Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11333 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 28 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 29 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы 26 наурыз
№ 329 бұйрығына
1-қосымша

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы уәкілетті ұйым – көлік құралдарында орнатылған газ баллонды жабдықтарға мерзімді сынақ жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған МЕМСТ/ІSO/ІEC 17020-2013 "Сәйкестікті бағалау. Инспекцияны жүргізетін әртүрлі типтегі органдардың жұмысына қойылатын талаптар" мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

      2) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынау жабдығы және өлшеу құралдары;

      3) газ баллонды көлік құралы – сұйытылған мұнай, сығылған немесе сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралы;

      4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;

      5) көліктік бақылау органы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары;

      6) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – БАЖ Операторы);

      8) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің меншік иесі, сондай-ақ механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, тиісті органның осы адамға механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі болып табылмайды;

      9) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде осы Қағидаларда көзделген техникалық қарап-тексерудің операторлары жүзеге асыратын іс-қимылдар;

      10) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;

      11) техникалық қарап-тексеру орталығының маманы – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуді жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторының қызметкері;

      12) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы – механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар иесі және механикалық көлік құралы мен оның тіркемелері және міндетті техникалық қарап-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған объектісі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi - көлiк құралдары) мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:

      1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалардың 31-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;

      2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалардың

      32-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;

      3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;

      4) көлiк құралдарының бар болуы бойынша және техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.

2-тарау. Міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мiндеттi техникалық қарап тексеру операторымен көлік құралының тіркелген орны мен көлік құралы иесінің тұратын орнына қарамастан, техникалық қарап тексерудің стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып жүргізіледі.

      6. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуді техникалық байқау операторлары көлік саласындағы уәкілетті органға хабарлама берілген күннен бастап "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін ұсынады.

      Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметін алу үшін техникалық қарап-тексеру операторы БАЖ операторына:

      өтініш;

      жеке басын куәландыратын сенімді деректерді;

      техникалық қарап-тексеру орталығының атауы, нақты орналасқан жерінің мекенжайы, техникалық қарап-тексеру операторының заңды мекенжайы;

      "E-gov" электрондық үкіметтің порталы арқылы ұсынылған дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және/немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті;

      жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесін);

      аумақ пен үй-жайдың ҚР СТ 1811-2011 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері" мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты;

      арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесін (техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне);

      техникалық қарап-тексеру операторының қызметінің басталғаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның көшірмесін (техникалық қарап-тексеру операторының ашылу өңірі бойынша);

      роликті тежегіш стендінің, люфтіні өлшегіш, газ талдағыштары және түтін өлшегіш, фаралардың жарығын тексерудің электрондық құралы, рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері паспорттары мен сертификаттарының көшірмелерін;

      ұтқыр/стационарлық, жеңіл автомобильдер, жүк автомобильдері немесе әмбебап техникалық қарап-тексеру станциясы көрсетілген ақпаратты;

      паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың ID сәйкестендіргіштерін көрсете отырып ақпаратты (тежегіш стенді, фаралардың жарық параметрлері, люфті өлшегіші, түтін өлшегіш, газ талдағышы, IP камера) ұсынады.

      Екі және одан да көп техникалық қарап-тексеру орталықтары ашылған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін алуға өтініш техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне беріледі.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-2. БАЖ операторы ұсынылған құжаттар толған жағдайда міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге техникалық қарап-тексеру операторымен шарт жасасады.

      Ескерту. Қағида 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-3. Осы Қағидалардың 6-1-тармағына сәйкес құжаттар толық болмаған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға жол берілмейді.

      Ескерту. Қағида 6-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-4. БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге міндетті техникалық қарап-тексерудің операторына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бұза отырып, көлік құралына техникалық қарап-тексеру жүргізу фактісі анықталған кезде, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері анықталған кезде жол берілмейді.

      Ескерту. Қағида 6-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Техникалық қарап тексеру операторлары жария шарт негiзiнде еркін нысанында қызмет көрсетедi.

      8. Көлiк құралдарының иелерi:

      1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту үшiн техникалық қарап тексеру орталығын дербес таңдайды;

      2) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту уақытын дербес анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық қарап тексеруден өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;

      4) техникалық қарап тексеру операторларына техникалық қарап тексеру операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi.

      9. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау операторына көлік құралын және көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:

      1) техникалық қарап тексеру операторының жұмыс режимi;

      2) техникалық қарап тексеру операторының қызмет өңiрi;

      3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кестесi;

      4) көрсетілетін қызметтердің түрлері мен ерекшеліктері;

      5) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;

      6) техникалық қарап тексеру операторының тарифтерi;

      7) техникалық қарап тексеру операторының байланыс телефондары.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Техникалық қарап тексеру операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.

      12. Техникалық қарап тексеру операторы:

      1) мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау процесiнде осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды;

      2) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайлары мен аумағын 1811-2011 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері" ҚР СТ мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      3) мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады;

      4) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне міндетті техникалық қарап тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша мәліметтерді нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара әрекетті қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы ұсынады;

      5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар, сондай-ақ оның конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға енгізілген өзгерістері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Техникалық қарап тексеру операторларына:

      1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдары), шетелдік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (шетелде тіркелген автокөлік құралдары) келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзыла отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ, сонымен қатар автокөлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы талаптарын бұзып қайта жабдықталған көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;

      2) Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделмеген негіздер бойынша міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартады;

      3) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу шарттарын өзгертуiне.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін қажетті уақыт көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес белгіленеді. 15 минут ішінде O-1, L-1-7 типті санаттар, 20 минут ішінде М-1 санаттары, М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 санаттары 30 минут ішінде.

      БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралының типі мен жіктелуіне байланысты көлік құралдарын техникалық қарап-тексерудің нәтижелері туралы келіп түсетін деректердің саны бойынша функционалды іске асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Техникалық қарап тексеру операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi қамтамасыз етедi.

      16. Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап тексеру техникалық қарап тексерудің тек стационарлық желілерімен жүзеге асады.

      17. Техникалық қарап тексеру операторы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген) Қызмет өңірін айқындау қағидасына сәйкес бекітілген көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу үшін шығу кестесiн жасайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.04.2020 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартуына:

      1) көлік құралы иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбауы;

      2) иесінің көлік құралын ұсынбауы;

      3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну;

      4) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну негіздер болып табылады.

      19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тарту негіздері анықталған жағдайда, техникалық қарап тексеру операторы ол туралы 15 минуттың ішінде көлiк құралы иесіне жазбаша түрде хабарлайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруы техникалық қарап тексеру операторларының стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.

      21. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңдарына сәйкес бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бақылау-диагностикалық жабдықтан алынған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруді жүргізу нәтижелері жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлы хаттама жөнiнде техникалық қарап тексеру желiлерiн басқару жүйесiнде қалыптасады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кіреді:

      1) роликті тежегіш стенді;

      2) люфті өлшегіш;

      3) газ талдағышы және түтін өлшегіш;

      4) фаралардың жарығын тексерудің электрондық аспабы;

      5) рульдік басқару және аспа бөлшектеріндегі люфтіні тексеру тестері;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      23-тармағының 6) тармақшасының қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) шу өлшегіш.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Көлiк құралдарының санатына байланысты көлiк құралдарының тежеуiштiк басқаруын тексеру мынадай роликтiк тежеуiш стендiлерiнде жүргiзiледi:

      1) N3 және О4 санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;

      2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;

      3) M1, N1, 02 санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi

      2 тоннадан кем емес;

      4) L1, L2, L3, L4, L5, L6, L7 санаттары үшiн - 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна;

      5) көлік құралдарының барлық санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес әмбебап роликтiк тежеуiш стендісінде пайдалану кезінде.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:

      1) орнатылған өлшеу жүйесi;

      2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;

      3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;

      4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;

      5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi.

      26. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:

      1) СО және СН газ анализатор;

      2) Lambda коэффициентiн өлшеу;

      3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-1-тармағының қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-1. Шығару құбырының кесіндісінен 0,5 м қашықтықта өлшенген көлік құралының пайдаланылған газдарын шығарудың шу деңгейі қозғалтқыштың иінді білігінің тұрақты нысаналы айналу жиілігін ұстап тұру кезінде және оның айналуын баяулату режимінде қозғалтқыштың жұмыс істемей тұрған кезде қозғалмайтын көлік құралындағы газ ағынының осіне 45о+10о бұрышында нысаналы жиіліктен ең төменгі бос жүріс жиілігіне дейін көлік құралын дайындаушы белгілеген мәндерден, ал оның айналуын баяулату режимі бұл деректер - "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/2011 КО ТР Кеден одағының Техникалық регламентінің 9.2-кестесінде көрсетілген мәндер болмаған жағдайда 5 дБ-ден аспауы тиіс.

      Қозғалтқыштың иінді білігінің мақсатты айналу жиілігі:

      Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 5000 мин-1-ден аспайтын, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі бар көлік құралдары үшін қозғалтқыштың барынша жоғары қуатына сәйкес келетін айналу жиілігінің 75%;

      3750 мин-1 қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі барынша жоғары қуатқа сәйкес келетін көлік құралдары үшін 5000 мин-1, бірақ 7500 мин-1-ден аз болмауы;

      Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 7500 мин-1 және одан жоғары көлік құралдарына арналған қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінің 50%.

      Егер іштен жану қозғалтқышы иінді біліктің көрсетілген айналу жиілігіне жете алмаса, онда мақсатты жиілік қозғалмайтын көлік құралы үшін мүмкін болатын ең жоғары деңгейден 5% төмен қабылданады.

      Іштен жану қозғалтқышы жұмыс істей алмайтын көлік құралы үшін көлік құралы қозғалыссыз болған кезде тексеру жүргізілмейді.

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:

      1) фарлардың барлық түрiн тексеру;

      2) жарық күшiн тексеру.

      28. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.

      28-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағида 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Техникалық қарап тексеру операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң технологиялық процестерiне сәйкес жүзеге асырады.

      Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргізудiң технологиялық процесi әрбiр стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерi үшiн анықталған әдiстерді және көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестiгiн тексеру бірізділігін қамтиды.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне электрондық картадағы стационарлық және ұтқыр желілерден жүргізілген техникалық қарап-тексеру туралы деректердің түсуін қамтамасыз ететін функционалдың жұмысын қамтамасыз етеді, бұл міндетті техникалық қарап-тексерудің нақты уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді.

      Техникалық қарап-тексеру операторы ұтқыр және стационарлық желілерде орналасқан жерінен мәліметтерді беруді қамтамасыз ету үшін навигация жүйесін орнатады.

      Ескерту. Қағида 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.

      31. Міндетті техникалық байқауды өткізудің дайындық кезеңі барысында:

      1) көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы белгіленеді;

      2) көлік құралының түсі белгіленеді;

      3) тіркеу белгілерінің болуы тексеріледі;

      4) көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің болуы белгіленеді;

      5) алынған нәтижелер көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерімен салыстырылады (салыстырылады).;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаның қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) көлік құралына орнатылған газ-баллон жабдығына мерзімді сынақтар жүргізу туралы куәліктің, газ-баллон жабдығын жөндеген жағдайда оны жөндеу (редукторды немесе баллонды ауыстыру) кезінде Енгізілген өзгерістер туралы белгісі бар көлік құралына орнатылған газ-баллон жабдығының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің болуы тексеріледі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаның қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) көлік құралына орнатылған газ баллонының сериялық нөмірі газ баллонын дайындаушы ресімдеген көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонының паспортының деректерімен салыстырылады (салыстырылады);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаның қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) диагностикалық картаға көлік құралында орнатылған әрбір газ баллонына паспорт деректері бар газ баллонының сериялық нөмірі енгізіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      32. Міндетті техникалық қарап тексеруді жүргізудің негізгі кезеңі жиынтыққа, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндеріне, жекелеген компоненттердің тозуын (өзгеруін) пайдалануға рұқсат етілетін шектеулерге, автокөлік құралдары конструкциясының рұқсат етілетін өзгеру шектерін, оның ішінде автокөлік құралдары конструкциясының рұқсат етілетін өзгеру шектерін сипаттайтын нормаларға қатысты тексеруді қамтиды:

      1) тежегішті басқару:

      жұмыс тежегіш жүйесінің тиімділігі;

      тұрақ тежегіш жүйесі жұмысының тиімділігі;

      бұғаттауға қарсы тежеу жүйелерінің сигнализаторларының жұмыс істеуі (егер көлік құралының конструкциясында көзделген жағдайда);

      тежегіш жүйелері элементтерінің жай-күйі және тежегіш жетегінің герметикалығы;

      2) рульдік басқару:

      руль механизмінің және оны бекіту картерінің, руль жетегінің, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуі;

      жалпы люфт;

      3) шолу:

      шолу өрісі;

      шыны күйлері;

      артқы көрініс айналарының жай-күйі және бекітілуі;

      шыны тазалағыштар;

      шыны жуғыштар;

      4) сыртқы жарық аспаптарының, шағылыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түсі, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

      алыс және жақын жарық фаралары;

      алдыңғы және артқы габариттік (бүйірлік) оттар, бүйірлік сигналдық фонарьлар; тежеу сигналдары;

      указателей поворота;

      алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралар;

      артқы жарық шамдары;

      артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру шамдары;

      авариялық сигнал беру (егер көлік құралының конструкциясында көзделген жағдайда);

      оптикалық элементтер, оның ішінде түссіз немесе боялған бөлшектер мен пленкалар;

      5) дөңгелектер, шиналар және аспалар:

      Шина протекторының зақымдануы және тозуы;

      аспа элементтерінің және оларды бекітудің механикалық жай-күйі (рессорлар, амортизаторлар, аспа рычагтары, топсалы элементтер);

      дискілер мен дөңгелектер жиектерінің жай-күйі, оларды бекіту элементтерінің болуы;

      6) шассидің және шассиге (рамаға) агрегаттар мен тораптардың бекіту элементтерінің жай-күйі мен жұмыс істеуі:

      шығару құбырлары мен сөндіргіштер;

      тізбекті құрылғылар;

      еден (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);

      жүргізуші мен жолаушылардың орындықтары, желдету, жылыту жүйелері (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);

      бамперлер, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылар;

      7) Өзге де жабдықтардың жай-күйі мен жұмыс істеуі:

      балалардың ұстап тұратын құрылғылары және олар бар болған жағдайда оларды бекіту орындары, дыбыстық сигнал, спидометр;

      болуы: қауіпсіздік белдіктері,

      өрт сөндіру құралдары;

      авариялық тоқтату белгілері;

      алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишалары;

      8) газ баллон жабдығының жай-күйі мен жұмыс істеуі:

      газбаллонды Көлік құралдарын қоректендіру жүйесінің "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы "Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген" доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі;

      газбаллонды жабдық элементтерінен және олардың қосылған жерлерінде газдың кемуінің болмауы;

      орнатылған газбаллонды жабдықтың конструкциясы мен компоненттерінің тұтастығы;

      көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонына өшірілмейтін түрде нақты түсірілген "сұйытылған мұнай газы" (СМГ) немесе "сығылған табиғи газ" (СТГ) сериялық нөмірі мен белгілерінің болуы;

      9) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:

      пайдаланылған газдар;

      отын мен пайдалану сұйықтықтарының ағуы (мотор және трансмиссиялық май, тежегіш, гидравликалық және салқындатқыш);

      10) "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" КО ТР 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген мамандандырылған және арнайы көлік құралдарының қосымша талаптарына сәйкестігі;

      11) раманың, шанақтың жай-күйі:

      қосымша жабдықтардың және аэрографиялық үш өлшемді суреттердің болуы;

      доңғалақ базасының, габариттері мен желілік өлшемдерінің дайындаушы кәсіпорынның конструктивтік параметрлеріне сәйкестігі;

      кабинаның, раманың, зембілдің жай-күйі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32-1. Баллондарды дайындаушы белгілеген және баллонның (баллондардың) паспортында көрсетілген баллондардың куәландыру кезеңділігімен сәйкес келетін кезеңділікпен көлік құралдарындағы газ баллонды жабдық арнайы уәкілетті ұйымдарда кезеңділік сынақтардан өткізіледі. Кезеңділік сынақтардың нәтижелері бойынша арнайы уәкілетті ұйымдар көлік құралында орнатылған газ баллонды жабдықтың кезеңділік сынағынан өткізілгені туралы куәлікті ресімдейді.

      Ескерту. Қағида 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының бөлiктерін ажыратусыз және алып тастаусыз орындалады.

      34. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.

      35. Көлік құралдарына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексеру операторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын жасайды (бұдан әрі – диагностикалық карта).

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Диагностикалық картаға техникалық қарап тексеру операторының басшысы немесе осыған уәкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды, техникалық қарап тексеру операторының мөрімен бекітіледі және көлiк құралының иесiне берiледi.

      37. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық қарап тексеру операторы мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық жасақтамада электрондық түрде жүргiзедi.

      38. Техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілері ақпаратты және міндетті техникалық байқауды өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді қалыптастыру, сақтау және автоматты беру үшін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады.

      Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен ақпаратты қалыптастыру, сақтау және оны міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді автоматты түрде беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, сондай-ақ бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келедi:

      1) бақылаулық-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық жасақтаманың болуы;

      2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстейді;

      3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.

      40. Бағдарламалық-аппараттық кешенге ақпарат пен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық, сондай-ақ көлік құралын тіркеу құралдары кіреді.

      Көлік құралының тежегіш жүйесін тексеру фотоны тіркеуі бар роликті тежегіш стендте қамтамасыз етіледі. Фотоны тіркеу құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ тежегіш стендінің роликтеріндегі көлік құралының, тіркеменің (жартылай тіркеменің) алдыңғы және артқы осін бір мезгілде қарау қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.

      Міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу процесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бойынша көлік құралын сәйкестендіруді қамтамасыз ететін фото және бейнетіркеу құралымен тіркеледі. Бейнетіркеу құралы техникалық қарап-тексерудың барлық желілеріне шолу қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.

      Техникалық қарап-тексеру операторы міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілген сәттен бастап алты ай ішінде көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізудің және фотоны тіркеудің барлық рәсімдерін күнделікті жазудың бейнефайлын мұрағаттық сақтауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi, берілген диагностикалық карталар туралы ақпарат берiледi.

      42. Егер көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілді деп саналады.

      Бұл жағдайда көлік құралы иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы беріледі.

      43. Егер мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi бойынша ақаулар және көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар анықталса, мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзiлмеді деп танылады.

      Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiле отырып диагностикалық карта беріледі және көлiк құралы иесiнің талабы бойынша өлшеу құралдарын тексеру нәтижелері бойынша алынған хаттама берiледi.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін бұзғаны анықталған техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасының күшін жояды, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері бар техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы жойылуға жатады.

      Диагностикалық картаны жою кезінде, БАЖ операторы көлік құралының иесіне техникалық қарап-тексеруден қайта өту қажеттігі туралы хабарлайды.

      Ескерту. Қағида 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Көлiк құралын пайдалануға жол берілмейтін анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық қарап тексеруді қайта жүргiзу үшiн ұсынады.

      45. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру бiрiншi мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзiлген техникалық қарап тексеру орталығында не өзге техникалық қарап тексеру орталығында жүргiзiледi.

      46. Механикалық көлiк құралын және оның тіркемелерін алғашқы мiндеттi техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында қайта техникалық қарап тексеруден өткiзу кезінде техникалық қарап тексеру белгiленген критерийлерге сай болмаған және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында немесе хаттамада көрсетiлген позициялар бойынша ғана жүргiзiледi.

      Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексергені үшiн ғана алынады.

      Егер міндетті техникалық қарап тексеруден қайта өткізілген тексерудің нәтижесі бойынша көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейтін жағдайда жай-күйі және ақаулық анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеруден өтті деп есептелінеді.

      Бұл жағдайда көлік құралының иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезеңділік мерзімі бекітілген ережеге сәйкес міндетті техникалық қарап тексерудің келесі өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта беріледі.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Техникалық қарап тексеру операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.

      48. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруге ұсынуының ең ұзақ мерзiмi бірінші міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күндi құрайды.

      Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.

      49. Егер қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға жол берілмейтін ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру нәтижелерi көрсетiледi.

      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге қайта жібереді.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралының иесі жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаның телнұсқасын беру туралы өтінішпен бұрын жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаны берген техникалық қарап тексеру операторына жүгінеді.

      Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбестен, жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаны беруді 15 минут ішінде жүзеге асырады.

      Жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның қолданылу мерзіміне беріледі.

      Көлік құралының меншік иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі өзгерген жағдайларда баж операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуді жүргізеді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Техникалық қарап тексеру операторының техникалық қарап тексерудің стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзуi бойынша ақпараты мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мынадай мерзімділікпен берiледі:

      1) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісі үшін - күн сайын нақті уақыт тәртібінде;

      2) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі үшін – күнтізбелік екі күн ішінде бір рет.

4-тарау. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі

      Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (01.10.2019 бастап қолданысқа қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін БАЖ операторы салалық Қауымдастық және Қоғамдық Бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп :

      1) "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын белгіленген талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) сәйкестігіне және белгіленген Талаптармен тыйым салынған, оның ішінде деректерді қолмен енгізуге мүмкіндік беретін тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық белгілердің болмауына;

      2) бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және құрастыруға дайындығына жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарының жұмысына мониторинг жүргізеді.

      БАЖ операторы мониторинг нәтижелері бойынша "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19090 болып тіркелген) белгіленген талаптарға мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның сәйкестігі және/немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресімдейді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАЖ Операторына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардан белгіленген Талаптарға сәйкес келмейтін мәліметтерді қабылдауға және модульдерден, бақылаушылардан, датчиктерден бақылау-диагностикалық жабдықтардан жіберілетін деректерді бұрмалайтын мәліметтерді қабылдауға (деректерді) жол берілмейді.

      53-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде:

      көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы болмаған кезде диагностикалық картаны қалыптастырудан және беруден автоматты түрде бас тарту;

      техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық картасын беру фактісін автоматты түрде тануды қамтамасыз ететін функционалды жұмысын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағида 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53-2. БАЖ операторы көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері туралы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы салалық қауымдастықтар мен ұйымдар қатарынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерімен (келісім бойынша) жұмыс тобын құрады.

      Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабымен көзделген шараларды одан әрі қабылдау үшін жұмыс тобының барлық мүшелері қол қоятын және көлік саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық карталарды тексеру актісімен ресімделеді.

      БАЖ операторы жұмыс тобының актісі негізінде осы Қағидалардың 6-4 және 43-1-тармақтарының талаптарына сәйкес шаралар қабылдайды.

      Көлік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған жұмыс тобының актісі негізінде техникалық қарап-тексеру операторына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу және әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін аумақтық көліктік бақылау органына нұсқау жібереді.

      Ескерту. Қағида 53-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Осы Қағидалардың 52-тармағымен көзделген талаптарды сақтаған кезде БАЖ Операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың берілген нұсқасы үшін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосу үшін сәйкестендіру кілтін жасайды.

      54-1. Осы Қағидалардың 52-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде БАЖ операторы осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға арналған қолданыстағы сәйкестендіру кілтін іске қоспайды.

      Ескерту. Қағида 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Сәйкестендіру кілті жасалғаннан кейін және оны мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодына шифрланған түрде енгізгеннен кейін БАЖ Операторы техникалық қарап-тексеру орталықтарының жұмыс станцияларында орындауға арналған орындалатын және өзге де файлдар жиынтығына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодын түпкілікті компиляциялау мен құрастыруды жүргізеді.

      56. Соңғы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды шифрланған түрде сәйкестендіру кілтімен біріктіріп компиляциялағаннан және құрастырғаннан кейін, мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың орындалатын файлдарынан (оның ішінде DLL кітапханалары) хеш-сома алынады, ол кейінгі тексерулер жүргізу және диагностикалық картаның қызметтік алаңдарында пайдалану үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда орындалатын файлдарының нұсқасы мен жай-күйін бірдей сәйкестендіреді.

      57. БАЖ операторы түрлендіргіштің тікелей мәнін белгілейді, ол хеш-функцияларды парольмен бірге береді және түрлі-түсті кестелерін пайдалана отырып, сөздік бойынша іріктеулерден және шабуылдардан қорғау, сондай-ақ бірдей парольдерді жасыру үшін пайдаланылады.

      Түрлендіргіштің тікелей мәнін БАЖ операторы белгілейді және беруге жатпайды.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда белгіленген Талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде БАЖ операторы деректерді осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдар механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне беру мүмкіндіктерін жояды.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. БАЖ операторы көлік саласындағы уәкілетті органды мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.11.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қарулы Күштердің, басқа да
әскерлер мен әскери
құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін қоспағанда,
механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін
міндетті техникалық қарап-
тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы № ___ Certificate of periodic technical inspection

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Алдыңғы жағы

Техникалық қарап-тексеру операторы (оператордың атауы және мекенжайы):

Бастапқы тексеру

қайта тексеру

Диагностикаланатын
көлік құралының
фотосуреті

Мемлекеттік
тіркеу нөмірі:


Көлік құралының иесі:


Сәйкестендіру нөмірі
(VIN):


Маркасы, моделі:


Шығарылған жылы:


Көлік құралдарын тіркеу туралы
куәлік (сериясы, нөмірі):


Кузов нөмірі:


Рама нөмірі:


Қозғалтқыш нөмірі:


Көлік құралының санаты:



Тексерілетін параметрлер
және қойылатын талаптар

Тексерілетін параметрлер және қойылатын талаптар


Тексерілетін параметрлер және қойылатын талаптар








I. Тежеу жүйелері

15

Жүргізуші тарапынан әйнектің жартысын тазалағышпен тазалау аймағында алдыңғы әйнекте жарықтар болмауы

29


Отынның ағуы және пайдалану сұйықтықтарының тамшысының болмауы

1

Жұмыс тежегіш жүйесінің тиімділік көрсеткіштерінің сәйкестігі

16

Белгіленген талаптарға сәйкес артқы көрініс айналарының болуы және күйі

30


Газбен жұмыс істейтін көлік құралдарының қоректендіру жүйесінің герметикалығын бұзбау. Газ баллондарының белгіленген талаптарға сәйкестігі

2

Айырмашылықтың сәйкестігі
белгіленген талаптарға тежегіш күштері

IV. Сыртқы
Жарық аспаптары

31

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" КО ТР 018/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген көлік құралының пайдаланылған газдарын шығару шуының шекті рұқсат етілген деңгейіне сәйкестігі
VII. Конструкцияның басқа элементтері

3

Тұрақ тежегіш жүйесінің тиімділік көрсеткіштерінің сәйкестігі

17

Конструкцияда көзделген орындарда фаралардың, сигналдық шамдардың болуы және орналасуы

32


Жұмыс істейтін дыбыстық сигналдық құрылғының болуы

4

Құлыпқа қарсы тежегіш жүйелерінің сигнализаторларының жұмыс істеуі

18

Фаралар мен сигнал шамдарының жай-күйі, жұмысқа қабілеттілігі және жұмыс режимі

33


Бір осьті тіркемелерде (таратуды қоспағанда) және жұмыс тежегіш жүйесімен жабдықталмаған тіркемелерде жұмыс істеуге қабілетті сақтандыру құрылғыларының болуы

5

Тежегіш жетегінің герметикалығының бұзылуының, қысыммен тежегіш шлангілерінің ісінуінің, жарықтардың, көрінетін ысқылау орындарының, тотығудың, герметикалықтың жоғалуына немесе бұзылуына қауіп төндіретін бұзылудың болмауы

19

Реттеу бұрыштары мен фаралардың жарық күшінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

34


Автоматты құлыптау, қолмен және автоматты құлыптау седла-ілінісу құрылғысының өнімділігі. Ілінісу құрылғыларында жарықтар мен көрінетін зақымдардың болмауы

6

Тежегіш сұйықтығының ағып кетпеуі

20

Жарық аспаптары диффузорларының, оптикалық элементтердің, оның ішінде түссіз немесе боялған бөлшектер мен пленкалардың бұзылуының және жарылуының болмауы

35


Көлік құралдарын жарамды қауіпсіздік белдіктерімен жарақтандыру

II. Рульдік басқару

V. Шиналар, дөңгелектер және суспензия

36


Дыбыс өшіргіштер мен шығатын құбырлардың болуы

7

Рульдік басқарудағы жиынтық ойыннан шекті мәндердің асып кетпеуі

21

Шиналар протекторы үлгісінің биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

37


Спидометрдің жұмыс істеу қабілеттілігі

8

Рульдік доңғалақты бейтарап позициядан өздігінен бұрудың болмауы

22

Сымды ашатын шиналардың жергілікті протекторлық бөлінуі және жергілікті зақымдануы (сынуы, кесілуі, жыртылуы) жоқ

38


Бамперлер мен доңғалақ үстіндегі балшықтан қорғайтын құрылғылардың болуы және жай-күйі

9

Руль бағанасы мен руль тетігінің картерін бекіту бөлшектерінің зақымданбауы және толық жиынтығы

23

Барлық болттардың немесе гайкалардың дискілер мен доңғалақ жиектерінің болуы

39


Салон еденінде тесіктердің болмауы, орындықтар мен тұтқаларды сенімді бекіту, орындықтар қаптамасының және тұтқалардың жұмсақ элементтерінің тұтастығы, орындықтарды реттеу және бекіту тетіктерінің, автобустарда, шағын автобустарда және таксилерде желдету, жылыту жүйесінің жұмыс қабілеттілігі

10

Руль тетігінде және руль жетегінде қалдық деформация, жарықтар және басқа ақаулар іздерінің болмауы

24

Дискілерде және доңғалақ жиектерінде жарықтардың болмауы

40


Балаларды ұстайтын құрылғылардың және оларды бекіту орындарының жай-күйі мен жұмыс істеуі. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін авариялық тоқтату белгісінің, өрт сөндіргіштердің және қобдишаның болуы

III. Шолу

25

Белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралына шиналарды орнату

41


 
"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" КО ТР 018/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген мамандандырылған және арнайы көлік құралдарының қосымша талаптарына сәйкестігі

11

Желқағар әйнектің әйнек тазалағыштарының болуы және жұмыс істеу қабілеттілігі

26

Аспа тораптары мен бөлшектерінің жай-күйі, сондай-ақ оларды бекіту орындарында орын ауыстырудың (конструкцияда көзделмеген) және люфттердің болмауы


 
VIII. Раманың, кузовтың жағдайы

12

Әйнек жуғыштың саптамасының алдыңғы әйнектің болуы және шыны жуғыштың шыныны тазалау аймақтарына сұйықтық беруін қамтамасыз етуі

VI. Қозғалтқыш және оның
жүйелері

42


Қосымша жабдықтардың және аэрографиялық үш өлшемді суреттердің болуы

13

Жүргізуші орнынан көрінуді шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болмауы. Алдыңғы әйнектің жоғарғы жағындағы пленка жолағының белгіленген талаптарға сәйкестігі

27

Көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы ластаушы заттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі

43


Доңғалақ базасының, габариттері мен сызықтық өлшемдерінің дайындаушы кәсіпорынның конструктивтік параметрлеріне сәйкестігі

14

Алдыңғы әйнектің, алдыңғы бүйір әйнектің және алдыңғы есіктің әйнегінің жарық беру нормасына сәйкестігі

28

Пайдаланылған газдар түтінінің рұқсат етілген шекті деңгейінің белгіленген талаптарға сәйкестігі

44


Кабинаның, жақтаудың, қосалқы жақтаудың жағдайы

      Артқы жағы

Диагностика нәтижелері

Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру

Диагностикалық карта элементі

Төменгі шекара

Тексеру нәтижесі

Жоғарғы шекара

Параметр атауы









































Сәйкессіздік орнатылған параметрлерді визуалды тексеру


Тексеру нысанасы (түйін, бөлшек, агрегат)

Талаптарға сәйкессіздік мазмұны


























Көлік құралының деректері

Жүктеме жоқ масса:

Рұқсат етілген барынша жоғары масса:

Отын түрі:

Жүріп өткен көрсеткіші:

Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі/ сәйкессіздігі туралы қорытынды (қажетсіз сызып тастау)

сәйкес келеді
matches

сәйкес емес
does not match

Қайта тексеруді қажет ететін диагностикалық карта пункттері:


Диагностикалық картаның берілген күні:
20____ жылғы "___" _______

Техникалық сарапшының Т.А.Ә.
(бар болса):

Қолы:

Міндетті техникалық қарап-тексеруден келесі өту мерзімі:
20____ жылғы "___" _______



Көлік құралының меншік иесінің және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің өзгерістері

Көлік құралының иесі:

МО_________________
Күні _______________

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі:

  Қарулы Күштердің, басқа да
әскерлер мен әскери
құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін қоспағанда,
механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін
міндетті техникалық қарап-
тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      20__ жылғы "__" _______ №___

Диагностикалық карталарды тексеру актісі

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне" (бұдан әрі – "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы техникалық қарап-тексерудің операторлары/орталықтары/стационарлық желілері ұсынған мәліметтерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы.

      Жұмыс тобының отырысы барысында мынадай операторлар/орталықтар/стационарлық техникалық қарап-тексеру желілері "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-ға ұсынған міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер қаралды:

ТБО

Диакарта нөмірлері

Тексерілген ДК саны

Бұзушылықтары бар ДК нөмірлері

Бұзушылықтары бар ДК саны

Бұзушылық түрі

Мәртебесі

1








      Қорытынды:

      Қорытынды: Тексеру нәтижесінде жұмыс тобы оператор/орталық/стационарлық желі техникалық қарап-тексеру операторларынан "Техникалық қарап-тексеру" БАЖ-да міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы ұсынған мәліметтердің дәйексіз екендігі туралы шешім қабылдады.

      Барлығы _ _ _ ДК тексерілді, оның ішінде бұзушылықтар ____ ДК құрайды.

      Осыған орай, Қазақстан Республикасының техникалық қарап-тексеру саласындағы уәкілетті органына техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бұзудың анықталған белгілері туралы ұсыныс хат жіберілетін болады.

      Жұмыс тобының мүшелері:


ТАӘ

Лауазымы

Қолы



1






2






3






  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 329 бұйрығына 2-қосымша

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.05.2016 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеру техникалық қарап-тексеру орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:

      1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жасы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санаттағы, N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;

      2) әрбір алты ай сайын – автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын М1 санаттағы, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған М2, М3, N, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, и O1-4 санаттағы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімі белгіленген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық қарап-тексеруден өту күнінен бастап есептеледі.

      3. М1 санатындағы көлік құралдары, егер бір жолаушы шартты массасына (75 кг) жолаушылар саны конструкциясында көзделген көбейтіндісі жолаушылармен бір мезгілде тасымалданатын жүктің есептік массасынан аспаса, N санатына белгіленген кезеңділікке сәйкес міндетті техникалық қарап-тексеруден өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады