Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11311 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1191 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 № 1191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Заңы 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                       Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 5 мамыр

                                        Қазақстан Республикасы
                                  Инвестициялар және даму министрінің
                                         міндетін атқарушының
                                        2015 жылғы 23 ақпандағы
                                      № 140 бұйрығымен бекітілген

Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму
саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне
ақы төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) грант алушы – индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық грант алған жеке немесе заңды тұлға;
      2) гранттық қаржыландыру бойынша комиссия – инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары бойынша ұлттық институт құратын консультативтік-кеңесші органдар;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
      5) оператор – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
      6) өтінім беруші – индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық грантты алуға арнаған өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға;
      7) технологиялық саясат жөніндегі кеңес – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

2. Оператор қызметтеріне ақы төлеу тәртібі

      3. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі оператордың қызметтеріне ақы төлеу тиісті қаржы жылына бюджеттік бағдарламамен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен оператордың шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Оператор қызметтерiнiң құны оператордың мыналарға:
      1) инновациялық гранттар алуға өтінімдерді қабылдау және өңдеу үдерістерін ұйымдастыруға;
      2) отандық және (немесе) шетелдік сарапшыларды тарта отырып, өтінімдердің тәуелсiз сараптамасын жүргізу үдерістерін ұйымдастыруға;
      3) оператордың өтінімде көзделген іс-шаралардың мәлімделген құнының негізділігіне тексеру жүргізуіне;
      4) технологиялық саясат бойынша кеңестің және гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның қызметiн ұйымдастыруға;
      5) инновациялық грант туралы шартқа қол қою үдерісін ұйымдастыруға;
      6) инновациялық грант туралы шартқа сәйкес инновациялық грант беруге көзделген қаражатты аударуға арналған шығыстарын қамтиды;
      7) банк қызметін төлеуге;
      8) бюджеттiк қаражатты грант алушының игеру мониторингін қамтамасыз етуге;
      9) мемлекеттік бажды төлеуге қатысты шығындарды қоса отырып, талап қою-қуыну жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға;
      10) консультацияларға, тұсаукесерлерге және әлеуетті өтінім берушілермен түсіндіру жұмыстарына, өтінімдер қабылдау, оларды беру тәртібі туралы жұртшылықты, өтінімдерді қарау нәтижелері, инновациялық гранттарды іске асыру барысы және қол жеткізген нәтижелер туралы өтінім берушілерді хабардар етуге арналған шығыстарын қамтиды.
      4. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі оператордың қызметтеріне ақы төлеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен оператор арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде жүргізіледі.

Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 140. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июня 2015 года № 11311. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1191

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 09.12.2015 № 1191 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 22) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов.
      2. Департаменту технологического и инновационного развития Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Батырқожа А.Б.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложит на вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Сагадиева Е.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      министра по инвестициям
      и развитию Республики Казахстан            Ж. Касымбек

      «СОГЛАСОВАН»:
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      _____________ Б. Султанов
      5 мая 2015 год

Утверждены            
приказом исполняющего обязанности
министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан     
от 23 февраля 2015 года № 140 

Правила
оплаты услуг национального института развития в области
технологического развития при предоставлении инновационных
грантов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов (далее – Правила) разработан в соответствии с подпунктом 22) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности» и определяют порядок оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) грантополучатель – физическое или юридическое лицо, получившее инновационный грант в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности;
      2) комиссия по грантовому финансированию – консультативно-совещательные органы при национальном институте, сформированные по приоритетным направлениям предоставления инновационных грантов;
      3) уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере индустрии и индустриально-инновационного развития, а также в пределах, предусмотренных законодательством, межотраслевую координацию и участие в реализации государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности;
      4) инновационный грант – бюджетные средства, предоставляемые субъектам индустриально-инновационной деятельности на безвозмездной основе для реализации их индустриально-инновационных проектов в рамках приоритетных направлений предоставления инновационных грантов;
      5) оператор – национальный институт развития в области технологического развития;
      6) заявитель – физическое и (или) юридическое лицо, представившее заявку на получение инновационного гранта в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности;
      7) совет по технологической политике – консультативно-совещательный орган при уполномоченном органе в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности.

2. Порядок оплаты услуг оператора

      3. Оплата услуг оператора по предоставлению инновационных грантов осуществляется согласно смете расходов оператора за счет средств, предусмотренных бюджетной программой в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      Стоимость услуг оператора включает в себя расходы оператора на:
      1) организацию процессов приема и обработки заявок на получение инновационных грантов;
      2) организацию процессов проведения независимой экспертизы заявок с привлечением отечественных и (или) зарубежных экспертов;
      3) проведение оператором проверки обоснованности заявленной стоимости мероприятий, предусмотренных в заявке;
      4) организацию деятельности совета по технологической политике и комиссии по грантовому финансированию;
      5) организацию процесса подписания договоров об инновационном гранте;
      6) перечисление средств, предусмотренных на предоставление инновационных грантов в соответствии с договорами об инновационном гранте;
      7) оплату услуг банка;
      8) обеспечение мониторинга освоения грантополучателем бюджетных средств;
      9) организацию проведения претензионно-исковой работы, включая расходы, связанные с оплатой государственной пошлины;
      10) консультации, презентации и разъяснительную работу с потенциальными заявителями, информирование общественности о начале приема заявок, условиях их предоставления, заявителей о результатах рассмотрения заявок, ходе реализации инновационных грантов и достигнутых результатах.
      4. Оплата услуг оператора по предоставлению инновационных грантов производится на основании подписанного акта выполненных работ между уполномоченным органом в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности и оператором.