Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11404 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә.Исекешев

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрi


__________________ Е.Досаев


2015 жылғы "___"


"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Энергетика министрi


__________________ В.Школьник


2015 жылғы "___"



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 410 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялы-геологиялық және геохимиялық зерттелуін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20–бабының 32–10) тармақшасына сәйкес әзірленді және геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялы-геологиялық және геохимиялық зерттеу түрлерімен жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды есепке алу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – зерттелуді есепке алу).

      2. Зерттелуді есепке алу мынадай мақсатта жүзеге асырылады:

      геологиялық қорларда сақталатын есептік геологиялық материалдарды тиімді іздеуді қамтамасыз ету;

      жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың қайталануын айқындау және болдырмау;

      Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жоспарлау және жедел басқару.

      3. Есепке алуға жатады:

      Геологиялық жумыстар:

      өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары;

      парақтық геологиялық түсіру;

      алаңдарды геологиялық жете зерттеу;

      терең геологиялық карталау;

      әуе-суреттік-геологиялық карталау;

      ғарыш суреттік-геологиялық карталау;

      пайдалы қазбаларды іздеуге бағытталған геологиялық зерттеулер;

      тақырыптық зерттеулер.

      Гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және кешенді жұмыстар:

      гидрогеологиялық түсірулер;

      инженерлік-геологиялық түсірулер;

      ширек шөгінділерге дейінгі геологиялық түсіруді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;

      инженерлік-геологиялық түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;

      ширек шөгінділерді геологиялық түсіруді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;

      инженерлік-геологиялық және ширек шөгінділерді түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;

      ширек шөгінділерге дейінгі және ширек шөгінділерді инженерлік-геологиялық түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;

      гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жете зерттеу және бұрын зерттелген аумақтарды қайта түсіру.

      Геофизикалық жұмыстар:

      гравибарлау;

      жерүсті магнитті барлау;

      әуе-магниттік барлау;

      электрлік барлау;

      сейсмобарлау;

      геохимиялық зерттеулер.

      Экологиялық-геологиялық жұмыстар:

      Әртүрлі бағыттағы экологиялық-геологиялық жетте зерттеу (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық);

      геологиялық-барлау жумыстары барысындағы қосымша экологиялық-геологиялық зерттеулер;

      мамандырылған экологиялық-геологиялық зерттеулер, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мекемелер аудандарында картаға түсіру;

      геологиялық жағдайды мониторингілеу.

      Геохимиялық жұмыстар:

      геологиялық - түсіру жұмыстар алаңдарын дайындау үшін озық геохимиялық жұмыстар;

      көп нысаналы геохимиялық картаға түсіру;

      пайдалы қазбалар кен орындарын геохимиялық іздеу.

      4. Есепке алынуға тиіс жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың нәтижелері жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы есептер түрінде (бұдан әрі – есеп) ресімделеді.

      5. Аумақ бойынша зерттелуді есепке алуды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоақпарат" Республикалық геологиялық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Қазгеоақпарат" РГАО) жанындағы республикалық геологиялық ақпарат қоры Қазақстан Республикасы аумағында зерттелуді есепке алу жөніндегі деректерді жинауды жүзеге асырады.

      6. Аумақтық бөлімшелер жыл сайын 15 шілдеде ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі кезең бойынша зерттелудің барлық түрлерінің жарты жылдық толтырылуы жөніндегі тікелей материалдарды "Қазгеоақпарат" РГАО-ға ұсынады.

      7. "Қазгеоақпарат" РГАО жыл сайын 30 шілдеге дейінгі мерзімде аумақтық органдардан келіп түскен зерттелудің барлық түрлерінің жарты жылдық толтырылуы жөніндегі тікелей материалдарды жинақтап қорытындылайды, өткен жарты жылдың қорытындылары бойынша ақпараттық анықтаманы ресімдейді, оған кестелік материалдарды қосып, көрсетілген ақпараттық материалдарды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Об утверждении Правил учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 410. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июня 2015 года № 11404. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 325 (вводится в действие с 29.06.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 11.05.2018 № 325 (вводится в действие с 29.06.2018).

      В соответствии с подпунктом 32-10) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан.

      2. Комитету геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной

      экономики Республики Казахстан

      ______________ Е. Досаев


      "__" ______________ 2015 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      ______________ В. Школьник


      "__" ______________ 2015 год

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года № 410

Правила
учета геологической, гидрогеологической,
инженерно-геологической, геофизической,
эколого-геологической и геохимической
изученности территории Республики Казахстан

      1. Настоящие правила учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан (далее – Правила) разработан в соответствии с подпунктом 32-10) статьи 20 Закона Республики Казахстан 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" и определяет порядок учета работ по геологическому изучению недр геологическими, гидрогеологическими, инженерно-геологическими, геофизическими, эколого-геологическими, геохимическими видами исследований (далее – учет изученности).

      2. Учет изученности осуществляется с целью:

      обеспечения эффективного поиска хранящихся в геологических фондах отчетных геологических материалов;

      выявления и предотвращения дублирования работ по геологическому изучению недр;

      планирования и оперативного управления геологическим изучением недр на территории Республики Казахстан.

      3. Учету подлежат:

      Геологические работы:

      региональные геологосъемочные работы;

      полистная геологическая съемка;

      геологическое доизучение площадей;

      глубинное геологическое картирование;

      аэрофото-геологическое картирование;

      космофото-геологическое картирование;

      геологические исследования, направленные на поиски полезных ископаемых;

      тематические исследования.

      Гидрогеологические, инженерно-геологические и комплексные работы:

      гидрогеологические съемки;

      инженерно-геологические съемки;

      гидрогеологические съемки с проведением геологических съемок дочетвертичных отложений;

      гидрогеологические съемки с проведением инженерно-геологических съемок;

      гидрогеологические съемки с проведением геологических съемок четвертичных отложений;

      гидрогеологические съемки с проведением инженерно-геологических съемок и съемок четвертичных отложений;

      гидрогеологические съемки с проведением инженерно-геологических съемок дочетвертичных и четвертичных отложений;

      гидрогеологическое и инженерно-геологическое доизучение и пересъемка ранее изученных территорий.

      Геофизические работы:

      гравиразведка;

      наземная магниторазведка;

      аэромагниторазведка;

      электроразведка;

      сейсморазведка;

      геохимические поиски.

      Эколого-геологические работы:

      эколого-геологическое доизучение различного назначения (геологическое, гидрогеологическое, инженерно-геологическое);

      попутные эколого-геологические исследования в процессе геологоразведочных работ;

      специализированные эколого-геологические исследования и картографирование в районах промышленных и сельскохозяйственных предприятий;

      мониторинг геологической среды.

      Геохимические работы:

      опережающие геохимические работы для подготовки площадей геологосъемочных работ;

      многоцелевое геохимическое картирование;

      геохимические поиски месторождений полезных ископаемых.

      4. Подлежащие учету результаты работ по геологическому изучению недр оформляются в виде отчетов о результатах геологического изучения недр (далее – отчет).

      5. Учету изученности по территории осуществляется территориальными подразделениями уполномоченного органа по изучению и использованию недр (далее – территориальные подразделения).

      Свод данных по учету изученности на территории Республики Казахстан, осуществляется в республиканском фонде геологической информации при республиканском государственном учреждении "Республиканский центр геологической информации "Казгеоинформ" Комитета геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан" (далее – РЦГИ "Казгеоинформ").

      6.Территориальные подразделения ежегодно к 15 июля представляют в РЦГИ "Казгеоинформ" оперативные материалы полугодового пополнения всех видов изученности за период с 01 января по 30 июня текущего года.

      7. РЦГИ "Казгеоинформ" ежегодно в срок до 30 июля обобщает поступившие из территориальных органов оперативные материалы полугодового пополнения всех видов Изученности, оформляет информационную справку по итогам прошедшего полугодия с приложением к ней табличного материала и представляет указанные информационные материалы в уполномоченный орган по изучению и использованию недр.

      8. Территориальные подразделения ежегодно к 15 января представляют в РЦГИ "Казгеоинформ" материалы годового пополнения всех видов изученности за прошедший год.

      9. РЦГИ "Казгеоинформ" ежегодно в срок до 30 февраля обобщает поступившие из территориальных органов материалы годового пополнения всех видов Изученности, оформляет информационную справку по итогам прошедшего года с приложением к ней табличного материала и представляет указанные информационные материалы в уполномоченный орган по изучению и использованию недр.