Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.05.2016 № 561 бұйрығымен.
«Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерізді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
2
) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________Ә.Исекешев
2015 жылғы 27 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 350 бұйрығымен
бекітілді
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – Тiзiлiм) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады.
3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмімен нақтыланып отыратын техникалық қарап тексеру операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
4. Тiзiлiмге енгізуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпараттың негiзiнде жүзеге асырады.
2. Тiзiлiмдi жүргiзу тәртiбi
5. Тiзiлiмге енгізу:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың негізінде жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға оның тiркелген орны бойынша көлiктiк бақылау органдарына ұсынған ақпаратты енгізуді;
2) көлiктiк бақылау органының Тiзiлiмге енгiзу немесе оған енгiзуден бас тарту туралы шешiмдi қарауын, қабылдауын көздейді.
6. Тiзiлiмге енгiзу үшiн жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе куәлiк;
3) жеке кәсiпкер үшiн – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiк;
4) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы жазуы бар, техникалық қарап тексеру операторының жылжымайтын мүлікке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
5) дайындаушы зауыт беретін бастапқы тексеру мерзімі көрсетілген сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары паспорттарының көшірмелері және (немесе) салыстыра тексеру үшін түпнұсқалары беріле отырып, өлшеу құралдарын тексеру және сынақ жабдығына аттестаттау жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері. Түпнұсқалар салыстыра тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады;
6) техникалық қарап тексеру орталығын ұйымдастыру үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынатын сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары туралы ақпарат;
7) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері» мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат ұсынады.
7. Көлiктiк бақылау органдары өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
8. Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiнi Тiзiлiмге енгiзу немесе Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
9. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм көлiктiк бақылау органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығы нысанында ресiмделедi.
Тiзiлiмге енгiзген немесе Тiзiлiмге енгiзуден бас тартқан кезде көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiге осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген мерзiм ішінде Тiзiлiмге енгiзу туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды жiбередi.
10. Көлiктiк бақылау органдары Тiзiлiмге енгiзу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
1) техникалық қарап тексеру операторының атауын;
2) техникалық қарап тексеру операторының мекенжайын (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондарын, электрондық пошта мекенжайын;
3) стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң орналасқан жерiн;
4) стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерiнiң түрі мен санын;
5) техникалық қарап тексеру операторы қызметiнiң өңiрiн қамтитын ақпаратты ұсынады.
11. Уәкілетті орган Тізілімді тұрақты негізде өзiнiң www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
Тізілімге жаңа техникалық қарап тексеру операторларын енгізген және одан шығарған жағдайда, сондай-ақ Тізілімдегі мәліметтер өзгерген кезде уәкілетті орган осындай ақпарат келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылған Тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.
12. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық қарап тексеру операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген және Тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы көлiктiк бақылау органдарына осындай өзгерiстер енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
13. Көлiктiк бақылау органдары осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген және Тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға техникалық қарап тексеру операторының құжаттарындағы өзгерiстер туралы ақпарат ұсынады.
14. Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту үшiн:
1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң шынайы еместігі және (немесе) толық болмауы;
3) осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты ай iшiнде Тiзiлiмнен алып тастау негiз болып табылады.
15. Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту үшін негiз болған себептердi жойғаннан кейiн жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қайта ұсынады.
16. Тiзiлiмнен алып тастау үшiн:
1) жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;
3) техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу шынайы емес ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетудi қоса атқару;
5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
17. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастау туралы хабарлама Тiзiлiмнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
18. Көлiктiк бақылау органдары Тiзiлiмнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде бұл туралы ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.
Техникалық қарап тексеру
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына
1-қосымша
нысан
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi
Р/с |
Техникалық қарап тексеру операторының атауы |
Техникалық қарап тексеру операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы |
Стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң орналасқан жерi |
Стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң жұмыс iстеу режимi |
Стационарлық техникалық қарап тексеру желiсiнiң түрі және саны |
Ұтқыр техникалық қарап тексеру желiсiнiң түрi және саны |
Техникалық қарап тексеру оператолары қызметiнiң өңiрi |
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар |
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастау |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Техникалық қарап тексеру
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына
2-қосымша
нысан
Сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары туралы ақпарат
1. Техникалық қарап тексеру орталығында қолданылатын сынақ жабдықтары (бұдан әрi – СЖ)
Анықталатын сипаттамалар (көрсеткiштер) |
СЖ атауы, түрі (маркасы), дайындаушы, зауыт және мүкәммалдық нөмiрлерi |
Негiзгi техникалық сипаттамалары |
Пайдалануға енгізілген жылы |
СЖ аттестаттау жөнiндегi құжаттың күнi мен нөмiрi, кезеңдiлiгi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2. Техникалық қарап тексеру орталығында қолданылатын өлшеу құралдары (бұдан әрi – ӨҚ)
Анықталатын сипаттамалар (көрсеткiштер) |
ӨҚ атауы, түрі (маркасы), дайындаушы, зауыт және мүкәммалдық нөмiрлерi |
Негiзгi техникалық сипаттамалары |
Пайдалануға енгізiлген жылы |
Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификаттың (куәлiктiң) күнi мен нөмiрi, кезеңдiлiгi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Техникалық қарап тексеру
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына
3-қосымша
нысан
Техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайының сәйкестігі туралы ақпарат
Р/с № |
Мазмұны |
Ақпаратты растау (сәйкес келеді иә/жоқ) |
1 |
Техникалық қарап тексеру орталығы аумағының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері» стандартының талаптарына сәйкестігі |
|
2 |
Техникалық қарап тексеру орталығы үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері» стандартының талаптарына сәйкестігі |