«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
11 және 32-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі Т. Дүйсенова