"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.07.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына қосымша |
Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасы
Ескерту. Сыныптамасы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.07.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 27.11.2023 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жарыстар сыныптамасы | Жарыстар түрлері | Ескертулер |
1 | 2 | 3 |
1-бөлім. Спорттық жарыстар | ||
1-кіші бөлім. Халықаралық спорттық жарыстар | ||
1.1. Халықаралық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар | 1.1.1. Азия, Пара Азия ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Азия Олимпиада комитеті, Азия Паралимпиада комитеті |
1.1.2. Арнайы Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы –Арнайы Олимпиада комитеті (Спешиал Олимпикс) | |
1.1.3. Барлық жастағы арбамен қозғалатын және ампутанттар арасындағы Дүниежүзілік ойындары | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Халықаралық арбамен қозғалатын және ампутанттар федерациясы | |
1.1.4. "Дети Азии" халықаралық спорттық ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар | |
1.1.5. Дүниежүзілік әуе ойындары | Ережеге (регламентке) сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар | |
1.1.6. Дүниежүзілік гимназиада (жазғы, қысқы) | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Халықаралық мектеп спорты федерациясы | |
1.1.7. Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - жекпе-жек бойынша халықаралық федерациялар | |
1.1.8. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы –Дүниежүзілік Түркі кеңесі | |
1.1.9. Дүниежүзілік ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Дүниежүзілік ойындардың халықаралық қауымдастығы | |
1.1.10. Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы) | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Халықаралық студенттер одағы | |
1.1.11. Еуразия ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – ұйымдастырушы елдердің ұлттық федерациялары | |
1.1.12. Жабық ғимараттардағы және жауынгерлік өнер бойынша Азия ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Азия Олимпиада кеңесі (бұдан әрі - АОК) | |
1.1.13. Жасөспірімдер Азия, Жасөспірімдер Пара Азия Ойындары (жазғы, қысқы) | Екі жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – АОК және (немесе) Азия Паралимпиада комитеті | |
1.1.14. Жағажай Азия ойындары, Азия-Тынық мұхиты ойындары (Азия-Тынық мұхиты чемпионаты) | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушылар - АОК, Азия-Тынық мұхиты саңыраулар конфедерациясы | |
1.1.15. Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет Халықаралық Олимпиада комитеті (бұдан әрі - ХОК) қарауымен өткізіледі | |
1.1.16. Ислам ынтымақтастығы ойындары |
Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – | |
1.1.17. Континентальді, өңірлік ойындар | Екі жылда бір рет өткізіледі, ХОК қарауымен | |
1.1.18. Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - ХОК | |
1.1.19. Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – ХОК қарауымен Паралимпиада комитеті | |
1.1.20. Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы –Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті | |
1.1.21. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (одан әрі - ТМД) елдерінің ойындары | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – ТМД елдерінің Үкімет басшыларының кеңесі | |
1.1.22. Халықаралық зағиптар спорт федерациясының Дүниежүзілік ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы -Халықаралық зағиптар спорт федерациясы | |
1.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар | 1.2.1. Азия кубогі, Азия және Тынық мұхиты, Орталық Азия кубогі, ерлер мен әйелдер командалары арасындағы Азия сериясы, 4 құрлықтағы жарыстар (Азия Кубогінің кезеңдері, Азияның "Гран-при" жарыстары) | Ереже (регламент) негізінде жүргізіледі. Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық, Азия федерациялары |
1.2.2. Азия чемпионаттары, барлық жас топтары үшін спорт түрлері бойынша жабық ғимараттардағы Азия чемпионаттары | Ереже (регламент) негізінде жүргізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар | |
1.2.3. "А", "В" санатындағы халықаралық спорттық жарыстар (турнирлер) | Спорт түрлерінен халықаралық федерация айқындайтын ережелер (регламент) негізінде жүргізіледі. Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, ұйымдастырушы ел | |
1.2.4. Әлем кубогі (Әлем кубогінің кезеңдері, "Гран при", Гранд-Слам жарыстары, Ұлттар Кубогы, Әлемдік Лига) | Ереже (регламент) негізінде жүргізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар | |
1.2.5. Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері (спорт түрлері бойынша) | Ереже (регламент) негізінде жүргізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар | |
1.2.6. Әскери қызметшілер арасындағы Әлем чемпионаты | Ереже (регламент) негізінде жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы – спорт түрлері бойынша Дүниежүзілік әскери спорт кеңесі (жекелеген түрлерде спорт түрлері бойынша Дүниежүзілік әскери спорт кеңесінің ережелеріне сәйкес екі, үш, төрт жылда бір рет өткізілуі мүмкін) | |
1.2.7. Барлық жас топтары үшін спорт түрлері бойынша Азия және Океания, Орталық Азия чемпионаттары | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы – спорт түрлері бойынша Азия федерациялары (жекелеген түрлерде спорт түрлері бойынша Азия федерациясының ережелеріне сәйкес екі жылда бір рет өткізілуі мүмкін) | |
1.2.8. Еуропа, Еуразия кубогі (Еуропа, Еуразия кубогінің кезеңдері, Еуропаның "Гран-при" жарыстары) | Ереже (регламент) негізінде жүргізіледі. Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша Еуропа, Еуразия федерациялары | |
1.2.9. Еуропа, Еуразия чемпионаттары | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - спорт түрлері бойынша халықаралық және Азия федерациялары | |
1.2.10. Клубтық командалар арасындағы Азия чемпионаты | Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы - спорт түрлері бойынша Азия федерациялары | |
1.2.11. Мектеп оқушылары арасындағы спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттары | Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы – Халықаралық мектеп спорт федерациясы | |
1.2.12. Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері (жазғы, қысқы, пара) | Ережеге (регламентке) сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар | |
1.2.13. Рейтингтік жарыстар (турнирлер) | Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, ұйымдастырушы ел | |
1.2.14. Спорт түрлерінен барлық жас топтарына арналған Әлем чемпионаттары | Жыл сайын ережеге (регламентке) сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушылар спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар болып табылады (жекелеген түрлерде спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың ережелеріне сәйкес екі, үш, төрт жылда бір рет өткізілуі мүмкін) | |
1.2.15. Студенттер арасындағы Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы) | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Халықаралық студенттер одағы | |
1.2.16. Халықаралық матчтық кездесулер | Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорттық ұйымдар | |
1.2.17. Халықаралық спорттық жарыстар (турнирлер) | Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорттық ұйымдар болып табылады, кемінде 5 (бес) ел қатысқан жағдайда | |
1.2.18. Шахмат олимпиадасы | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы -халықаралық шахмат федерациясы | |
2-кіші бөлім. Республикалық жарыстар | ||
2.1. Республикалық кешенді спорттық-бұқаралық iс- шаралар | 2.1.1. Ардагер-спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының спартакиадасы | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган |
2.1.2. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.3. Есту қабілеті зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.4. Жалпы білім беретін мекемелер арасында Қазақстан Республикасының педагогтеріне арналған спартакиада | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.5. Жауынгерлік өнер фестивалі | Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.6. Кәсіптік одақтар арасындағы республикалық лига | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.7. Колледж студенттері арасындағы Қазақстан Республикасының колледждер лигасы (ұлттық және ойын спорт түрлері) | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.8. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.9. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі.Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.10. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Арнайы Олимпиада комитеті (Спешиал Олимпикс) | |
2.1.11. Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорты ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.12. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі (қажет болған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша үш жылда бір рет өткізілуі мүмкін). Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.13. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы "Студенттер спорт лигасы" (ұлттық және ойын спорт түрлері) | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.14. Қазақстан Республикасы колледждері студенттерінің спартакиадасы (жазғы, қысқы) | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.15. Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларының гимназиадасы (жазғы, қысқы) | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.16. Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары арасындағы "Ұлттық мектеп лигасы" | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.17. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.18. Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы) | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.19. Қазақстан Республикасының Универсиадасы (жазғы, қысқы) | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – білім беру саласындағы уәкілетті орган, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.20. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалі | Төрт жылда бір рет өткізіледі (қажет болған жағдайда жыл сайын өткізілуі мүмкін). Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.21. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиада | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.22. Трансплантациядан кейінгі және диализдегі адамдар арасындағы спартакиада | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.23. Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.1.24. Қазақстан Республикасының Халық спорты ойындары | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар | 2.2.1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің чемпионаттары | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы |
2.2.2. Барлық жас топтары үшін спорттың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.2.3. Матчтық кездесулер | Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.2.4. Республикалық турнирлер | Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.2.5. Спорттың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының кубоктері | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | |
2.2.6. Спорт түрлері және жастары бойынша Қазақстан Республикасы спорттық қоғамдары мен ұйымдарының чемпионаттары мен кубоктері | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - Қоғамдар және ұйымдардың орталық кеңесі | |
3-кіші бөлім. Өңірлік жарыстар | ||
3.1. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар | 3.1.1. Ардагер-спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының спартакиадасы, ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы |
3.1.2. Есту қабілеті зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.3. Жалпы білім беретін мекемелер арасында Қазақстан Республикасының педагогтеріне арналған спартакиада (облыстық кезең) | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
3.1.4. Колледж студенттері арасындағы Қазақстан Республикасының "Колледж лигасы" (ұлттық және ойын спорт түрлері), III кезең (облыстық) | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
3.1.5. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.6. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.7. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.8. Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорты ойындары, ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.9. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.10. Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларының гимназиадасы (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.11. Қазақстан Республикасы мектеп оқушылары арасындағы "Ұлттық мектеп лигасы" III кезең (облыстық) | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - білім беру саласындағы уәкілетті орган | |
3.1.12. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
3.1.13. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы), ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.14. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалі, ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.1.15. Қазақстан Республикасының Халық спорты ойындары, ІІ кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
3.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар | 3.2.1. Барлық жас топтары үшін спорттың барлық түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың чемпионаттары мен кубоктары | Жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы |
3.2.2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың турнирлері, матчтық кездесулері | Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | |
4-кіші бөлім. Қалалық және аудандық жарыстар | ||
4.1. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар | 4.1.1. Ардагер-спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының спартакиадасы, І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган |
4.1.2. Есту қабілеті зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.3. Қазақстан Республикасы Ауыл жасөспірімдерінің ойындары (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.4. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.5. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы – қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.6. Қазақстан Республикасының "Ақ бидай" ауыл спорты ойындары, І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы –аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.7. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.8. Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларының гимназиадасы (жазғы, қысқы), І кезең | Екі жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - қалалардың (аудандардың) білім беру жергілікті атқарушы органы | |
4.1.9. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.10. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы), І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.11. Қазақстан Республикасының Халық спорты ойындары, І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.1.12. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалі, І кезең | Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - қалалардың (аудандардың) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | |
4.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар | 4.2.1. Дене шынықтыру ұжымдарындағы, спорт мектептеріндегі, оқу орындарындағы, ұйымдардағы, мекемелердегі жарыстар (спартакиада, біріншілік, турнир, ойындар, кубок) | Спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру ұжымдары, спорт мектептері, оқу орындары, ұйымдар, мекемелер жанындағы ведомстволық дене шынықтыру-спорт қоғамдары |
2-бөлім. Оқу-жаттығу жиындары | ||
1. Халықаралық спорттық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары | 1.1. Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, жағажай ойындарына және кешенді жарыстарға даярлау бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) оқу-жаттығу жиындары |
24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді. |
1.2. Студенттер арасындағы Дүниежүзілік Универсиадаға, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, оның ішінде паралимпиадалық спорт түрлерінен даярлау бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) оқу-жаттығу жиындары |
24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес. | |
1.3. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене даярлығы, техника-тактикалық дайындық, арнайы дене даярлығы, спортшылардың жай-күйін тексеру, қалпына келтіру үшін) |
18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді. | |
1.4. Халықаралық жарыстарға спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары |
18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы – командаларды осы жарыстарға қатысу үшін бағыттайтын ұйымдар. Жарысқа қатысуға рұқсат етілген құрамның 30%-ға ұлғаюына рұқсат беріледі. | |
2. Республикалық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары | 2.1. Кешенді спорттық-бұқаралық іс-шараларға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары | 21 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы – облыс және республикалық маңызы бар қалалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар. Қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес |
2.2. Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, кубоктеріне даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары | 21 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - қатысушыларды халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға жіберетін ұйымдар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар. Қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес | |
2.3. Қазақстан Республикасының республикалық турнирлері мен жарыстарына даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары | 18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - қатысушыларды халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға жіберетін ұйымдар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар. Қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың бір жарым құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес | |
2.4. Республикалық жарыстарға, турнирлерге, біріншіліктерге даярлау бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары |
Жалпы дене даярлығы, арнайы дене даярлығы және техника-тактикалық дайындығы – 18 күнтізбелік күнге дейін; спортшылардын жай-күйін тексеру үшін – 7 күнтізбелік күнге дейін; қалпына келтіру – 12 күнтізбелік күнге дейін. |