"Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 639 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 14669 болып тіркелді

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11330 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 32-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады. Тарихи шығындардың көлемін және геологиялық ақпараттың құнын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) анықтайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздестіру-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

      Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздестіру-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

      Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар Заңына сәйкес бекітілетін қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық мөлшерлемелер қолданылады. Пайыздық мөлшерлемелер пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:

      Көмiрсутек шикiзаты:

      барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 3 %.

      Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):

      барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 2,5 %.

      Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):

      барлау және өндiру – 2,5 %, өндiру – 4 %.

      Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      

геол. ақпар. = Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:

      

геол. ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;

      Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;

      Sкелісімш. аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;

      Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;

      Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

      көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;

      қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;

      кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;

      жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.

      Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

      көмірсутек шикізаты – 0,01;

      қатты пайдалы қазбалар – 0,015;

      кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;

      жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.

      Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.

      Жер қойнауы пайдаланудан бос қайталама геологиялық ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

       "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылы 7 желтоқсан

       "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылы 19 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады