Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1201 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 337-құжат);
      2) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар тізбесінің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 441-құжат).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 11 мамырдағы
№ 605 қаулысымен  
бекітілген    

Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті,
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама
түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.07.2013 № 718; 30.11.2013 N 1294; 31.05.2014 № 592, 19.12.2014 № 1330; 02.09.2015 № 731 қаулыларымен.

      1. Индустрияны дамыту саласында:
      "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы.
      2. Технологиялық даму саласында:
      "Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық агенттiк" акционерлік қоғамы.
      3. Жергілікті қамтуды дамыту саласында:
      "NADLoС" жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы.
      4. Инвестициялар тарту саласында:
      "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы.
      5. Экспортты дамыту және жылжыту саласында:
      "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы;
      "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы.
      6. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, технологиялық даму саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті заңды тұлғалар:
      "Астана Innovations" акционерлiк қоғамы;
      «Астана Конвеншн Бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы;
      "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингi" акционерлiк қоғамы;
      "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы;
      "Қазақ Суарнажоба" акционерлiк қоғамы;
      "Мемлекеттiк ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлiк қоғамы;
      «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» акционерлік қоғамы;
      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы;
      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлiк қоғамы;
      "Ядролық технологиялар паркi" акционерлiк қоғамы;
      "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлiк қоғамы;
      "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлiк қоғамы;
      "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы;
      «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
      «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады