информации территориальных органов Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – органы транспортного контроля).

2. Порядок ведения Реестра

      5. Включение в Реестр предусматривает:
      1) внесение информации представленной индивидуальным предпринимателем или юридическим лицом в органы транспортного контроля по месту его регистрации документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил;
      2) рассмотрение, принятие органом транспортного контроля решения о включении или об отказе во включении в Реестр.
      6. Для включения в Реестр индивидуальным предпринимателем или юридическим лицом представляются следующие документы:
      1) заявление;
      2) копия свидетельства или справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица – для юридического лица;
      3) копия документа, удостоверяющий личность, и свидетельство о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя – для индивидуального предпринимателя;
      4) нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих право собственности или владения и пользования на недвижимое имущество оператора технического осмотра с надписью о произведенной регистрации прав на недвижимое имущество в соответствии с пунктом 1 статьи 34 Закона Республики Казахстан «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество», – в случае открытия стационарной линии технического осмотра;
      5) копии паспортов на испытательное оборудование и средства измерения с указанием срока первичной поверки, выдаваемых заводом-изготовителем, и (или) копии документов, подтверждающих проведение поверки средств измерений и аттестации испытательного оборудования с предоставлением оригиналов для сверки. Оригиналы после сверки возвращаются заявителю;
      6) информацию об испытательном оборудовании и средствах измерений, предлагаемых заявителем для организации центра технического осмотра, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;
      7) информацию о соответствии территории и помещения центра технического осмотра требованиям государственного стандарта СТ РК 1811-2011 «Автомототранспортные средства. Обязательный технический осмотр. Методы контроля» по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам, – в случае открытия стационарной линии технического осмотра.
      7. Заявление с прилагаемыми к нему документами рассматривается органами транспортного контроля в течение трех рабочих дней со дня его поступления.
      8. По результатам рассмотрения заявления и представленных документов, органы транспортного контроля принимают решение о включении заявителя в Реестр или об отказе во включении в Реестр.
      9. Решение о включении в реестр оформляется в форме приказа руководителя органа транспортного контроля или лица его замещающего.
      При включении в реестр или отказе во включении в реестр органы транспортного контроля в течение срока, указанного в пункте 7 настоящих Правил, направляют заявителю уведомление о включении в реестр или мотивированный отказ.
      10. Органы транспортного контроля в течение одного рабочего дня со дня издания приказа о включении в реестр представляют в уполномоченный орган информацию, включающую:
      1) наименование оператора технического осмотра;
      2) адрес (индекс, область, район, город (поселок, село), улица, дом), контактные телефоны, адрес электронной почты оператора технического осмотра;
      3) местонахождение стационарной линии технического осмотра;
      4) тип и количество стационарных и мобильных линий технического осмотра;
      5) регион деятельности оператора технического осмотра.
      11. Уполномоченный орган на постоянной основе осуществляет размещение реестра на своем интернет-ресурсе: www.mid.gov.kz.
      В случаях включения в реестр новых операторов технического осмотра и исключения из него, а также при изменении сведений в реестре, уполномоченный орган осуществляет обновление реестра, размещенного на интернет-ресурсе, в течение двух рабочих дней со дня поступления такой информации.
      12. Оператор технического осмотра, включенный в реестр, уведомляет органы транспортного контроля об изменениях в документах, указанных в пункте 6 настоящих Правил и представленных при включении в реестр, в течение пяти рабочих дней со дня таких изменений.
      13. Органы транспортного контроля в течение одного рабочего дня со дня получения уведомления об изменениях в документах, указанных в пункте 6 настоящих Правил и представленных при включении в реестр, представляют в уполномоченный орган информацию об изменениях в документах оператора технического осмотра.
      14. Основаниями для отказа включения в Реестр являются:
      1) не предоставление документов, требуемых в соответствии с пунктом 6 настоящих Правил;
      2) недостоверность и (или) неполнота указанных сведений в представленных документах;
      3) исключение из Реестра в течение шести месяцев до даты подачи заявления по основаниям, указанным в подпунктах 3), 4) и 5) пункта 16 настоящих Правил.
      15. После устранения причин, послуживших основанием для отказа включения в Реестр, индивидуальный предприниматель или юридическое лицо повторно представляет документы, указанные в пункте 6 настоящих Правил.
      16. Основаниями для исключения из реестра являются:
      1) заявление индивидуального предпринимателя или юридического лица о добровольном исключении из реестра операторов технического осмотра;
      2) прекращение деятельности индивидуального предпринимателя, ликвидация юридического лица в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) представление заведомо недостоверной информации при включении в реестр операторов технического осмотра;
      4) совмещение оказания услуг по проведению обязательного технического осмотра и ремонту, техническому обслуживанию механических транспортных средств и прицепов к ним;
      5) совершение повторного в течение года административного правонарушения в сфере осуществления обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним.
      17. Уведомление об исключении из реестра операторов технического осмотра направляется индивидуальному предпринимателю или юридическому лицу в течение двух рабочих дней со дня вынесения приказа об исключении из реестра.
      18. В течение одного рабочего дня со дня вынесения приказа об исключении из Реестра органы транспортного контроля письменно уведомляют об этом органы внутренних дел.

Приложение 1        
к Правилам ведения реестра  
операторов технического осмотра

форма           

                  Реестр операторов технического осмотра


п/п

Наименование
оператора
технического
осмотра

Адрес (индекс, область, район, город (поселок, село), улица, дом), контактные телефоны, адрес электронной почты оператора
технического
осмотра

Местонахождение
стационарной
линии
технического
осмотра

Режим
работы
стационарной
линии
технического осмотра

Тип и
количество
стационарной
линии технического
осмотра

Тип и
количество
мобильной
линии
технического
осмотра

Регион
деятельности оператора технического
осмотра

Изменения и
дополнения,
вносимые
в реестр операторов
технического
осмотра

Исключения
из реестра операторов
технического
осмотра

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Приложение 2         
к Правилам ведения реестра  
операторов технического осмотра

форма           

                              Информация
          об испытательном оборудовании и средствах измерений

      1. Испытательное оборудование (далее - ИО), применяемое в центре технического осмотра

Определяемые характеристики
(показатели)

Наименование ИО, тип (марка), изготовитель, заводской и инвентарный номера

Основные технические характеристики

Год ввода в эксплуатацию

Дата и
номер документа по аттестации ИО, периодичность

1

2

3

4

5

      2. Средства измерений (далее - СИ), применяемые в центре технического осмотра

Определяемые характеристики (показатели)

Наименование СИ, тип (марка), изготовитель, заводской и инвентарный номера

Основные метрологические характеристики

Год ввода в эксплуатацию

Дата и номер сертификата (свидетельства) о поверке или аттестации, периодичность

1

2

3

4

5

Приложение 3        
к Правилам ведения реестра  
операторов технического осмотра

форма           

                        Информация о соответствии
            территории и помещения центра технического осмотра 


п/п

Содержание

Подтверждение информации
(соответствует да/нет)

1

Соответствие территории центра технического осмотра требованиям СТ РК 1811-2011 Автомототранспортные средства. Обязательный технический осмотр. Методы контроля.


2

Соответствие помещения центра технического осмотра требованиям СТ РК 1811-2011 Автомототранспортные средства. Обязательный технический осмотр. Методы контроля.