"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылы 31 наурыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген |
Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау
қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 32-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.
3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады. Тарихи шығындардың көлемін және геологиялық ақпараттың құнын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) анықтайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат
құнын айқындау тәртібі
5. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жарияланғанға дейін жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі - жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделену дәрежесі мен геологиялық барлау жұмыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиіс. Түгендеудің деректері бойынша геологиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шығындардың есебі жүзеге асырылады.
Геологиялық зерделену картограммасында: келісімшарттық аумақтың пішіні және бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары; келісімшарттық аумақта бұрын орындалған барлық геологиялық зерттеулердің пішіні көрсетілуге тиіс.
Келісімшарттық аумақта орындалған барлық геологиялық-барлау жұмыстары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түгендеу ведомосына (бұдан әрі - түгендеу ведомосы) енгізіледі.
Түгендеу ведомосынан объекті(лер)де жүргізілген нақты жұмыстар алынып тасталады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар нақты шығындары тарихи шығындардың есебінен толық алынып тасталатын келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтамаға (бұдан әрі - алып тастау туралы анықтама) енгізіледі.
Түгендеу ведомосындағы қалған объекті(лер) бойынша жұмыстар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының шығындарының бір бөлігін есептеу туралы анықтамаға (бұдан әрі - есептеу туралы анықтама) енгізіледі.
Есептеу туралы анықтама тарихи шығындардың есебі үшін бастапқы құжат болып табылады.
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша жинақталады (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде). Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар есебін (бұдан әрі - тарихи шығындар есебі) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.
6. Тарихи шығындар әрбір объект бойынша жеке қаралады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасы уәкілетті орган беретін тау-кендік немесе геологиялық бөлулермен анықталады.
Мүдделі тұлғаның сұраусалуы негізінде және геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрбір объект бойынша тарихи шығындар есебін уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері өтініп келіп түскен сәтінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.
7. Барлау немесе бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің алаңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерттеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
8. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздестіру-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздестіру-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар Заңына сәйкес бекітілетін қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тарихи шығындарды есептеуден осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көрсетілген жұмыстардан, пайдалы қазбалардың мәлімделген түріне жатпайтын жұмыстар, оларды геологиялық зерттеулерге арналған шығындардан басқа немесе мемлекеттің қаражатынсыз жүргізілген, ұңғыма және тау-кен өндірудің тарихи шығындарын есептеу күніне жойылған өткізу жөніндегі жұмыстар алынып тасталады.
10. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстарының тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған құнының салаішілік индекстерінің өзгеруі өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге негіз болады.
1961 жылға дейінгі шығындарды 1961 - 1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.
1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96, мұнда:
10
Тш96 - 1996 жылғы бағамен тарихи шығындар;
Өжш - өткен жылдардың шығындары;
И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;
0,002 - теңгеге аудару коэффициенті;
И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.
1961 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96
1991 жылдан бастап шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96
1992 жылдан бастап шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х 0,002 : И(92-95) х И96,
мұнда: И(92-95) - жылдар бойынша геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).
1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығарған күні бағам бойынша Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасына аударылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасында алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша теңгеге аударылады.
11. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық мөлшерлемелер қолданылады. Пайыздық мөлшерлемелер пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:
Көмiрсутек шикiзаты:
барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 3 %.
Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):
барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 2,5 %.
Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):
барлау және өндiру – 2,5 %, өндiру – 4 %.
Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:
геол. ақпар. = Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:
геол. ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;
Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;
Sкелісімш. аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;
Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;
Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;
қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;
кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;
жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.
Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
көмірсутек шикізаты – 0,01;
қатты пайдалы қазбалар – 0,015;
кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;
жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.
Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.
Жер қойнауы пайдаланудан бос қайталама геологиялық ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2016 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Құпиялылық туралы келісімдерде геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Бекітемін
________________________
(аумақтық бөлімше)
басшысы ________________
(Т.А.Ә.А. қолы, мөр)
20__ ж. "___"___________
№______
Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын
түгендеу ведомосы
Келісімшарттық аумақтың координаттары
Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға
Келісімшарт №
(құзыретті органда тіркелген күні)
Р/с№ | Пішінінің №, түгендеу нөмірі | Жұмыстардың атауы, көлемі, геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жыл, орындаушы ұйымы, есептің авторлары | Алаңның координаттары шаршы км | Геологиялық-барлау жұмыстарының негізгі нәтижелері | Орындалған жұмыстар көлемі және олар бойынша шығындар | |
Физикалық көлем | Қаржылық шығындар | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Аумақтық бөлімшенің орындаушысы Т.А.Ә.А. __________________
(қолы)
Тарихи шығындар мен
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидаларына
2-қосымшаu1053 ысан
Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен
геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы
анықтама
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға
Келісімшарт №
(құзыретті органда тіркелген күні)
Р/с | Пішін №, түгендеу нөмірі | Қаржылық шығындар | Алып тастау себептері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Аумақтық бөлімшенің орындаушысы Т.А.Ә.А. __________________
(қолы)
Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған,
геологиялық-барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін
есептеу туралы анықтама
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға
Келісімшарт №
(құзыретті органда тіркелген күні)
Р/с № | Пішін №, түгендеу нөмірі | Жалпы ауданы, шаршы км | Келісімшарттық аумаққа жатқызылатын алаң, шаршы км немесе геологиялық-барлау жұмыстарының физикалық көлемінің %-ы | Жалпы ауданынан % немесе геологиялық-барлау жұмыстарының физикалық көлемінен % | Жалпы шығындар | Келісімшарттық аумаққа жатқызылатын шығындар | Геологиялық-барлау жұмыстарының жүргізілген жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Аумақтық бөлімшенің орындаушысы Т.А.Ә.А. __________________
(қолы)
Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Бекітемін
________________________
(аумақтық бөлімше)
басшысы __________________
(Т.А.Ә.А. қолы, мөр)
20__ ж. "___"_______
№____
Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи
шығындардың есебі
Келісімшарттық аумақтың координаттары
Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға
Келісімшарт №
(құзыретті органда тіркелген күні)
Тарихи шығындардың есебі ____________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
_____________________________________________________________________
тау-кендік/геологиялық бөлудің нөмірі, тіркеу күні, уәкілетті
органның хаты
тау-кендік/геологиялық бөлудің және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүргізілді.
Түгендеу ведомосында (Қағидаларға 1-қосымша) көрсетілген геологиялық-барлау жұмыстарынан тарихи шығындарды есептеу кезінде жұмыстар алынып тасталды (Қағидаларға 2-қосымша).
Қалған жұмыстар бойынша шығындар лицензияланатын объектіге лицензияланатын ауданға барабар түрде жатқызылады (Қағидаларға 3-қосымша).
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары төмендегіні құрайды.
Р/с | Геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жыл | Өткен жылдардың шығындары | Есептеу формуласы | Геологиялық-барлау жұмыстарының шығындары, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қатты пайдалы қазбалар мен суға арналған геологиялық-барлау жұмыстары | ||||
1. | 1961 жылға дейін | Өжш | х1,45хО,002, И96/10= | |
2. | 1961-1990 | Өжш | х1,45хО,002,И96= | |
3. | 1991-1996 | Өжш | хО,002,И96= | |
4. | 1992-1996 | Өжш | х0,002:И(92-95)хИ96= | |
5. | 1996 | Өжш | х1,0= | |
Мұнай мен газға арналған геологиялық-барлау жұмыстары (терең бұрғылау) ұқсас | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ғылыми-зерттеу жұмыстары ұқсас | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Геофизикалық жұмыстар ұқсас | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1997 жылғы 1 қаңтардағы бағамен жиыны: |
1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары 73,95 теңгені құрағанда, геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасымен
_____________________________________________________________________
(теңгені АҚШ ұлттық валютасына аудару)
құрайды.
_____________________________________________________________________
(кен орнының, аймағының, өңірінің, ауданының)
алаңындағы геологиялық-барлау жұмыстары бойынша шығындар
__________________________________________ мың Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасын құрайды.
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары ағымдағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары ________ теңгені құрағанда, ____________________ мың теңгені құрайды.
Аумақтық бөлімшенің орындаушысы Т.А.Ә.А. ____________________
(қолы)
Тарихи шығындар мен
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидаларына
5-қосымшаu1053 ысан
Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық
және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған геологиялық-барлау
жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік
индекстері
Р/с | Орташа өлшемделген индекс жылы | Қатты пайдалы қазбалар мен суға арналған геологиялық-барлау жұмыстары | Мұнай мен газға арналған геологиялық-барлау жұмыстары (терең бұрғылау) | Ғылыми-зерттеу жұмыстары | Геофизикалық жұмыстар | Жылдар бойынша орташа өлшемделген индексі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 1,45 | 1,45 | 1,45 | 1,45 | 1,45 | |
2 | 4,53 | 5,22 | 2,24 | |||
3 | 11,4 | 11,4 | 6,7 | |||
4 | 30,12 | 29,023 | 14,48 | |||
5 | 1992 жылғы орташа өлшемделген индексі | 14,36 | 14,31 | 7,53 | 13,8 | |
6 | 95,68 | 98,26 | 54,33 | |||
7 | 109,31 | 113,48 | 75,5 | |||
8 | 165,15 | 191,25 | 87,73 | |||
9 | 417,7 | 793,4 | 290,46 | |||
10 | 1993 жылғы орташа өлшемделген индексі | 206,3 | 312,1 | 129 | 251,5 | |
11 | 593,7 | 721,2 | 363,1 | 396,5 | ||
12 | 1418,5 | 1624,9 | 848,5 | 1111,5 | ||
13 | 3887,6 | 4506,6 | 1858,6 | 2956,3 | ||
14 | 6251,9 | 6936,9 | 2634,2 | 4333 | ||
15 | 7261,5 | 9806,7 | 4554 | 6062,3 | ||
16 | 1994 жылғы орташа өлшемделген индексі | 4430,4 | 5403,3 | 2349,2 | 3402,45 | 4628,6 |
17 | 8782 | 15935 | 7946 | 6961 | ||
18 | 9118 | 16312 | 8419 | 7313 | ||
19 | 11156 | 20392 | 11448 | 9044 | ||
20 | 1995 жылғы орташа өлшемделген индексі | 10081 | 18289,2 | 9854,7 | 8119,8 | 13575,6 |
21 | 11856 | 21350 | 13063 | 11731 | ||
22 | 13415 | 26301 | 14540 | 13427 | ||
23 | 1996 жылғы орташа өлшемделген индексі | 12460,5 | 23586 | 13397,75 | 11907,25 | 17496 |